Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 2

2 Бюджеттік . құқықтық қатынас және реттеу тәсілдері . . . 3-9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10-11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12

КІРІСПЕ

Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі.

Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан, «голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздеріне:

1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трасферттер;

2) республикалық меншіктегі, кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін трансферттер;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жр учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер жатады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген осындай ресми трансферттерді, сондай-ақ кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджетті тиісінше түзету негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі, кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқын-далатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшрашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалғн ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті тиісінше түзету негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына енгізеді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу болып табылатын заңды тұлғаларға шикізат секторының ұйымдары жатады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шикізат секторы ұйымдарының бюджетке түсетін түсімдері ретінде:

-корпорациялық табыс салығы;

-қосылғн құнға салынатын салық;

-үстеме пайдаға салынатын салық;

-бонустар;

-роялти;

-жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы көрініс табады.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін осындай түсімдердің болжамы шикізат секторының тауарларына республианың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастырудан құралады.

Бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін қалыптастыру барысында туындайтын қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы бюджеттік құқықтық институтты білдіреді.

Сонымен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу» институты бюджеттік жүйедегі Ұлттық қордың кірісін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы нормативтік шешімде айқындалған трансферттердің түсімдері, сондай-ақ шикізат секторы ұйымдарының нақтылы салықтары мен міндетті төлемдерінің көлемі белгіленген түсімдері есебінен құру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 11 (4, 5), 23-баптары негізінде қалыптасады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі бағыттары республиканың (оның әкәмшәләк-аумақтық құрылыстарының) әлеуметтік-экономикалық басымдықтары, макроэкономикалық және фиксалдық тұрақтылықтың мән-жйлары, дүниежүзілік және қазақстандық ішкі тауар және қаржы рыноктрының конъюктурасы, Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі экономикалық әл-ахуалдар мұқият ескеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуінің негізгі міндеттері мен мақсаттары қатаң сақтала отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстары (жұмсалуы) ұлттық және шетелдік валюталар негізінде, заңнамамен қатаң белгіленген бағыттарда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (оның белгілі бір көлемдегі ақша қаражаттары) :

1. біртұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге;

2. Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттер түрінде;

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жүргізілетін өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Себебі түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүргізілмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығыстарын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

3. тәуекел деңгейінің бірқалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (оның қаражаттарын) жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын республиалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республиасының Үкіметі айқындайды.

Демек, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу институты бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республика-сының Ұлттық қорында жұмылдырылған ақша қаражаттарын қоғамдық-мемлекеттік маңызы басымды әрі көкейтесті мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік дамудың нақтылы мақсаттарына бөлу, беру және пайдалану барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді.

Жинақтаушы функциямен қатар Қор қаражатының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданылып жүрген механизмі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпалын көрсетеді. Қордың тұрақтандыру функцияларын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді. .

Қордың активтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады.

Қорды қалыптастырудың көздері 2001 жылы бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс салық және басқа да міндетті төлемдер, Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады. .

Қордың жұмыс істеу кезеңінде оған түсетін түсімдердің негізгі бөлігі “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттің үлесін сатудан түсетін қаражаттың есебінен қалыптастырылды.

Шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің негізгі бөлігін - 54, 99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23, 34%-ын құрайтын роялтилер және түсімдердің жалпы сомасының 16, 35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы түсімдердің жалпы сомасының 5, 22%-ын, бонустар - 0, 08 %-ын және қосылған құн салығы - 0, 02%-ын құрады. .

Қордың шотынан есепті кезеңде мынадай шығыстар жүргізілді:

Республикалық және жергілікті бюджеттерге шығындарды өтеу түрінде (шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырма) 7509107631, 83 теңге аударылды; Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 37216032, 45 теңге аударылды. .

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорды сенімді басқару туралы шарттың негізінде оның бір бөлігін сыртқы басқарушыларға беруді қоса алғанда, Қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады.

Инвестициялық кірісті жинақтау және алу мақсатында Қор сенімді және өтімді шетелдік қаржы активтеріне орналастырылады. Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банкі есепті кезеңде Қордың актив-терін, негізінен ақша рыногының құралдарына, атап айтқанда, АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды. АҚШ агенттігінің бағалы қағаздары портфельдің неғұрлым ірі бөлігін құрады . .

Қордың сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі және тиісті конкурс құжаттамасы дайындалады. Тәуелсіз аудиторды сайлау жөнінде жүргізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып анықталды .

Аудиторлық тексеру Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы тұжырымдаған Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Қорды қалыптастыру және пайдалану процестерін жетілдіру мақсатында Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп: .

Қордан қаражатты республикалық және жергілікті бюджеттерге қайтару механизмдерін жетілдіру және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу; .

“жинақ портфелін” тиімді басқару,

Қордың тұрақтандыру міндетін нығайту,

Қорға ақша есептеу механизмін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

Елбасының ойынша, ұлттық қор заңды тұлға болып табылмайды, шын айтқанда ол Үкіметтің ұлттық банк есепшоттарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып табылады. Қор екі бірдейқызмет атқарады: бірі - жинақтау (болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды қалыптастыру), ал екіншісі - тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту) .

Тұрақтандыру міндетін атқаруды қамтамасыз ету үшін шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық және басқадай міндетті төлемдердің, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген сомадан артығы қаржы қорына аударылады. Бұл түсімдерге жататындар: корпоративтік табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер бөліктерін мемлекеттің жеке меншікке сатуынан түсетін, өнімдер мен қаржыны бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі жинақтау қызметін іске асыру мақсатында қор республикалық және жергілікті бюджеттердің трансферттері есебінен, жоғарыда көрсетілген түсімдер бойынша жоспарланған соманың 10 пайызынан құралады.

Қорды басқару мәселесін құрамына Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат пен Мәжілістің төрағалары, Президент Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның бірінші орынбасары, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі санақ комитетінің төрағасы кіретін кеңес шешетін болып келісілді. Кеңеске мемлекеттік биліктің атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары енген. Ал мұның өзі мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. Кеңестің барлық шешімдері алқалы түрде қабылданады. Кеңес мүшелерінің ешқайсысы қордың активтерін жеке дара пайдалана алмайды. Қорға Парламент бақылау жасайды, демек, ол шын мәнінде халық пен елдің резерві болып табылды.

Міне, бірнеше жылдан бері Қазақстанның Ұлттық қоры ел халқының мүддесіне қалтқысыз қызмет жасап келеді. Қор әсіресе бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезінде қазақстандықтардың көптеген әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік берді. Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Ұлттық қордың ел мүддесі үшін алдағы уақытта да қызмет жасай беретініне сенім мол.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осыдан жеті жыл бұрын еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Бұл сындарлы шешім сондай-ақ, отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.

Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін пайдалануды жетілдіру жолдары
Ұлттық мұрағат қорының қазіргі құрамы және топтастыру
Кітапхана қорын өңдеу және есепке алу
Қазақстан Республикасының ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері
Орман шаруашылығы
Бюджет жүйесінің принциптері
Қаржы жүйесіне жататындар
Ұлттық қор активтерін басқаруды талдау
Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
Жергілікті бюджеттің экономикалық ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz