Жылу жүктемелерінің есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
: 1
КІРІСПЕ: «АТЫРАУ ЖЭО» АҚ
4: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ: «Атырау ЖЭО» Ақ дамуы
4: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ: ЖЭО-ның негізгі қондырғылар түрін таңдау
4: 11
: 2
КІРІСПЕ: ЖЭО-НЫҢ ЖЫЛУ СХЕМАСЫН ҚҰРАСТЫРЫП ЕСЕПТЕУ
4: 17
: 2. 1
КІРІСПЕ: ЖЭО-ның жылу схемасы
4: 17
: 2. 2
КІРІСПЕ: ЖЭО-ның мазут шаруашылығының бу шығысы
4: 18
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қосымша суды жылыту және деаэрациядан өткізуге бу мен жылу шығысының мөлшерін есептеу
4: 19
: 3
КІРІСПЕ: ЖЭО-НЫҢ НЕГІЗГІ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
4: 24
: 4
КІРІСПЕ: ЖЭО-НЫҢ БУ ҚАЗАНДАРЫНЫҢ ОТЫН ШЫҒЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
4: 28
: 4. 1
КІРІСПЕ: Күкіртті мазут сипаттамасы
4: 28
: 4. 2
КІРІСПЕ: Бу қазан ПӘК-і
4: 28
: 4. 3
КІРІСПЕ: Бу қазанның отын шығысы
4: 29
: 5
КІРІСПЕ: ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ОТЫН ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАҢДАУ
4: 30
: 5. 1
КІРІСПЕ: Мазут шаруашылығының схемасы мен жабдықтарын таңдау
4: 31
: 5. 2
КІРІСПЕ: Газ шаруашылығының схемасын және жабдықтарын таңдау
4: 33
: 6
КІРІСПЕ: ЖЫЛУ СХЕМАСЫНЫҢ ҚОСАЛҚЫ ЖАБДЫҚТАРЫН ТАҢДАУ
4: 36
: 6. 1
КІРІСПЕ: Бу қазанның продувкамен су шығынын қабырдағыш кеңіткішін РНП таңдау
4: 36
: 6. 2
КІРІСПЕ: Жылу схеманың бу турбинамен бірге қамтамасыз етілетін жабдықтар
4: 37
: 6. 3
КІРІСПЕ: Деаэраторлар таңдау
4: 38
: 6. 4
КІРІСПЕ: Қоректендіру насостарын таңдау
4: 38
: 6. 5
КІРІСПЕ: Жылу жүйесінің су насостарын таңдау
4: 39
: 7
КІРІСПЕ: НЕГІЗГІ БУ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҚҰБЫРЛАРЫН ТАҢДАУ
4: 40
: 7. 1
КІРІСПЕ: Қыздырылған бу құбырлары
4: 40
: 7. 2
КІРІСПЕ: Бу қазанды қоректендіру құбырларын таңдау
4: 40
: 8
КІРІСПЕ: ЖЭО-НЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ СХЕМАСЫ
4: 42
: 8. 1
КІРІСПЕ: Электрстанциядағы салқындатқыш айналым су шығысының есебі
4: 42
: 8. 2
КІРІСПЕ: Су қоймасының ауданы
4: 43
: 8. 3
КІРІСПЕ: Айналым насостарын таңдау
4: 43
: 9
КІРІСПЕ: СУ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІНІҢ КЕСТЕСIН ТАҢДАУ
4: 45
: 9. 1
КІРІСПЕ: Су дайындаудың кестесiн таңдау
4: 45
: 9. 2
КІРІСПЕ: Толық химиялық тұзсыздандыру қондырғының өнiмдiлiгi
4: 45
: 10
КІРІСПЕ: ҮРЛЕП СОРҒЫШ МАШИНАЛАРЫН ТАҢДАУ
4: 46
: 10. 1
КІРІСПЕ: Ауа үрлегіш желдеткіштерін таңдау
4: 46
: 10. 2
КІРІСПЕ: Түтін сорғыш таңдау
4: 46
: 11
КІРІСПЕ: ТҮТІН МҰРЖА БИІКТІГІН ЕСЕПТЕП ТАҢДАУ
4: 48
: 12
КІРІСПЕ: ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
4: 50
: 12. 1
КІРІСПЕ: ЖЭО-да қазанды пайдалану және жөндеу
4: 50
: 12. 2
КІРІСПЕ: Қазандықты іске қосу
4: 50
: 12. 3
КІРІСПЕ: Қалыпты пайдалану кезінде қазандыққа қызмет көрсету
4: 51
: 12. 4
КІРІСПЕ: Қазандықты тоқтатудың тәртібі
4: 52
: 12. 5
КІРІСПЕ: Қазандық цехындағы негізгі аппатық жағдайлар мен кемшіліктердің тізімі
4: 53
: 12. 6
КІРІСПЕ: Қазандыққа қызмет көрсету кезіндегі техникалық қауіпсіздік бойынша талаптар
4: 54
: 13
КІРІСПЕ: АРНАЙЫ БӨЛІМ
4: 58
: 13. 1
КІРІСПЕ: Сұйық және газ отындарын ЖЭО-да пайдалану
4: 58
: 14
КІРІСПЕ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4: 65
: 14. 1
КІРІСПЕ: ЖЭО салуына шығынданған қаражат көлемі
4: 65
: 14. 2
КІРІСПЕ: Жылдағы өндірілген жылу мөлшері
4: 65
: 14. 3
КІРІСПЕ: ЖЭО-да өндірілетін және шиналарынан берілетін электрқуаты
4: 66
: 14. 4
КІРІСПЕ: ЖЭО-дағы шартты отын шығысы
4: 67
: 14. 5
КІРІСПЕ: Энергия өндіруге жылдағы жұмсалған қаражат шығыны
4: 68
: 14. 6
КІРІСПЕ: Электрэнергия мен жылудың құнының калькуляциясы
4: 70
: 14. 7
КІРІСПЕ: Энергия құнының пайыз бөлшегінің құрылысы
4: 71
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 73
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 74

КІРІСПЕ

Заманауи өндірістер мен адамзаттың тұрмыс тіршілігі үшін электр энергиясы мен жылулық энергияның алатын орыны өте зор. Электр энергиясын табиғи отынның әр түрін қолданатын электр станцияларында өндіреді. Химиялық байланысқан органикалық отынның жылулық энергиясының өндірістік мәні үлкен. Бүкіл әлем бойынша электр энергиясы мен жылулық энергияның 75% электр станциялары мен жылу электр орталықтарында өндіріледі. Жылуландыру - отындық жылу энергетиканың басты бағыты болып табылады.

Энергетикалық өндіріссіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайды. Сондықтан энергетика дамуына Қазақстанда көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары энергетика саласының өркендеуіне міндетті талап қояды. Жылу электр станцияларына (ЖЭС) электр тоғын шығаруымен қатар өндіріс пен тұрғын үйлерді арзан жылу көзімен қамтамасыз ету жүктеледі. ЖЭС-ның тұрақты жүмыс істеп тұруы үшін жабдықтар уақытымен жөдеуден өткізіліп тұруы қажет. Пайдалану және жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуі үшін өндірісті ұйымдастыруға керекті мамандар дайындалу, керекті аспаптар мен жабдықтар қамтамасыз етілу керек және ірі материалдар қосындысын қолдану қажет.

Қазiргi өндiрiстерде және тұрмыс саласында будың, ыстық судың қуатын пайдаланады. Жылу электр станциялары тұтынушыларды электр қуатымен, бу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Отынның жылуымен iстейтiн электрстанцияларды жылу электрстанциялар (ЖЭС) деп атайды. Жылу электр станцияларының екi түрi болады:

- тек электр қуатын өндіретін ЖЭС

- шықтық электрстанциялар (КЭС) ;

- электр қуатын мен жылу өндіретін ЖЭС - жылу электр орталығы (ЖЭО) .

ЖЭС-дың негiзгi екi жабдықтары болады - бу өндіргіші және бу шығыры.

Буөндіргіші, отынның жылуымен суды қыздырып бу өндiредi, ал өндiрiлген бу шығырының роторын айналдырады. Шығырдың роторына электрөндіргіштің роторы қосылған, сондықтан электрөндіргіштің роторы айналғанда, электр қуаты өндiрiледi. Бу өндіргіштерінің отынға байланысты газ, мазут және көмiр жағатын; бу қысымына байланысты кiшi, орташа, жоғары, өте жоғары қысымды түрлерi болады.

Қазақстан Республикасында жылуландыру мен орталықтан жылумен қамтамасыз ету кең таралған. Жылуландыру - электрэнергиясы мен жылуды бірлесе өндіру есебінен электр энергиясын өндіруге және отын шығынын төмендетуге мүмкіндік беретін орталықтандырылған жылуландырудың қосарланған әдісі. Бұнда жылуэлектрорталықтар (ЖЭО) электрэнергиясының көзі болып саналады.

Қазақстан Республикасының жылумен қамтамасыз ету жүйесінде алпыс алты жылу көзінен жұмыс істейтін қырық екі жылумен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді, соның ішінде: 38 - ЖЭО; 4 - ГРЭС; 24 - ірі қазандық.

Жылу және электр энергиясының құрама көздері бар орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етудің ірі жүйелері орнатылған жылулық қуаты бар қалалар:

Алматы 3400 Гкал/сағ (14246ГДж/с)

Павлодар 2420 Гкал/сағ (10140ГДж/с)

Қарағанды 1500 Гкал/сағ (6285ГДж/с)

Астана 1250 Гкал/сағ (5238ГДж/с)

Өскемен 1190 Гкал/сағ (4986ГДж/с)

Магистральді жылулық жүйелердің ұзындығы бойымен ірі жүйелер келесі қалаларда бар:

Алматы артық900км

Қарағанды - 840км

Павлодар - 380км

Өскемен - 370км

Кіші қалалар мен ауылдар жылуды қазандықтардан алады, оларға ең қолайлысы - орталық қазандықтан жылу алу, себебі қондырғының (жылу көзі) ПӘК жоғарылататын қазіргі жабдықтарды орнатуға болады.

Дипломдық жобада Атырау қаласындағы ЖЭО-ның жабдықтарын орнату жобасы берiлген. Жағылатын отыны мазут пен газ.

Диплом жобасында жылу жүктемелер есептелген, негiзгi жабдықтар таңдап алынған. Газ және мазут шаруашылығы қарастырылғын. Экономикa бөлімінде ЖЭО-ның бaстапқы мәліметтеріне сүйене отырып жобaға қажетті техника-экономикалық есептеулерді жүргіземіз. Соның барысындa жобa жоспарынa сәйкес тиімді экономикaлық әсерді aнықтаймыз. Aнықтау үшін есептеудің оңтайлы әдісін қaрастыру керек.

1 «АТЫРАУ ЖЭО» АҚ

1. 1 «Атырау ЖЭО» Ақ дамуы

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың еліміздің қуат көздерін арттыруға қатысты берген тапсырмаларының бірі - еліміздің энергетика саласын өркендету, заманауи техника мен технологияларды өндіріске кеңінен енгізе отырып, электр және жылу қуатын өңдіріп, тарататын кәсіпорындардың қуаты мен мүмкіндіктерін арттыру, тұтынушыларға қызмет көрсету аясын кеңейту.

Осы тұрғыда республикамызда қабылданған үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде аймақтағы энергетика компаниялары да жоспарлы іс-шараларды жүйелі жүзеге асырып, ортақ іске өзіндік үлестерін қосып келеді. Осы бағдарлама аясында Атырау аймағындағы «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамындағы іске асырылған инвестициялық жаңа жобалар айтарлықтай қайтарым бере бастады.

Қазақстандағы электрстансалардың көпшілігі 40-50 жыл бұрын салын-ғанын барлығымыз білеміз. Осыдан ондаған жыл бұрын физикалық және моральдық тоқырау жағдайында тұрған электрстансаларының қатарында қазіргі «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ та бар болғаны ақиқат. Инвес-тиция болмаса құрылғыларды ауыстыру және модернизациялау мүмкін емес, көмекші және негізгі құрылғылардың ескіруі мен істен шығу мәселесі де өткір тұрды. Жылу-электр орталығы құрылғаннан бастап ұзақ уақыт бойы қол-даныстағы қуат көзінің мерзімін ұзарту және жаңасын енгізу үшін көлемді инвестициялар болмады.

Модернизация берген мүмкіндік. «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ инвестициялық міндеттемелерді игеру және даму келешегі туралы таратып айтсақ, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ 1963 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қоғам құрамына Атырау жылу-электр орталығы және аудандық жылыту қазандығы нысандары кіреді. Жылу-электр орталығының құрылысы үш кезеңмен салынды. Бірінші кезең - 1963 жылы 24 МВт қуатпен іске қосыл-ды. 1970 жылы ІІ кезең іске қосылып, жылу-электр орталығы жылу қуаты са-ғатына - 382 Гкал болатын, электр қуаты 134 МВт-ға жетті. 1985 жылы ІІІ кезеңдік нысандарды іске қосқаннан соң, жылу қуаты сағатына - 598 Гкал-ға, ал электр қуаты 249 МВт-ға жетті.

Физикалық тоқырау салдарынан 1993 жылы әрқайсысының қуаты 12 МВт болатын №1 және №2 бу турбиналары істен шықты. 1993 жылға қарай жылу-электр құрамында, электр қуаты 215 МВт, жылу қуаты сағатына 526 Гкал болатын 10 қазан агрегаты мен 5 құбыр агрегаты болды. - Энергиямен қамтамасыз ету - тұрғындардың жағдайы мен өмір сүру деңгейін және жалпы экономиканы жақсартудың бірден-бір мүмкіндігі. Қазақстанның қазіргі таңдағы мүмкіндіктері, электр энергиясы саласының тұ-рақты жұмыс жасауы көп жағдайда жалпы, ел экономикасы дамуының тұрақтылығымен анықталады. Бұдан бөлек, бұл сала қоғамдағы әлеуметтік маңызды жүктемелердің қозғаушысы. Ел экономикасының дамуы, бірінші кезекте еліміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы айқындаған, электр пайдалану өсімімен реттелетіні сөзсіз. Және де бұл өз кезегінде біздің, ел энергетиктерінің алдында кезекті өзекті мәселелер қояры анық, деген «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамының президенті Мұхамбетқали Қалиев 2009-2012 жылдар аралығында инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру аясында Атырау облысы көршілес облыс пен Ресей елінен алынатын электр қуатынан арылғандықтарын айтты. Мұхамбетқали Қалиұлының айтуынша, мемлекет тарапынан бірінші кезекте қолға алынған нәрсе шекті тарифтерді енгізу болды. Баршамызға белгілі, 2009 жылы заң шеңберінде электр стансаларына жаңа бағалар қалыптастыру ережелері енгізілді. Мұндағы басты мақсат қолданыстағы электр стансаларын модернизациялауға инвестиция тарттыруға мүмкіндік туғызу болатын. «Шекті тарифтертердің» есебі негізіне электр -стансаларын жаңарту, яғни модернизациялау, кеңейту және жаңа құрылыс-тарға деген салымдарына, «тарифті инвестицияға айырбастау» меxанизмі енгізілді.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде «Атырау жылу-электр орталығын» кеңейтудің VI кезеңінде әрқайсысы сағатына 220 тонна бумен өндірісті қамтамасыз ете алатын Е-220-100/ГМ тип-ті екі қазандық агрегаттар, ПТ-25-90/10 типті үш бу турбина агрегаттары ор-натылды. 2009 жылы осы VI кезеңнiң алғашқы бу турбинасын іске қосу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2011 жылы жабдықтары толықтай қайта жаңартылған стансалық №1 жә-не №2 бу турбина агрегаттары пайдалануға беріліп, осылайша, бұрынғы 24 МВт қуатты қалпына келтіре отырып, І кезең толықтай қайта жөндеуден өтті. Сонымен қатар сағатына 100 тонна өндіре алатын тұзсыздандырғыш құрылғы орнатылды. Қуат күшін кеңейту мақсатында ұзындығы 11 шақырым болатын теxникалық сумен қамтамасыз ететін айналма канал жүргізілді.

Жалпы, «Атырау ЖЭО» АҚ 2009-2012 жылғы инвестициялық міндеттемелерді мерзімінде толық орындады. Тартылған инвестициялардың көмегімен, бекітілген электрлiк қуатын 314 МВт-ға дейін, ал жылу қуатын сағатына 695 Гкал-ға дейін күшейтті. Негізгі құрылғылардың істен шығуын 74 пайызға дейін төмендетті. Жаңа жұмыс орны есебінен 115 адам қызметпен қамтылды. Өзіндік электр қуатын ұлғайту есебінен, өндірістік нысандарды, коммуналды-тұрмыстық секторды және Атырау облысы тұрғындарын энергиямен қамтамасыз етуді тұрақтандыру, бюджетке түсетін, салықтық аударымдар, міндетті және басқа да төлемдердің артуын қамтамасыз етуде «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ өзіндік міндеттемелерін асыра орындап келеді.

Аймақ электрге тәуелділіктен арылды. Еліміздің үдемелі индустриялы-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-мен орташа мерзімі 2010-2015 жылдар аралығындағы І-ІІІ кезеңдерді жаңарту, қайта құру, теxникалық құрылғылармен қамтамасыз ету және IV жылу-электр орталық кезегін кеңейту инвестициялық жобалары жасақталып, сәтті жүзеге асырылуда. Жылу-электр орталығын осылай жаңғыртудың нәтижесінде, Атырау облысының сұранысын толықтай қамтитындай энергия өндіруге қол жеткізді. Өңдірістік және мұнай-газ өнеркәсібі, сондай-ақ шағын және орта бизнес салаларындағы ірі тұтынушылардың да сұранысын қамти алатындай мүмкіндікке ие болды. Осы шаралардың бәрі де кәсіпорын қолға алған инвестициялық бағдарламасының нәтижесінде шешімін тапты. Бұл ауқымды істердің бәрін «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ өз қаражатымен жүзеге асырды.

Инвестициялық бағдарлама - бірнеше жылға белгіленіп, жүзеге асырылатын шара. Оның тарифке тура әсер ететіндігі рас. Өйткені ол көтеріледі. Себебі тариф - қолға алған жобаларды қаржыландырудың бір көзі. Бірақ орталық белгіленген тарифті бірден көтермей, сатылап өзгерту тәсілін қолданып келеді. Бұл да халыққа салмақ салмаудың амалы. Оны жергілікті халық жақсы түсінеді. Оның басты себебі, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-тың тариф саясатын түсіндіруде депутаттармен, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, оларға инвестициялық бағдарламаның қалай жүзеге асырып отырғанын ашық жария етіп отырады. Мұндағы басты мақсат - халық қаражатының қайда жұмсалып жатқандығын білу. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ жылу-электр орталығының қуаттылығын 499 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін, ІІ-ІІІ кезеңді қайта жөндеуден өткізуге, жаңартуға және теxникалық қайта жарақтандыруға және IV кезеңді кеңейтуге бағытталған 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Бүгінде ТГМ-151Б типті №14 стансаның қазандық агрегаты пайдалануға берілсе, №12 стансаның К-100-90 типті бу турбина агрегатының құрастыру жұмыстары аяқталып келеді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдала-нуға беріледі. Сонымен қатар 2017 жылы 60 МВт газ турбинасын құрастыру жұмыстары аяқталады.

«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ алға қойып отырған мақсатының бірі - №15 стансалық ТГМ-151Б типті қазандық агрегатының және ПТ-65-90/13 №13 типті құбыр агрегаттарын пайдалануға беру. Бұл мақсатқа жету үшін керекті жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары басталып кеткен. Жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2019 жыл. Осылайша, энергия өндірушілердің инвестиция тарттыруына, алға жылжуға, ескірген өндірістік активтерді жаңарту және қалыпқа келтіруге бағытталған еліміздегі үдемелі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы шынайы нәтижелер беруде. Аймақты жылу-электрмен қамтамасыз етіп отырған «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ ұжымы халықтың өздеріне қойған талабын орындап отыр. Ал халықтың аталмыш ұжымға қойып отырған талабы - жарық пен жылуды мезгілінде және толық көлемінде алу. Тұтынушылардың талабын орындап отырған ұжымда мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы да білімді, білікті, тәжірибелі мамандар. Сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашу, мамандардың теxникалық деңгейін арттыру орталық басшылығының басты назарынан тыс қалған емес.

Қазір ұжымдағы аға буын өкілдері келешектерін ойлап, жас мамандарды дайындауда. Келешекті көздеп, қайта жаңғырту арқылы болашаққа мол же-тетін қуат көзін жинап алған «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-тың алдағы бесжылдықтағы жетістіктері тұтас Атырау аймағы ғана емес, көршілес об-лыстардың да энергия қажеттілігін толық өтеуге қуаты жететінін айқындап отыр.

Атырау ЖЭО 2009 жылдан бері ИжЖТМ және Атырау облысы бойынша ТМРАД біріккен бұйрығына сәйкес бекітілген қондырғының жыл сайынғы жаңартылуы мен қайта құрылуы бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалуымен қамтамасыздандырады.

2012 жыл бойынша қабылданған, жаңа энергиялық қуаттарды пайдалануға енгізуге бағытталған, Атырау ЖЭО қолданыстағы активтерін қайта құру мен техникалық қайта жабдықтандырылуын жаңарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 3439, 74 млн теңге болатын міндеттемелер, толық көлемде 3518, 77 млн теңге сомасында немесе 102, 3% орындалды.

Іс жүзінде, қолданысқа 1960 жылдары енгізілген, негізгі тарату құрылғысы (ГРУ) -6, 3 кВ және ашық тарату құрылғысы (ОРУ) -35 кВ жаңартылды. Қондырғы, коммутациялық аппаратура, аспаптар сапалық және заттай ескірген және осы қондырғы үшін орнатылған жұмыс қорларын өндірді, соның есебінен тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыздандыру сенімділігі төмендеді.

ГРУ-6, 3 кВ және ОРУ-35 кВ құрылғыларын қайта құрылуы және жаңғыртылуы қуаттарды пайдалануға қайта енгізілген ОРУ-35 кВ құрылғысындағы №1, 2 турбиналы генераторынан алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ТС-0 және ТС-0-ден ОРУ-35 кВ дейінгі кабельдік эстакадасын пайдалануға енгізу тұтынушыларға қуат ағынын электр энергиясын ең көп тұтынатын уақыт, жазғы уақытта ОРУ-35 кВ қамтамасыздандыратын бір трансформатордың істен шығуы кезінде қосымша энергия қорын құруға мүмкіндік берді.

ОРУ-35 кВ - бұл Атырау қаласының барлық сол жақ жағалау тұтынушыларын электрмен жабдықтайды, және нақты түрде қазіргі уақытта қаланың осы бөлігінде басқа энергия көздері жоқ. Сонымен қатар, қондырғыны ашық тарату құрылғысында (ОРУ) -110 кВ алмастыру қажеттілігі туды, мұнда қондырғы пайдалануға 1967-1970 жылдары енгізілді және ОРУ-110 кВ арқылы біздің аймағымыздың 70% тұтынушыларын энергиямен жабдықтауы қамтамасыздандырылады.

ГРУ-6, 3 кВ, ОРУ-110 кВ коммутациялық аппаратурасы бұрынырақ орнатылған майлы ажыратқыштар орнына, вакуумдық және элегаздық ажыратқыштарға ауыстырылды. Улы майлардың жоқ болуына байланысты, бұл қондырғылар экологиялық және өртке қауіпсіздігі бойынша салыстыруға да келмейді, себебі оларда қолданылатын элегаз химиялық түрде бейтарап және адамдарға да, қоршаған ортаға да ешқандай зиянды әсерін тигізбейді.

2012 жылы инвестициялық міндеттемелер бойынша орындалған жұмыстар бұрын консервацияда және демонтаждалуда болған І кезектегі қондырғыны енгізумен қамтамасыздандырды және АЖЭО электрлік қуатын 24 МВт және бу қуатын 120 т/сағ дейін арттырды. Қолданыстағы активтерді жаңарту бағдарламасы қуаты 60 МВт болатын №5 турбиналы генераторын қайта құру бойынша іс-шараларды орындаудан тұрады. Турбина жабдықтары 50%-дан аса ауыстырылады, және біруақытта істен шыққан басқа да қондырғы бөліктерін бөлшектерін ауысытру арқылы күрделі жөндеулер жүргізіледі. Бұл турбиналы генератордың жұмыс қорларын турбиналық құрылғыларының үнемділігін, жұмыс сенімділігін арттырумен және жоспарлы жөндеулердің көлемін азайтумен 25-30 жылға арттыруға мүмкіндік береді.

Кез келген энергия көзінің жұмысының сенімділігі көп жағдайда негізгі отынмен жабдықтау сенімділігімен байланысты, ал АЖЭО үшін - табиғи газбен жабдықтау сенімділігі. 2012 жылға дейін газбен жабдықтау тек бір ғана Атырау МГТБ газ таратқыш станцияларының газ құбырларымен жүргізілген.

2012 жыл бойынша орындалған инвестициялық міндеттемелер нәтижесінде қамтамасыздандырылды:

- орнатылған электр қуатын 24 МВт арттыру, және АЖЭО жалпы орнатылған қуаты 314 МВт құрады.

- электр энергиясын өндіру көлемі 1677, 03 млн кВт құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 5, 0% артты.

1. 2 ЖЭО-ның негізгі қондырғылар түрін таңдау

- Берілген мәліметтер

ЖЭО орналасатын аймағы - Атырау қаласы.

Есепті маусым температуралары:

  • жылуландыру жобасына, tрн= - 30оС,
  • жылдағы ең салқын ай, tхм= - 14, 2оС,
  • жылу беру уақытының орташасы, tсрн= - 6, 0оС,
  • жазғы уақыт, tжазн= 28, 0оС;

Тұрғын саны, А = 300 мың адам;

Өндіріс бу шығыны, D п = 320 т/сағ;

Өндіріс бу қысымы, Р п = 1, 4 МПа;

Өндірістен қайтып келетін конденсат коэффициенті К = 0, 8;

Өндірістен қайтып келетін конденсат температурасы, t к = 70 о С;

Ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйе түрі - жабық;

Бір адамға жылу мен желдетуге жұмсалатын жылу, q 1 = 1, 71 кВт/адам;

Бір адамға жұмсалатын ыстық су жылуының мөлшері, q 2 = 0, 80 кВт/адам.

- Жылу жүктемелерінің есебі

Өндіріске берілетін бу шығыны D п = 320 т/сағ.

Жылуландыру мен желдету жүктемесі, МВт:

Q от+в = А·q 1 = 300·1, 71 = 513

Ыстық су жүктемесі, МВт:

Q гвс = А·q 2 = 300·0, 80 = 240

Жылуландырудың толық жүктемесі, МВт:

Q = Q от+в + Q гвс = 513 + 240 = 753

Берілген жылу жүйесіндегі температуралық графигінен, 1-сурет:

- тіке магистральдағы судың ең жоғары температурасы, t пм = 150 о С;

- кері магистральдағы судың ең жоғары температурасы, t ом = 70 о С;

- жылу желісіндегі судың орташа температурасы, t стс = 115 о С.

Сурет 1 - Жылу желісінің температуралық графигі

-ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының жылу есебі

ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының схемасы 2-ші суретте көрсетілген.

Жылу желісінің көлемі, м 3 :

V тс = (Q отв + Q гвс ) ·(А 1 + А 2 ) = (513 + 240) ·(8, 6 + 26) = 26053, 8 м 3

мұнда жылу желісінің меншікті көлемі

- сыртқы желілер, А 1 = 8, 6 м 3 /МВт;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғындардың санын есептеу және қалаға сипаттама
Айқас - ағынды саптамамен жабдықталған жобаланған баған диаметрін анықтау әдісі
Ыстық сумен қамту жүйелері
Жылулық желілерін сумен толтыру үшін жылулық жүктемесінің есебі
Жылыту жүйелерінің элементтері
Зауыт ішіндегі электрмен жабдықтауды жобалау
Тарату құрылғыларының түрлері
35/10 кВ «Қараоба» қосалқы станциясын жобалау
Ерітінділердің қайнау температураларын анықтау
Ыстық сумен қамту жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz