Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

http://sirius.zkgmu.kz/sirius/src/img/logo-zkgmu.png

Студенттің өзіндік жұмысы

Кафедра: Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау

Факультет: Қоғамдық денсаулық сақтау

Тақырыбы: Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері

Орындаған: Рахметова С. С

Тобы:206

Тексерген: Умбетов. М. У

Ақтөбе-2019ж

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  1. Тұрғындар денсаулығын қалыптастыратын факторлар.
  2. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар
  3. Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары.

III Қорытынды

Кіріспе

Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Элекетроманшеттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген аурулар түрлерінің жаппай таралуы анықталған.

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Тұрғындар денсаулығын қалыптастыратын факторлар. Қоршаған

ортаның адам денсаулығына әсерлері туралы түсінік.

Адам денсаулығына әсер ететін факторлар шартты түрде 2 топқа бөлінуі

эндогенді, биологиялық (тұқымқуалаушылық қуалаушылық факторлар сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі мүмкін, оның ген аппаратына әсерімен көрінеді) ;

- экзогенді факторлар (бұл тіршілік жағдайы, тамақтану, тіршілік ету

ортасының климаттық-географиялық жағдайы, антропогенді факторлар) .

Адам денсаулығына әсері бойынша бөлінеді: Біріккен әсер - табиғаты

әртүрлі қолайсыз факторлардың әсері (физикалық, химиялық, биологиялық) .

Аралас әсер - табиғаты бірдей бірнеше токсиканттардың, әсіресе химиялық

заттардың бір жолмен біруақытта немесе бірте-бірте әсері. Кешенді әсер -

ағзаға бір уақытта, бірақ әртүрлі жолмен түсетін улардың әсері

ҚР шегінде қоршаған ортаның сапасын келесі экологиялық факторлар

анықтайды:

геофизикалық, (климаттық) -атмосфералық қысым, ауаның ылғалдылығы, тозаңдану, температураның күрт өзгерісі, күн радиациясы-геохимиялық

-су көздерінде йодтың, топырақта темірдің жетіспеушілігі, сынап, висмут, мышьяк өндірумен байланысты байыту фабрикаларының елді мекенге жақын орналасуы.

- биотикалық аллергендердің, өсімдік және жануар текті улардың, патогенді ағзалардың әсері.

Адам денсаулығына табиғи-катастрофакалық процестер мен құбылыстар

да әсер етеді (жер сілкіну, қар көшкіні) Сонымен, денсаулықты ағзаның жеке ерекшеліктерімен ғана байланысты автономды деп қарастыруға болмайды.

Ол әлеуметтік және табиғи факторлардың әсер ету нәтижесінен болып табылады. Индустрияландыру және урбанизацияның қарқынды дамуы белгілі бір жағдайда экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына және орта жағдайымен қатар, адам денсаулығының да бұзылуына әкелуі мүмкін.

Тұрғындардың жеке топтарына әсерлердің сапалы және сандық бірдейлігіне немесе шамамен бірдейлігіне қарамастан, бұл әсерлердің нәтижесі әрбір индивидуумда оның ағзасының жағдайына, еңбек және демалыс тәртібіне, тамақтану сипатына, әртүрлі жеке әдеттерге байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына әсерін игеру әдістері. Экологиямен

Байланысты сырқаттардың немесе жағдайлардың диагностикасы себеп-салдарлық байланыстарды бекіту мен олардың негізінде ықтималдық диагностикалық үлгілерді құру мақсатында олардың ағымдағы немесе ретроспективті талдауына. Сырқаттардың экологиямен байланыстылығына күдіктің негізі келесі себептер болып табылады:

• тұрып жатқан ауданда сырқаттану денгейінің жоғарлауы орташа қалалық немесе облыстықпен, сонымен қатар алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғарлауы;

• жалпы мамандығы немесе еңбек іс-әрекетімен байланысты аудандарда тұрып жатқан адамдарда, бірінші кезекте балаларда инфекциялық емес сырқаттардың топтық сипаты;

• клиникалық көріністе сырқат сипатын тексерілушілердің кәсіптік іс-

әрекетімен байланыстырмайтын симптомдарды табу;

• тексерілушілер тұрып жатқан ауданда аса қауіпті экологиялық фактордың болуы. Экологиямен байланысты сырқаттардың диагностикасымен байланысты соңғы шешімді алынған мәліметтердің негізінде маман-сарапшылардың тобы шығарады. Этиологиясы экологиялық сырқаттар екені дәлелденген адамдар анықталған кезде емдеу-профилактикалық мекемесі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылаудың территориялық орталығына жібереді, ал зардап шегушілер сәйкес мамандарда диспансерлік байқауда болады. Егер берілген этиологияның сырқаты дәрігерлік-еңбек сараптамасымен еңбекке қабілеттілікті жойғандығы немесе мүгедектікке әкелгендігі анықталса, зардап шегушілер денсаулыққа экологиялық жағдайдан болған зиянның орнын толтыру туралы талап ете алады.

Қазіргі уақытта мұндай әдістер ретінде қолданылады: • жануарларға үлгілеу әдісі; • тұрғындарды байқау әдістері (сауалнама-сұрау; статистикалық мәліметтерді өңдеу; • эпидемиологиялық (клиникалық-диагностикалық) зерттеулер; • денсаулыққа қатерді бағалау әдісі. Барлық бұл әдістердің өзінің кемшіліктері мен артықшылықтары бар, бірақ дұрыс қолданса бір-бірін толықтырады. Жануарларға үлгілеу әдісі. Жануарларға жүргізілетін тәжірибелік зерттеулер улылық пен қауіптілік дәрежесін анықтау мақсатында, зақым келтіретін әсердің сипатын, кумуляцияға қабілеттілікті, кейін болатын эффектілердің көріну мүмкіндігі мен ортаның әртүрлі факторларының, әсіресе химиялық факторлардың ағзаның иммундық статусына әсер ету қабілеттілігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Көптеген тәжірибелік зерттеулердің соңғы мақсаты қоршаған ортаның сапасын анықтайтын химиялық, физикалық немес биологиялық факторлардың гигиеналық нормативтерін негіздеу болып табылады. Үлгілеу әдісі мүмкіндік береді: • жылуқанды ағзаларға орта факторларының биологиялық әсерінің сипатын игеру; • «доза - эффект» және «уақыт - эффект» бағыныштылығын анықтау; • бастапқы және әсер етпейтін дозаны (концентрацияны) анықтау; • орта факторларының гигиеналық регламеттерінің шамасын бекіту; • қоршаған ортада әлі әсер етпеген қауіптің потенциалды факторына баға беру.

Бұл әдістің кемшілігі: тәжірибе нәтижелерін адамға экстраполяциялаудың анық еместігі; адамды қоршаған ортада пайда болатын жағдайды үлгілеудің жеткілікті дәрежеде сенімділігінің мүмкін еместігі (әсерлердің көп факторлығы, трансформация эффектісі және т. б. ) .

Тұрғындарды байқау әдісі. Сауалнамалық-сұрау әдісі. Бұл әдіс шектеулі, жеке әдіс ретінде сирек қолданылады. Тұрғындардың шағымын анықтау үшін, сонымен қатар тіршілік ету ортасының сапасы мен өмір салты туралы мәлімет алу үшін осы көрсеткіштердің денсаулықпен байланыстылығын одан әрмен іздеу мақсатында қолданылуы мүмкін.

Статистикалық мәліметтерді өңдеу. Тұрғындар денсаулығы жағдайы мен орта сапасының арасындағы мүмкін байланысты бекіту мақсатында статистикалық мәліметтерді, соның

Ішінде емдеу-профилактикалық мекемелерінің медициналық статистикасының формаларын талдағанда келесі көрсеткіштер қолданылады:

• демографиялық(туу, өлім көрсеткіші, балалар өлімі, өмір сүру ұзақтығы) ;

• сырқаттану (инфекциялық және инфекциялық емес) .

Сырқаттану - тұрғындардың орта факторларының зиянды әсеріне жауап беруі. Бұл көрсеткіш өлімге қарағанда әртүрлі факторлардың адамға әсерін неғұрлым анық көрсетеді. Сырқаттану ластағыштарды қысқа мерзімді (жедел) және ұзақ мерзімді (созылмалы) әсері ретінде игеруге мүмкіндік береді. Орта факторларының жедел әсерін игеру сол территорияда фондық денгейдің жоғарлауына байланысты тұрғындардың жедел медициналық көмек сұрау

жағдайларының көп тіркелуі жолымен жүргізіледі. Ортаның созылмалы әсерін бағалау үшін тұрғындардың жалпы сырқаттануын және медициналық статистика материалдарын талдау

негізінде аурулардың түрі бойыншасырқаттануды зерттейді. Эпидемиологиялық (клиникалық-диагностикалық) зерттеулер. Зерттеу-дің негізгі мақсаты - медициналық статистика материалдарын немесе басқа да әдістерді игеру көмегімен табылған қандай да бір сырқаттың себебін белгілеу, оның экологиямен байланыстылығын дәлелдеу (немесе жоққа шығару), емдеу-профилактикалық шаралардың кешенін жасау. Эпидемиологиялық зерттеулер тұрғындар арасында қандай да бір сырқаттың дамуында немесе өсуінде (мысалы, қатерлі ісіктердің) ортаның немесе нысанның белгілі бір факторының себебі болуы мүмкіндігін дәлелдеу мақсатында жиі жүргізіледі. Эпидемиологиялық зерттеулерді жүргізуде жалпы

қабылданған әдістермен қатар, медициналық және лабораториялық диагностиканың арнайы әдістері де (мысалы, иммунологиялық) қолданылады.

Эпидемиологиялық зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде жануарларға жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері де қолданылады. Эпидемиологиялық зерттеулер әдістері мүмкіндік береді:

• қоршаған орта факторларының шынайы әсер ету жағдайында тұрғындар денсаулық жағдайын тікелей бағалауға;

• нақты әсер етуші фактор мен аурудың пайда болуы арасындағы байланысты табуға;

Эпидемиологиялық зерттеу әдістерінің кемшіліктері:

• ұзақ уақыт бойы тұрғындардың көп бөлігінде зерттеулер жүргізу бағасының жоғарылығы;

Адам ағзасына әсер етуімен қоршаған орта факторларын 3 топқа бөледі:

- белгілі бір сырқаттардың дамуында олардың этиологиясы жақсы

белгілі факторлар;

- сырқаттың тікелей себебі болмай, олардың дамуына жағдай болып

табылатын факторлар;

- қорғаныштық, бейімделу мүмкіндіктерін төмендете отырып, ағзаға

жанама әсер ететін факторлар.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.

Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

  1. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т. б. )
  2. Антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т. б.
  • Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
  1. Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
  2. Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердіңнәтижесінде ластануы:
  3. Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақжылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
  4. Физикалық ластану - Шу, дабыл нәтижесінде; Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы; Радиоактивті ластану.
  5. Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т. б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Экология және халық денсаулығы
ҚО ластаушыларының адам ағзасына әсері
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Адам экологиясы. Экологиялық медицина. Экологиялық медицина
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Экология ғылымы және оның міндеттері
Адам экологиясының пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz