Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Ажыратқыштар және оның құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Әуе жолдарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Күштік трансформаторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



I.Кіріспе
Энергиясының басты тұтынушылары болып өндіріс транспорт, ауыл шаруашылығы, қалалар мен ауылдардың коммуналды шаруашылығы болып табылады. Бұнда өндіріс объектілеріне электр энергиясын тұтынудың 70%-дан астамы келеді. Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсіптің дамуына, адам тіршілігіне қажетті энергиямен қамтамасыздандыру мақсатында электр энергиясын қолданудың, өндірудің жаңа технологиясының мұқтаждығы туындап отыр. Осындай маңызды мәселені шешу мақсатында электр энергиясын түрлі әдістермен uндіру үшін ќолданылатын жаңа қондырғыларды игеру маңызды.
Энергетиктер және энергосалушылармен шешілетін негізгі мәселелер өндіріс көлемін үздіксіз көбейтуден, жаңа энергетикалық объектілерді салу мерзімін қысқарту мен ескілерін қайта жаңартудан, меншікті капитал салымын азайтудан, жанармайдың меншікті шығынын қысқартудан, еңбек өнімділігін жоғарлатудан, электр энергетиканың өндіру құрылымын жақсартудан тұрады. 80 жыл бойы электр энергетикасы жалпы ұлттық монополия ретінде дамыды және қызмет етті. Бұрынғы одақтың әрбір республикасы бірыңғай энергетикалық жүйенің аралық бөлігі болған. 1991 жылы бірыңғай энергетикалық жүйенің мен электр энергетикасын децентрализациялау мен дезинтеграциялау саланы реформалау процесстері басталды. Бірақ бұған қарамастан электр энергиясы бұрынғыдай энергияның әмбебап түрі болып қалады. Сонымен бірге ол халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресстің негізі ретінде қызмет етеді.
Электр энергиясы барлық ауыл шаруашылық салаларында, әсіресе әртүрлі механизмдердің электр жетегінде, ал соңғы жылдары әртүрлі электротехнологиялық орнықтыруларда, бірінші кезекте электротермиялық және электродәнекерлеу қондырғыларда, электролиз, материалдарды электр ұшқынды және электр дыбысты өңдеуде, электрлі бояуда қолданылады.
Электрқабылдағыштардың үлкен тобын ауыл шаруашылығының барлық салаларында: көтергіш-көлік машиналары, заводтың механикалық цехы мен барлық жұмыс істейтін ғимараттары, ағынды-көлікті жүйелер, компрессорлар, насостар, желдеткіштерде қолданылатын жалпы өндірістік механизмдердің жетектері құрайды.
Электр энергиясы түсті металлургияда қолданылатын энергияның негізгі түрі болып табылады, сондықтан түсті металлургияның дамуы электр энергиясы дамуымен өте тығыз байланысты.
Қазіргі уақытты ірі және кішігірім қуатты электр машиналары, кернеуі 1000В-қа дейін және 1000В-тан жоғары электр аппаратураларының түсті металлургиясын өндіру тез қарқынмен дамуда.
Энергожүйеден өндіріс объектілеріне, қондырғыға, жабдық пен механизмдерге қажетті мөлшер мен сапаға сай электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін кернеуі 1000 В-қа дейін және жоғары желіден тұратын өндіріс мекемелерінің электр жабдықтау жүйелері, трансформаторлық, түрлендіргіш және бөліп тұратын қосалқы станциялар қызмет етеді.
Салынатын электр қондырғылар эксплуатациясының қауіпсіздігін, сенімділік өндіріс мекемелеріндегі өндірілген энергияны беру, орналастыру мен тұтыну жоғары үнемділік және сенімділікпен өндірілу керек. Осыны қамтамасыз ету үшін энергетиктер қолданылатын кернеудің барлық сатысында жоғары кернеудің тұтынушыға барынша көп жақындауына байланысты электр энергиясын орналастырудың сенімді және үнемді нұсқасын жасау керек.
Электр энергиясын цехтік орналастыру жүйесінде комплексттік қондырғылар жабдықтары, қосалқы станциялар және токопроводтар кеңінен қолданылады. Осының арқасында проводтар мен кабельдердің көп мөлшерін үнемдейтін иілмелі және сенімді қондырғы жүйесі пайда болады. Автоматиканың жетілген жүйесі, сонымен бірге өндіріс мекемелерін электр жабдықтау жүйесінің айырықша элементтерін қорғаудың сенімді жабдықтарын кеңінен қолданады.
Электр жабдықтау объектілерін жаңа қондырғылармен жаңартудың басты мәселесі - олардың сенімділігі мен үнемділігінің жоғарғы сатысын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптердің электр жабдықтауын жаңарту ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін қолдануды есепке ала отырып жүргізіледі. Электр жабдықтарын жаңарту 3 сатыда орындалды: технико-экономикалық дәлелдеме, техникалық жоба, жұмыстық сызбалар.пен үнемділікті қамтамасыз ету керек. Жаңарту кезінде бұл көрсеткіштер технико-экономикалық есептеудің көмегімен жүзеге асырылады. Электр энергиясын пайдаланушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатымен электр энергиясының қабылдағыштары (қыздырғыш қыл сымды шамдар, электр қозғалтқыштары т. б.) төменгі кернеуде (110-380 В) жұмыс жасауға есептеледі. Оның үстіне жоғарғы кернеу кезінде ток жүретін бөліктер өзара күшті оқшауламаланған болуы керек, бұл аппараттар мен аспаптар конструкциясыны күрделілендіруге алып келеді. Сондықтан энергия берілісінде қолданылатын жоғарғы кернеумен қабылдағыштарды тікелей коректендіруге болмайды. Ол үшін энергия қабылдағыштарга энергияны төмендеткіш трансформаторлар арқылы береді. Транссформаторлар іс жүзінде электр энергиясын үлкен қашықтыққа беру, энергияны қабылдағыштар арасында тарату үшін және әртүрлі түзеткіш, күшейткіш т. б. құрылғаларда кеңінен қолданылып отыр.
Егер бір ғана мәнде берілетін қуатта кернеуді көбейтсек, онда соншалықты оның тогы азаяды. Бұл электр энергиясын беретін желінің, сым өткізгшінің көлденең қимасын азайтуға мүмкіндік береді, ал ол түсті металды үнемдеуге және желідегі энергия шығынын азайтуға алып келеді. Трансформаторлар іс жүзінде электр энергиясын үлкен қашықтыққа беру, энергияны қабылдағыштар арасында тарату үшін және әртүрлі түзеткіш, күшейткіш т. б. құрылғыларда кеңінен қолданылып отыр.

II.Негізгі бөлім
1.Ажыратқыштар. Олардың түрлері және жетектері
Ажыратқыш - тізбекті кез келген режімде ажырататын коммутациялық аппарат.
Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын блғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
Майлы ажыратқыштар
Майсыз ажыратқыштар
Майлы ажыратқыштар оз кезегінде:
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар
Аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді.
Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ад тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады.
Майлы ажыратқыштар
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар түрлері және сипаттамалары
-- МКП-35-1000-25- камералы үлкен көлемді ажыратқыш, жоғары кернеулі 35 кВ, номинал тоғы 1000 А, ажырату тоғы 25кА, қоңыржай климатқа және сыртта (шаық ауда) ораналастыруға есептелген;
-С-35-3200-50У1- бакты көп көлемді майлы ажыратқыш; сериясы С
-У-220-2000-40У1- бакты көп көлемді майлы ажыратқыш; сериясы У
-ВМБ-10-400-15У1- мұндай ажыратқуш номинал екрнуі 10кВ, номинал тоғы 400 А, ажырату тоғы 15 кА, қоңыржай климатқа және үйдің ішінде орналастыруға есептелген.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар: арнайы доға өшіретін құрылғысы жоқ ажыратқыштар және доғаны тез өшіретін камералы ажыратқыштар болып бөлунеді.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштардың негігі бөлшектері мыналар: бак, қақпақ, өтпелі оқшаулатқыш, жетек механизмі және түйіспелер.
10кВ- тан аспайтын кернеуде барлық үш фаза тік бұрышты немесе дөңгелек формалы бір багқа орналасады.
Үлкен көлемді ажыратқыштардың салмағы мен көлемі едәуір болады. Онда үлкен көлемді үш фазалы ажыратқыштардың жалпы салмағы 110 кВ-та 18,3 т ал майдың өзі 8,5 т, 220 кВ-тық ажыратқыштың салмағы 90 т, ал майдың салмағы 48 т болады.
Майлы ажыратқыштарды басқару оларда қосылған қалпында ұстап тұратын арнайы жетекпен жүзеге асырылады.
Арнайы құрылғысы жоқ үлкен көлемді майлы ажыратқыштар (ВМБ-10, 10 кВ-қа, 400 амперге) доғаны өшіру, шамалы қысқа тұйықталған тоқты үзу қабілеті жетілдірілмегендіктен электр қондырғысының сенімді ұмыс імтеуін, қауіпсіздігін және пайдалану қарапайымдылығын толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ол кернеуі 10 кВ-тан аспайтын, қуаты шағын қондырғыларда ғана қолданылады.
Доғаны өшіретін камерасы бар үлкен көлемді майлы ажыратқыштар доғаны өшіруді тездетеді және майлы ажыратқыштардың багындағы қысымда төмендетеді, соның әсерінен оның ажырату қабілеті мен жұмыс сенімділігі артады.
Қазіргі кездегі барлық майлы ажыртқыштардың доға өшіретін құрылғыларында газбен үрлеу әдісі қолданылады, ол доғаны қарқынды әрі тез өшіруді қамтамасыз етеді. Бұлар кернеуі 35-220 кВ қондырғыларында қолданылады (камералы майлы ажыратқыштар қосалқы станйиялық МКП-76,35 кВ-қа, МКП-160,110 кВ-қа, МКП-180,150 кВ-қа, МКП-274,220 кВ-қа)
Бұл ажыратқыштардың барлығы бойлық май үрлегіш камерамен жабдықталған. Оның ажырату уақыты 0,15 с, Бұл тез әрекет етуге жатпайды. МКП53,МКП110,МКП150,МКП200 ажыратқыштары көлденең май камераларымен жабдықталған. Доғаның өшіру уақыты шамалы, әдетте 0,02-0,03 с-тан аспайды. Доғаны өшірудің жеңілдейтін себебі камерадағы үзілу активті кедергімен (R) шунтталып (750 ом), немесе сйымдылықпен бөлгіштенеді.
Аз көлемді майлы ажыратқыштарды әдетте 20кВ-қа дейінгі кернеулі құрылғыда орнатады. Шағын көлемді майлы ажыратқыштарды әр-бір үзілісі доға өшіргіші бар жеке багтармен жабдықталған. Екі қайтара үзілетін ажыратқыштардағы фазада екі баг, ал бір рет үзілетін ажыратқыштардағы фазада үш бак болады.
ВМГ(майлы горшокты ажыратқыш) типті ажыратқышқыштар кернеуі 10 кВ-қа дейінгі қондырғыларда қолданылады.ВМГ-133 ажыратқыштар номинал кернеу 10кВ және ажырату қуаты 350мың кВт-қа дейін барады.
МГТ(майлы,генераторлы,горшокты)типт і шағын көлемдімайлы ажыратқышардың әр фаза екі бакты(барлығы алты бак)болады.Бұлар кернеуі 20кВт,номинал тогы 2000А жөне одан көп болатын жабық қондырғыларда(қуаты орташа жөне үлкен қондырғыларда)қолданады. МГГ-529 типті ажыратқыштың номинал қуаты 2,5млн кВт болады. Сонымен қоса МГГ-10 типтес жинақты майлы ажыратқыштар жасалады Оның номинал қуаты 500 мың кВт.Бұл ажыратқыштар алты бактан тұрады,ал құралымы ВМГ-133типті ажыратқышқа ұқсас.
МГГ типтесажыратқыштар тез әрекет ететіндерге жатпайды,олардың ажырату уақыты 0,25-0,33сек.
Сыртқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВГМ-20 сериялы ажыратқыштар
Қосу және қорғау аппараттары
Үлкен көлемді майлы
Жоғарғы кернеулі айнымалы ток ажыратқыштары
Жоғарғы кернеулі айнымалы ток ажыратқыштары мен міндеттері
35/10 кВ «Қараоба» қосалқы станциясын жобалау
Жоғарғы кернеулі айнымалы ток ажыратқышы
Электр энергиясын түрлендіру және тарату
Элегеаздық ажыратқыштардың негізгі сипаттамалары, олардың техникалық мінездемесі және конструкциясы, сонымен қатар кемшіліктері мен артықшылығы, қазіргі кездегі жабдық үшін элеткржабдықтау жүйесін жаңалау және модернизациялау
Тартылу трансформаторларын таңдау
Пәндер