Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ШЕТЕЛ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ПӘНІ: ШЕТЕЛДІК БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

ТАҚЫРЫБЫ: «ШЕТЕЛ ТІЛІ БІЛІМІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІ КОГНИТИВТІ ӘДІС»

Орындаған: ИЯСкз 16-01 тобының студенті

Байеділ Д. Ж.

Тексерген: пән мұғалімі Умбетова К. Е.

Астана 2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе

1. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы: шығу арналары, кезеңдері мен міндеттері . . . 5

1. 1 Когнитивтік үдерістер және тілдің танымдық рөлі . . . 7

1. 2 Когнитивтік лингвистикадағы ғылыми қағидалардың бастамалары . . . 9

1. 3 Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары . . . 11

2. Білім және білімді таныту формалары: схема, фрейм немесе сценарий, сурет немесе ойлау бейнесі, скрипт . . . 15

2. 1 Білімді концептуалдау тәсілдері. Ассоциативтік эксперимент тілдік сананы зерттеу әдісі ретінде . . . 17

2. 2 Э. Роштың прототиптер туралы теориясы . . . 19

2. 3. Р. Лангакердің когнитивтік қағидалары және дәстүрлі семантика мен когнитивті семантика . . . 21

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Когнитивтік лингвистиканың ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.

Когнитивизм - адам санасындағы менталды үдерістерді басқаратын жалпы қағидалар туралы ғылым. Когнитивтік ғылым және когнитивтік лингвистиканың өзара байланыстары. Білім және ақпарат: когнитивтік үдерістер. Когнитивизмнің зерттеу нысаны адам ақыл-ойы, санасы және солармен байланысты менталды үдерістер. Қазір “когнтивизм” термині аясында келесі мәселелер қарастырылады: а) адамның “ойлау механизмін” зерттеу бағдарламалары; ә) әр түрлі каналдар арқылы адам миына түсетін ақпараттарды өңдеу үдерістерін зерттеу; б) әлемнің менталды моделінің құрылымы; в) әр текті когнитивтік актілерді қамтамасыз ететін жұйелердің құрылысын; г) табиғи тілде баяндалған ойларды адамның және компьютерлік бағдарламалардың қалыптастыруы мен түсінуі; мәтінді түсінуге және тудыруға қабілетті компьютерлік моделдердің жасалуы; д) ойлау актілеріне қызмет ететін психикалық үдерістердің түрлері.

Адамның когнитивті дүниесі оның қылығы мен әрекеті арқылы зерттеледі. Бұл орайда тіл белсенді рөл атқарады. Тіл адамның кез келген әрекетінің ойлау жүйесін, мотивін т. б. танытады.

Когнитивтік лингвистика когнитивизм негізінде адамға бағытталған парадигма аясында пайда болды. ХХ ғ. аяғында адамның танымдық қызметіндегі тілдің орны қарастырыла бастады. Адамның танымдық қызметі нәтижесінде оның миына келіп түскен ақпараттардың тілдік формада тіркелген көріністері ғана когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны болады.

Зерттеудің мақсаты - бөтен тілді оқыту процесіне екінші тілдік тұлғаның коммуникативтік-когнитивтік қызметінің дамуына бағытталған технология ретінде анықтама беру.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқытудың ықпалдастық әдісінің негізінде жұмыс істеуі шарттарында бөтен тілді оқыту технологиясын анықтаймыз.

2. Инновация - заманауи оқыту бағдарламаларына белсенді түрде енгізілетін санаты.

3. Оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігін анықтау.

Зерттеудің нысаны - жалпы білім беретін оқу мектептердегі оқу процесі.

Зерттеу пәні - бөтен тілді игерудің коммуникативтік-когнитивтік моделінің негізінде жұмыс істеу шарттарында бөтен тілді оқыту технологиясы оқытуды оңтайландыруға және қарқындатуға көмектеседі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Ересек аудиторияда бөтен тілді оқыту тәжірибесі үшін осы процеске тікелей қатысатын тараптар тұрғысынан тілді игеру процесін қарастыру қызықты болып табылады. Бұл жөнінде бөтен тілді игеру процесін оны пайдаланушылар мен екінші тілдік тұлғаны тікелей қалыптастыратын тұлғалар көзқарасы бойынша сипаттамасы тек аса субъективтік сипатқа ғана ие болмай, оқыту әдістерін жетілдіру және оларды креативті пайдалану үшін осы процестердің сипаттамасы мақсатында когнитивтік және оқытушы қызметті модельдеуге мүмкіндік беретін еді.

Зерттеудің практикалық мәні: Оқыту тәсілі тұрғысынан алғанда, жұмыс істеу шарттарында бөтен тілді оқыту технологиясы коммуникативтік-когнитивтік тәсілмен сипатталады, ол сонымен қатар өзіне когнитивтік, қызметтік, әлеуметтік-мәдени тәсілдердің қағидаларын біріктіреді.

Зерттеу көздері: Р. Лангакер «Когнитивті грамматика негіздері» (1987 ж), Ф. Унгерер мен Х. И Шмидт «Когнитивті грамматикаға кіріспе» (1996 ж), Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздері» (1997 ж. ), Э. Н. Оразалиева «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» (2007 ж) .

  1. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы: шығу арналары, кезеңдері мен міндеттері.

Когнитивтік лингвистика адам санасы қалай ұйымдасқан, адам дүниені қалай таниды, әлем туралы мәліметтің қайсылары білім болып табылады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сауалдарға жауап іздестіреді. Когнитивті ғылым термині 70 ж. ортасынан қолданыла бастады. Адамның ақпаратты меңгеру, пайдалану және жинақтау үдерістері механизмдерін зерттеуді міндет етіп өз алдына қойған.

Когнитивтік психологияның көзқарасы тұрғысынан адам ой-санасының ең маңызды қасиеті өмірдегі заттар мен құбылыстарды жіктеуі мен категориялауы болып табылады. 70 ж. адамның интеллектуалдық үдерістері (оны моделдеумен жасанды интеллект айналысады) адам ойының әмбебап заңдары ретінде қарастырылмауы керек, себебі көптеген интеллектуалдық мәселелр бұрыннан бар білімді тірек ету арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді түсіну, бейнелерді тану сияқты интеллектуалдық мәселелер бұрыннан бар білімге сүйенілмесе, шешілмейді. Білімді сақтау, таныту (ұсыну), өңдеу, компьютерлік бағдарламаларда қолдану когнитологияда қарастырылады. Сөйтіп, когнитология пәнаралық, сондай-ақ синтетикалық ғылым болып табылады. Ол адамның когнитивтік үдерістерін зерттеуде математика, философия, лингвистика, психология, информатика теорияларына сүйенеді.

Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері: 1) Когнитивтік ғылым -адам білімінің құрылымы мен қызметін зерттейді, ол жасанды интеллекттің инженерлік пәні нәтижесінде пайда болды. Адам миы мен компьютердің ұқсастығы ақпараттық қадамдық әдіспен өңдей алу қабілеттеріне байланысты анықталады. 2) Когнитивтік психология. Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен концептуалдық және когнитивтік моделдер туралы түсініктерді бөліседі. Себебі, тіл қызметі психологиялық механизмдерді тірек етеді. Тіл - адамның дүниемен қарым-қатынасы барысында жинаған білімі мен категориялық тәжірибесін жинақтап, сақатудағы басты желі. 3) Лингвистикалық семантика. Кейбір ғалымдар когнитивтік лингвистиканы семантикалық идеялардың табиғи дамуы ретінде қарастырады. Олар тілдік семантика категориясы астарынан ұғымдық категорияларды көреді, оларды адам танымы негізінде әлемді меңгеру, тану нәтижесі деп түсіндіреді. 4) Лингвистикалық типология мен этнолингвистика мәліметтері. Олар тіл құрылымындағы әмбебаптарды түсінуге мүмкіндік береді. 5) Нейролингвистика - тілді адам миының менталды қызметін тану негізі ретінде зерттейді. 6) Психолингвистика - жалпы адамзаттың тілді меңгеруі мен қолдануына байланысты мәселелерді зерттейді, әмбебап стратегияларды, тірек элементтерді қарастырады. Тілдік сана, тілдік тұлға, әлем бейнесі т. б. 7) Мәдениеттану - концептілердің пайда болуы мен қызметіндегі мәдениеттің рөлін анықтауға мүмкіндік береді. 8) Салыстырмалы тарихи тіл білімі сөз мағынасының дамуы туралы мәліметтер береді.

Когнитивтік лингвистика - адамның қоршаған орта, әлем тұрғысындағы білімінің, жалпы ақпараттардың санада қабылдануы, өңделуі және сақталуы механизмдерін табиғи тілдік деректерді зерттеу арқылы анықтау мақсатын көздейтін тіл білімінің бағыты. К. л. -ның зерттеуі бойынша тілдік деректер адам миының ақпараттарды қабылдауға және өңдеуге байланысты жұмыс істеу механизмін түсінуде өзіндік үлесін қоса алады. Бұл тұрғыда тіл көмегімен ақпараттарды жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдері өзге тілді меңгеру, машиналық аударма, ақпараттарды автоматты іздестіру сияқты қолданбалы лингвистика міндеттері шешімінде маңызды болып табылады.

Модуль - бұл тілдегі жүйелі қатынастарды білдіру бірлігі. Демек, М ., біріншіден, ұғымдық концептілер мен тілдік білімнің менталды репрезентация жүйесін таныту бірлігі; екіншіден, репрезентацияланатын ақпараттың сатылы өңделуі мен оның практикалық тұрғыдан қолданылуын қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығын таныту бірлігі; үшіншіден, коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруға бағытталған технологиялық процестерді тілді үйренушіде ұйымдастыру бірлігі бола алады. М -ге тән басты қасиеттер - олардың дербестілігі (автономность), мамандандырылуы және әмбебаптығы. Бір модульдер организмге көрсеткен сыртқы әсерлер туралы ақпаратты репрезентациялап, оны өңдеу және сақтау қызметін атқарады. Ықпал, сыртқы әсер тілдік білім мен ұғымдық жүйе деңгейінде жүзеге асады. Бұған әлем, әрекеттер мен түрлі күйлер туралы білімдердің концептуалдануы енеді. Басқа модульдер алынған ақпаратты өңдеп, оны практикалық немесе аналитикалық қызметте қолдануды қамтамасыз етеді.

Тілдік сана - сана мен тілдің қатысында қоршаған орта тұрғысында қалыптасқан танымның мидағы вербалды бейнесі. Яғни, тіл ми қызметінің бір өнімі ретінде танылатын, ес, қабылдау, ойлау және эмоция сияқты құрамдас бөліктерден тұратын сананың іштей ұйымдасып, қоршаған ортаға байланысты танымның жүзеге асырылуына қатыса отырып, сол уақытта объектінің адам қабылдауындағы кеңістікті, себеп-салдарлы, эмоционалды байланыстарға негізделген тілдік бейнесін түзеді. Белгілі бір этникалық қоғамдық мәдениет өкілінің тілдік санасы сол қоғамға тән мәдениет, этникалық танымдық ерекшеліктерді тұрғысынан қалыптасады. Этникалық қоғамдық Санамен тікелей байланысты түзілетін Т. С. ұйымдасуын ассоциативтік эксперименттер арқылы бақылауға болады.

Әлем бейнесі - бұл адам және оны қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделуінің нәтижесі, адамның өзін қоршаған әлем туралы санада тіркелген таным-білімі, яғни әлемді қабылдау тұрғысындағы адам санасының шындығы. Әлем бейнесі әлемнің тура өз қалпындағы көрінісі емес, адам санасы қатысуымен жасалған бейнесі, әлемнің санада өңделген көрінісі болып табылады. Адам әлем бейнесін өз танымы, түсінігіне сәйкес түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасайды, мысалы, жаңа бір құбылысты өзіне бұрыннан таныс екінші құбылыспен салыстырады. Осы тұрғыда әр халықтың дүниетанымы әлем бейнесінен орын алады. Адам ой-санасының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, әлем бейнесі де қозғалыс үстіндегі құбылыс ретінде сипатталады, өйткені уақыт өтуімен бірге ол да өзгеріске түсіп отырады. Адам әлемді танып-түсінуде қателіктерге де бой алдырған, сондықтан әлемнің қарапайым, ғылыми бейнелері ажыратылады.

Әлемнің тілдік бейнесі - адам және қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделген шындығының тілдегі көрінісі. Адам санасының қатысуымен жасалған әлем бейнесі тілдік бірліктердің өзара байланысында (лексика, грамматика, фразеологизмдер, мәтіндер) көрініс табады және ұрпақтан ұрпаққа жетеді, яғни тіл арқылы адамның әлем туралы танымы мен білімі материалданады, сондай-ақ тіл - әлем бейнесінің өмір сүру формасы.

1. 1 Когнитивтік үдерістер және тілдің танымдық рөлі.

Әлем туралы танымның қалыптасуында үш түрлі психикалық шағылыс деңгейі орын алады: 1) сезімдік қабылдау деңгейі; 2) түйсінудің қалыптасу деңгейі (элементарлы қорыту, тұжыру және абстракциялау-дерексіздену) ; 3) тіл-ойлау үдерістерінің деңгейі. Осы ақпараттар жиынтығы концептілер үйесінің мәнісін құрайды. Тікелей тәжірибе нәтижесінде алынған білім санада бұрыннан бар эмпирикалық тәжірибеге сәйкестеніп шағылысады. Мысалы, метафоралану - негізгі менталды операция, әлемді тану тәсілі болып табылады, ол шағылысу үдерісімен және жаңа білімді ескі білім арқылы белгілеумен, түсінумен байланысты.

Тіл ақпаратты қабылдауға және оны жеткізуге ғана қатыспайды, ол қабылданған ақпаратты өңдейді, яғни фреймдерді құрады. Сөйтіп, тіл адам жадысында көптеген білімнің жүйеленіп, реттелуіне мүмкіндік береді және әр этномәдени ұжымға тән әлем бейнесінің құрылуына мұрындық болады, қатысады.

Тіл көмегімен құрылған концептуалдық құрылымдар индивидтің тәжірибелік мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Концептуалды жүйедегі (концептуалды жүйе -бұл дүние, әлемге байланысты адам тәжірибесін бейнелейтін пікірлер мен білім жүйесі) әр түрлі концептілерді бір сөзбен атауымыз мүмкін. Мысалы, адам шауып жүр, ат шауып жүр; сағат жүріп тұр, өмір жүріп жатыр т. с. с.

Адамның барлық танымдық қызметін, яғни когницияны адамның осы дүниеде бағдар жасай алуының дамуы десек, оның бұл әрекеті объектілерді сәйкестендіру және ажырату қажеттілігімен орайласады. Когниция формаларына парасат, білім, концептуализация, репрезентация, категоризация, менталдылық, ойлау, түйсіну, сәйкестендіру, қиялдау, елестету сияқты танымдық үдерістерді жатқызуға болады.

Әлемнің концептуалды бейнесі - адамның әлем туралы білімінің формасы, оған іштей құрылымдану, тармақталу үдерісі тән, яғни әлем туралы білімнің өзара байланысты бірінен бірі туындайтын минималды концепуалды бірліктерден құрылуы. Әлемнің концептуалды бейнесінің қалыптасуында көптеген әлеуметтік факторлар ықпалы көрініс табады - тіл, дәстүр, табиғат, тәрбие, оқу, сондай-ақ адамның өмір сүрген дәуірі, жасы, әлеуметтік дәрежесі т. б. Әлемнің концептуалды бейнесі тілдегі лексикалық бірліктердің семантикалық түйісулері негізінде де түсіндіріледі. Мысалы, адамның жүруі, сағаттың жүруі; жүрек соғысының тоқтауы, сағат соғысының тоқтауы.

Коннотация - таным үдерісі механизмінде пайда болған қосымша мән-мағыналар, сөз мағынасының эмоционалдық, бағалауыштық, ассоциативтік, стилистикалық компоненті. Коннотацияда сөздің алғашқы мағынасымен байланысының болмауы да мүмкін. Өйткені коннотация - әлем бөліктерін я құбылысты әр қырынан танудың нәтижесі. Мысалы, махаббат сезім деген түсінікті білдіреді, алайда ол Мағжан Жұмабаев өлеңінде жаңа коннотацияға ие болады, махаббат - жүректі жаралайтын қару: «Махаббат - бір тікенек, Жүрекке барып қадалар. Бақытсыз ғой бұл жүрек, Тамшылап одан қан ағар». Коннотацияға жалпылық, сондай-ақ жекелік сипат та тән. Негізгі түсінігінде қой үй жануары, ал оның басқа да «жуастықтық, момындық, сабырлық» тұрғысындағы коннотациялары бар: «Қонақ қойдан жуас», «Қой аузынан шөп алмас», «Семіздікті қой ғана көтереді».

Когнитвитік лингвистиканы этнолингвистикамен ұштастыратын ұғымдар - менталдылық, тіл әлемі, этнос табиғаты және ғаламның этникалық тілдік бейнесі. Менталдылық адамның әлеуметтік қоғам, дәуір немесе этномәдениеттің рухани әлемін бейнелейтін әлеуметтік психологиялық құбылысты айқындайды. Этнос тілі, ғаламның этникалық тілдік бейнесі тілдің күрделі когнитивтік қызметінің нәтижесі ретінде когнитивтік лингвистиканың негізгі нысаны болса, “этностың өзін танып білудегі қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы - тіл әлемі” этнолингвистикалық зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Когнитивтік лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі динамикалық негізді, уәжді және адаммен тікелей қатысты тұтас бірліктегі дүние деп түсініледі.

Тілдің түпсанаға (подсознание) әсері негізінде адам бұрын өзі естімеген, білмейтін сөзін де шамалай ұғып жатады. Ол адамның бұған дейінгі білімімен, сондай-ақ интуицияның көмегі арқылы жүзеге асады. Лингвистикалық интуицияны түсіндірудің мәні зор. Бұл тұрғыдағы когнитивтік пайымдаулар қатарына Қ. Жұбанов еңбектерінен көрініс тапқан (Қазақ тілінің жоғарға курсы) : “Әр сөз өзалдына жеке ұғым (представление) . Мысалы, “бор” дегеннің не екенін білмек болсақ, оның неше түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз. Осы үйренуіміздің жинағы “ұғым” представление болады”, дейді. Мұндағы сөз болып отырған “үйренуіміздің жинағы” “ғаламның тілдік бейнесі” екені даусыз.

Халықтың ұлттық сипатын тану ғаламның этникалық бейнесін тануға жетелейді. Ғаламның этникалық бейнесі - әр қоғам, этникалық бірлестік мүшелері ұғынатын әлеуметтік, табиғи және тылсым күйі арқылы санада жазылған өмір ережелері, айтылусыз тұспалмен де түсінілетін когнитивтік бағдар ретінде анықталады.

Менталитет - жеке индивидті, не индивид тобын сипаттайтын ақыл-ой саласы, психиканы анықтайтын барлық сипаттамалардың жиынтығы, ойлай тәсілі не ойлану сипаты ретінде айқындалады. “Менталитет - тұрақты ойлай түрі, қандай да бір жеке адамдар, саяси-әлеуметтік институт, топтар, ұйымдар т. с. с. бөлімшелер туралы шындықтың жинақталған, таратылған бейне-түсінігі”, - деп жазады Э. В. Тадевосян.

Тіл халықтың менталитетін, өзін қоршаған ортаның туындысы болып табылатын сана-сезімінің, таным жүйесінің көрінісі ретінде зерттелетінді. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар да осы үрдістен табылып отыр.

Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын когнитивтік аспектіде зерттеуде Н. Н. Аитова келесі мәселелерді қамтыған: түр-түс атауларының табиғаты және тілдік культ семиотикасы, қазақ түр-түс атауларының тарихи сипаты, түстердің қалыптасуының архетиптік бейнесі, түр-түстің сиволикалық табиғаты, түр-түстегі ғалам бейнесі т. с. с. когнитивтік парадигамаларды құрайды.

Когнитивтік лингвистика аясындағы мәселелер көтерілетін Қ. Жаманбаеваның “Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, сивол, тілдік сана” еңбегінде тілдік сананың құрылымы анықталып, гештальт болмысы түсіндіріледі.

1. 2 Когнитивтік лингвистикадағы ғылыми қағидалардың бастамалары.

Когнитивтік лингвистика табиғи тілді зерттеуге бағытталады, бұл орайда тіл ақпаратты ұйымдастырушы, жеткізуші, өңдеуші құрал ретінде, сондай-ақ адамның танымдық қабілетінің бір түрі ретінде түсініледі. Тілдің формалды құрылымы категоризациялау заңдары мен жалпы ұғымдық ұйымдасулардың көрінісі ретінде қарастырылады. Когнитивтік лингвистика көбінесе Э. Роштың жүргізуімен өткен тілдегі категоризацияны психолингвистикалық зерттеулер негізінде қалыптасты. Когнитивтік лингвистика өзара айтарлықтай айырмашылықтарға ие конепциялар мен тіл теориясын біріктіреді. Когнитивтік лингвистиканың басты өкілдері: Р. Джакендофф, Дж. Лакофф, Р. Лангакер, Л. Талми. Когнитивтік лингвистикада семантика басты орын алады, ал мағына негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Когнитивтік лингвистикадағы басты теориялық мәселелердің бірі - семантиканың шындықпен сәйкестігі мәселесі. Лингвистикалық мағына шындықпен тікелей байланысты, бірақ шындық ерекше бейнеде ой елегінен өткізілген, тармақталған және бұл жай адамның танымдық қабілетімен бірге түрлі мәдениет ерекшелігіне негізделген. Когнитивтік лингвистика тұрғысынан келесі мәселелерді атап көрсетуге болады: лексиканы зерттеуді категоризациядағы табиғи тәсіл ретінде қарастыру. Когнитивист ғалымдарды прототиптілік, жүйелі полисемия, когнитивтік моделдер мен әмбебап когнитивтік тәсіл ретіндегі метафора сияқты құбылыстар қызықтырады. Лексика мен грамматиканы осы тұрғыдан зерттеуге өту Р. Лангакердің когнитивтік грамматикасында және Ч. Филлмордың конструкциялар грамматикасында жүзеге асырылды.

Э. Рош енгізген прототип түсінігі семантикалық категориялармен және соған сәйкес тілдік мағыналарды сипаттау тетігі болып табылады. Категорияда прототип пен периферия бөлініп шығады. Прототип қалайда берілген категорияға сәйкес келеді, бұл оның тез танылатындығынан хабардар етеді, мейлінше тез идентификаиця жасалады, жоғары жиілік т. б. тән. Мағыналардың прототиптік ұйымдасуы, бірінші кезекте адам жадысы ресурстарының шектеулілігіне негізделген, және мұнда объектілер мен ситуацияларды танымдық категоризациялаудың көптігінің ұшы-қиыры жоқ. Прототиптік тұрғыдан келу полисемия мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Когнитивтік лингвистикада Дж. Лакоффтың метафора теориясы басты орын алады. Дж. Лакофф метафораны когнитивті моделдің негізгі типі деп есептеді, яғни ойлау механизмі мен концептуалды жүйенің пайда болуы. Метафоралар түрлі сала концептілерін, концептуалды жүйені бірінен екіншісіне тасымалдау, ауыстыру арқылы концептуалдандырады. Бұл жағдайда түпкі-нысан (дереккөз, яғни источник) саласынан мақсат-нысан саласына өту туралы айтылады. Түпкі-нысан саласы мейлінше таныс, ыңғайлы, дағдылы, түсінікті және тікелей тәжірибе арқылы сипатталады.

Категория - бұл логикалық әрі метафизикалық термин, ақыл-ойдың априорлық түсінігі, ойлау мүмкіндіктерінің алғы шарттары. К. танымның басты тірегі, «баспалдақтары», ойлаудың заттар мәнісіне терең бойлау сәттері болып табылады. К. - бұлар материалды әлемнің, оның жалпы қасиеттерінің, байланыстары мен қатынастарының тамаша аналогы.

Категориялану - әлемді тану барысында санада жүретін үдерістердің бірі, әлем я шындық объектілерінің жалпы белгілеріне қарай тек, тип, түр, топ, класс, класс мүшесі түрінде топтастырылып, иерархиялық қатынастардың түзілуі. Категориялану әлем туралы білімнің жүйеленуінің ғана емес, сондай-ақ оның жадыда ұзақ сақталуының, қажет кезінде тез табылуының да механизмі. Бұл үдерістің мәнісі ассоциативтік эксперименттер барысында анық көрінеді.

Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі.

Тілдік тұлғаның тәжірибесін ұйымдастыру тәсілі ретінде концепттермен бірге, когнитивті деңгейде сценалар, сценарийлер, фреймдер, яғни ментальды (әлемнің ерекше көрінісінің құрылымын қамтитын ойлау процестерінің жиынтығы) модельдер алға шығады. Фреймдер т. б. стереотипті ситуацияларды білдіру үшін қолданылады: әрекет ету тәртібінің, дағдысының, оның ішінде, тілдік қылығының анықталған схемасын (сызбасын) ұсынады. Бұл сияқты модельдердің бір лингвомәдениет қауымдастығы өкілдеріне социомәдени контекстің ортақтығына орай жалпы болуы коммуникация процесінде олардың өзара түсіністігін қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербальдану ерекшеліг
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Концептуалды талдау жұмысы
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz