Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институты

СӨЖ

Тақырыбы: Ыбырайдың білім беру жүйесінде қалыптастырған бейнесі. Ыбырай мектебінің түлектер панорамасы.
Орындаған: Рахимжанова Асыл
Тексерген: Смаилова Г.С

Арқалық 2018
Жоспар
Кіріспе
І. Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлары
1.1. Ыбырай Алтынсариннің мұғалім-достары.
1.2. Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері.
1.3. Ыбырай Алтынсариннің мұғалім -- ізбасарлары .
1.4. Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен жолын қууышылар .
1.5. Ыбырай Алтынсариннің ақын-ізбасарлары.
ІІ.Қорытынды .
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
ІV. Қосымша

І. Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлары
Қазақ жастары үшін арнайы оқытушылар мектебін ашу ісіне де Ыбырай Алтынсарин зор көңіл бөліп, көп мән берді. Талмай іздену, тиісті орындарға жалықпай өтініш жасаудың, сондай-ақ оқытушылар мектебінің елді мекендердегі ағарту ісі үшін айрықша қажет екендігін шебер дәлелдеудің нәтижесінде ол 1881 жылы Орск қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебін ашты. Бұл мектепке артқан үмітін және оның қоғамдық өмірі үшін маңызын Ыбырай өз сөзімен былайша сипаттайды: Оқытушылар мектебі біздің оқушыларымыздың барып түсетін мектебі еді, бұлар сонда белгілі бір білім алып қазақ халқының тұрмысына, шынында да, пайдалы болған болар еді. Қазақ халқының ақыл-ойы мен экономикасының дами беруіне көмектесе алатын адамдар болар ед. Қазақ қоғамы жағдайында бірден үлкен оқу орнын жасаудың бүкіл қиындығын жақсы түсінген Ыбырай осы жалғыз оқытушылар мектебі мен уездік, болыстық мектептер арқылы қазақ арасындағы оқу-ағарту ісін алғашқы кезде дұрыс жолға қоюға болады, келешекте не істеудің керектігін уақыттың өзі көрсетеді деп санады.
0.1. Ыбырай Алтынсариннің мұғалім-достары
Соколов Федор Демьянович Ыбырай Алтынсарин мектебінің ұстазы болған. Ол Ы.Алтынсаринмен 1886-1889 жылдары жиі хат жазысып тұрған. Алтынсарин Қазан мұғалімдер семинариясын бітірген Ф.Соколовты мектепте жұмыс істеуге шақырды. 1886 жылы Ырғыз училищесінің меңгерушісі болды. 1887-1892 жылдары Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі қызметін атқарған. Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Орынбор округтік оқу попечителі Д.С.Михайлов Торғай мектептерінің инспекторы міндетін уақытша атқаруды Ф.Д.Соколовқа тапсырды да, қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсариннің орнын жоқтатпайтын білімді де ұстамды адам іздестіре бастады. Кейін 1889 жылдың 10 желтоқсанында инспекторлық жұмысты А.В.Васильевке тапсырды.
Аяулы ұстаз көзін жұмғаннан кейін қазақ даласына шапағатын шашып, қоңырауларды сыңғырлап 14 мектебі қалды. Ыбыкеңнен кейін Александр Васильевич Васильев 1889 жылдың қысынан бастап инспекторлық қызметке кірісті. 1890 жылдың ішінде екі ай бойы төрт уездегі мектептердің жағдайымен танысып, Алтынсариннің ісін жалғастырды. 1891 жылдың аяғына дейін ол Қостанай өңірінде 16, Торғай уезінде 5, Ақтөбе, Ырғыз уездерінде 14 ауылдық мектептер ашты.
1894-1902 жылдары аралығында инспектор болып Александр Ефимович Алекторов жұмыс істеді. Ол инспекторлық кезінде ауылдық мектептердің мұғалімдерін даярлау үшін Қостанай училищесінің жанынан екі жылдық педагогикалық курс ұйымдастырады. 1898 жылы Арал теңізі жағасында - Нұрғыз уезі, Толағай болысының № 4 ауылында тұңғыш мектеп ашып, өзі үлгілі сабақ өткізіп, кейін мұғалімдікке белгілі журналист - ағартушы Мұхамеджан Сералинді тағайындайды. Александр Ефимович қазақ мектептерінде пайдаланатын оқулықтар жазды. Алекторовтың сол кездегі Торғай облысының тарихи-экономикалық хал-ахуалы, оқу-ғарту, мәдени және географиялық жағдайлары туралы еңбектерінің маңызы жоғары. Мысалы, Указатель книг, жуналов и газетных статей и заметок о киргизах деген энциклопедиялық еңбегі - халқымыздың тарихын зерттеушілерге үлкен көмекші құрал.
Ыбырай Алтынсариннің өмір бойы риза болған мұғалімдерінің бірі А.А.Мозохин еді. Ол Қзан ооқытушылар семинариясының түлегі, 1881 жылы Бөрте болысында ашылған 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінің алғашқы директоры болды. 1884 жылы білім ордасы Ақтөбеге көшірілді. Арсений Мозохин училищені 1881-1886 жылдары басқарып, кейін діни қызметке ауысты.
1903 жылдың мауысымынан бастап Торғай облыстық халық училищелер дирекциясы құрылып, оның бірінші басшысы болып Михаил Петрович Ронгинский тағайындалды. Ол оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысты жақсарта түсуге бағытталған көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді, оқытушылардың тәжірибе және пікір алмасуына мүмкіндіктер туғызды. 1905 жылы тұңғыш облыстық әдістемелік конференция өткізді, ауылдық мектеп мұғалімдері үшін ашық сабақ ұйымдастырды. Сол жылы Букварь для казахских аульных школ деп аталатын оқулық жазып, баспадан шығарды. Оны жазуға, материалдар жинауға қазақтың педагогы Ғ.Балғымбаев көмектесті.
0.2. Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері
1886 жылы Орск мұғалімдер мектебін он адам бітіріп шықты - олар түгелдей Торғай облысынан еді. Төрт оқушы Е.Оразбаев, А.Құрманбаев, У.Измаилов, Б.Сарабатыров Красноуфимскідегі реалдық училищесіне оқуға жіберіледі де, бесеуі мектептерге мұғалім болып орналасты, тек Қ.Тоқмағамбетов Торғай судьясына тілмаш болып қалды. Алғашқы бес мұғалім - Д.Тоқтабаев, Ғ.Балғымбаев, Б.Қосылбаев, С.Әлімқұлов, У.Асауов Торғай облысының әр түрлі мектептерінде ұзақ жылдар оқытушы болды.
Осылардың ішінен Ғабдулғали Балғымбаев оқу-ағарту ісіне ерекше еңбек сіңірді. Ұлы ағартушының шәкірті ғана емес, оның ісін ілгері жалғастырушылардың бірі, ыбырайдан кейінгі соңғы қазақ инспекторы болып бекітілді. Ғабдулғали Ыбырай ашқан Торғайдағы екі кластық мектепті бітіріп, 1883-1886 жылдары Орскідегі мұғалімдер мектебінде оқыды. Қостанайдағы училищеде мұғалімдіктен бастап Қарабұтақтағы мектептің меңгерушісі, одан Торғай облыстық Ведомостілер газетінің редакторы болып істеген.
1902-1907 жылдары Торғай облыстық ведомостары газетінің редакторы, әрі іс жүргізуші қызметін атқарып жүрген кезде Боз жігіт дастаны мен ғашықтық жырларды, Әбубәкір, Күдер өлеңдерін, қыз бен жігіт айтыстарын орыс тіліне аударды. Ал, 1907-1917 жылдары Торғай облыстық халық училищелерінің инспекторы болып қызмет істейді. Инспекторлық қызметі кезінде 22 мектеп ашқандығы белгілі. Оқудың ғылыми негізіне ерекше мән берді. Мектептерде еңбек, дене шынықтыру сабақтарын оқу жоспарына енгізген. Революциядан кейін де Ғабдулғали Балғымбаев халық ағарту саласында көп жыл қызмет істеді. Ыбырай туралы естеліктер жазды. Соңғы қызметі Қазақ КСР Ғылым академиясында болған.
Оқушыларға техникалық білім беру мақсатымен ыбырай алтынсарин Торғай облысының әскери губернаторына 1888 жылдың 28 желтоқсанында тәжірибе ретінде Ырғыз және басқа да училищелер жанынан тері илеу, сабын жасау зауыттарын ашу жөнінде ұсыныс жасап, болыстық мектептер жанынан мұндай зауыттар ашу пайдалы екендігін, өйткені шығарған өнімді өткізу ыңғайлы болатынын айтады. Сөйтіп, ол Красноуфимскідегі реалдық училищені тәмәмдаған Асылқожа Құрманбаевты Николаевск (қазіргі Қостанай) училищесіне, Сарабатыров Бөлебайды Ырғыз училищесіне, Елжан Оразбаевты Торғай училищесіне, Уәли Измайыловты Ақтөбе училищесіне жіберді. Ойымыз - қазақ даласына техникалық білім тарату .... Бөлебай Сарабатыровтың тері зауытын ашуға құлшына кіріскісі келеді, қажетті есеп-қисап, смета жасауды да өз мойнына аламын деп отыр ,- деп жазды Ыбырай Алтынсарин. Ол Ыбырайдың ізбасары, Ырғыз училищесі алғашқы мұғалімдерінің бірі.
Ыбырай Алтынсариннің идеяларын жалғастырған айтулы ағартушы Асылқожа Құрманбаев 1858 жылы бұрынғы Қостанай уезінде Торғай бойында туған. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, кейін мұғалімдер семинариясын бітіреді. Ағартушы ақыл-кеңесімен Красноуяимскідегі реалдық училищенің шаруашылық бөліміне түсіп, бітіріп шығады. Кейін оны Николаевск училищесіне жіберді, онда істеді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Ел арасына келіп мектеп ашып, бала оқыту жайын ойлайды. Бірақ орысша оқыса балаларымыз кәпір болып кетеді,- деп жұрт балаларын оқытудан қашады. 1893-1894 жылдары Омбы губернаторының тілмашы болып істейді. Бірақ оған бұл жұмыс ұнамай Дала уалаяты газетіне орналасып, оның қазақша жағын басқарды. Ол ыбырайға еліктеп И.А.Крыловтың Шегіртке мен құмырсқа мысалын он шумақ етіп аударған. Асылқожа Құрманбаев ыбырай Алтынсариннің жерлесі, шәкірті, бір-бірін жақсы білген.
Ахмет Балғымбаев - Ыбырай Алтынсариннің шәкірті және ісін жалғастырушы. 1885-1890 жылдары Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебінде оқыды. Ырғыз уезі Қарабұтақ екі кластық орыс-қазақ мектебінің мұғалімі және меңгерушісі.
Жамаледдин Бейсенов - Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, ізбасары. Бұл кісі Ыбырай Алтынсариннің жолын қуып, мол білім нәрімен сусындады. 1891-1895 жылдары Орынбор қазақ мұғалімдер мектебінде оқыды. Оқушылар мектебін бітірген соң Қостанай екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1905 жылы Жітіқара - Шұбар болыстық мектебінің меңгерушісі болды. 1912 жылдан Забеловский екі кластық орыс-қазақ училищесін басқарады.
Ыбырай Алтынсарин Торғайда, Ырығызда, Қостанайда мектептер ашса, Ахмет Байтұрсынов бүкіл қазаққа рухани мектеп болды. Жаңа мектептер ашудың жолдарын көрсетті. Ол - ағартушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы қазіргі Қостанай облысы, Жанкелді ауданы, Сарытүбек деген жерде 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. 1882-1884 жылдары ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Ыбырай Алтынсарин ашқан Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша даярлайтын мектепте оқып, білім алады. Оқу бітірген соң әуелде мақсат қылған жолымен ел ортасына барып, 1896-1907 жылдары Ақтөбеде, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық мектептерде, екі кластық училищелерде жұмыс істеді. 1913 жылы Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен Қазақ газеті жарық көрді. Ыбырай бстаған игі істі тағы да Ахмет жалғастырды. Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет ол қазақ тілі және әдебиеті бойынша Тіл құралы, Сауат ашқыш және Әдебиет танытқыш үш томдық көлемді де салмақты еңбек жазды.
Өзінің өмірінде бес рет тұтқындалып, түрмеге түсті және екі рет жер аударылды. 1937 жылы 8 қазанда Ахмет Байтұрсынов атылды. Ол 50 жылдан соң 1988 жылы Қазақстан Жоғарғы сотының үкімімен ақталды.
Ыбырай Алтынсариннен білім алған адамдар қатарында, оның дәстүрінің орнын басып, жолын қуған Смағұл Майоров 1877 жылы өмірге келді. 1900 жылы Орынбор қазақ мектебін бітірді. Өмірінің соңына дейін Қостанай уезіндегі мектепте жұмыс атқарып, ұстаздық қызметте жүріп Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендері және КСРО медальдарымен марапатталды. 1954 жылы өмірден озды.
Біләл Аспандияров - көрнекті педагог, ғалым, Қаз.КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданында туған. Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған екі кластық және Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. Ауылдық мектеп мұғалімі, Қостанай педагогикалық техникумның ұйымдастырушысы, жоғары оқу орындарының оқытушысы, Қаз.КСР ҒА тарих, археология, этнография институтының аға ғылыми қызметкері болды. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілінің алғашқы оқулықтары мен әдістемелік құралдардың, тарих, педагогика, психология ғылымдары саласындағы Русская книга для казахских школ, Уроки русского языка для начальной школы, Учебник русского языка для начальной школы, Учебник русского языка для военно-обязанных казахов деген еңбектерінң авторы. Аса көрнекті педагогтардың шығармаларын, Логика оқулығын қазақ тіліне тұңғыш рет аударды, алғашқы Орысша - қазақша сөздік, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі авторларының бірі болды.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ісін жалғастырушысы болған Н.Г.Иванов ізденімпаз да білімдар жан. Николай бастауыш білімді Ырғыздағы Ыбырай Алтынсарин іргесін қалаған қолөнер училищесінен алды. Кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1907 жылы бітіреді. Ол 1909 жылдан Торғайдағы өзі ұйымдастырған екі кластық орыс-қазақ мектебінің директоры болып, педагогтық қызметін бастайды. Содан осы қызметте отыз жылдай істейді. Бұрын көне Торғайда Иванов мектебі болса, бүгінде Иванов атындағы көше бар.
0.3. Ыбырай Алтынсариннің мұғалім -- ізбасарлары
Елдес Омаров - қазақтың көрнекті ғалымы, қоғам қайраткері, лингвист, аудармашы, математик. Ол Таран ауданы, Қожай ауылында туған. Орынбор мұғалімдер мектебін бітіріп, Шолақсай болысы Добай ауылында мұғалім болды. 1920 жылы Орынбор халық ағарту комиссариаты мектеп бөлімінде мұғалім, 1922-1926 жылдары өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталығында қызметкер, сонымен бірге Орынбордағы қазақ халық ағарту институтында оқытушы болып істеді. 1933 жылы Алматы қаласында медициналық институтта қазақ тілі кафедрасының доценті, кейінрек Қзақтың мемлекеттік университетінде сабақ берді. Торғайдың маңайында Бесқопа жерінде тұратын Тоқтабай деген кісі баласы Досжанды Ыбырай ашқан мектепке оқуға береді. Тоқтабаев Досжан Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі ізбасары. Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп, Торғай облысында мұғалім болды.
Сол Досжанның ұрапағынан шыққан Кәрім Тоқтабаев - мемлекеттің саяси қайраткері, математик. Ол Жанкелді ауданы Шұбалаң аулында туған. Торғайда ыбырай Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебінде оқыды. Қостанай қаласындағы училищені, 1909 жылы Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірді. 1912 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. Халық ағарту, жер шаруашылығының комиссары қызметін атқарды. 1931-1933 жылдары Мәскеу қаласында Бүкілодақтық орталығы атқару комитеті жанындағы Қазақ автономиялық республикасының тұрақты өкілі болды.
Мақсұт Жоламанов - педагог ағартушы, қазақ даласында ағарту жұмысын ұйымдастырушылардың бірі. Ол Орынбор мұғалімдер гимназиясын бітірді. 1914-1929 жылдары сауатсыздықпен күресіп, Сарықопа, Шилі болыстарында мектептер ашады және мұғалім болып жұмыс істеді. 1921 жылы Тосын ауылында болыс болып сайланды, онда сауатсыздықты жою жұмысымен шұғылданады. Торғайда балалар коммунасын ұйымдастырып, соның мұғалімі және директоры болды. 1933-1937 жылдары Торғайда әдіскер-нұсқаушы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік орта білім беру
Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Пәндер