Мінез акцентуациясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Мінез акцентуациясы

Жоспар:
Акцентуация түсінігі.
Мінездің акцентуациялануы.
Мінез акцентуацияларының классификациясы (К.Леонгард бойынша).
Жасөспірімдердің мінез акцентуацияларын тегістеу бойынша түзету-дамыту жұмыстары.
Акцентуация түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын.Оның еңбектерінде акцентуацияланған тұлға және мінез-құлықтың акцентуацияланған қырлары деген тіркестер қолданылады.
К.Леонгард психопат терминін акцентуацияланған тұлға терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша акцентуацияланған тұлға ауру адамдар емес, бұл өздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден акцентуанттарды психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады.
Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның өмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. Акцентуация жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады. [1]
Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі де таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін. Барлық акцентуацияларды Личко - адам өсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша өзгерістері ретінде қарастырады. Бірақ сонда да олардың көбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе өмір бойы сақталып қалады.
Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз болуы мүмкін емес.
А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт өте келе оның 80%-ға жуығы дұрысталады, жұмсарады және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жасырын немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты.
Айқын акцентуация - бұл дәреже норманың шеткі нұсқаларына жатады. Алайда, белгілі бір түрдегі бітістердің айқындылығы әдетте әлеуметтік бейімделуге кедергі келтірмейді. Қабілеттер мен мүмкіндіктерге сәйкес келеді. Жас ерекшелігіне байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері жеткілікті түрде айқын болып қалады, бірақ олардың бейімделуіне кедергі келтірмейді немесе айқын акцентуация жасырын болып өзгереді.
Жасырын акцентуация - бұл дәреже шектен тыс емес, қалыпты нұсқаларға жатады. Әдеттегі жағдайларда бітістердің қандай да бір түрінің белгілері әлсіз немесе мүлдем көрінбейді. Тіпті ұзақ бақылау кезінде, жан-жақты байланыс және егжей-тегжейлі танысу кезінде белгілі бір түр туралы түсінік құру қиын. Алайда, бұл түрдің белгілері ең аз қарсылық орнына бағытталған жағдайлар мен психикалық жарақаттардың әсерінен кенеттен және айқын көрінуі мүмкін. [2]
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, адамдардың шамамен 40%-ында акцентуация әлсіреп, 30-35 жасқа қарай жасырынады. Бірақ мінез бен тұлға арасында ымыраласу табылған кезде, акцентуация оралуы мүмкін. Психологтар 40 жаста адамды оның мінезі бойынша бағалау екіталай дейді. Себебі бірінші жоспарға тұлғаның басқа да жоғары қызмет ету деңгейлері: құндылықтар, мақсаттар, моральдық аспектілер, тұлғаның мінез-құлқын таңдауды анықтайтын. Бірінші жоспарға тұлғаның басқа да жоғары қызмет ету деңгейлері: құндылықтар, мақсаттар, тұлғаның мінез-құлқын таңдауды анықтайтын моральдық аспектілер тұрады.[3]
К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:
Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады. Сөзге құмар, қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi.
Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйде болады, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.
Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.
Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективпен бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды, жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi.
Тежелегiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар-ұяты мол.
Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста әріптестеріне үлкен талаптар қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ.
Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының мінез - құлық қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс - әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсері
Мінез акцентуациясы және конфликтілік жағдай кезіндегі мінез - құлық ерекшеліктері
Жасөспірімдердің акцентуациялық және психопатиялық мінез-құлықтарын диагностикалау
Жасөспірімдік шақтағы мінез акцентуация типтерінің көрінісінің жастық-жыныстық ерекшеліктері және динамикасы
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің даму ерекшеліктері
Мінез құрылымындағы қасиеттер
Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
Пәндер