Ұрлық объектісі - меншік


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНАЛИСТТІК СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Қылмыстар түсінігі және түрлері 8
1. 2. Қылмыстардың жалпы сипаттамасы 11
2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Ұрлықты тергеу әдістемесі 36
2. 2. Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі 40
2. 3. Алаяқтықты тергеу әдістемесі 45
2. 4. Қорқытып алуды тергеу әдістемесі 52
2. 5. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі 56
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау, орындау, пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс, дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық
қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Қылмыстардың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға беру болып табылады. Сонымен қатар қылмыстың криминологиялық сипаттамасы барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін қылмыстың криминологиялық сипаттамасы құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып қылмыстарды тергеу әдістемесінің құрылымы табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстандық және шет елдік ғалым мамандарының еңбектері оқылды және пайдаланылды, яғни Р. С. Белкин, Е. Р. Российская, В. А. Образцова, Н. А. Селеванов, А. Ю. Аубакиров, Е. О Алауов, және тағы басқалары.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды:
- Диалектикалық әдіс
- Салыстырмалық әдіс
- Талдау және саралау әдістері
- Теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол бұзушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылық қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Дипломдық жұмысты жазу барысында тәжірибелік негіз ретінде Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттар, сот тәжірибесін қолданып қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар да талданды. Сонымен қатар статистикалық материалдар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі - қойылған ғылыми зерттеу мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету қисындылығына сәйкес құрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНАЛИСТТІК СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Қылмыстар түсінігі және түрлері
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік табылады және бірдей қорғалады. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік (6 баптың I-тарауы) иелерініңөз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6 бап II-тарау) .
Қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз [1] .
Қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табыламы [2] .
Қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т. б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т. б ие бола алады [3] .
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т. б шарттар бойынша коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және т. б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т. б.
Мүлікті, техниканы шаруашылық мқсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар да жүзеге асырады [4] .
Олар мүлікті алдарындағы мақсатты орындау үшін пайдаланады пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктің заңдық жағдайын анықтап өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т. б) . Билік ету құқығы тек меншік иесіне тиесілі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы [5] .
(Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің -188 бабының 3 тармағы) . Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың ерекше бөлімінің «меншікке қарсы қылмыстар» тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алааяқтық, т. б) . Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік, муниципалдық не жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған, мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік екендігінін маңызы жоқ [6] .
Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.
Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жеке нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Объктивтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған.
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығызаңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты ерекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
Сондықтан да, олардың, объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс- әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық байланысы. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардай зардап қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты әрқашанда материалдық сиппат болады, мүліктік залал туындайды.
1. 2. Қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік жағының міндетті түрдегі элементті қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы бір қылмыста- мүікті иеленіп алу немесе ысырап етеге -қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамының нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 177 бабы 2 бөлімінің «в» тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 182 бабының 1 бөлігі), жерге заттай құқық бұзу (Қылмыстық кодекстің 3 бөлігі) . Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 176 бабы ) алаяқтың (Қылмыстық кодекстің 177 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 182 бабы), көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (Қылмыстық кодекстің 183 бабы), интелектуалдық меншік құқығын бұзу (Қылмыстық кодекстің 184 бабы ), жерге заттай құқықтарды бұзу (Қылмыстық кодекстің 186 бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 188 бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (Қылмыстық кодекстің 185 бабтың 1 бөлімі) [7] .
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабынын 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға ұрлық (Қылмыстық кодекстің 175 бабы), тонау (Қылмыстық кодекстің тің 178 бабы), қарақшылық (Қылмыстық кодекстің 174 бабы), қорқытып алушылық (Қылмыстық кодекстің 181 бабы), ауырлататын мән-жайлардың автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (Қылмыстық кодекстің 185 бабының 2-4 бөліктері) .
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабының 2, 3 бөліктері) .
Субъективтік меншіке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен мүлік абайсызда жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 88 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді [8] .
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай себептер.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т. б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т. б ие бола алады.
Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын қылмыстрға және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу, қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз аңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және қоғамға едәуір қауіптігі-ұрлау.
Қылмыстың заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. Қылмыстық Кодекстің тиісті бабтарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен. Оларға ұрлаудың мына нысандары жатады Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық.
Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз-меншік иесінің мүлкін пайда күнемдік маұсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына айналдыру.
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын мына белгілерімен бөліп алуға болады
- мүлікті алу;
- алудың заңға қайшылығы;
- алудың қайтарымсыз болуы;
- пайда күнемдік мақсат.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz