Төмен қысымды қыздырғышты таңдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
:
: 1
Кіріспе: ЖЭО технологиялық сүлбесінің сипаттамасы
:
: 1. 1
Кіріспе: Газтазарту құралдары
:
: 1. 2
Кіріспе: Отын шаруашылығы
:
: 1. 3
Кіріспе: РЖЭО химиялық су тазарту
:
: 1. 4
Кіріспе: Техникалық сумен қамдау жүйесі
:
: 1. 5
Кіріспе: Гидроқожшығару жүйесі
:
: 2
Кіріспе: РЖЭО басты ғимаратының құрылымы және бас жоспары
:
: 2. 1
Кіріспе: Басты ғимараттың үйлестірілуі
:
: 3
Кіріспе: Қазандық және шығырлы цехтердің негізгі жабдығы
:
: 3. 1
Кіріспе: БКЗ-220-100-9 (ПК ст. №4, 5) қазанның қысқаша сипаттамасы
:
: 3. 2
Кіріспе: ТП-190 (ПК ст. №1, 2) қазанның қысқаша сипаттамасы
:
: 3. 3
Кіріспе: БКЗ-220-100 (ПК ст. №3) қазанның қысқаша сипаттамасы
:
: 3. 4
Кіріспе: Т-58/25-90 ст. №1 бу шығырлы қондырғысы
:
: 3. 5
Кіріспе: Т-58/25-90 ст. №2 бу шығырлы қондырғысы
:
: 3. 6
Кіріспе: ПР-55/25-90/10-1, 4 ст. №3 бу шығырлы қондырғысы
:
: 4
Кіріспе: Қазіргі жылулық сүлбенің сипаттамасы
:
: 5
Кіріспе: РЖЭО кеңейту
:
: 5. 1
Кіріспе: РЖЭО кеңейту үлгісінің негізделуі
:
: 5. 2
Кіріспе: К-17-1, 6 шығырлы қондырғының техникалық мінездемесі
:
: 5. 3
Кіріспе: К-17-1, 6 шығырлардың машиналық бөлімде орнатудың ұсынылатын үйлестіру үлгісі
:
: 5. 4
Кіріспе: РЖЭО айналымды суқамдау жүйесін кеңейту
:
: 5. 5
Кіріспе: Қосымша градирняны салу үшін құрылыс аймағын таңдау
:
: 6
Кіріспе: К-17-1, 6 шығырдың конденсациялық және жылулық сүлбесінің сипаттамасы
:
: 7
Кіріспе: К-17-1, 6 шығырдың жылулық есебі
:
: 7. 1
Кіріспе: Бастапқы мәліметтер
:
: 7. 2
Кіріспе: Реттеуіш сатының жылулық есебі
:
: 8
Кіріспе: К-17-1, 6 шығырдың жылулық сүлбесінің есебі
:
: 9
Кіріспе: РЖЭО-ның ыстық сумен қамдау және жылуландыруға жылулық жүктемесінің есебі
:
: 9. 1
Кіріспе: t н. о , t нв температуралары үшін жылу жүктемесінің есебі
:
: 10
Кіріспе: РЖЭО айналым жүйесінің есебі
:
: 11
Кіріспе: Қосалқы жабдықты таңдау
:
: 11. 1
Кіріспе: Шық сорғыштарын таңдау
:
: 11. 2
Кіріспе: Төмен қысымды қыздырғышты таңдау
:
: 11. 3
Кіріспе: Конденсаторды таңдау
:
: 11. 4
Кіріспе: Айналым сорғыштарын таңдау
:
: 12
Кіріспе: Автоматика
:
: 12. 1
Кіріспе: К-17-1, 6 шығырдың автоматикалық реттеу және қорғаныс жүйесі
:
: 12. 2
Кіріспе: Функционалды бақылау сүлбесін жасау
:
: 12. 3
Кіріспе: Шығырға бу шығыны үшін сүйірлендіргіш құралының есебі
:
: 13
Кіріспе: Қоршаған ортаны қорғау
:
: 13. 1
Кіріспе: Жылулық энергетиканың экологиялық проблемалары
:
: 13. 2
Кіріспе: РЖЭО кеңейту жобасындағы қоршаған ортаны қорғау
:
: 13. 3
Кіріспе: Ауа алабын қорғау бойынша іс-шаралар
:
: 13. 4
Кіріспе: РЖЭО қазандардан зиянды шығыстың есебі
:
: 13. 5
Кіріспе: Вентури құбырымен жабдықталған күлұстағыш қондырғының есебі
:
: 13. 6
Кіріспе: РЖЭО-да суды пайдалану және суды бұру
:
: 13. 7
Кіріспе: Жерасты суларын ластанудан сақтау бойынша іс-шаралар
:
: 14
Кіріспе: Еңбекті қорғау
:
: 14. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасының “Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі” туралы заңынан үзінді, 6 бап
:
: 14. 2
Кіріспе: Қайғылы жағдайларды талдау және статистикасы
:
: 14. 3
Кіріспе: Жөндеу персоналына қойылатын қауіпсіздік талаптары
:
: 14. 4
Кіріспе: Орталық жылулық щит машинистінің жұмыс орнын жарықтандырудың есебі
:
: 15
Кіріспе: Экономика
:
: 15. 1
Кіріспе: Күш өрісін талдау
:
: 15. 2
Кіріспе: Мақсат тармағын құру
:
: 15. 3
Кіріспе: РЖЭО құрылыс үйлесімі
:
: 15. 4
Кіріспе: РЖЭО кеңейту шығындарын есептеу
:
: 15. 5
Кіріспе: РЖЭО кеңейту үлгісінің экономикалық әсерінің және құнының қайтарылу мерзімінің есебі
:
: 15. 6
Кіріспе: Кеңейтуден кейін РЖЭО техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің есебі
:
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
:
:
Кіріспе: А қосымша
:

Кіріспе

Көптеген өнеркәсіптік дамыған елдердің үкіметтерінің саясаты (ЖЭО) салу және қызмет ету мерзімін ұзартуды жақтауға бағытталған, яғни екі түрлі энергияны өндірудің қиыстырылған түрін дамыту.

Бұл салада ластаушы заттардың төмен эмиссиясын қамтамасыз ететін, бірақ жоғары капиталды шығынды болатын төмен қуатты шығырлар жаңа технология болып табылады. Оларды қолдану кезінде отынды үнемдеу табиғи газдағы іштен жану қозғалтқыштарының үнемдеуімен шамалас болады.

ЖЭО-да өндірілетін электр энергиясы электр жүйесінен алынатын энергияға қарағанда экономикалық артықшылықтарға ие болады. Әсіресе электр энергиясы ірі тұтынушымен бір алаңда өндірілгенде өткізгіш және таратқыш торапты және қосалқы станцияны салуға (құрылысы энергия құнының 30%) қаржы үнемделеді, тұтынушының қайту жылуын пайдалану мүмкіндігі пайда болады, электр энергиясының құны да бәсекелестікке әсер етеді.

Сату нарығын жаулап алу үшін АҚ “ССГПО” өндірілетін өнімнің өздік бағасын төмендетуі тиіс. Бұны іске асыру үшін негізгі өндірісті өзіндік арзан электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет.

Екі төмен қуатты щығырды орнату арқылы ЖЭО кеңейту өзіндік электр және жылу энергиясының үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өнім бағасы төмендейді, сонымен қатар ТГ ст. №3 шығырын жүктеу арқылы ЖЭО жазғы мезгілде толық қуатпен жұмыс істей алады.


1 ЖЭО технологиялық сүлбесінің сипаттамасы

Рудный ЖЭО бес сатымен салынған. 1961 жылдың тамызда ЖЭО 1-ші қатары 25 МВт іске қосылды. Оның құрамына ТП-170 ст. №1 қазаны, ст. №1 Т-25-90 шығыры, ТВС-30 өндіргіші және ТДТНГ-31500/110 байланыс трансформаторы кірді. 1962 жылы ст. №2 өндіргіші жүктелді, 1964 жылы ст. №3 өндіргіші. Энергикалық қазандар ст. №2-5 сәйкесінше 1961, 1963, 1981, 1994 жылы іске қосылды. 1964 жылдан 1976 жылға дейін ст. №1-5 ПТВМ-100 су қыздырғыш қазандары жұмысқа қосылды.

ЖЭО жылулық график бойынша электр энергиясын конденсациялық режимде өнірумен жұмыс істейді. ЖЭО жылулық сүлбесі бөліктік принциппен бу және су бойынша көлденең баланыспен орындалған. ЖЭО айналымындағы шығындарды толтыру буды жылулық жинағышқа 1, 2 ата қысыммен беретін буландырғыш қондырғылармен іске асады.

ЖЭО-дан жылуды жіберу Рудный қаласының өнеркәсіп аймағы үшін ыстық сумен, ал ССГПО үшін бумен іске асады. Ыстық сумен қамдау жүйесі жабық. Жылу берудің температуралық графигі - қыста-130 0 С, жазда 70 0 С. Рудный қаласына жылуды жеткізу диаметрлері 500, 700 және 800 мм екі құбырла жүйемен үш бас жол арқылы іске асырылады.

Екібастұз көмірі РЖЭО-ға арнайы жартывагондармен жеткізіледі, олар таразымен өлшеніп көмір қоймасының жүк түсіру эстакадасына жіберіледі. Принциптік сүлбесі 1-1 суретте көрсетілген.

Содан кейін қоймадан көмір кранмен вагондарға жүктеліп, қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Қабылдау бункерінен және көмір қоймасынан көмір ұнтақтағыш корпуақа түседі, содан соң конвейермен тозаңжүйелерінің бункеріне жеткізіледі. Әрбір қазан шарлы дағыралы диірменмен екі тозаң жүйесімен жабдықталған, оларда ұнтақталған көмір үгітіліп, ыстық ауамен кептіріледі. Дайын көмір тозаңы оттықтарға тасымалданады. Қазан үшін ыстық ауаны дайындау: үрлегіш қазандықтың үстіңгі бөлігіндегі (жазда) немесе тікелей сыртқы ауаны (қыста) сорып, қазанның конвективті бөлігінде орналасқан ауақыздырғышқа жібереді. Әрі қарай ауа тозаң жүйелеріне және оттықтарға өтеді. Энергетикалық қазандардың жағу отыны-газ. Табиғи газ ЖЭО-ға магистралды газ жолынан ГРП арқылы өтеді, онда оның шығыны тіркеліп, қысымы реттеледі.

Отынды (көмір) жаққан кезде қож бен күл түзіледі. Қож ошақтың астына түсіріледі, ал күл қазанның газ трактіне түседі. Онда «Вентури» құбырлы сулы күл-ұстағыштарда ұсталынып, сумен қож арнасына шайылады.

Сурет 1. 1 - РЖЭО технологиялық процесінің қағидалы сүлбесі.

Күлқожды қоспа сарқыма сумен багерлі сорғыштардың зумпфіне түседі, ол оны ЖЭО-дан 8, 5 км қашықтықта орналасқан күл төгіндісіне тасымалдайды. Күл төгіндісінде қоспа тұнады, ал су қайтадан РЖЭО қожшығару жүйесіне оралады. Күл төгіндісінің үрлеу суы Василевск буландырғыш-жинауышына түседі.

Қазанға келетін қоректік су үнемдегіште қанығу температрасына дейін қыздырылады. Дағыдара субулы қоспадан буды бөліп алады. Бу әрі қарай бу аса-қыздырғышқа кетеді, ал су дағырадан түсіру құбырлары арқылы төменгі жинаушыға түседі. Қалқанды құбырлар арқылы ол қайтадан дағыраға түседі. Бу аса қыздырғыштан бу шығырға беріледі, онда жұмыс торларында және қалақшаларда будың жылулық энергиясы айналудың кинетикалық энергиясына айналады.

Бу ст. №3 шығырдың ағынды бөлімінен өтіп 1, 2 ата бойлерде тораптық суды қыздыру үшін жинауышқа түседі. Ст. №1, 2 шығырдан кейін будың бір бөлігі конденсаторға түседі. Конденсатордан шық деаэраторға төмен қысымды қыздырғыштар арқылы шық сорғышымен тасымалданады. Деаэратордан қоректік су үнемдегіштерге жоғары қысымды қыздырғыштар арқылы қоректік сорғышпен тасымалданады. Регенеративті қыздырғыштардың қыздыру ортасы болып шығырдың реттелмейтін алуының буы болып табылады.

Тұтынушыға жылуды жіберу ТГ ст. №1, 2 жылуландырғыш алуынан және ТГ ст. №3 кері қысымынан алынады, РОУ-100/8-13 және РОУ-100/1, 2-2, 5 ата. Жылуландыруға ыстық су жылуландырғыш алудан және буландырғыштың буынан алынады. Тұтынушыдан қайтатын су қаланың және өнеркәсіп аймағының жинауыштарына түседі. Ыстық сутарату сүлбесі - ашық, жылу торабынан. Жылу торабы үшін қоректік суды дайындайдың технологиялық сүлбесі: су сорғышпен бойлер (1, 2 ата бумен 45-50 0 С қыздырылады) арқылы химиялық цехке тасымалданады. Химиялық цехте су алдын-ала тазартудан өтіп, Na -катионитті сүзгілерде жұмсартылады. Химиялық тазартудан кейін су вакумды деаэраторға түседі, әрі қарай тораптық сорғыштарға беріледі. Тұтынушының және ЖЭО өзлік қажеттіліктерінің шығы сүлбеге қайтарылмайды.

Будың және шықтық сыртқы және станциялық ішкі шығындарын толтыру үшін И-600 буландыру қондырғысы қарастырылған. Су 40-50 0 С температурамен химиялық цехте механикалық және 2 сатылы Na -катионитті сүзгіде тазартылып шығырлы цехтің деаэраторына түседі, одан сорғышпен буландырғышқа беріледі. Буландырғыштың екінші буы 1, 2 ата жинауышқа айналымдағы шығындарды толтыру үшін түседі.

Турбоөндіргіш станцияның өздік қажеттіліктері үшін ГРУ-6 кВ шинамен трансформатормен қосылған, ал тұтынушыға ОРУ-110 кВ арқылы 35 кВ және 110 кВ сымы бойынша.

  1. Газтазарту құралдары
Түтіндік газдарды ластаушы заттардан тазарту үшін станцияда Вентури құбырымен сулы МВ-ВТН күлұстағыш скруберлер қолданылады. Қазандардың түтіндік газдары биіктігі 180 м, ернеуінің диаметрі 6, 0 м мұржа арқылы шығарылады.
  1. Отын шаруашылығы

Отын шаруашылығы келесіден тұрады: ұзындығы 140 м жүк түсіру құралы, отын беру екі жолды тракты, ұнтақтағыш құрал, ұзындығы 400 м жүк түсіру эстакадалар, сыйымдылығы 14 тонна отын қоймасы. Қойма «Блейхерм» фирмасының кранымен жабдықталған, өткін 60 м, сыйымдылығы 10 м 3 , өнімділігі 300т/сағ, 3 Д271 бульдозер және бір 1-727 виброкаток. ЖЭО отынберу өнімділігі - 200 т/сағ.

Жүк түсіру құралы АП-150х300 екі қалақшалы қоректендіргішпен және 2хАП-175-400 жабдықталған.

Отын беру тракты - екі жолды В=800 лентамен. Ұнтақтағыш құрылғы - 4 бөлімді, СМ-170А өнімділігі 200 т/сағ ұнтақтағыштармен. Қоймадан өтын қабылдау бункеріне түседі, одан кейін №5 конвейерге, №1А конвейерге, ал №1Б конвейеріне түсіргіш көмегімен түседі. Вагон таразысы жүккөтергіштігі 200 тонна орнатылған.

  1. РЖЭО химиялық су тазарту

Бу қазандары буландырғыш пен бу түрлендіргіштердің дистилятымен қоректенеді. Олар үшін су мөлдірлеткіште коагуляциямен әктендіру арқылы дайындалады. Механикалық сүзгілерде 2 сатымен тазартылады. Қондырғының өнімділігі 64 м 3 /сағ.

Сумен қамдау көзі-қалалық су құбыры. 500 м 3 /сағ су мөлдірлеткіште әктендіріледі, механикалық сүзгіден өтеді, Na -катиондау бір сатылы, екінші ағым 1300 м 3 /сағ. Жалпы өнімділігі 1800 м 3 /сағ.

  1. Техникалық сумен қамдау жүйесі

ЖЭО техникалық сумен қамдау жүйесі - айналымды. Салқындатқыш ретінде градирня қолданылады. Суландыру ауданы 1600 м 2 . Салқындатқыш судың жалпы шығыны 14000 м 3 /сағ болады. Салқындатқыш су конденсаторға табиғи тегеурін арқылы өтеді. Қыздырылған су айналым сорғыштарымен қайтарылады.

  1. Гидрокүлшығару жүйесі

ЖЭО гидрокүлшығару жүйесі айналымды, гидравликалық, өзіне багерлі сорғыш станциясын, болат күлқож құбырларын, су жолдарын, мөлдір судың сорғыш станциясын және күл төгіндісін құрайды. Багерлі сорғыш станциясы күл мен қожды қазаннан алады. Суару сорғыштары мөлдір суды Вентури құбырына береді. Скруберді суаруға, күл мен қожды тасымалдауға, салқындатуға мөлдірленген су НГЗУ жинауышынан алынады.


2 РЖЭО басты ғимаратының құрылымы және бас жоспары

РЖЭО алаңы Рудный қаласынан солтүстікке қарай екі километр қашықтықта орналасқан. Геологиялық тұрғыдан РЖЭО барлық алаңы 12 м тереңдікке төрттік неогенді және полеогенді қабаттардан құрылған.

РЖЭО алаңы шегіндері жер кескінінің жоғарғы нүктелері 172, 5-тен 179, 5-ке дейін жердің еңіс бағытында жатыр.

Жер асты суларының деңгейі ұсақ түйіршікті топыраққа ұласқан. Су деңгейінің абсолютті белгілі 175, 1-176, 1 м жер бетінен. Жер сулары тербелісінің амплитудасы 0, 5 м, сулар құрылысқа зиянсыз.

Жердің қатуының орташа тереңдігі 2, 5 м.

ЖЭО алаңының аймағы сейсмоқауіпсіз.

РЖЭО құрылысына бөлінген жердің ауданы 216, 9 га. Құрамында: электрстанция алаңы 72, 9 га; күл төгіндісі 45, 4 га.

Берілген жобада тек ғана РЖЭО алаңының бас жоспары қарастырылады.

Электр станцияның алаңында РЖЭО басты ғимараты, біріктірілген қосалқы корпус, қатты отын қоймасы, ұнтақтау корпусы, градирня, трансформаторлар, ашық тарату құралдары, әкімшілік-лабораториялық ғимарат орналасқан.

РЖЭО алаңы өзеннің сол жақ жағасында орналасқан. Сыртқы автожолдармен алаң ұзындығы 0, 9 км жолмен байланысқан.

Электрстанция территориясының тік жоспарлануы мүмкіндігінше жергілікті табиғи бедерді сақтаумен жасалған. Сонда да ол судың ғимараттардан ең қысқа жол бойынша арнайы арналарға ағуын қамтамасыз етеді. Жоспалланатын алаңдардың минималды еңістері 0, 005-0, 008 қабылданады.

Ғимараттардың қабырғалары бойымен ені 500 мм кем емес, төбенің шығысынан 200 мм ұзын, еңісі 0, 03-0, 10, қабырғадан сыртқа бағытталған шығыстар орнатылған.

Машиналық бөлім мен қазандық цехтің едені 0, 0 м белгіде орналасқан. Жыл бойы Рудный қаласында орташа жылдамдығы 5 м/с желдер басым болды. Олар оңтүстік-батыс (22%) және батыс бағытта соғады.

Басжоспар үйлесімінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері:

1 Электрстанция алаңының ауданы F=72, 9 га

  1. Ғимараттар алып жатқан аудан Ғзд=10, 7 га
  2. Ғимараттар, темір және автожолдар ауданы Ғсум=93 га
  3. Өнеркәсіптік алаңның меншікті ауданы
  1. Территорияны пайдалану коэффициенті
  1. Құрылыс коэффициенті

Жел бағытының қайталануы, %; желдің орташа жылдамдығы, м/с; желдің минималды және максималды жылдамдығы, м/с («Құрылыс климатологиясы және геофизикасы» нормалары бойынша СНИП-01. 01. 82) . Рудный қаласы үшін 2. 1 кестеде берілген.

Кесте 2. 1 - Жел бағытының қайталануы, %; желдің орташа жылдамдығы

:
С: С
СШ: СШ
Ш: Ш
ОШ: ОШ
О: О
ОБ: ОБ
Б: Б
СБ: СБ
: Румб бойынша максималды орташа жылдамдық
С: Қантар
:

10

4, 3

С:

11

4, 3

СШ:

3

3, 4

Ш:

6

4, 3

ОШ:

28

5, 2

О:

27

2, 8

ОБ:

8

5

Б:

7

4, 2

: Румб бойынша минималды орташа жылдамдық
С: Шілде
:

23

5, 1

С:

15

4, 7

СШ:

6

4, 2

Ш:

5

4, 1

ОШ:

8

4, 1

О:

9

4, 3

ОБ:

13

4, 9

Б:

21

5, 1

2. 1 Басты ғимараттың үйлестірілуі

Көлемдік жоспарлау бойынша басты ғимарат 3 шығырды орнатуға жобаланған: Т-58/25-90, Т3В -63-243, ТР-55-90/1, 6, және бес қазанды орнатуға: ТП-190, ТП-190, БКЗ-220, БКЗ-260, БКЗ-270. Ғимарат бес өткіннен тұрады: машиналық бөлім, 27 м өткіні, «А-Б» қатары; диаэраторлық бөлім, өткен 9 м, «Б-В» қатары; бункерлік бөлім, өткіні 9 м, «В-Г» қатары; қазандық бөлім, өткіні 27 м, «Г-Д» қатары; түтінсорғыш, өткіні 9 м, «Д-Е» қатары.

Бағандардың адымы 6 метр қабылданған.

Машиналық бөлім шығырлардың бойлық орналасуымен үйлескен және жүккөтергіштігі 75, 25 т кранмен жабдықталған.

Машиналық бөлімнің негізгі белгілері: шықтық бөлімнің едені 0, 0 м; шығырларды күту белгісі 8, 0 м; жаппалардың асты 20 м. Машиналық бөлімнің шықтық бөлігінде шығырлардың фундаменттері, конденсаторлар, қоректік (ПЭН-270-150), шықтық (КСД5х3) және құрғатқыш сорғыштар, электр майсорғыштары, салқындатқыш су сорғышы (20НДН 24), регенеративті және тораптық қыздырғыштар орналасқан.

Шығыр және өндіргіш дірілден қорғану үшін басқа құрылымдардан бөлек орналасқан құрама іргетасында орнатылады. Олардың айналасында күту алаңдары жасалады. Регенеративті қыздырғыштар шығырдың оң жағында темір бетонды қаңқада орналасады. Қыздырғыштардың орналасуы құбырлардың ыңғайлы үйлестірілуіне байланысты.

Қосалқы жабдықтарды қызмет ету үшін шығырды күту алаңы мен шықтық бөлімнің едені арасында аралық алаңдардың екі қабаты қарастырылған.

Қалтада («А-А» қатары) тораптық 10НМК-1000 80 (140) және айналымдық сорғыштар мен құбырлары орналасады.

Бункерлік - деаэраторлық бөлім, «Б-В-Г» өткіні, басты ғимарат қаңқасының беріктік өзегі болып табылады. «Б-В» өткінде орналасады: -2, 1 м - РУСН, ГРУ кабельдер жолдары; 0, 0 м - РУСН-6, 3 және 0, 4 кВт; 8, 0 м - басқару орталық қалқаны; 10 м - жоғары қысымды құбыр жолдары, РОУ; 14, 0 м - 6 және 1, 2 ата деаэраторлар. Оларды жөндеу үшін 2 кран, көтергіштігі 10 т орналасқан. «В-Г» өткінінде орналасқан: көмір бункері; 0, 0 м - ШБМ 287/470 және үрлегіш ВМ-18 ДЛ; 8, 0 м - көмір қоректендіогіш; 0, 0 м - 21, 0 м дейін - көмір бункерінің таспалы тасығыштары.

Бұл бөлім қазандықтан «В» қатары бойынша қабырғамен (0-23, 1 м), 23, 1 м белгіде жаппамен және «Г» қатары бойынша қабырғамен (23, 1м 29, 4 м) бөлінген.

Қазандық цехте 0, 0 м +34, 8 м дейін ТП-190, БКЗ-220, БКЗ-260 және БКЗ-270 орналасқан. 0, 0 м белгіде гидрокүлшығару жабдығы, үрлегіштер ДН-22х2-0, 62 және багерлі сорғыштар тұрады. Қазандар жеке қаңқаларда орналасқан, жәндеу үшін көтергіштігі 30 т екі кран орнатылған.

ДН-20х2 және ДН-22-0, 62 түтін сорғыштары «Д-Е» қатарында орналасқан. Басты ғимаратта автомобиль кірісі бар жөндеу алаңдары қарастырылған.

3 Қазандық және шығырлы цехтің негізгі жабдығы

3. 1 БКЗ-220-100-9 (ПК ст. №4, 5) қазанның қысқаша сипаттамасы

Е-220-9, 8-510 КТ бу қазаны (БКЗ-220-100-9 модель) бір дағыралы, тік-суқұбырлы, табиғи айналымды, жарғақты тақталармен, Екібастұз көмірін және табиғи газды жаққанда, жоғары қысымды буды алу үшін арналған. Қазан П-тәрізді сүлбе бойынша құрылған.

Қазан келесі номиналды көрсеткіщтерге жобаланған: бу өнімділігі - 220 т/сағ; дағырадағы бу қысымы - 11, 4 МПа; бу қысымы - 9, 8 Мпа; бу температурасы - 510 0 С; қоректік су температурасы - 215 0 С.

Қазан аралық бункері бар екі жеке тозаңдайындау жүйесімен жабдықталған. Отын өнімділігі 16 т/сағ ПСУ 700х4000 қоректендіргіштерімен диірменге беріледі. Көмірді үгіту және кептіру екі ШБМ 287/470 шарлы дағыралы диірменде іске асырылады. Олардың өнімділігі 32 т/сағ.

Кептіргіш агент пен көмір тозаңын тасымалдау үшін жүйеге ВМ-18Дл диірмендік үрлегіші орнатылған:

  • 5% қорымен өнімділігі - 40, 9х103м3/сағ;
  • 25% қорымен толық тегеурін - орта температурасы 700С болғанда 10400 Па;
  • айналым жиілігі 1480айн/мин.

Диірменнен кейін ауалы қоспа диаметрі 3300 мм СПВШ 3300/1200 ажыратқышқа түседі. Ажыратқышта қоспадан тозаңның ірі бөлшектері алынып, қайтадан диірменге жіберіледі. Ұнтақтаудың қажетті жіңішкелігі ажыратқыш қалақшаларының орналасуымен жөнге салынады.

Ажыратқыштан кейін ауалы қоспа диаметрі 2360 мм ЦП-2 құйынғыға түседі де, тозаң ауадар айырылып көмір бункеріне түседі. Бункерден тозаң ППЛ 10А қалақшалы тозаң қоректендіргіштерімен оттықтарға беріледі. Қоректендіргіштердің әрқайсының өнімділігі: максималды 14, номиналды 10, минималды 2, 8 т/сағ. Өнімділік электр қозғалтқыштың айналым санын өзгерту арқылы реттеледі.

Қазан екі ВДН-20 үрлегішімен жабдықталған: 10% қорымен өнімділігі - 131, 2х10 3 м 3 /сағ. Үрлегіш айналым жылдамдығымен және бағыттауыш құралмен реттеледі.

Суық ауа қазандықтың үстіңгі бөлігінен және сырттан сорылып алынады. Газдарды сору үшін қазанда ДН-22х2-0, 62 екі түтінсорғышы орнатылған: 10% қорымен өнімділік - 170, 7х10 3 м 3 /сағ, 20% қорымен толық тегеурін - орта температурасы 71 0 С болғанда 2960 Па, айналым жиілігі 745 айн/мин. Түтін сорғыштың өнімділігі қуаты 325/160 кВт ДА304-450 электр қозғалтқышымен реттеледі. Түтіндік газдарды күлден тазарту үшін Вентури құбыры орнатылған сулық скруберлерден тұратын күлұстағыш қондырғы қарастырылған. Қайта құрудан кейін ПК ст. №4, 5 бу өнімділігі сәйкесінше 260 және 270 т/сағ дейін өсті.

3. 2 ТП-190 (ПК ст. №1, 2) қазанның қысқаша сипаттамасы

ТП-190 (ТП-21) жоғары қысымды қазан екі дағыралы, тік - су құбырлы табиғи айналыммен, 2 сатылы буландырғышпен, будың дағыралы жууымен. Дағырада 110 атм қысымдағы қазанның жобалық өнімділігі 190 т/сағ, аса қызған бу температурасы - 510 0 С, қоректік су температурасы - 215 0 С. Қазанның ошағы камералы, көлемі 885 м 3 , 20 болат Ø 76х6 мм құбырлармен қалқандалған. Қалқандардың қыздыру беті - 480 м 2 . Бу аса қыздырғыш - иірлі, тік, конвективті, 2 сатылы. Аса қыздырғыштың қыздыру беті - 1635 м 2 . Сулық үнемдегіш қарсы ағынды, 2 сатылы, қайнаған типті. Қыздыру беті 1400 м 2 . Үнемдегіште суды қыздыру 215 0 С-ден 315 0 С-ге дейін. . Ауа қыздырғыш - қарсы ағынды, 2 сатылы, үнемдегішке қиылыстыра орналасқан. ПК ст. №1 тік Вентури құбырлы 4 жүрісті скруббер орнатылған. ПК ст. №2 жатық Вентури құбырлы бір жүрісті төрт скруббер орнатылған. Күл мен қож өнімділігі 800 м 3 /сағ ГР 800/71 багерлі сорғыштармен алынады.

Сору-үрлеу қондырғысы құралады:

Екі Д-20х2 түтінсорғыштан, өнімділігі 205000 м 3 /сағ, айналым саны 730 айн/мин, статикалық тегеурін 400 мм су бағ. Түтінсорғыштың жетегі ДАМСО 15-7-10, қуаты 260 кВт, ток күші 35А.

Екі ВД-18 үрлегіштен, өнімділігі 105000 м 3 /сағ, 740 айн/мин, статикалық тегеурін 240 мм су бағ.

Тозаң дайындау қондырғысы 2 жеке жүйеден, ортақ бункерден және ортақ диірменді үрлегіштің тегеурінді шаршысынан тұрады. Тозаң дайындау жүйесі жабдықталған: екі ШБМ-287/410.

3. 3 БКЗ-220-100 (ПК ст. №3) қазанның қысқаша сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр стансаның негізгі электр жабдықтары мен сұлбасын таңдау
ЖЭО қосалқы жабдықтары
Қыздырғыштардың алдындағы газ қысымы
Қыздырғыштың ирек түтікшелерінде қысымның жоғарылап кетуі
Газдар үшін жылу өткізгіштік коэффициенті
Ақтөбе жылу электр орталығын қалпына
Негізгі жылыту су жылытқыштарын автоматты басқару жүйесін құру. Мамандығы 5В070200 – Автоматтандыру және басқару
Ауа қыздырғыш
Қысымда жұмыс істелетін ыдыстар мен бұйымдардың эксплуатациялық қауіпсіздігі
Оттықты реконструкциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz