Касқыр ұлыған түнде туындысымен сабақтастыра оқытудың тиімді жолдарын көрсетіп, тақырыптас шығармаларды оқытудың әдістемесін жасау


Тақырыбы: М. ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ТУЫНДЫСЫН О. БӨКЕЙДІҢ «ҚАСҚЫР ҰЛЫҒАН ТҮНДЕ» ТУЫНДЫСЫМЕН САБАҚТАСТЫРА ОҚЫТУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАҚЫРЫПТАС ШЫҒАРМАЛАРДЫ САБАҚТАСТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Көркем шығарманы оқытуда тақырыптас шығармаларды сабақтастыру-дың ғылыми-теориялық негізі . . . 6
1. 2 М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысындағы қасқыр бейнесі . . . 8
1. 3 М. Әуезовтің «Көксерек» туындысын О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысымен сабақтастыра оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдері . . . 20
ІІ М. ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ТУЫНДЫСЫН О. БӨКЕЙДІҢ «ҚАСҚЫР ҰЛЫҒАН ТҮНДЕ» ТУЫНДЫСЫМЕН САБАҚТАСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1 М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысын заманауи әдіс-тәсілдермен сабақтастыра оқытудың жолдарын практика жүзінде дәлелдеу . . . 30
2. 2 М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысын Педагогикалық шеберхана технология негізінде оқытудың тиімділігі . . . 34
2. 3 Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасап, қорытын-дылау . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47
ҚОСЫМШАЛАР . . . 50
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Педагогикадағы сабақтастық - күрделі жүйе. Бұл бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері, әдіскер-ғалымдар мен білім беру ісінің жетекшілері алдындағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Сабақтастық дегеніміз - оқытудың әр түрлі сатысындағы оқушы білімінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату. Ал сабақтастықты жүзеге асыруда шешуші рөл атқаратын - мұғалім. Өйткені, ол тікелей оқыту ісімен айналысушы. Ендеше, сабақтастықты жүзеге асыруда мұғалім әр сабақта берілетін білім мазмұнын, оқушының білім, дағды, шеберліктеріне қойылатын талаптарды және оқылатын тақырыптың қайсысы қалай жалғасады, қайсысы тереңдетуді, мазмұнын кеңейтуді қажет етеді, қайсысы меңгеруге қиындық келтіреді деген мәселелерді жақсы білуі қажет. Осыған байланысты қазақ әдебиеті пәнінен кездесетін сабақтастық - тақырыптас туындыларда «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде қарастырылады. Тақырыптас шығармаларды оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану және олардың тиімділігін көрсету зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. М. Әуезовтің «Көксерек» туындысын О. Бөкейдің «Касқыр ұлыған түнде» туындысымен сабақтастыра оқытудың тиімді жолдарын көрсетіп, тақырыптас шығармаларды оқытудың әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- тақырыптас шығармаларды (М. Әуезовтің «Көксерек», О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде») сабақтастыра оқытудың ғылыми-теориялық негізін көрсету;
- М. Әуезовтің «Көксерек» туындысын О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысымен сабақтастыра оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданып, практика жүзінде дәлелдеу;
- зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасап, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының нысаны. М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысын заманауи әдіс-тәсілдермен сабақтастыра оқытудың тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмысының зерттеу пәні. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнін негізге ала отырып тақырыптас шығармаларды талдап, оларды тиімді жолдармен сабақтастыра оқыту мәселелері.
Зерттеу әдістері. Библиографиялық, зерттеу, саралау, баяндау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы. Қазақ әдебиеті сабақтарында үнемі тақырыптас шығармаларды сабақтастыра оқытса, оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады, ұрпақтар сабақтастығын жасай алады, сын тұрғысынан ойлау қабілеті артып, кез келген дүниеге сыни көзқарасы қалыптасады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық негізі ретінде әдебиет әдістемесінен теориялық тереңдікке бой ұрып, қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі баяндалды.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында Қ. Жұмалиевтің, А. Көшімбаевтың, Ә. Қоңыратбаевтың, Т. Ақшолақовтың, Қ. Бітібаеваның, Қ. Айтжанованың, Б. Өміралиеваның, З. Сапарбаеваның, А. Әлімовтың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. М. Әуезовтің «Көксерек» туындысын О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысымен сабақтастыра оқытуды интерактивті әдістер арқылы жүзеге асырып, практика жүзінде қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысын сабақтастыра оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсету.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
1. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану тақырыптас шығармаларды оқытудың тиімділігін көрсетеді.
2. Оқушыларға тақырыптас шығармаларды оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, талдау жұмыстарын жүргізудің тиімділігі артады.
3. Оқушылармен жұмыс барысында М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысының өзара сабақтастығын байқатады.
4. Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың таным белсенділігі мен өздігінен білім алу қабілеттерін дамытады.
5. Оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығы артып, шығармашылық бағытқа негізделген іс-әрекеттері жетіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс көлемі - 60 бет. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны, пәні, болжамы, теориялық, практикалық маңызы, әдістері берілді, сонымен қатар ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар мазмұндалды.
Негізгі бөлім екі тараудан (Тақырыптас шығармаларды сабақтастырып оқытудың ғылыми-теориялық негізі және М. Әуезовтің «Көксерек» туындысын О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысымен сабақтастыра оқытудың әдістемелік және тәжірибелік негізі) тұрады. Әр тарау бірнеше тақырыптардан тұрады.
Бірінші тараудың «Көркем шығарманы оқытуда тақырыптас шығарма-ларды сабақтастырудың ғылыми-теориялық негізі» атты тақырыбында педагогикадағы сабақтастық, әдебиеттегі сабақтастық соның ішінде тақырыптас шығармалар сабақтастығы жайлы мәліметтер берілген.
Бірінші тараудың «М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысындағы қасқыр бейнесі» тақырыбында әлем әдебиеті мен қазақ әдебиеті туындыларындағы қасқыр бейнелері талданады.
Бірінші тараудың «М. Әуезовтің «Көксерек» туындысын О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысымен сабақтастыра оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта сабақтастырудың әдістемесі мен тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады.
Екінші тараудың «М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысын заманауи әдіс-тәсілдермен сабақтастыра оқытудың жолдарын практика жүзінде дәлелдеу» тақырыбында тәжірибе барысында қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер арқылы аталған туындыларды талдау жайында сөз болады.
Екінші тараудың «М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысын Педагогикалық шеберхана технология негізінде оқытудың тиімділігі» тақырыбында жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігі және соның ішінде тақырыптас шығармаларды сабақтастыруда Педагогикалық шеберхана технологиясының тиімділігі көрсетіледі.
Екінші тараудың «Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасап, қорытындылау» тақырыбында жалпы зерттеу жұмысы барысында алынған сауалнамалар, тест жұмыстары жайлы сараптамалар берілген.
Сонымен қатар, диплом жұмысы пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
І ТАҚЫРЫПТАС ШЫҒАРМАЛАРДЫ САБАҚТАСТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Көркем шығарманы оқытуда тақырыптас шығармаларды сабақтастырудың теориялық негізі
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезеңінде ақпараттар ағынынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білуі - бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың санасын сан алуан ақпараттармен улап, ой-өрісінің дамуын дүбара күйде қалдырмаудың басты шарттарының бірі. Осыдан келіп туындайтын мәселелердің бірі - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мектепте оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру; оқытудың жаңа технологияларын іздестіру; оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық, мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.
Еліміздегі саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т. б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде [1, 7] .
Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына Жолдауында: «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры - оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі», - деп атап көрсетті [2, 10] . Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиетті оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой-түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай - ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
«Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру», - деген болатын әдебиет зерттеуші-ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев [3, 66] . Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне - оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни, мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады:
- көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем-дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу [4, 89] .
Педагогикадағы сабақтастық - күрделі жүйе. Бұл бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері, әдіскер-ғалымдар мен білім беру ісінің жетекшілері алдындағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Сабақтастық дегеніміз - оқытудың әр түрлі сатысындағы оқушы білімінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату. Ал сабақтастықты жүзеге асыруда шешуші рөл атқаратын - мұғалім. Өйткені, ол тікелей оқыту ісімен айналысушы. Ендеше, сабақтастықты жүзеге асыруда мұғалім әр сабақта берілетін білім мазмұнын, оқушының білім, дағды, шеберліктеріне қойылатын талаптарды және оқылатын тақырыптың қайсысы қалай жалғасады, қайсысы тереңдетуді, мазмұнын кеңейтуді қажет етеді, қайсысы меңгеруге қиындық келтіреді деген мәселелерді жақсы білуі қажет. Әрине, ол үшін мұғалімді бағдарлама, оқулық, оқу әдістемелік қүралдармен де жеткілікті қамтамасыз ету қажет. Және бұл принциптің жүзеге асырылуы үшін мына ережелер назарда болуға тиіс:
- оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету;
- оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан, оқушыға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланысты пайдалану;
- бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру;
- оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау, үнемі оларды өз қателерін тауып, таңдауға үйрету;
- жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру.
Егер бұл ережелерді Я. А. Коменский сөзімен айтсақ, «бүгінгі оқыту - кешегіні бекітіп, ертеңге жол салу» деген сөз. Педагогикалық әдебиеттерде оқытудың сабақтастығы оқу үрдісінде алшақтықтың пайда болуынан туындайтынын айтып, мұны екі түрде көрсетеді: а) оқушылардың жаңа сатыға өтуіне байланысты; б) оқушылардың оқу-танымындағы білім мен біліктіліктің жаңаруына байланысты [5, 41] .
Осыған байланысты көркем шығарманы оқытуда және талдауда тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау маңызды рөл атқарады. Тақырыптас туындыларда «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғалады. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткерлігін түсінеді. Тақырыптас шығармаларды оқытқанда ескерілетін мәселе - аталған туындылардың ұқсастығы мен айырмашылықтары.
Ұқсастығы:
1. Тақырыбы;
2. Автор реализмі;
3. Бас кейіпкерлер;
4. Оқиға түйіні.
Осылайша айырмашылығы да талданады [6, 102] .
Қорыта келгенде, тақырыптас шығармаларды сабақтастыра оқыту үлкен ізденіс пен зерттеуді қажет етеді. Тақырыптас шығармаларды сабақтастыра оқытудың теориялық негізі тереңде жатқандықтан, оны сабақта қолдану мұғалімнің асқан шеберлігін талап етеді.
1. 2 М. Әуезовтің «Көксерек» туындысы мен О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» туындысындағы қасқыр бейнесі
Жаһандық әдебиеттің бір бөлшегі ұлттық прозамыз басқа елдердің әдебиетімен бір жазықтықта өмір сүре отырып, өзіндік жаңалықтарын ұсынуда. Оларды саралап өзіндік ерекшеліктерін табу бүгінгі жаһандану әдебиетіндегі табиғаттың тепе-теңдігі, образдарының байланысын анықтау. Сол туындыларды сабақтастыра отырып, ұлылар арасындағы үндестікке мән беру. Атап айтсақ, Американың азулы жазушысы, жиырма төрт том еңбек қалдырған классик Джек Лондонның «Ақ азу» романы, ұлттық әдебиетке өткен ғасырдың 20-жылдарында қосылған Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесі, шығыстың кер бұғысы атанған жазушы О. Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» және т. б. туындылары [7, 165] .
Бұл айтылған шығармалардың негізгі арқауы - табиғат тепе-теңдігінің бұзылуы. Ш. Уәлихановтің «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде: «Қазақтар киеге үлкен мән береді. Кейбір жануарлар мен құстар, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары бір кесір деп аталады» - деп түсініктеме берген. Қазақ халқындағы «киіктің де киесі бар», «иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар» деген мақал-мәтелдер де бар.
Дәл осы табиғат теңдігін шығармашылығының арқауы еткен М. Әуезовтің «Көксерек» повесінің көк тәңірісіне қарап ұлитын символикасы да, оның тілмен айтып жеткіліксіз трагедиясы да сонда еді [7, 165] .
М. Әуезов 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айларында «Көксеректі» Ташкент қаласында жазған. Шығарма «Жаңа әдебиет» журналында 1929 жылы жарық көрді.
Сол кезде жазушылардың жазған-сызған дүниелердің барлығына таптық тұрғыдан баға беріліп жатқан тұс еді. Ленинград сияқты ірі мәдени орталықта қоғамдық ғылымдардың даму тарихын зерделеген Мұхтар Әуезовтің «Өнер - өнер үшін» деген ұстанымын Қазақстандағы саяси үрдіс көтере алмайтын. Осы бір тұста «Көксерек» жазылды. Автордың осы шығармаға ықыласы туралы Әуезов шығармаларының аудармашысы А. Пантиелев былай дейді: «Көксеректі», «Абайдан» әлдеқайда бұрын жазды, сондықтан да алғашқы махаббатындай ұнататын» [8, 133] . Сол тұстағы баспасөзде «Көксерек» жарыққа шығысымен-ақ, әр түрлі ұстанымдағы сындар жазылып жатты. Сондай сынның бірі Сәбит Мұқановтікі:«Әңгіме өте терең астармен жазылған. Қанша қозғағанмен ішінен айқын мағынасын ашу өте қиын. Біз бұл арада қасқыр пәленше, Мұқаш (Құрмаштың алғашқы нұсқадағы аты Н. Р. ) түгенше деп орынсыз жорамалдау жасамаймыз. Біздің айтарымыз, жалғыз-ақ, Мұхтар мұны жазғанда қасқырды, аң қып алып отырған жоқ, адам қып алып отыр. Өйткені Көксеректе мақсат бар. Сол мақсатқа ұмтылушылық, өз мақсатына ұмтылушылық, түптеушік бар… Көксерек, сөз жоқ, адамның біреуі. Біреуі болғанда Көксерек бүкіл бір ұлтты елестете ме, тапты елестете ме, яки жеке адамды елестете ме, ол жағы бізге қараңғы…» [9, 351-352] . Сәбит Мұқанов ойын ары қарай тапшылдық сана ықпалымен өрсе де, бізге керектісі Мұхтар Әуезовтің идеялық - көркемдік ойлау машығына өзінше барлау жасай отырып, көркемдік сананы зерделеуге жол көрсеткені.
Әлемдік әдебиетте жануарларды символдық бейне деңгейінде өзінше өрістетіп, пайдаланған туындылар көптеп саналады. Фольклорлық дүниелер мен қоса Мұхтар Әуезов әлем прозасының дәстүріне де иек артқан. Л. Толстойдың «Холстомері» мен «Булькасы», А. Чеховтың «Аққасқа», «Каштанкасы», Джек Лондонның «Ақ азуы», У. Флобердің «Аю» т. б. шығармалары - жануарлар өмірінің ішкі әлемі баға отырып жазылған дүниелер. «Көксерек» те осылар деңгейлес шығарма.
Мұхтар Әуезов Дж. Лондонның «Ақ азуын» «Көксерек» жазылғаннан кейін алты жылдан соң аударған. Төрт бөлімнен тұратын «Ақ азудың» негізгі мотиві өмір үшін жанталасқан адам жанкештілігін баяндау. Шығарма соңында қартайған Ақ азу жазмышқа мойынсұнып, адамдар ортасынан ажырамай, ежелгі жауы иттермен де ымыраға келе күн кешуде. Шығарма соңы адам мейірімі бәрін жеңеді деген ойға жетелейді.
Мұхтар Әуезов те «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан.
Автор символдық бейне Көксерек арқылы өмірді бейнелеу аясын кеңіткен, отарлаушы ел билеушілер туралы ойын өрістетіп бағамдатқан. Повесть жазылған тұста сөз иесіне қысым жасаушы күштердің өктемдігі біліне бастаған. Шартты бейне Көксеректің көзі арқылы кектер кернеген тұстағы қоғам сырын ізерлеуді автор мансұқтаса керек. Бөріге табыну, көк түсті ардақтау түркілердің арғы тегіне ортақ дүние екені де есте. Қасқырлар апанына жасалған қатігездігінің аңғарында зорлықшы жат елдің әрекетін абайлату, меңзеу бар [10, 256] .
«Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін». Осы ескі інге түр-тұрпаты, бет-бейнесі анық суреттелмеген, жат иістілер келіп дүрліктірді, ойларына келгенін істеді. Алабөтен пейілдің тағылыққа құштарлығы байқалады. Жат қол інді аяусыз бұзды. «Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктердің жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап елді: айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне - бірі үйіліп, бауырын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.
Жып-жылы мықты тұсаулар мойынынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырады да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды…[11, 89] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz