Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ
ТІЛІ ПӘНІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.1 Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен мақсат-
міндеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жаңартылған білім беру жүйесінде қазақ тілі пәнінен жүргізілетін
жұмыстардың ерекшеліктері мен
қажеттіліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..17
1.3 Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ...22
ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...25
2.1 Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін практикада
қолдану ... ...25
2.2 Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін жаңа технологиялар мен
интерактивті әдістер арқылы
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасап,
қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .56
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай
келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болып
табылады.
Мектепте оқылатын Қазақ тілі пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған,
өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге
бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Жаңартылған білім беру
жүйесі негізінде қазақ тілі пәнінен негізгі басымдылық лексикалық
тақырыптарға берілген. Бұл тақырыптарды меңгере отырып оқушылардың сөздік
қоры байиды, таным белсенділігі артады. Сонымен қоса, лексикалық тақырыптар
оқушыларды халқының асыл мұраларына тәрбиелеуге де мүмкіндік беріп отыр.
Ал, оқушылардың грамматикалық сауаттылығына оқулықтағы грамматикалық
тақырыптарды меңгерту арқылы қол жеткіземіз.
Қазақ тілі пәнінен жаңартылған білім беру жүйесіне сай жүргізілетін
жұмыстар, қолданылатын педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдіс-
тәсілдер оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыруға, дүниетанымын
кеңейтуге, шығармашылығын дамытуға, қызығушылығын, зерттеушілік
қабілеттерін оятуға мол мүмкіндік тудырып отыр. Ал мұғалім оқушылардың өз
бетімен жасаған танымдық қызметін басқарып, жетелеп отыратын бағдаршы болып
табылады. Аталмыш бағдарламаға сәйкес алынған жұмыс түрлерін сабақта тиімді
қолданысқа енгізу арқылы баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз
бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар
оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға
үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын
баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға
үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Осы бағдарламаны
меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге
қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алуға болады.
Жаңартылған мазмұнды бағдарламаны жүзеге асыруда қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыс түрлерін заманауи әдіс-тәсілдер арқылы жүргізудің
әдістемесін ұсыну біздің жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жаңартылған білім беру негізінде қазақ тілі
пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін жаңа форматта ұйымдастырудың
әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– жаңартылған білім беру негізінде қазақ тілі пәнінен жүргізілетін
жұмыс түрлерінің ғылыми-теориялық негізін көрсету;

жұмыс түрлерінің практика жүзінде дәлелдеу;

жұмыс түрлеріне сараптама жасау, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жаңартылған білім беру негізінде қазақ тілі
пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерінің тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының зерттеу пәні. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәнін
негізге ала отырып жаңартылған білім беру негізінде қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсету.
Зерттеу әдістері. Библиографиялық, зерттеу, саралау, баяндау әдістері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы. Жаңартылған білім беру негізінде
қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстарды түрлендіріп, жаңа форматта
ұйымдастырылса, оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеті, шығармашылық
құзыреттілігі, функционалдық сауаттылығы, тұлғалық құзыреттілі артады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Б.Б.Жахинаның Сөздің лексика-
семантикалық тобымен байланыста тіл дамытудың әдістемесі, С.Рахметованың
Қазақ тілін оқыту методикасы және Ә.Әлметованың Сөйлеу әрекеттері
түрлеріне оқыту еңбегктеріне сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыс түрлерінің мақсат-міндетін, ерекшелігі мен қажеттілігін
және тәрбиелік мәнін ғылыми негізде қарастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Оқушылардың таным белсенділігін,
сауаттылығын арттыру барысында қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс
түрлерін интерактивті әдістер мен жаңа технологиялар арқылы ұйымдастырудың
нәтижесін шығарылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс
түрлерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктері, тәрбиелік мәні ашып көрсету.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
1. Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда заманауи әдіс-
тәсілдері қолдана отырып, қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлері
көрсетілді;
2. Заман талабына сай қазақ тілінен жүргізілетін жұмыс түрлерінің
тиімділігі көрсетіліп, практикамен ұштастырылды.
3. Зерттеу жұмысы барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама мен
қорытынды жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс ... беттен, яғни
кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу
нысаны, пәні, болжамы, теориялық, практикалық маңызы, әдістері берілді,
сонымен қатар ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар мазмұндалды.
Негізгі бөлім екі тараудан (Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстың
ғылыми-теориялық негізі; Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың
әдістемелік және тәжірибелік негізі), әр тарау бірнеше тақырыптан (І
тарау: қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен мақсат-
міндеттері; жаңартылған білім беру жүйесінде қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыстардың ерекшіліктері мен қажеттілігі; қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні. II тарау: қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыс түрлерін практикада қолдану жолдары; қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыс түрлерін жаңа технологиялары мен интерактивті әдіс-
тәсілдері арқылы ұйымдастыру; зерттеу жұмысы барысында жүргізілген
жұмыстарға сараптама жасап, қорытындылау) тұрады.
Бірінші тараудың Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың түрлері
мен мақсат-міндеттер атты бірінші тақырыбында қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыс түрлері мен мақсат-міндеттері айқындалып, көрсетілді.
Бірінші тараудың Жаңартылған білім беру жүйесінде қазақ тілі пәнінен
жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері атты екінші
тақырыбында қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерінің ерекшеліктері
мен қажеттіліктері жайлы мәлімет берілді.
Бірінші тараудың Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік
мәні атты үшінші тақырыбында қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс
түрлерінің тәрбиелік мәні ашылды.
Екінші тараудың Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін
практикада қолдану атты бірінші тақырыбында қазақ тілінен жүргізілетін
жұмыс түрлері теориямен ұштастырылып, практика жүзінде қолданылды.
Екінші тараудың Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін жаңа
технологиялар мен интерактивті әдістер арқылы ұйымдастыру аттын екінші
тақырыбында қазақ тілінен жүргізілетін жұмыс түрлері заманауи әдіс-тәсілдер
мен жаңа педагогикалық технологиялар арқылы жүзеге асқандығы жайлы мәлімет
берілді.
Екінші тараудың Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама
жасап, қорытындылау атты үшінші тақырыбында зерттеу жұмысы барысында
істелген жұмыстарға сараптама жасалып, қорытындыланды.
Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін жаңа технологиялары мен
интерактивті әдіс-тәсілдері арқылы ұйымдастырылуы және практикада қолдану
жолдары көрсетілді.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдар берілді.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысы пайдаланылған әдебиеттер мен
қосымшалардан тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен мақсат-
міндеттері
Тіл – адамның қоғамдық қатыныс құралы, ол үнемі толықтыруды, жетілдіріп
отыруды қажет етеді. Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң
жаттап алып, дайын мысалдарды мүлдірмей айтып беруі мүлдем жеткіліксіз
болады. Оқушы неғұрлым теориялық білімді практика жүзінде толықтырып,
шығармашылық творчестволық ісімен бекітіп отырса ғана тілді дұрыс игереді.
Мектеп оқушылырының сауатты болуы ұстазының да білім дәрежесіне,
тәжірбиесіне, іскерлік қабілетіне байланысты екені мәлім. Мұғалім теориялық
жағымен ғана шұғылданып, оқулық төңірегіндегі материалдан аспаса, онда
оқушылардың білім дәрежесі ойдағыдай болмайды.
Мектеп бағдарламасында көрсетілгендей, тілді оқып үйрену екі сатыда
жүргізіледі. Бірі – бастауыш, I-IV сыныптарда, екіншісі – V-XI сыныптарда.
Қай сатыда болсын оның негізгі мақсаты – оқушыны грамматикалық сауаттылыққа
жаттықтыру. Ол үшін бастауыш сыныптардан жазба жұмыстары артқарылады.
Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жазба жұмыстардың түрлерін былай бөліп
қарастырамыз:
1. Диктант жұмыстары;
2. Мазмұндама жазу;
3. Шығарма жазу.
4. Тіл дамытуға арналған тапсырмалар
1. Диктант. Диктант латынша дикто – естіртіп айту деген ұғымды
білдіреді. Жұмыстың бұл түрі көбінесе оқушылардың теориялық білімін сынауға
қолданылады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде
игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік,
пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру
қажет. Олардың өткен материалды қаншалықты меңгергені диктант жаздыру
барысында айқындалып отырады. Соның нәтижесінде мұғалім қай оқушының қандай
тақырыптардан қандай қате жібергенін айқындай алады және қандай шара
қолданудың жолдарын да белгілейді.
Диктант жазарда, ең алдымен, талапқа сай мәтін іріктелініп алынады.
Мәтін іріктеуде төмендегідей шарттар ескерілуі тиіс:
1. Диктант мәтіні мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы;
2. Диктанттағы сөз мөлшерінің сыныптар бойынша талапқа сай болуы;
3. Сирек қолданылатын жазуда қиындық келтіретін сөздердің мейлінше аз
болуы;
4. Диктант мәтінінің өтілген ережелер мен емлелерді қамтуы.
5. Мәтін мазмұнының тәрбиелік мәнді болуы.
Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін диктанттағы сөз мөлшері
төмендегідей:
1-кесте
Сынып 5
1 Жазылым дағдысы; Тыңдалым дағдысы;
2 Мұғалім басты рөлде; Оқушы басты ролде;
3 Грамматикалық, пунктуациялық Тыңдау дағдысы және сауаттылығы
қателіктері тексеріледі; тексеріледі;
4 Білім диктант нәтижесімен Өмірге қажеттілігі ескеріледі.
өлшенеді.
Ысқыру диктанты (Whispering dictation).
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу
мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала
ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге
тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде,
ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері
дәптерлеріне жазады.
Диктанттың өмірге қажеттілігі , ұтымдылығы:
1. Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;
2. Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;
3. Лайықты нәрсені таңдауға үйренеді.
Жүгіргіш диктант (Running dictation).
Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы
оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді
тақтаға, қабырғаға (бір-біріне кедергі жасамайтындай) ілінеді. Шатастырмас
үшін мәтіндерге А, Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады.
Топтағы бір оқушы мәтінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған
мүшелері естігендерін қағазға түсіруші міндетін атқарады. Бір мезгілде
белгі беріледі де, үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен
мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, уақыт аяқталған
соң өздерінің топ мүшелеріне оқиды. Орнында отырған оқушылар тездетіп
жазулары қажет. Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы: жаттау және
сауатты жеткізу қабілеттерін арттырады.
Сүйеніп отыру диктанты (Back-to-back dictation)
Сүйеніп отыру диктантын оқушылар жұптарымен оқиды. Ол үшін екі
оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі. Мәтінде не бас әріп, не тыныс
белгісі болмайды. Жұп оқушы бір-біріне арқаларын беріп отырады. Алдымен
оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі.
Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің бірінші бөлігі
аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктантты
жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген дұрыс нұсқасымен
салыстырып, тексереді.
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
1. Ойдың аяқталғандығын анықтай алады;
2. Сауатты жазуға баулиды;
3. Өз қатесін өзі тауып, өзіндік шешім қабылдайды [3, 56].
2. Мазмұндама. Мазмұндама – қазақ тілден алған білімін тексерудің
негізгі әрі тиімді нысандарының бірі болып есептеледі. Мазмұндама арқылы
оқушының өз ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық
деңгейі айқын көрінеді. Мазмұндама арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап,
сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және есінде қалған мәліметтерді
өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау
шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен
сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта
жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады.
Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап
қана қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру
талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынандай
талап қойылуы тиіс:
1. Оқушының өз ойының болуы;
2. Өз жадынан қосымша оқиға қосуы;
3. Өздігінен қорытынды жасауы;
4. Мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни І жақ, осы шақ формасындағы
мәтінді, III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндауы;
5. Қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі
мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
6. Кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және
эпиграф келтіре отырып мазмұндауы;
7. Берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасауы.
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды
қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік
құрылысын меңгертуде, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға жақсы ықпал
етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда, мазмұндаманың мынадай
түрлерін ұсынуға болады:
1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
2. Сурет бойынша мазмұндама;
3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Дайын мәтін бойынша мазмұндаманының өзін бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, баяндалу формасын өзгерту;
3. Қысқаша мазмұндау;
4. Толықтырып мазмұндау.
Мазмұндама мәтінінің көлемі мен саны
3-кесте
Сыныптар Сөздер саны
5-сыныпта 100-150 сөз
6-сыныпта 150-200 сөз
7-сыныпта 200-250 сөз
8-сыныпта 250-300 сөз
9-сыныпта 300-350 сөз
10-сыныпта 350-400 сөз
11-сыныпта 400-450 сөз
Мазмұндама оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуда ерекше
рөл атқарады. Көркем сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдыреті сол:
сөздің тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатын
сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің, баулудың ең
басты қажеттілігі – осында. Оқушылардың жазба тілін дамытуда мазмұнда
жаздырудың алар орны ерекше. Мазмұндама:
1. Оқушылардың әдеби тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе білуге
үйретеді;
2. Сөздік қорын молайтады;
3. Ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі;
4. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады;
5. Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.
Жұмыстың бұл түрі балалардың тілін дамытуға, ойларын байланыстырып
сөйлеуге үйретеді, тіпті әрбір мәдениетті адамға қажетті іскерлік пен
дағдылардың қалыптасуына көп әсері бар. Сондықтан да мектепте мазмұндама
жұмыстары жиі өткізілуі тиіс. Ал, мазмұндама жазуда балалардың
қызығушылығын арттыру үшін аталған түрлердің барлығын қолдану қажет [4,
37].
3.Шығарма. Шығарма – өз бетінше шығармашылықпен сөйлеуге дайындайтын
жазбаша жұмыстың түрі. Оқушыға нақты жұмыс беріледі. Ендігі жерде оқушы
әрекет етуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін
еске түсіріп, мида оқыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет.
Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі, шығарманың
қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы
папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең жолдарын,
көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогтарын жасатып үйрету керек [5,
122].
Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу
кезеңі, аяқтау кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.
Оқушының теориялық білімі толық болғанымен, шығарма жазғанда ойын
шашыратып жүйелі баяндай алмаса, сөздік қорының тапшылығы өз бетімен
кітапты аз оқитыны байқалады.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:
1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
3. Ақын-жазушылардың шығармаларын білу;
4. Оқыған-білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
5. Сауатты жазу, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
7. Келген ой толқының іріктеп, келесі ойға жол бере білу;
8. Дәйексөздерді келтіре білу;
9. Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты өз ойы және өз сөзі арқылы толық аша білуі;
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу, яғни
жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну;
3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай
орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндалуы;
4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға,
кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі қажет;
6. Оқушының шығармаға сын мақалалардан, қосымша еңбектерден шағын
үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай
білу.
Шығарма 5-сыныпта бастап жазылады, бірақ 5-6-сыныптарда үйрету шығармасы
болып саналады. Сонымен қатар 5-6-сыныптарда дайын жоспар беріледі.
Шығарманың жазылуында кездесетін кемшіліктердің негізге бөлігі мына
жағдайларға байланысты:
1. Оқушы шығармашылық жұмысқа құлықсыз болған жағдайда шығарма мақсатына
жетпейді;
2. Шығармаға бағыт берілмесе, мұнда да шығарма мақсатына жетпейді;
3. Қате түсініп, көңілсіз жазылған шығармаларды қайта құрастыру, тойын
жүйелеп, жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан алдыңғы сәтсіз шыққан
шығармалардағы кемшілікті жою үшін басқа тақырыптағышығарманы ұсынған
тиімді.
Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:
1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру;
2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық
жұмыстарда пайдалана білу;
3. Ой еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру,
қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
4. Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу
[5, 171].
Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі
маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық ізденуге негізделген
жұмыстардың күретамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол,
бұл – оқу процесіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын жұмыстың түрі.
Қарастырылытын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, оқушы оны өзінше
жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы өзінің қабылдау дәрежесіне
байланысты болып келеді.
Шығарманың сауаттылығының бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру,
бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарастырады:
1. Грамматикалық сауаттылығы;
2. Стилі;
3. Мазмұндылығы мен идеялылығы;
4. Ой-пікірдің жүйелілігі.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушылардың білімін бағалауда маңызды.
1. Грамматикалық сауаттылығы мен бірге тыныс белгісіне байланысты жайттар
да ескеріледі.
2. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі,
сөйлемдерінің орамдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты
мәселелер жатады.
3. Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай
ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс-бұрыстылығы, негізгі ойды жеткізе алуы
жатады [5, 179].
4.Тіл дамытуға арналған жаттығулар.
Х.Басымов грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оны оқыту әдісін
баяндайды: Грамматиканы оқыту үстінде оқушылардың шығармашылық талантына
да көңіл бөліп, көмек беріліп, баулып отырылады. Оқушының сөйлеу тілі мен
ауызша тілі де қабаттасып грамматиканың әр тарауына ілесе, өз уақытында
жаттықтырылып отырылады. Орта мектепті бітірген кейбір оқушылардың осы
күнге дейін не өз ойын түсінікті етіп бере алмауы, не дөңгелетіп ойын қағаз
бетіне түсіре алмауы, грамматиканы оқытушының кемшілігі деп білуіміз
керек, – дейді. Әрі грамматиканы оқытудың мынандай жолдарын көрсетеді:
1. Грамматикадан (жалпы қазақ тілінен деген мағынада) өтілген материал іс
жүзінде, практикада жаттықтырылады;
2. Грамматиканың (жалпы қазақ тілінен деген мағынада) қандай бөлімі,
қандай элементтері оқытылса да түрі, мазмұны бірдей юайланыста жүргізіледі;
3. Грамматикадан (жалпы қазақ тілінен деген мағынада) бөлімдерін бір-
бірінен бөліп алып кетпей байланыстырып, араларындағы жақын қатынастарын
аша отыру. Бірінен-бірі таралып, бірінен-бірі құралып белгілі бір мағыналы
түрде келетіндігін әбден мұқияттау;
4. Грамматика мен көркем шығарманы бірін-бірі пысықтау,а көмекші ете
беру, көркем шығарма арқылы оқушының оқуын, сөйлеуін өркендету, дұрыс таза
жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере аларлық халге жеткізу.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – белгіліден белгісізге қарай, жеңілден
күрделіге қарай үйретуге негізделеген жаттығулар түрі.
1. Білімдік тапсырма.
Оқушының белгілі бір тілдік тақырып бойынша теориялық білімін бекітетін,
жаңа материал бойынша негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыратын, әрі
сол теориялық – білімді анықтау, тексеру мақсатында берілетін тапсырма
білімдік тапсырма деп аталады. Оған іштей мынандай тапсырмалар кіреді:
1. Берілген мәтіннің ішінен өтілген керекті тілдік материалды танып,
оны теріп жазу.
2. Сол тілдік материалды қатыстырып сөйлем құрау.
3. Сол тілдік материалға дәстүрлі тілдік талдау жасау, т.б.
2. Проблемалық тапсырма.
Берілген тілдік тақырып бойынша оқушыны өздігінен ойлатуға, ой
қорытындысын жасауға, анализдеп, синтездеуге мәселе қойып, проблемалық
жағдай туғызып, соған байланысты оңтайлы шешім қабылдауға үйрететін
тапсырманың түрі проблемалық тапсырма деп аталады.
3. Пәнаралық тапсырма.
Өтілген тақырыпты басқа пәндермен, ғылымның өзге салаларымен
байланыстыра отырып, оқушыға тілдік материалды терең әрі жан-жақты
меңгертуге арналған тапсырманың түрі пәнаралық тапсырма деп аталады. Оқушы
білімі пәндердің өзара байланысы негізінде тұрақтала түседі. Әрі мұндай
тапсырмалар оқушының логикалық ойлауын дамытады.
4. Шешендік тапсырма.
Оқушының айтар ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыратын, сөйлеу
мәдениетін қалыптастыратын, кез келген жағдайда сөз тауып, оны орынды
қолдана білуге жетелейтін, үйрететін тапсырманың түрі –шешендік тапсырма
деп аталады. Мұнда ойды жеткізуде әр сөздің мағынасы мен атқаратын
қызметтің өзара байланыстылығына оқушыы назары аудартылды. Сонымен қатар,
әдемі сөйлеуге үйренеді.
5. Танымдық тапсырма.
Белгілі бір тілдік тақырып негізінде оқушының ойлау қабілетін,
дүниетанымын, ой-өрісін дамытуға әрі сол тілдік тақырыптың өзіндік орны мен
қажеттілігін танытуға арналған тапсырманың түрі танымдық тапсырма деп
аталады.
6. Интеллектуалдық тапсырма.
Белгілі бір тақырып негізінде оқушының жеке ойын, пікірін, өзіндік
көзқарасын қалыптастырып, өзінің ұсыгысын ашық айтуға бағыттайтын
тапсырманың түрі – интеллектуалдық тапсырма деп аталады [6, 153].
Бағалау нормалары.
Критериалды бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес
келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші
болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үдерісінің барлық
қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлер арқылы оқушылардың оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау алдын-ала
белгілі критерийлерге сәйкес оқушының оқу жетістіктерін бағалауды
қамтамасыз етеді, оқушының алға ілгерілеуі туралы сенімді және айқын пікір
негізінде мұғалім үшін жақсы тәжірибе қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Кез-келген бағалау (қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау болса да)
анық, сенімді, қолайлы және сыныптағы оқуды ұйымдастыруда жағымды әсер
беретіндей болуы қажет [7, 15].
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ)
Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында оқушылар түсінігінің ағымдық
деңгейі мен ілгерілеуін анықтау үшін оларды белгілі бір уақыт бойы бақылау
қажет. Қалыптастырушы бағалау оқушының тоқсандағы немесе оқу жылындағы
жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы
бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады [7,
17].
Ішкі жиынтық бағалау
Ішкі жиынтық бағалау тоқсан аяғында жүргізілетін, оқу бағдарламасына
сәйкес оқушылардың білімі мен дағдылары дәлелдемелерін жинақтау үшін және
оқу бағдарламасының мазмұнынын қаншалықты түсінгенін көрсететін бағалау
түрі. Бағалау тоқсандағы оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар мен білімді
тексереді. ІЖБ тапсырмалары мен сұрақтары балл қою кестесінде көрсетілген
бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. Бағалаудың нәтижесін мұғалім мен
оқушылар оқудағы ілгерілеуді анықтау үшін пайдалануына болады. ІЖБ
нәтижесін оқушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын және қандай дағдыларды
қаншалықты тиімді игергеніне сараптама жасауда пайдалануға болады. Бұл
ақпарат мұғалімдерге болашақта оқыту үдерісін жоспарлауға көмегін тигізеді
[7, 29].
Модерация
Модерация – мұғалімдердің бағаларды стандарттау мақсатында бағалаудың
әділ және шынайы болуын қамтамасыз ететін, бір пән және сынып бойынша
оқушылардың жұмыстарына талқылау жасайтын үдеріс. Модерация әр тоқсанның
аяғында өткізіледі. ІЖБ өткізілген соң модерация 3 күн ішінде өткізіледі.
Алдын-ала модерация уақыты мен өткізу орны жоспарланады, талқылауды реттеп
отыратын модерация төрағасы тағайындалады. Отырыстағы төраға рөлін
әдістемелік бірлестік жетекшісі, кез-келген мұғалім немесе КБКМ
координаторы атқара алады. ІЖБ өткізілген соң, мұғалім алдын-ала оқушылар
жұмысын тексеріп, балдарды қарындашпен қояды.
Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп бойынша
өткізіледі:
1. Бағалау стандарты (критерий бойынша ең төмен және ең жоғарғы балл,
бағалауы қиындық тудыратын жұмыстар) болатын жетістік деңгейін анықтауы,
осыған сәйкес жұмыстарды іріктеуі;
2. Қойылған бағалауды анықтауы, алдын ала бекітілген критерийлерге
сәйкес оқушылардың жұмысына соңғы баға беруі және қойылған бағаларды
талқылап стандарттауы;
3. Модерация қорытындысы бойынша оқушының жиынтық жұмысына балды
қаламсаппен қоюы;
4. Керек болған жағдайда жиынтық бағалаудың нәтижесін жоғарылату және
төмендетуі;
5. Модерацияны есепке алып жиынтық бағалаудың нәтижесін қоюы; Отырыс
соңында хаттамаға барлық қатысушылардың қолы қойылады. Модерациядан кейін
шешімдер хаттамаға жазылып, орындалуы қажет [8, 21].

жұмыстардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері
Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет және оның
білім беру саласындағы басты мақсаты үш тілді еркін меңгерген, болашақта
елімізді халықаралық деңгейге көтеретін бәсекеге қабілетті жастарды
тәрбиелеп, оқыту болып табылады. ҚР өзге тілдік білім беру тұжырымдамасының
міндеттеріне сәйкес әлемдік стандартқа сай өзге тілдік білім деңгейіне жету
болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан 2020
жылға қарай білімді, озық экономикасы мен біліктілігі жоғары жұмыс күші бар
елге айналады деген жолдар ұсынылады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында кәсіби білім беру құндылығының
өлшемі – қазақстандық дипломды әлемнің кез-келген түкпірінде мойындау
болады делінген [9, 61].
Жаңартылған білім беру жүйесі негізінде жазылған оқулықтардың мақсаты
оқушыларға тақырыптарды меңгертумен қоса, өмірде қолдануға боларлықтай жан-
жақты біліммен қаруландыру болып табылады. Оқулықта негізгі басымдылық
лексикалық тақырыптарға берілген, ал лексикалық тақырыптардың тапсырмалары
сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асады. Негізгі мектептің орта сатысында тіл
үйретудегі басты мақсат – оқушылардың сөйлеу әрекетін бірізді және жүйелі
түрде дамыту. Сөйлеу әрекеті – ақпаратты алу мен ұсынудың мақсатқа
бағытталаған белсенді үдерісі. Ол қарым-қатынас жағдаятына байланысты
тілдік жүйеден көрінеді [10, 45].
Негізінен кез келген оқушының сөйлеу мәдениеті қалыптасуы үшін тілдік
тақырыптар кезінде тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушылардың тілі дамытылуы
тиіс. Оқушы білімдік, танымдық жүйеде меңгерген тілдік қағида, ережелерің
дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу сауаттылығы үшін қажеттілігін сезінуі тиіс.
Бұл жөнінде мектеп реформасының негізінде жасалған қазақ тілі
бағдарламасында (1987 жылдан 1997 жылға дейін қолданылып келегн) оқушы
тілінің дамуына, сөйлеу тілінің жетілуіне яғни, тіл мәдениетіне көңіл
бөліне келіп,: Бағдарламадағы тілдік материалдарды меңгеру барысында
оқушының ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу және жазбаша
тілін жетілдіріһу, сауатты жазу, әдеби тіл нормаларына сай тіл
мәдениеттілігін арттыру мәселелерін нақты тілдік тақырып пен пән
тарауларының ішінде өзара ұштасумен қатар, қазақ тілін басқа пәндермен
байланыстыра оқыту мақсат етілуі керек, – делінеді.
Ғалым И.А.Рыбникованың бірнеше еңбектері оқушының тілі және тіл дамыту
жұмыстарына арналған. Оның Изучение родного языка, Книга о языке,
Введение в стилистику деген еңбектері оқушының тілін дамыту
ерекшеліктерін шешуге негіз болды. Ол тіл дамытуда мәнерлеп оқудың алатын
орын және оның грамматика, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты екенін атап
көрсетеді. Әрі ол үшін сөзбен, сөйлеммен жұмыстың маңызын ерекше атайды.
Бұған қоса тіл дамытудың мына түрлерін атап көрсетеді: мазмұндама, шығарма,
кестемен жұмыс, ауызша сөйлеу, т.б [11, 32] .
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің принциптерін мыналар:
1. Тіл дамыту жұмыстарын оқушының ойын дамытумен байланысты жүргізу
принципі;
2. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуда ауызша және
жазбаша жұмыс түрлерін өзара байланысты жүргізу принципі;
3. Тіл дамыту жұмыстарын грамматикамен, әдебиетпен байланыста жүргізу
принципі.
Бұдан соң тіл дамыту жұмыстарын ұқыпты, жан-жақты жүргізудің
нәтижесінде қалыптасатын мынандай дағдылар:
1. Сөйлеудің тақырыбын аша білу;
2. Сөйлеудің түпкі негізін, ойын аша білу;
3. Сөйлеуге керектң материалдар жинай алу;
4. Жинақтаған материалдарды іріктеп жіне жүйелей білуі;
5. Жазба жұмыстарында жазғанын жетілдіру, дамыту дағдысы болуы;
6. Сөйлеуді белгілі бір құрылымдық тұрғыдан құрастыра алуы;
7. Өз ойын дұрыс, дәл, анық мүмкіндігінше мәнерлі жеткізе білуі.
Сонымен қатар, белгіленген бұл дағдыларды дамытудың жүйесі:
1. Дағдылардың біртіндеп меңгерілуі;
2. Тіл дамыту теориясынан қарапайым мәліметтер берілуі;
3. Сөйлеудің қиындығы ескерілуі;
4. Әр уақыт оқыту кезіңде жұмыс түрлері ұйымдастырылып отырылуы;
5. Тілдік жүйе мен жеке тақырыптардың арасындағы байланыс іске асырылып
отырылуы [12, 202].
Сөйлеу әрекеттері тілдесу жағдаяттарына байланысты қарым-қатынастық
мақсаттарды шешуге бағытталған дағдылар жүйесінің шығармашылық сипатқа ие
болуын қажет етеді. Сөйлеу әрекеттерінің төрт түрі бар. Олар: оқылым,
тыңдалым, жазылым және айтылым. Оқулықта тыңдалым мен айтылым әрекеттері
бірлікте қарастырылған. Сөйлеу әрекетінің екі түрі – тыңдалым мен айтылымды
– тілдесудің ауызша түріне, екі түрі – оқылым мен жазылымды – жазбаша
түріне жатады. Бұлайша бөлу, тілдесудің бұл екі түрінің бір-бірінен едәуір
алшақтығы бар екенін көрсетеді. Ол мәтін көлемінен де, ондағы синтаксистік
құрылымнан да жалпы тілдесу кезіндегі сөздер санынан да байқалады.
Сөйлеу әрекетінің төрт түріне оқыту төмендегі қажеттіліктерді талап
етеді:
1. Сөйлеу әрекетінің әрбір түрі өзбетінше іске асады. Алайда әрқайсысы
өзіне қажет дағдылардың дамуын талап етеді.
2. Сөйлеу әрекетінің ауызша түрлеріне ауызша, жазбаша түрлеріне жазбаша
жұмыс түрлері арқылы бақылау орнату қажет.
3. Оқыту кезінде оқу мақсаттарына сәйкес сөйлеу әрекетінің бір түрінің
ерекше басым екендігіне қарамастан, сабақтың тиімді өтуі үшін оқытушының
сөйлеу әрекетінің төрт түрін шеберлікпен үйлестіре білуді талап етеді.
Айтылым мен жазылым әрекеттері. Айтылым мен жазылым – сөйлеу әрекетінің
бірі ауызша, бірі жазбаша өнімді түрлері. Оқылған және тыңдалған
дүниелерден есте қалғандары баяндауды мақсат ететін оқылым мен тыңдалымнан
айтылым мен жазылымның айырмашылығы тілдесе қарым-қатынас жасауға құралады,
сұхбаттасына тікелей әсер ете отырып, өз мақсатына жетуді көздейді [13, 6].
4-кесте
Айтылым мен тыңдалымның сөйлеу әрекетінің ауызша түрі
ретіндегі арақатынасы
Айтылым: әуелі оқушы Тыңдалым: сөздік белгілерді
сөйлейді, айтушы тілдік білу, түсіну, басқаның
оралымдарды қолданады, сөзін ықыласпен тыңдай білу
айтуда үзілістермен дауыс керек. Айтылым кезіңдегі
ырғағы рөл атқарады, сөйлеу жағдаяттарына
айтушының тыңдаушысы бар, олсүйену, емеуірін
оның реакциясын көре алады, құралдарына назар аудару,
ауызша сөйлеу толық емес егер сөйлем дұрыс естілмей
сөйлемдерден де болады, қалса, қайталауды өтіну
ауызша сөйлеуде қысқарту, қажет. Айтушының сөзінің
бір тақырыптан екіншісіне мағынасын түсінуге тырысу,
ауытқу жиі байқалады. оны мұқият тыңдап
тұрғаныңды сездіру,
өзіндегі мсөздік қорға
сүйену мүмкін болмаса,
айтушы сөзіне, оның дауыс
ырғағына, қолданған емеурін
ө құралдарына қарап болжам
н жасай білуге үйрену қажет.
б
а
я
д
і
Жазылым: адамды жазуға Оқылым: көру арқылы
үйрету керек. Жаза білу қабылданып, есте қалады,
оқушыдан білімді талап қоршаған ортамен
етеді. Жазу үшін тыныс байланыстың жоқтығы,
белгісін, сөйлемдердің сондықтан сөздің жайылыңқы
логикалық жүйелілігін болуы, ойдың жүйелілігі,
сақтауы керек. Жазбаша жұмысбірізділігі, монологтік
уақыт пен жоспарлауды талап сөйлеудің орын алуы,
етеді. Ол логикалық жағынан сөздікті пайдалану, сол
дұрыс ұйымдастырылуға тиіс, арқылы түсініксіз мәселеге
қайталау болмауға тиіс. қайта оралуға тиіс.
Жазылым мен оқылымның сөйлеу әрекетінің жазбаша түрі
ретінде арқатынасы
Оқылым – жазбаша сөзді түсіну мен көру арқылы қабылдауға бағытталаған
тілдік әрекет. Оқылым әрекетінде оқушылар ұсынылған тақырып негізінде
мәліметтер беретін мәтіндермен танысып, мәтін жанры мен негізгі мәселені
айқындайды. Жалпы сабақта атқарылытын басты жұмыс оқушыларға оқылым мәтінің
меңгерту болып есептелінеді. Өйткені, сабақта атқарылуы керек қалған
тапсырмалардың басым көпшілігі осы оқылым мәтініне сүйене отырып
орындалады. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты
оқушылардың әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым
заңдылықтарына сәйкес оқи алуы [13, 19].
Оқылымның шынайы әрекетінде қабылдау мен мәнін ұғыну бір мезетте жүзеге
асып, олардың өзара тығыз байланыстылығына қарамастан, бұл үдерісті
қамтамасыз ететін дағдылар мен икемдер шартты түрде 2 топқа бөлінеді:
1. Оқу техникасына байланысты – мәтіннің естілімдік өңделуі қамтамасыз
етеді, яғни көзге көрінетін шартты белгілер таңбаларын мағыналық
бірліктерге өзгерту немесе қабылданған графикалық белгілерді олардың
мағыналарымен сәйкестендіру;
2. Қабылданған ақпаратты мағыналық өңдеу – әр түрлі деңгейлердегі
тілдік бірліктердің мағыналары бойынша және сәйкес мәтіннің мазмұны,
авторлық көзқарас және с.с. арасында байланыс орнату (мұндай икемдер
мәтінді аяқталған тілдік пікір ретінде түсінуге мүмкіндік береді) [13, 27].
Ойтүрткі дегеніміз – оқылым әрекетіде берілген қосымша тапсырмалар
айдары. Мұнда оқылымдағы мәселеге қатысты сұрақтар беріледі. Оқушылардан
осы сұрақтарға жауап ала отырып, мәтінді қаншалықты меңгергенің анықтай
аламыз. Оқушы өзіңнің білім қоры мен ойлау жүйріктігін аңғарта отырып,
сұрақтарға жауап қайтарады.
Тыңдалым және айтылым әрекетінде оқушылар оқулық соңында берілген
мәтіндерді немесе сілтеме бойынша ғаламтор материалдарын тыңдап, оны
жеткізуге, ой қорытындысын жасауға дағдыланады.
Жеке бөліп қарастырсақ, сөйлеу әрекеттерінің ішінде басқа әрекеттерді
қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады.
Өйткені, күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп,
көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу
әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы
тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым,жазылым,оқылым), яғни айтылып
жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-
қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген
мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.
Оқулыққа оқылым мәтінің тыңдауға болатын сайттардың сілтемелері
көрсетілген, оқушы мәтін мазұнын осы аудиожазбаларды тыңдау арқылы меңгере
алады.
Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз
көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік
пен біліктілік деңгейіне бағытталады. Айтылым – ауызша вербалдық қарым-
қатынас (тыңдалыммен бірге) арқылы жүзеге асатын сөйлеу әрекетінің өнімді
түрі.
Айтылым әрекеті оқушыларды мынандай қасиетттерге баулиды:
1. Ой-пікірлерін қысқа және нақты жеткізіп үйренеді;
2. Кітап тілінен тыс, ойларын айқын жеткізеді;
3. Сынып алдында өздерін еркін ұстайды.
Жазылым оқылыммен өте тығыз байланысты, себебі олардың негізінде бір
графикалық тілдік жүйе жатыр. Жазылым әрекетінде оқушылар оқылым және
тыңдалым материалдары негізінде өз ойларын жазбаша сауатты жеткізуге
үйренеді. Оқушы берілген мақсатқа сай жаттығуды толық және дұрыс орындап
отырса, оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу тілінің
де біртіндеп байығанын байқауға болады.
Жазылым грамматикалық дағдыларды нағайтады. Жай ған көшіру немесе
шығармашылықты талап ететін жазбаша тапсырмалар берілгенде, ол есте
сақтауға белгілі бір жағдай тудырады. Жазба жұмыстарынсыз лексика-
грамматикалықматериалды есте сақтау оқушыларға қиындық туғызады. Мұндағы
жазба жұмыстары лексикалық және грамматикалық тақырыптарға байланысты да
беріледі.
Әдеби тіл нормалары бөлімінде оқушылар тілдік, грамматикалық
ақпаратттармен, ереже, анықтамалармен танысып, оларды жаттығулар орнындау
барысында дұрыс қолдануға үйренеді. Бұл бөлімде оқушылар грамматикалық
тақырыптармен танысады. Оқулықтағы грамматикалық тақырыптар жүйелілік
принципіне сай орналастырылған.
Оқушылардың ереже, анықтамаларды меңгергенін және лексикалық тақырыпты
қаншалықты түсінгенін тексеруде – деңгейлік тапсырмалардың ұсына алу мол.
Оқушылар тапсырмаларды қарапайым деңгейден бастап, ізденімдік, шығармашылық
деңгейдің тапсырмларын орындайды. Оқулықтағы деңгейлік тапсырмалар оқушының
білімін тексеруге бағытталған 3 деңгейден тұрады. Алғашқысы – қарапайым
деңгей. Қарапайым деңгей тапсырмалары оқылым мәтініне сай берілген. Мұндағы
жұмыстар белгілі сөздермен сөйлем құраңдар, тыныс белгілердің қойылу
себебін түсіңдіріңдер, Сәйкестеңдіру кестесін толтырыңдар-сынды
тапсырмалар төңірегінде болады. Негізгі басымдылық лексикалық тақырыптарға
берілген. Екінші деңгей – ізденімдік деңгей. Мұндағы тапсырмалардың көбі
грамматикалық тақырыптарға берілген. Үшінші – шығармашылық деңгейде
ойтолғау, сипаттау мәтіндерін құру сияқты жұмыстар жүргізіледі [13, 32]
1.3 Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің
бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен
мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел
дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге
асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі,
жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол
мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен парасаттылықты
тәрбиелеу мүмкін емес [14, 7].
К.Д.Ушинский: Оқыту – тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды
пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті
құралынан айырылады, – деп атап көрсеткендей білім беру процесі мен
тәрбиелеу процесі егіз ұғым. Бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыруда арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді өз еңбектерінде
Ш.А.Амоношвили, О.С.Богданов, Е.В.Бондаревская, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончеров,
А.А.Гусейнов зерттеулерінен де көруге болады.
Қазіргі жаңартылған білім беру жүйесі оқушыларды білім нәрімен
сусындатып қана қоймай, олардың ана тілін еркін қолдануын, жалпы
дүниетанымын кеңейту мақсатымен қоса, жан-жақты тәрбиелі, адами қасиеттері
анық тұлға қалыптастыруды көздейді. Оқулықта берілген әрбір тақырыпты оқыту
арқылы оқушыларды тәрбиелейтін де мүмкіндік бар.
7-сыныптың оқулығында берілеген Сүйіспеншілік пен достық тарауы
арқылы оқушылар жанындағы баға жетпес құндылығы, жан дүниесін түсініп,
сырын, мұң-шерін тарқататын, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан – досын
сыйлауға, оларға құрметпен қарауға тырысатын болады. Тақырыпта берілген
Екі дос ертегісі мен амал достық пен адал достықтың аражігін ажыратын
әңгімелер арқылы шынайы достықтың қасиетін ұғады. Ағаш тамырымен, адам
досымен мықты тақырыбына диалог құрады. Ойтүрткі сұрақтарды қоя отырып,
оқушылардың достық жайлы ойлары анықталады. Нағыз достықтың өте сирек
кездесетін өзгеше сипаттарынан мысалдарды оқи отырып, достықтың ұлы күш
екенін ұғады. Бұл атқарылған жұмыстар арқылы оқушылардың ойында адал
достықтың нышандары байқалып, сыныптас достарына деген сыйластығы арта
түседі. Қажет кезде қол ұшын беруге, сөзімен де, ісімен де медеу болуға
үйренеді. Сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі тақырыбында оқушылар
туған жерге, табиғатқа, адамның сыртқы және ішкі сезім-күйлерінің
сұлулығына сүйсінуден туған өлеңдерді оқып, өздеріңе ой түйеді. Ойларын
ортаға салу арқылы өзара пікір алмасады. Оқушыларды осынадай жұмыс арқылы
адамның өміріндегі ең қадірлі нәрсе – сүйіспеншілікке, бауырмалдылыққа
тәрбиелеуге болады.
Халқымыздың музыкалық мұрасы өте бай. Ұлтымыздың өзіндік кескін-келбеті
мен болмыс-бітімін айқындайтын, өзіне тән мәдениетіндегі ән өнерінің алар
орны ерекше. Қазақ халқының аса бай ән өнерін дамытуға Біржан сал, Ақан
сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай,
Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, жаңа биікке
көтерді. Міне, Музыка өнеріне арналған тарауда оқушылар осы мәліметтермен
таныс болады. М.Әуезов: Әнге әуез, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге
ғашық болып өседі деп айтқандай оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде
музыканың атқаратын рөлі шексіз. Эстетикалық тәрбие – мектеп оқушыларының
әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсымен жаманды байқап,
творчестволық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдікқызметтік әр
түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталған [14, 134].
Тақырыпты өту барысында халқымыздың дәстүрлі әндері, күй-жырлары,
классикалық және опералық жуындылары басылған аудиожазбаларды тыңдатуға,
эстетикалық талғамдарын молайтуға мол мүмкіндік туады. Сонымен қоса, сабақ
барысында оқушыларды музыка өнерінің тарихымен таныстырып қана қоймай,
әндер тыңдату арқылы шығарманың мінезін, мазмұнын сезінуге, музыканы бар
денесімен сезіне отырып, ұйып тыңдауға баулу жұмыстары жүргізіледі. Музыка
оқушыларды толғандырады, қабылдаушылық қабылетін оятады, өмір
құбылыстарымен таныстырады, оларды бір-бірімен салыстыра отырып ой
туғызады.
В.А. Сухомлинский: Музыка арқылы тәрбиелеу – бұл музыкантты тәрбиелеу
емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу, – дегендей балалардың музыкаға деген
эмоциялық көз қарасты қалыптастырып, есту қабілеті жетілдіре түседі,
шығармашылық елестету пайда болады. Балалардың тербеніс-толғаныстары
өзіндік эстетикалық рең алады. Музыка баланың сезіміне тікілеі әсер ете
отырып, оның моральдік бейнесін қалыптастырады [15, 21].
Қазақстандағы ұлттар Достастығы тақырыбы оқушылардың бойына
сыйластық, ауызбіршілік, ұйымшылдық сіңіруде және толеранттылық тәрбие
беруде ерекше орын алады. Бұл тақырып оқушыларда өз елдеріне деген
мақсатаныш сезімін ұялатуға, олардың бойына патриоттылық тәрбие сіңіруге
мол мүмкін туғызады. Фордхэм университетінің профессоры П.Мордвидж:
Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің ішінде жоғары жетістікке жеткен алғашқы
ел, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz