Арал теңізінің проблемалары
Жоспар:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Арал теңізінің проблемалары
2) Семей полигоны
3) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі -- Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі -- 1066 км2, тереңдігі -- 30-60 м, тұздылығы -- 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері -- антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
-- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
-- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
-- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
-- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5.Жер асты суларын пайдалану.
6.Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры -- адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Балқаш көлі -- Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -- Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі -- 501мың км2, ұзындығы -- 605 км, ені -- 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері -- 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1. Арал теңізінің проблемалары
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.
Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2 ) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3 ) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3 ) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3 ) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Әрине, аталған жоба бойынша бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен де Каспий күтпейді, сондықтан бұл жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға әсте болмайды.
Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3 -ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады.
Канал Үстірт шоқысынан өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен айдап, оны 150 метрге көтеру қажет. Канал кұрылысы мен насос станцияларының шығыны 300 млн долларды құрайды. Оның 43 бөлігі канал құрылысына, ал қалғаны насос станциясы сияқты косымша қондырғыларға жұмсалады.
Судың булану нәтижесінде Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы кейін ол өзінің пайдалы маңызын жояды. Осындай жағдайды болдырмас үшін енді Аралдан Каспийге қарай ағатын екінші канал салу керек. Сонда Каспий-Арал каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал -- Каспий каналы теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал -- Каспий каналын салу көп қаржыны талап етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға бағаланып тұр. Бұл каналға насос станиясының қажеті жоқ, канал қазылып суға жол берілсе болды, ылдиға қарай судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын Арал -- Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе қысқа болмақ.
Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы бекіп, аяғынан тік тұрып, Аралымыздың арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға болады. Иншалла!
Каспийге құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң Арал Каспийден жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды.
300 млн доллар! Кәзіргі жағдайда бұл тиімді баға ма, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz