Азот тыңайтқыштары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институты


СӨЖ

Тақырыбы: Азот тыңайтқыштары
Орындаған: Рахимжанова А.К. Б- 13
Тексерген: Хамит. А.Ж

Арқалық 2018
Жоспар:
1. Азот тыңайтқышы жайлы жалпы сипаттама
2. Азот тыңайтқыштары, түрлері, қолдануы
3. Аммоний нитратының өндірісі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Азотты тыңайтқыштар -- құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы -- натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты -- (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2+ H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі.Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі. Нитрофоска -- құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы "Каскор" Акционерлік Қоғамында Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында өндіріледі.
Тыңайтқыштар ең маңызды түрі азот аммоний нитраты, несепнәр, аммоний сульфаты, сулы ерітінділері бар аммиак және басқалар. Азот өмірінде өте маңызды рөл тиесілі өсімдіктер: бұл акцепторлық күн болып табылатын, хлорофилл бір бөлігі болып табылады тірі жасуша құрылысы үшін қажетті энергия және белок. Өсімдіктер болады тек байланған азот тұтынады - нитраттар, аммоний тұздары немесе амидтердің түрінде. Тіркелген азот салыстырмалы түрде шағын сомалар атмосфералық құрылады топырақ микроорганизмдер қызметіне байланысты. Алайда, қазіргі заманғы қарқынды Ауыл шаруашылығы топырақ қосымша қолдану мүмкін емес өнеркәсіптік түптеу алынған азот тыңайтқыштар атмосфералық азот.
Азот тыңайтқыштар өзгешеленеді азоттық қосылыстар (нитраттар түрінде астында, олардың азот мазмұны басқа ерекшеленген ретінде аммоний, амид), () қатты және сұйық фаза мемлекеттік, физиологиялық қышқыл және сілтілік физиологиялық тыңайтқыштар.
Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор -- барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфортыңайтқыштары - өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысандафосфорболатынминерал заттектер. Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді: 1) фосфоры суға еритін және өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар -- қарапайым және қосарлысуперфосфат; 2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда (2%-дық лимон қышқылында) немесе аммоний цитратысілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар -- преципитат,томасқож,термофосфаттар, фторсыздандырылғанфосфат. Фосфор тыңайтқыштары -- өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан; 3) суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін, теккүшті қышқылдарда толық еритін тыңайтқыштар -- фосфорит ұны, сүйек ұны, өсімдіктер үшін жетуі қиын фосфор көздері. Суда еритін тыңайтқыштар ұнтақ және түйіршік түрінде, лимондық және цитраттық ерімелі тыңайтқыштар ұнтақ түрінде, еруі қиын тыңайтқыштар өте майда ұнтақ түрінде сондай-ақ, жануарлардың сүйектері және металлургия өнеркәсібінің фосфоры көп қалдықтары. Қандай шикізаттан алынғанына және өндірілу әдісіне байланысты қоректік элементінің (Р205) құрамы жөнінен фосфор тыңайтқыштары біршама әр түрлі болады.

Калий тыңайтқыштары.Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар -- қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз -- калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.
Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар
Аммоний селитрасы NH4NO3. Құрамында 34-35% азот бар, ақ түсті түйіршік түрінде өндіріледі.Бұл тыңайтқышты 56-60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады:
HNO3 + NH3=NH4NO3
Ақ түсті ұсақ түйіршік түрінде шығарылады.
Тыңайтқышты битумавтол қоспасымен өңделген, суды нашар өткізетін бес қабатты қапшықтарға салып шығарыды.
Д.Н.Прянишников лабораториясында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аммоний селитрасын физиологиялық қышқыл тыңайтқыш тобына жатқызады. Алайда оның физиологиялық қышқылдылығы аммоний сульфатынан едәір төмен. Қүрамындағы азоттың жартысы аммоний, бір бөлігі нитрат түрінде болады. Мұның өзі топырақ қасиетіне, климатқа және тыңайтылатын дақыл түріне қарай, оны қолданудың әдістерін, мөлшерін, пайдалану мерзімдерін өзгертіп отыруды қажет етеді. Аммоний селитрасы тиімділігі жағынан басқа азот тыңайтқыштарының арасында бірінші орын алады, оны барлық топырақта өсірілетін алуан түрлі дақылдарға қолдануға болады. Бұл тыңайтқышты ылғалы өте көп аудандарда және суармалы егіске күзде қолданудың қажеті жоқ, өйткені оның нитратты азоты шайылып кетеді. Аммоний селитрасын күздікті ерте көктемде үстеп қоректендіру үшін, басқа дақылдарды вегетациялық кезеңінде қоректендіру үшін пайдаланады.
Әк-аммоний селитрасы құрамында 20,5% азот бар. Бұл селитра барлық дақылдар үшін жақсы тыңайтқыш бола алады.
Аммоний сульфат-нитраты (сульфонитрат) аммоний нитраты мен аммоний сульфаты тұздарынан тұратын қоспа. Қүрамында 25,5-26,5% азот бар ,суда жақсы еритін, құрғақ қоймада сақтағанда нығыздалмайтын тыңайтқыш. Физиологиялық қышқылдығы аммоний селитрасымен салыстырғанда едәуір жоғары. Бүл тыңайтқышты барлық топырақ түрлеріне және күллі ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады.
Аммоний селитрасының топырақпен әрекеттесуі
Топыраққа енгізілген аммоний селитрасы ериді де топырақтың сіңіру комплексімен реакцияға түседі:
NH4
( T.C.K) +2NH4NO3=(T.C.K) NH4+Ca(NO3)2
Ca
Бұл реакция барысында, тыңайтқыштың аммоний катионын топырақтың коллиодты бөлшектері адсорбциялайды, ал нитрат ерітіндіде сілтілік немесе сілтілік жер метилдардың тұзын түзеді.
Негізбен қанықпаған топырақпен әрекеттескенде орта реакциясы қышқылдық жаққа қарай жылжыйды:

NH4
(T.C.K) +3NH4NO3=(T.C.K)NH4+HNO3+Ca (NO3)2
NH4
Сол сияқты аммоний селитрасының нитрификация құбылысына ұшырауы, топырақ ерітіндісінің реакциясын уақытша қышқылдандырады:

2NH4NO3+4O2=4HNO3+2H2O

Өсімдіктің алғашқы даму кезеңдерінде уақытша пайда болған қышқылдық реакция аздаған зиянды болады.
Сонымен бұл тыңайтқыштың катионы топырақтың сіңіру комплексінің құрамында болса, анионы топырақ ерітіндісіне өтеді. Кейбір жағдайларда бұл тыңайтқыштың аммоний катионы алмаспайтын қиын алмасатын күйге ауысуы ықтимал. Сонымен бірге аммоний селитрасының құрамындағы азотты топырақ микроорганизмдері де пайдаланады, нәтижесінде біраз бөлігі күрделі органикалық қосылыстар құрамына енеді.
Аммиакты тыңайтқыштар
Аммоний сульфаты (NH4)2SO4. Қүрамында 20,5-21% азот болады. Күкірт қышқылын газ күйіндегі аммиакпен бейтараптау арқылы алады:

H2SO4+2NH3=(NH4)2SO4

Сұр немесе көкшілдеу-сұр түсті, суда жақсы еритін ылғалды аз сіңіретін, майда кристалды, физиолгоиялық қышқыл тыңайтқыш.
Аммоний сульфатын өндіруде күкірт қышқылын гипс (CaSO4·2H2O) және глаубер тұзы (Na2SO4·10H2O) сияқты арзан заттармен алмастыруға болады:

Na2SO4+2NH3+2CO2+2H2O=(NH4)2SO4+2Na HCO3

CaSO4+2NH3+CO2+H2O=(NH4)2SO4+Ca CO3

Аммоний сульфатының құрамында 0,025-0,05 процент шамасында бос қышқыл болады. Бұл тыңайтқышты көбінесе бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға қолданған пайдалы. Оның құрамындағы азот біраз уақытқа дейін шайылмайтындықтан аммоний сульфатын ылғалы мол және суармалы аймақтарда және күзде топырақты жыртар кезде де қолдана береді. Оны тұқым еккенде және өсімдік жас кезінде көп беруге болмайды, өйткені құрамындағы аммиакты азот дақылды уландыруы мүмкін. Бүл тыңайтқышты қолданғанда дақылдардың биологиялық ерекшіліктеріне баса назар аударған жөн. Мысалы, күздік қара бидай, сұлы, картоп сияқты дақылдар аммоний сульфатын қолданудан ешқандай зиян шекпейді, ал көкөніс, жаздық бидай, арпа, қант қызылшасына бұл тыңайтқышты қолданудың пайдасы шамалы. Күріш үшін аммоний сульфаты ең тиімді тыңайтқыштың бірі болып саналады.
Аммоний сульфатының қышқыл қалдығының пайдалы жағы да бар. Ылғалы мол топыраққа қолданғанда құрамындағы қышқыл қалдығы қиын еритін фосфор қосылыстарын ыдыратып өсімдіктерге сіңімді түрге ауыстырады.
Аммоний хлориді NH4CI. Қүрамында 24-25% процент азот бар. Сода өндірісінде алынады:

NH3+CO2+H2O+NaCI=NaHCO3+NH4CI

Ол жақсы физикалық қасиетімен ерекшеленеді: ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, гигроскопиялығы төмен, сақтағанда нығыздалмайтын, физиологиялық қышқыл тыңайтқыш. Қүрамында көп мөлшерде (66,6%) хлор болатындықтан ол картоп, жүзім, темекі сияқты дақылдардың өнімінің сапасына теріс әсер етеді. Сондықтан бұл тыңайтқышты хлор элементіне сезімтал дақылдарға қолдануға болмайды. Аммоний хлоридін күзде топырақ жыртар алдында беру керек.
Аммоний карбонаты (NH4)2CO2. Бүл тыңайтқышты аммиак суын көмірқышқыл газымен қанықтыру арқылы немесе газ күйіндегі аммиакты су буының қатысында көмірқышқыл газымен әрекеттестіріп алады. Қүрамында 21-24% азот болатын‚ өте тұрақсыз‚ майда кристалды‚ ақ түсті зат.
Аммоний бикарбонатыNH4HCO3. Оны көмірқышқыл газы мен газ күйіндегі аммиакты аммоний карбонатының ерітіндісімен адсорбциялау арқылы алады:

(NH4)2 CO3+H4O + CO2 = 2NH4HCO3

Тыңайтқыш құрамында 17% азот бар. Өсімдікке әсер етуі жағынан аммоний селитрасына жақындау.
Аммоний-натрий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық дақылдарының калиймен қоректенуін оңтайландыру (қолайлы, ең жақсы) шарты
Аммоний тыңайтқыштары
Тыңайтқыштар және оның түрлері
Тыңайтқыштарды жіктеу
Фосфор тыңайтқыштары
Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
Тыңайтқыштар
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Минералды тыңайтқыштар, олардың ең маңызды қасиеттері, өндірісі және қолданысы
Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары
Пәндер