Титрлеу әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ»АҚ
Химиялық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тұндыру титрлеу әдісі. Аргентометриялық,
тиоцианатометриялық, меркурометриялық және сульфатометриялық титрлеу әдістері.
Дайындаған : Рустембекова А. З
Тобы: 202 В-ФҚА-02-17
Қабылдаған :Рысымбетова Ж. К
Шымкент 2018 жыл
Жоспары:
I Кіріспе
А) Титрлеу . Титрлеу әдістері.
II Негізгі бөлім :
1) Тұндыру титрлеу әдісі.
2) Титранттың түріне қарай әдістің жіктелуі. Аргентометриялық,
тиоцианатометриялық, меркурометриялық титрлеу әдістері
3) Индикаторлар
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер .
Кіріспе:
Титриметрия әдісі -жүйе құрамындағы зат мөлшерін анықтауға кең қолданылады. Әдіс концентрациясы белгілі заттың концентрациясы анықталуға тиісті затпен эквивалентті түрде әрекеттесуіне негізделген.
Титрлеу -қосылатын реагенттің мөлщері анықталатын қосылыстың мөлшеріне эквивалентті болған мерзімге дейін стандартты ерітіндіні анықталатын ерітіндіге қосу процесі.
Титриметрия әдісі сандық талдаудың ең маңыздыларының бірі болып саналады, олар өте қарапайым және сол себептен кеңінен қолданылады. Титриметриялық әдіс анықтайтын затпен реакцияласуға жұмсалатын реактивтің мөлшерін дәл өлшеуге негізделген. Жиі реактивтің мөлшерін табу үшін концентрациясы белгілі ерітіндінің әрекеттесуге кеткен көлемін анықтайды, сондықтан бұл әдіс көлемдік анализ деп те аталады.
Титр - 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм не милиграмм мөлшері. Титрі анық белгілі ерітіндіні титрленген, не стандартты ерітінді дейді.
Титриметриялық анализ әдістерін химиялық реакциялардың түріне қарай бөледі. Бұл реакциялар: протондар алмасатын, электрондар алмасатын, аз диссоциацияланатын бөлшектер түзетін және нашар еритін қосылыстар түзетін реакциялар. Осыған байланысты титриметриялық анықтауды мынадай әдістерге бөлуге болады:
Қышқыл-негіздік титрлеу (протолитометрия) ;
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия) ;
Комплексометриялық титрлеу (комплексометрия) ;
Тұнба алып титрлеу (седиметрия) .
Титриметриялық әдістерді титрлеу жолына қарап та бөледі:
Тікелей титрлеу әдісі - анықтайтын зат концентрациясы белгілі ерітіндімен титрленеді.
Ауыстыру (жанама) әдісі - бұл әдіс анықтайтын зат пайдаланатын реагентпен әрекеттеспейтін, не реакция стехиометриялық жолмен жүрмейтін жағдайда пайдаланылады. Мысалы, кальций иондарын перманганатометрия әдісімен анықтау. Кальций иондарын қымыздық қышқылы аниондарымен тұнбаға түсіреді:
Ca2+ + C2O42- → CaC2O4↓
Жуылған тұнбаны күкірт қышқылында ерітеді:
CaC2O4↓ + 2H3O+ → H2C2O4 + Ca2+ + 2H2O
Пайда болған қымыздық қышқылын калий перманганаты ерітіндісімен титрлейді:
5H2C2O4 + 2MnO4- + 6H3O+ → 10CO2 + 2Mn2+ + 14H2O
3) Кері титрлеу әдісі - анализдейтін ерітіндіге артық мөлшерде алынған титранттың белгілі көлемін құяды, яғни анықтайтын компонентпен реакция толық жүргеннен кейін ерітіндіде титранттың бос мөлшері қалады. Реакцияласпай қалған титранттың мөлшерін концентрациясы белгілі басқа ерітіндімен титрлейді. Алғашқы қосылған титранттың көлемі мен оның реакцияласпай артық қалған көлемінің арасындағы айырмашылық титранттың анықтайтын затпен әрекеттесуге кеткен көлемін көрсетеді.
Қышқыл-негіздік титрлеу қышқылдар мен негіздердің арасындағы нейтралдау реакциясына негізделген.
Пайдаланатын титрантқа байланысты бұл әдісті алкалиметриялық (титрант-негіз) және ацидиметриялық (титрант-қышқыл) титрлеу деп екіге бөлінеді. Ацидиметриялық титрлеу күшті, әлсіз негіздерді, негіздік тұздарды, негіздік қасиет көрсететін әлсіз қышқылдардың тұздарын анықтауда қолданылады. Алкалиметриялық титрлеумен күшті және әлсіз қышқылдарды, қышқыл тұздарды, қышқылдық қасиет көрсететін әлсіз негіздердің тұздарын анықтайды.
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі- талданатын заттармен жұмысшы титрлеуші ерітінді арасындағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген.
Оларды әртүрлі тотықтырғыштардың (C2O72-, MnO4-, ClO3-, Fe3+) немесе (C2O42-, NO2-, S2-) ерітінділердегі концентрацияларын анықтау үшін қолданады. Бұлардың ішінде көп қолданылатындары:
Перманганотометрия - реакцияларда тотықтырғыш ролін тқаратын калий перманганатының KMnO4 жұмысшы титрлеуші ерітіндісі қолданылады.
Иодометрия - бос күйіндегі иод I2 реакцияларда тотықтырғыш, ал I- ионы тотықсыздандырғыш ретінде және индикатор ретінде крахмал ерітіндісі қолданылады.
Редоксиметриялық әдістердің бромометрия - тотықтырғыш ретінде бос күйіндегі Br2, броматометрия - калий броматы KBrO3, хроматометрия - анықталатын зат ерітіндісі мен калий дихроматы K2Cr2O7 титрленген ерітіндісі арасындағы тотығу процесі және т. б. әдістер.
Комплексонометриялық титрлеу аз ионданатын комплексті иондардың (немесе молекулалардың) түзілуіне негізделген титриметриялық анықтаулар. Бұл әдістердің көмегімен әртүрлі катиондарды және аниондарды анықтауға болады.
Бұл әдісте металл иондарын титрант ретінде лигандтарды алып титрлейді.
Негізгі бөлім
Тұндыру әдісінде итрлеуге тұнба алу реакциялары пайдаланылады. Пайдаланылатын реакциялар титриметриялық әдістердегі реакцияларға қойылатын жалпы шарттарға жауап берулері керек, бірақ тұндыру әдісінде мұндай реакциялардың саны аз. Ол - күмістің нашар еритін қосылыстарын алу - аргентометрия:
Ag+ + Г→ AgI-↓, I-, Cl-, Br-, SCN-
Галогенидтерді анықтауға олардың нашар еритін сынапты тұздарын алу реакцияларын да пайдалануға болады.
Тұнба түзілуге негізделген титрлеу аз еритін қосылыстың, яғни тұнбаның түзілуіне негізделген. Тұндыру реакциялары өте көп, бірақ көпшілігін титриметрияда пайдалануға болмайды, себебі олар стехиометриялық қатынаста жүрмейді және толық жүрмейді. Тұндыру тәсілімен титрлеу әдістерінің ең кең тарағандары-аргентометрия және меркурометрия, сондай -ақ роданометрия, тұндырып титрлеудің басқа әдістері сирегірек қолданылады, себебі индикатор табылмаған. Тұндырып титрлеу арқылы галогендерді анықтайды, тиоцианат ерітіндісімен кеніш немесе құймалардан күміс мөлшерін анықтайды.
Тұндыра титрлеу әдісі тұнба түзілуге негізделген. Бұл реакциялар бөлме температурасында тез және қайтымсыз өтеді. Анықталатын заттың титрантпен байланысуының тереңдігі ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мәніне байланысты және тепе-теңдік константасы К≥108 болу керек.
Реакцияларға қойылатын талаптар.
Титриметрияда пайдаланылатын реакциялар жоғары жылдамдықпен және толық жүруі, титрлеу жағдайында ерімеуі тиіс. Титрлеу нәтижесіне адсорбция және ілесе тұнбаға түсу процестері әсер етпеуі қажет. Тұнбаға толық түсу процесі қосылыстың ерігіштігіне тәуелді, сондықтан титриметрияда пайдаланылатын қосылыстардың ерігіштігі 10-4 - 10-5моль/л мәнінен төмен болмауы қажет. Бірақ бұл қойылатын шартқа байланысты тұндыру тәсілімен титрлеуде пайдаланылатын реакциялардың саны азаяды.
Тұндыра титрлеу әдісінің түрлері
Аргентометрияда - хлоридтер, бромидтер, йодидтер анықталады, титрант - AgNO3 ерітіндісі;
Роданометрия (тиоцианометрия) −, титрант - NH4SCN ерітіндісі; тура титрлеу тәсілімен күміс тұздары немесе кері титрлеу тәсілімен галогенидтер анықталады
Меркурометрия - галогенидтер анықталады, титрант - Hg2(NO3) 2 ерітіндісі;
Сульфатометрия - барий-, сульфат- иондары анықталады, титрант BaCl2 немесе H2SO4 ерітінділері.
Аргентометрлік титрлеу әдісі Сl-, Вг- иондарының күміс катионымен нашар еритін галогенидтер түзілуіне негізделген. Аргентометрия - бұл тұнбаға түсіру тәсілімен титрлеу, титрант ретінде 0, 1н; 0, 05н, сирек 0, 02н және 0, 01н AgNO3 ерітіндісі қолданылады, оның титрін NaCl (стандартты ерітінді) арқылы анықтайды. Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі:
HaI- + AgNO3 ↔︎ AgHaI ↓ + NO3-,
мысалы NaCl + AgNO3 = AgCl↓ +NaNO3
Аргентометрия. Мор әдісі
Индикатор қызметін К2СrО4 негізделген. Титрлеудің соңғы нүктесінде Ag2CrO4 күміс хроматының қызыл-кірпіш түсті тұнбасы түзіледі-оның ерігіштігі күміс хлоридінен әлдеқайда жоғары . Сондықтан титрлеу барысында барлық хлорид иондары тұнбаға түсіп болған соң ғана күміс хроматының қызыл тұнбасы пайда бола бастайды. Бұл титрлеу бейтарап және әлсіз сілтілік ортада жүргізеді. Ал қышқылдық ортада күміс хроматы еріп кетеді. рН 10-нан жоғары болса, талдау нәтежелерін дұрыс көрсетпейтін күміс гидроксидтері мен мен оксидтері түзілуі мүмкін.
Мор әдісімен хлоридтер мен бромидтер анықталады.
Фаянс әдісі
Бұл әдісте адсорбациялық индикаторлар қолданылады, тұнбаға түскен жағдайда өзінің түсін өзгертеді. Ең бірінші түзілген тұнба бетіне онымен біраттас иондар адсорбацияланады. Бромидті күміс нитратымен титрлегенде AgВг тұнбасының бетіне бромид иондары эквиваленттік нүктеге дейін көбірек адсорбацияланады. Эквиваленттік нүктеден кейін Ag+ иондарының артық мөлшері тұнба бетіне адсорбацияланады, ал зарядталған тұнбаны бейтараптау үшін ерітіндіден теріс зарядталған иондар қажет, мысалы индикатор аниондары.
Тиацианатометрлік титрлеу.
Роданометрия (тиоцианометрия) −, титрант - NH4SCN ерітіндісі; тура титрлеу тәсілімен күміс тұздары немесе кері титрлеу тәсілімен галогенидтер анықталады.
Фольгард әдісі.
Галогендерді тиацианатометрлік анықтауды Фольгард әдісі бойынша орындайды.
Ag+ + Hal- → AgHal↓+Ag+
Ag+ + SCN- → AgSCN↓
СІ ионы бар ерітіндіге күміс нитратының артық мөлшерін қосады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz