Музыкалық репертуар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: Музыкалық репертуардың ерекшеліктері

Орындаған: МДОжТ-41 топ студенті Тулаганова Г. А.

Қабылдаған: Абдихаева Ф. Ж.

Қарағанды 2018

Жоспар:

  1. Музыкалық репертуар
  2. Балаларға арналған репертуарлардың түрлері
  3. Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар

Музыкалық репертуар:

- Балалардың музыкалық аспаптарына арналған музыкалық репертуар көркемдік сапасымен және қолайлығымен ерекшеленуі тиіс.

- Репертуар іріктегенде балалардың орындау мүмкіндігін ескеру қажет.

- Әуеннің диапазоны зор болмауы тиіс, ән үнемі қимылға немесе қайталанатын айналымы бар шағын интервалға құрылуы тиіс.

- Репертуар қорында негізінен үйірме мүшелерін өз Отанын шексіз сүюге, патриотизм мен ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелейтін жоғары сапалы шығармалар болуы тиіс.


Балаларға арналған репертуарды шартты түрде былай бөлеміз:

1. Бастапқы жаттығуға арналған шағын пьесалар-әуелі тыңдайды, естіген күннің күркіреуін, жаңбыр т. б. дыбыстарды өздеріне қолайлы бейнеде қайталайды. Ырғақты дәл орындау, жеңіл әндерді орындау.

2. Дербес аспапта орындауға арналған ән, санамақтар орындалады, есте сақтауға жеңіл болуы керек.

3. Ұжым болып орындауға арналған пьесалар мен әндер, айқын мәнерлі музыкалық фразасы және сөзі бар пьесалар жаттауға жеңіл болуы керек. Орындауға арналған шығармалар ансамблдің құрамына байланысты.

Тыңдауға арналған репертуардың маңызды ерекшеліктері мектепке дейінгілердің жас ерекшеліктерінің идеялық және тақырыптық бағыттылығы, жанырының алуан түрлі болуы.

Көркемдік және тыңдауға арналған балалар музыкалық шығармаларының ерекшелік қасиеттері. Белгілі бір ізділікпен іріктеліп алынған репертуар айналадағыларға эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу міндеттеріне жауап береді. Сондықтан әр түрлі жас тобындағы балаларды қандай музыкамен таныстыру керектігінің, мұндай жағдайда кандай сезімдердің тәрбиеленетіндігінің өзіндік мазмұны бар. Музыкалық образды күрделендіру, оларды мәнерлендіру құралдарының түрленуінің ерекше мәні бар. Репетруарға классиктердің шығармалыры, қазіргі кездегі халық музыкалары енгізіледі. Олар музыкалық тілінің өзгешелігімен, сондай-ақ жанырлық белгілерімен, компазитордың жеке қолтаңбасымен ерекшеленеді.

Бала музыканы көркем образға белсене үн қатуымен тікелей қабылдайды, сондықтан шығарманың шындықты шынайы да реалистік тұрғыдан бейнелеуінің маңызы зор. Музыка зерттеушісі И. Нестьевтің айтуынша музыкалық образдарға нәр беруші қайнар көз табиғаттың реальды дыбыстары, адамдар сөзінің ырғағы болып табылады. Солардың негізінде пайда болған шығармаларды балалар өте жақсы көреді. Ол П. Чайковский « Бозторғай әнін» (« Песня жаворонка »), Э. Гритің « Шымшық»(« Птичка») әндерінін олардың дыбыс шығаруын өздерінің табиғаттан байқағандарымен салыстыру үшін зор ынтамен тыңдайды. Балалар үшін Д. Кабалевскийдің (« барабаншы») пьесасындағы және М. Красевтің осы аттас әніндегі оларға таныс аспаптардың ырғағы өте тартымды. Алайда тыңдауға арналған музыканы тек қана бейнелеу сипатындағы шығармалар деп қарау дұрыс болмас еді.

Тыңдауға арналған репертуар әсерләгә әр түрлі, жалпы эмоцияляғы сергек те шат шығармаларды қамтиды. Үйрену процесінде балалар әсерлерге молығады, олардың ой-өрісін жақсы өскен сайын кеңейе түседі. Тіпті лирикалық бір жанырдың көлемінде балалар тобындағы мектепке дейінгі жастағылар П. Чайковскийдің қайғылы жабырқаңқы болып келетін « Қуыршақтың ауруымен» (« болезнь куклы») сипаты жағынан ойға құрылған . С. Прокофьевтің « Шабындық көгінде ай жылжып барады» («Ходит месяц над лугами») пьесасымен, Д. Кабалевскийдің жарқын да жайлы вальсімен танысады.

Балалар чехтың халық әні «Үш шымшық», («Три синички») мордав халық әні «Адамдар жұмыс істеп жатыр» («Люди работают»), Д. Кабалевский «Клоундар» пьесасынан юморды түсінеді. Би жанырынан көңілді, екпінді келетін П. Чайковскийдің « Камаринскаясын», Н. Левидтің «жатақ Балдырғандардың алғашқы музыкалық әсерлерінің бағалы бастауы-халық әуендері, жақын, туыстас дауыс ырғақтары. Біздің еліміздің барлық республикаларында балаларға арналған халық әндерінің, билерінің жинақтары басылып шығарылды. Солардың ішінен музыканы тыңдауға арналған репертуарға балаларға жақын образдарды жеңіл мәнерлі әндермен беретіндері енгізіледі. Мысалы, сүйкімді, әуезді бесік жыры сипатындағы қазақтың халық әндері « Әлди-әлди, әлди- ай », (« Ұзақ ұшып барады») (« Летит галка ») немесе ең кішкентайларға арналған жеңіл қимылды, ойындық өлеңдер- «Әтеш», «Алақан соғу». Сондай-ақ әдеби тексті бастапқыда табиғатқа жақын, поэзиялық образдарға арналған, одан әрі балалардың түсінігіне ауыр оқиғалар туралы баяндайтын өлеңдер пайдаланады.

Мұндай жағдайларда өлеңдердің бастапқы шумақтары ғана пайдаланады: («Айдалада қайың тұр», (« Во поле береза стояла»), « Жерім менің-Қара топырағым», «Шәңгіш тал», «Менің бағымда». Бөбек кезеңінен бастап баланың бойында жақсы қуаныш сезімін әкелетін халықтық би әуендерінің алатын орны ерекше. Бұл қазақтың халықтың өлеңдері- «Емен ағаш түбінен», «Ақ қайыңның әдемісі-ай» « Дәл біздің қақпаның алдындай» («Барар ма екем, бармас па екем») белорустың («Бульбасы», украйнаның « Гопагы» және де басқада ұлттардың билері мен әндері.

Орыс классиктерінің балаларға арнап жазған музыкасының көркемдік құндылығы айтарлықтай. Мысалы, П. Чайковскийдің « Балалар альбомы» (« Детский альбом») . Бұл жинақтың көптеген шығармаларының тақырыбы, музыкалық- образдық құрылымы жағынан мектепке дейінгілерге соншалықты жақын, түсінікті.

Оларда балалар өмірінің көрінісі, көңілді ойындар берілген-« Ағаштан жасалған кішкентай солдаттар маршы» (« Марш деревянных солдатиков»), « Ат болып ойна» («Игра в лошадки»), « Жаңа қуыршақ», («Новая кукла») ; ертегілік сюжеттер-«Мыстан кемпір» («Баба Яга»), «Әжемнің ертегісі» (« Нянинка сказка»), би музыкасы-« Вальс», «Мазурка», «Полька», « Орыс биі»; «Боз торғай әні» пьесасында табиғаттың әсем көрнісі.

Би жанырындағы классикалық пьесалар қызықты және алуан түрлі. М. Глиниканың«Балалар полькасы», П. Чайковскийдің « Аққу көлі»(« Лебединое озеро») балетінен үзінділіер, Н. Римский Корсаковтың «Салтан патша туралы ертегісі» операсынан фрагменттер («Бесік жыры -« Колыбельная», («Теңіз»-«Море», («Ақ тиін»-« Белка», С. Рахманиовтың «Полькасы», А. Глазуновтың «Галопы» және басқалар.

Батыс классиктерінің шығармаларын бағдарламалық репертуарға енгізлгенде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді дамыту
Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары
Орындаушылар және олардың репертуары
Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Домбыра туралы
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Музыка және қимыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz