Майлы ажыратқыштар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Жоғары кернеулі ажыратқыштар
2 Қозғалтқыштар
3 Кабельдер
III Қорытынды

I Кіріспе
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, көлікте, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы басқа да халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Электр энергиясын басқа энергиялар түрлері мен салыстырғанда, әмбебап энергия болып саналады. Себебі, электр энергиясын басқа энергияларға түрлендіру оңай алуға болады, аса көп шығынсыз қашықтыққа тасымалдап және тұтынушылар арасында оңай тартуға болады.
Соңғы жылдарыкіші және орта кәсіпорындардың саны және электр жүктемесі өсуіне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті. Осыған байланысты, қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және оларды беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.
Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды Электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды техно-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Электр станциясында өндірілетін электр энергия тұтынушыларға әуе желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция генераторын және тұтынушыларды біртұтас біріктіріп, электр торабын түзетіп- электрлік жүйені көрсетеді.
Электр станция деп - электр энергиясын өндіруге арналған кәсіпорын немесе қондырғы болып табылады. Сонымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.Ал энергетикалық жүйе деп жұмыстың өзара байланысқан, және бір орталықтан басқарылатын электр станциялары мен электр тораптарының жиынтығы. Энергетикалық жүйеге бірнеше аймақтын, тіпті бірнеше мемлекеттің электр станциялары мен тораптары болуы мүмкін.

II Негізгі бөлім
1 Жоғары кернеулі ажыратқыштар
Майлы ажыратқыштар. Ажыратқыш - тізбекті кез-келген режимде ажырататын коммутациялық аппарат: ұзақ мерзімді жүктеме, асқын жүктеме, қысқа тұйықталу (ҚТ), зая жүрісі, синхронды емес жұмыс.
Ажыратқыштардың негізгі құрылымдық бөліктері мыналар: корпус, оқшаулатқыштық құрылым, жетек механизмі, ток өткізгіш бөлшектер, доға сөндіргіш құрылғысы бар түйіспелер жүйесі (жылжымалы және жылжымайтын түйіспелер) немесе ашық доғалы ажыратқыштар.
Майлық ажыратқышта түйіспелер оқшаулатқыштық майда тұйықталады және ажыратылады, олар түйіспелер арасындағы электрлік доғаның жоғары температурасы салдарынан (доға октаумасында 18000 К дейін) буланады және газдарға бөлінуі (1г май мөлшермен 1500 см3 газдарды береді).
Майлы ажыратқыштардың түйіспелері оқшауламалық (трансформаторлы) майда тұйықталады және ажыратылады. Түйіспе арасында пайда болған электр доғасы арқылы қыған май газдарға бөлінеді. Доға түрінде болған электрлік разрядтың ауасын жартысына жуық май булары құрайды, ал қалған бөліктері - сутегі (70% дейін), ацетилен (17% жуық), метан (9%) және басқа булы көмірсутегі. Майда оттегі болмағандықтан газдар жанбайды. Барлық газдарға қарағанда сутегінің жылуөткізгіштік қасиеті үлкен болғандықтан суыту процессі тез өтеді, сондықтан майдың доға сөндіргіш қасиетін айыптайды.
Майлы ажыратқыштардың кейбір серияларында доғаны жеңіл сөндіру мақсатымен электр тізбекті көп мәрте ажырату қолданылады. Сонда доғаның қуаты азайып доғаның сөнуі үделенеді.
Май ажыратқыштардың жұмысын жақсарту үшін көбінесе арнайы доға сөндіргіш құрылғысы (ДСҚ) қолданылады. ҚТ тогын өшірген кезде сөндіргіш камераларында қысым 3-8 МПа жетуі мүмкін.Майлы ажыратқыштармен салыстырғанда ауа ажыратқыштарының бірқатар артықшылықтары бар: аз салмақты, тексеру қарапайымдылығы, тасымалдауға қолайлылығы.Майдың жоқ болуы бұл ажыратқыштарды өрт қауіпсізді қылдырады. Ауа ажыратқыштарын орнату кезінде үлкен май шаруашылығын құру қажеттігі болмайды. Қазіргі кезде ауа ажыратқыштары энергетикалық жүйелерде кең таралды.
Ауа ажыратқыштың сөндіргіш құрылғысының жұмыс принципі өте қарапайым. Көлденең және бойлық ауа үрлеу камералары қолданылады. Бірінші жағдайда ауа доға бағанының бойымен, екінші жағдайда - көлденең бағытталады. Ауа ажыратқыштарындағы доғаны сөндіру ауа ағынымен жүзеге асырылады, ағынның қарқындылығы доға қуатынан тәуелсіз, өйткені сөндіру бөтен көздің энергиясының арқасында жүргізіледі. Сондықтан, сәйкес ауаны берумен доғаны тез және сенімді сөндіруді қамтамасыз етуге болады. Ауа ажыратқыштарының жоғары тез әрекеттілігі бар: олардағы сөндіру уақыты 0,02 секундке жетеді, ал толық ажыратылу уақыты 0,06с. Ауа ажыратқыштары ажыратқыштың ажыратылған жағдайында қажет оқшаулама аралықты жасау үшін, яғни ажыратқышты кернеуі бар тізбектерден бөлу үшін қызмет көрсететін бөлгішпен немесе бөлгішсіз қолданылады.
Бірінші және екінші түрлі бөлгіштері бар ажыратқыштарының кемшіліктерінің салдарынан (күзгі-қысқы кезеңде бөлгіштің қиын жұмыс істеуі, үлкен ажыратылу уақыты), мұндай ажыратқыштардың шығарылуы тоқтатылған.
110 кВ және одан жоғары кернеулі ауа ажыратқыштарының сөндіргіш құрылғылары фазаға көп реттік бөлдірумен орындалады; олар электр тізбегіне бір ізді қосылған бірнеше бірдей сөндіргіш элементтерден тұрады.
Әрбір сөндіргіш элементте тізбекті бөлу жүргізіледі, яғни әрбір элемент барлық қуаттың бөлігін ажыратады. Сөндіргіш элементтердің санын көбейтумен белгілі шекке дейін ажыратқыштың ажырататын қуатын көбейтуге болады.
Сөндіргіш камераларда екі және одан көп бөлінулер кезінде, олардың арасындағы кернеу біркелкі емес таралады. Сөндіргіш камераның бөлек бөлінулерінде кернеудің біркелкі таралуы үшін, активті және сыйымдылықты кедергілерден тұратын арнаулы кернеу бөлгіштерін қолданады. Бұл кедергілер әр бөлінуге қатар қосылатын кернеуді реттеуден басқа, бұл шунттаушы кедергілер ажыратқыштың түйіспелеріндегі қалпына келетін кернеудің жылдамдығын және амплитудасын төмендетеді.

2 Қозғалтқыш
Қозғалтқыш дегеніміз қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Энергия механикалық жұмысқа қозғалтқыш тегіне (типіне) қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын,тағыда басқа іске қосу үшін қолданады. Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш). Қозғалтқыш болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыш көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрикалық қозғалтқыштар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік қозғалтқыштар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға, кейін келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВГМ-20 сериялы ажыратқыштар
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар
Қосу және қорғау аппараттары
Үлкен көлемді майлы
Жоғарғы кернеулі айнымалы ток ажыратқыштары
Элегеаздық ажыратқыштардың негізгі сипаттамалары, олардың техникалық мінездемесі және конструкциясы, сонымен қатар кемшіліктері мен артықшылығы, қазіргі кездегі жабдық үшін элеткржабдықтау жүйесін жаңалау және модернизациялау
Тартылу трансформаторларын таңдау
Электр энергияны жіберу қызметттері
35/10 кВ «Қараоба» қосалқы станциясын жобалау
Жоғарғы кернеулі айнымалы ток ажыратқыштары мен міндеттері
Пәндер