Суррогат ана шарты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І тарау Суррогат ана түсінігі және мазмұны
1.1 Суррогаттылықтың
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5-8
1.2 Ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру ұйымы ... 8-11
1.3 Суррогат ана
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 11-14
ІІ тарау Суррогат ана болудың заңнамалары
2.1 Суррогаттылық тәсілдің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-1 6
2.2 Ислам суррогаттылық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6-18
2.3 Суррогат ана болудың пайдасы мен
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...18-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі ақпараттық қоғамда небір қолдан келер
кәсіптердің жарияланып тұратыны белгілі. Ғаламтордағы сайттардан Балаңызды
бағып беремiн деген жарнаманы күнде көріп жүрсек, бiрақ Балаңызды туып
беремiн дегенді оқып таңғалыстық. Әлбетте, әңгіме ауаны қоғамда жиі
айтылып жүрген қолдан ұрықтандыру тәсілі, яғни суррогат ана турасында болып
отырғанын ішіңіз сезген болар. Иә, бұрындары естімеген елде көп дейтін
едік. Енді естігенімізден көргеніміз көп болып отыр. Суррогат ана, яғни
құрсақ ана, ғылымда соңғы он бес жылда қарқынды дамыған медициналық құбылыс
болып есептеледі. Шарананы тоғыз ай көтеруге келісім берген ананың
құрсағына сәбидің биологиялық ата-анасының гаметалары енгізіледі. Осылайша
әйел нәрестені тоғыз ай көтеріп, ата-анасына аман-есен табыс етуі тиіс.
Әлемде бұл әдіспен қанша сәби дүниеге келгені туралы ресми мәлімет жоқ,
алайда бейресми сараптамаларға сенсек, дүниежүзінде суррогат ананың
көмегімен 220 мыңдай сәби туылыпты. Бір қарағанда, бәрі дұрыс-ау. Бірақ
кейбір Батыс елдерінде ешбір кінәратсыз-ақ, қол-аяғы балғадай келіншектер
дене бітімін бұзып алмау мақсатында арнайы түрде суррогат ана қызметіне
жүгінеді екен. Ондай шетелдік тапсырыстарды орындау бойынша Украина
әйелдері алдыңғы орында келетін көрінеді. Ал елімізде суррогат ана
қызметіне қай бағытта жүгініп жатқанымызды саралау жағына келсек, екіұдай
пікірде қалады екенсің. Заңдық мағынасында отбасы дагеніміз -
бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды
тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық
қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік
және мүлікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан
адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке
қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы болып
табылады. Неке отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-
зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған
еркекпен әйелдің арасындағы тең құқықтық
одақтықднекеддепдтүсінуіміздқажет.ж жжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжж Курстық
жұмыстың мақсаты:лқоғам мен мемлекеттік негіздегі суррогат ана жайлы
ерекшеліктерді ашу, сонымен қатар суррогат ананың маңыздылығын
көрсету.ддддддддддддддддддддддддддд дддддддддддддддддддддддддддддддддКу рстықд
жұмыстыңдміндеттері:жжжжжжжжжжжжжжж жжжжжж ---
1.суррогатжанажтуралыжтүсінікжберу; жжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжж2.суррогат ананың
қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық негіздерін
айқындау;жжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжж жжжжжжжжжжжжжжжжжКурстық жұмыстың
құрылымы: кіріспеден, ІІ тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімі және қорытындыдан тұрады.

І тарау Суррогат ана түсінігі және мазмұны
1. Суррогаттылықтың тарихы

Негізінен алғанда, 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Неке және
отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңы бойынша суррогат ана
дегеніміз – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға
бала бiтiру, оны көтеру және туу. Ал суррогат ана шарты деп – балалы болуды
қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмбрион
имплантациясын қолдануға келiсiмiн берген әйелдiң арасындағы келiсiмді
айтады. Ал 2004 жылдың 16 шілдесінде қабылданған Адамның ұрпақты болу
құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы Қазақстан
Республикасының заңында суррогат ана ұғымы заң жүзiнде бекiтiлгені
белгілі. Осы заң бойынша елімізде адамды клондауға тыйым салынса, ал ерлi-
зайыптыларға суррогат ана қызметiне жүгіну құқы берiлген болатын.
Түйгеніміз, бізде заңды түрде суррогат ана болуға болады және оның арнайы
келісім-шарты бар.
Бала көрудің бұл әдісінде қандай сорақылық бар деуіңіз мүмкін. Әсіресе,
(ресми мәліметке сәйкес) Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 16 пайызы нәрестелі
болу бақытына жете алмай жүргенін ескерсек, перзент сүюдің оңтайлы жолы осы
дерсіз. Бірақ бір гәптің шеті шығып қалған сияқты. Мәселе балада емес,
анада болып отыр. Анығын айтқанда, бұл суррогат ананың пейіл, ниетінде және
осы қызметті жарнамалап жүрген делдалдарда болып отыр. Мәселен, жатырын
жалға бергендердiң арасында әлi тұрмыс құрмаған 20 жастағы қыздар да бар.
Бұларға не жорық? Бұдан басқа кәсіп жоқ емес қой. Нарық заманы келгелі,
басқа басқа, дәл әйел затына жұмыстар тұнып тұрған жоқ па. Әркімнің өз
құқығы бар десек те, біреудің мұқтаждығын біреу пайда табу пиғылына бұрып
жатса, ондай әрекеттен ұтпасымыз анық. Бүгiнде бұл iс қып-қызыл бизнес
көзiне айналып барады. Біреулер суррогат анаға жүгіну бала көрудің соңғы
мүмкіндігі деп қараса, енді біреулер үшін жақсы қаржы табудың тиімді көзі
болып отыр. Соңғы кездері отандық экономиканың көлеңкелі бөлігінде
суррогат ана қызметіне делдал болып ақша табу үрдісі байқалады. Бұл
балаға зәрулердің арманын іске асыруға көмектесу деп жұқартып айтайық
десек, талай жайттарды көрген соң пікірімізді өзгертуге тура келді. Бұл
бизнес түрі бұрындары тасада қалып келсе, енді, міне, өзін жаңа қырынан
айқара ашқан түрі бар. Неге десеңіз, елімізде ақылы инкубатор қызметін
атқаруға кезекке тұрған әйелдер саны жылдан-жылға көбейіп барады. Қазір
бөтен құрсақ қызметіне тек жылдар бойы генетикалық сәби көре алмай келе
жатқан отбасылар ғана емес, сондай-ақ тұла бойын бұзғысы келмейтін
нәзікжандылар да бой ұра бастаған.
Елiмiзде суррогаттық әдiстiң қолданысқа енуiн қолдаймын. Бiрақ, мұның
екiншi жағы бар. Мәселен, суррогат ана өзi туған баланы шарт жасасқан
адамдарға беруден бас тартуға немесе өзгелерге тарту етуге құқығы жоқ. Ал
кейбiр мемлекеттерде құрсақ аналар нәрестенi биологиялық ата-анасына беру-
бермеуiн өздерi шешетiн көрiнедi. Бiздегi заңның осы тармағы құтыдағы
шарананың шетел асып кетуiне жол ашпасына кiм кепiл? 
Суррогат ана – суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер
үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін
құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел; Суррогат ана болу –
сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт
бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды)
көтеру және туу;
Заңдық мағынасында отбасы дагеніміз бұл некеден,
туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге
алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды
нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке
қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.
Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынасын реттейтін
негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының
Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады.
Неке отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-
зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған
еркекпен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақтық-неке деп
түсінуіміз қажет.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап
алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын
қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы
қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді.
Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік-өнегелік
нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік,
қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір
қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлермен әдет-ғұрыптарға сүйенеді.
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзар
келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке
толмағанлардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да
қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар
бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда
отбасылық мүлікті қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі
реттеледі, өйткені бұл қатынастардың обьектісі материалдық
игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен
тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген
отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес
қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол
отбасылық-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында
ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да
аға ұрпақ өкілдері-атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреунің ғана
болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса,
балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және
еңбекке жарамсыз ерлі зайыптылардың біреуі қайтыс болып,
екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса,
онда оған мемлекет жәрдем ақы ретінде материалдық көмек
көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең
жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

1.2. Ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру ұйымы
Мәселен, Бразилия заңы бойынша, бірге тумаған адамдардан басқаларға
суррогаттық ана болуға тыйым салынған. Тек шынайы жаны ашыған туысқаны ғана
суррогат ана болуы шарт. Тіпті Австрия, Норвегия, Швеция, Франция және
Американың бірқатар штаттарында, Италия, Швейцария, Германия сияқты Еуропа
елдерінде де оған тыйым салынған. Ал Италия, Франция, Германия елдерінде
бұл тыйымды бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабу да
көзделген. Австралия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Израиль, Испания, Канада,
Нидерланды және Американың бірқатар штаттары әйел жатырын жалға беруді
рұқсат еткенімен, суррогат анаға ақы төленбейді. Мұсылман елдерінің жайы
белгілі ғой. Атай көрме дейтіні анық. Осы жерде бір нәрсенің бетін ашық
айтуымыз керек. Бір қызығы, суррогат ана болуды табыс көзі ретінде заңмен
реттеген елдер қатарында Американың бірқатар штаттары, Оңтүстік Африка
Республикасы, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина, Белоруссия және Қазақстан
бар. Бәлкім, біздің заңнамаға да толықтырулар мен өзгерту енгізу керек
шығар. Айтып-айтпай не керек, елімізде суррогат ана іздеушілер де, болғысы
келушілер де күн санап өсіп барады. Анығы, суррогат ана қызметін бизнес
жасайтын құралға айналдырмауымыз әсте қажет. Әйтпесе, талай қарындастың
арандап қалары анық. Онсыз да қазақ қыздарының ішінде қазіргі кезде
әлеуметтік, моральдық бейнесі жақсы атанбай жүргендері қаншама
Шет елдерде осылай аталатын арнайы ұйымдар бар. Ол заңды түрде
мемлекеттік тіркеуден өткен. Медициналық жағынан да барлық талаптарға сай
мекеме болып саналады. Қызметі бар баласы жоқ ерлі- зайыптылармен заңды
түрде келісім- шартқа отырып талап еткен қаржысы төленген соң оларға бала
тауып беру. Ұлыбританияда 38 жасар құрсақ ана-Керол Хорлок суррагаттық
тәсілмен тоғыз рет өзгелердің баласын босанып, оған көлемді мөлшерде ақы
алған. Бұл- кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректер.
[2.19-20]
Біздің елімізде 2010 жылдың аяғының өзінде-ақ аталмыш сайтта суррогат
ана іздеген отбасылық жұптардан 9 хабарландыру ілінсе, ал суррогат ана
болуга дайын 11 әйелден ұсыныс түскен. Нарық заңы бойынша ұсыныс сұраныстан
артық болса, бұл қызмет түріне баға түсуі тиіс екені белгілі. Расында,
осыдан үш жыл бұрын бұл жұмысқа төленетін ақы 15-20 мың доллар көлемінде
болса, қазір 10-12 мың доллар шамасында. Бірақ мұндай бағаға қызмет
көрсетуге бәрі келісе бермейді. Әсіресе, потенциалды суррогат ананың жоғары
білімі болса немесе ол мейірбике болып қызмет атқарса (денсаулық сақтау
саласының кадрлары бұл салада үлкен сұранысқа ие), оған берер қаржы көлемі
20 мың доллардан асып түседі. Кейбір нәзікжандылар үшін уақытша ана болу
жұмысы негізгі қызмет түріне көшкен сыңайлы. Себебі басқалар үшін баланы
дүниеге әкелетін әйелдердің тәжірибеміз мол дегенге саятын ғаламтордағы
хабарландырулар соны аңғартады. Ал жұмыртқа жасушасын ақылы донорлыққа
беруге әзірлер жетіп-артылады. Ақша деп алақтаған делдалдар суррогат ана
сияқты кінәраты мол бизнестен қомақты қаржы табудың ретін көздейді. Мақала
басында тұрмыс құрмаған бойжеткендер тарапынан да суррогат ана болуға
ұсыныс түскенін айтқанбыз. Апырмай, бәрі қалып, енді қазақ қызының бұл
кәсіпке бет бұруын қалай түсінеміз? Әлде дағдарыс деп даурығып, қолдан
келер жұмыс осы деді ме екен. Әйтеуір, бұл жағдайдың көңілге қонып тұрғаны
шамалы. Бұл бағытта білекті сыбана жұмыс жасап жүргендер тағы сол делдалдар
сияқты. Ақшаның астында қалдырамыз деген желеумен шалғайдағы ауыл
қыздарын суррогат аналыққа тарту осы саладағы делдалдардың жерден жеті қоян
табатын кәсібіне айналғандай. Ауыл қыздарын 4-5 мың доллар көлемінде ақшаға
жалдап, суррогат анаға айналдыру үрдісі үдей түскен көрінеді.
Суррогаттық тәсіл елімізде енді ғана айтылып жүргенімен, Еуропа үшін
әбден құнсызданған әрі халықты мынадай рухани дағдарысқа ұрындырып отыр.
Батыста баланы табыс көзіне айналдырған  құрсақ аналар сәбиді дүниеге
әкелгенімен, оны тапсырыс беруші жаққа қайтаруға келгенде, бас тартуы  жиі
ұшырасады екен. Мұнысы бір жағынан дұрыс та шығар. Тоғыз ай көтерген бауыр
ет баласын, өмірге әкелгеннен кейін бөгде біреудің қолына ұстата салу, қай
ана үшін оңайға соғар дейсіз. Нәрестені өз иесіне қайтарды дегеннің өзінде 
ананың ішкі жан дүниесі өзгерістерге ұшырап, психологиялық соққы алары
анық.
Реутерс агенттігі таратқан мәліметке сенсек, Американың Аризона
штатының тұрғыны 25 жасар  Терезе Андерсон бірден бес нәрестені дүниеге
әкелген. Операция сәтті өтуінің нәтижесінде  оның бесеуі де дүниеге аман
келген. Сәбилердің ата-аналары Луиза Гонзалес пен Энрико Морено құрсақ
ана Андерсонға  өз алғыстарын білдіріп, шарт жасасқан 15 мың доллар
сыйақысын ұсынған. Бірақ, Андерсон бес баланы  иесіне қайтарудан әрі бұл
қаражатты алудан мүлде бас тартқан. Мұндай оқиғалардың жалданушы әйелдер
арасында жиілеп кетуі, тапсырыс беруші жақ иелерінің көңіліне сенімсіздік
орнатып отыр. Дәрігер мамандар жасанды жолмен ұрықтандырудың сәбидің
денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймайтынын әрі туған анасынан ерте ажырап,
омырау сүтін ембеген баланың көп ауруға ұшырайтынын алға тартады. [3.28]

1.3. Суррогат ана шарты
Суррогат ана болу шарты - некеде тұрған және балалы болғысы келетiн
адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану
жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы
нотариатта куәландырылған жазбаша келiсiм;
Суррогат ана болу шарты: 1.Суррогат ана болу шарты Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша
нысанда жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландыруға жатады.
2.Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтік әдістер мен
технологияларды қолдану нәтижесінде туған балаға ерлі-зайыптылардың
(тапсырыс берушілердің) ата-аналық құқықтары және міндеттерінің болуын
әдейі көздейді. 3. Суррогат ана болу шартымен бір мезгілде ерлі-зайыптылар
(тапсырыс берушілер) тиісті қызметтер көрсететін, қосалқы репродуктивтік
әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.
Суррогат ана болу шартында:
1.Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) және суррогат ананың
деректері;
2.Суррогат ананың күтіміне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртібі
және шарттары;
3.Тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегі құқықтары, міндеттері
және жауапкершілігі;
4.57-баптың 1-тармағында көзделген өтемақының мөлшері және оны төлеу
тәртібі;
Суррогат анаға қойылатын талаптар: 1.Суррогат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суррогат ана
Суррогат ана.Баланы асырап алу
Суррогат ана түсінігі
Сурогаттық аналық
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Неке-отбасы заңдарының негіздері
Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Неке және отбасы құқығы
Суррогат ана - яғни ананың орынбасары
Пәндер