Латын тілі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы "АҚ"
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы

Тақырыбы: Латын және көне грек тілдерінің фармацевтикалық терминологияның және дүниежүзілік мәдениет дамуына қосқан үлесі

Орындаған: Аймахан Н.Ә.
Тобы: В-ФҚБ-02-17
Қабылдаған: Ахметов А.Н.

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Латын тілі
2.2 Латын және грек тілдерінің тарихи тағдыры
2.3 Грек тілі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Латын тілі (лат. lingua latīna) -- Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі.
Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.
Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.

Б.з.б. 754 жылы негізі қаланған Ежелгі Рим мемлекеті Батыста б.з.б. 476 жылға дейін өмір сүрді. Негізгі тілі латын тілі болды, ең бірінші таратушы латындар - Алоннин түбегінің орталық бөлігіндегі Лацияда тұрған тайпа. Рим ірі жерорта теңіз державасына айналды, ол б.з.б. IIғ. ортасында өз шекарасын белсенді түрде кеңейтті.

Латын тілі италиялық өлі тілдер тобына жатады. Ең ерте жеткен жазбаша ескерткіштер б.з.б. VIIIғ аяғы мен Vғ басын қамтиды.
Әдеби латын тілі б.з.б. II-Iғғ қалыптаса бастап, б.з.б. I ғ даму шегіне жетіп, классикалық немесе алтын латын кезеңіне жетті. Ол бай лексикасымен, күрделі абстактті түсінік бере алуымен, дамыған ғылыми-философиялық, саяси, қаржылық, үй шаруашылық және техникалық терминологиясымен ерекшеленеді. Әртүрлі әдеби жанрлардың жоғары дамуы бұл кезеңге тән. Бұл кезеңнің соңынан классикадан кейінгі немесе күміс латын (б.з.I-IIғғ), яғни фонетика мен морфология нормалары қалыптасып, орфография ережелері анықталғанда орын алды. Бұл кезеңге Сенека, Марциал, Ювенал, Тацит, Апулей сияқты авторлардың еңбектері кіреді. Латынның пайда болуындағы соңғы кезең - кейінгі латын ( б.з. III-Ivғ), яғни жазбаша, кітапты және халықтық сөйлеу латын тілі арасында алшақтық пайда болу кезеңі.
Латын тіліндегі жазбалар
Римдіктердің батыс және шығыстағы кең шекараны жаулап алғанда латын тілі Рим сол кездегі тәуелді тайпалар мен халықтар арасында кең етек алды. Бірақ латын тілдің беделі мен рөлі әр жерінде әр түрлі тарады.

Б.з.б. IIғ аяғында батыс жерорта теңізі елдерінде латын тілі Галлиядағы кельт тайпасында және б.з.б. Iғ аяғында - Пиремей түбегіндегі ибер, кельт, лузитан тайпаларында мемлекеттік тіл болып танылды.
Б.з. 43ж бастап 407ж дейін Британияда тұрған кельттер Римнің қол астында болды.
Егер Батыс Еуропада латын сөйлеу формасында тайпалық тілдермен бәсекеге түспесе, ал Жерорта теңізі бассейіндегі: Греция, Кіші Азия, Мысыр -- мәдениеттің жоғарғы деңгейін көрсететін ұзақ уақытты жазбаша дәстүрлі тілдермен соқтығысты. Бұл өңірде кең тарған грек тілі болып табылды.
Латын жазбасы грек алфавиті кіретін әлемдегі басым халықтың тілдерінің негізіне кірді.
Б.з.б. IIғ бастап римдіктер грек ғылымының, философиясының және медицинасының лексикасын меңгере бастады. Сонымен қатар латын тілінде ғылыми мазмұндар, яғни терминдер пайда бола бастады.

Византия және Батыс Еуропа медицина тарихында грек, латын және араб тілдерінің маңызы (орта және кейінгі ғасырда).
395ж. Рим империясы екіге бөлінді - Батыс және Шығыс. Шығыста - Византия империясының астанасы Константинопль болды. Византия империясының құрамына Греция, Мысыр, Кіші Азия және Месопотамиянің ежелгі және эллинистикалық мәдениетінің дәстүрлі орталығы кірді.
Грек және латын тілдерінің тарихи тағдыры, әлемдік функциясы үлкен өзгеріске ұшырады.
IV - VI ғғ. Византия империясының мемлекеттік тілі болып латын, ал VIIғ. Бастап, 1453ж. түрік-османдарымен жаулап алғанша дейін грек тілі танылды. Византияда IV - VIIғғ көптеген атақты дәрігерлердің еңбектері осы Византияда дамып, өріс алды. Олардың профессионалды тілдік мәдениеті дәстүрлі грек медицина мектебінде құрылды. Олардың ішінде танымал ғалымдар: Орибазий, Немезий, Аэций Амидийский, Александр Тралесский, Павл Эгинский кірді. Олардың еңбектерінен энциклопедиялық кең жүйеленген медицина ғылымының бөлігі табылған. Бұл дәрігерлердің әдеби еңбектері ұрпақтарға мұра ретінде қалдыруға және медицинаның профессионалды тілінің жаңарып, баюына септігін тигізді.

Батыс Рим империя шекарасында латын тілі сапалы тасымалды басынан кешті. Нәтижесінде IXғ басында латын тілі қарапайым түрде, яғни халықтық сөйлеу формасы өлі тілге айналды. Ол бұрын қолданған халықтарға түсініксіз бола бастады. Бұл халықтар уақыт өте келе жаңа роман: француз, итальян, испан және румын тілдеріне көшті. Бұл тілдерінің пайда болу негізіне халықтық латын әсерін тигізді. Бірақ ғылыми, мектептік қолдануларда Батыс Еуропада орта ғасырларда барлық ғалым мен шәкірттерге түсінікті бірнеше жазбаша, кітап түріндегі латын тілі қалды.
Осы уақытта Батыста латын тілімен және Шығыста грек тілімен араб тілі бәсекеге түсті.
VIғ тарих сахнасында арабтар белсенді түрде өздерін танытты. Араб халифаттарының билігіне біртіндеп Византия империясы мен Батыс Еуропасының бір бөлігі енді. Билік араб тілін енгізумен жүргізілді. Кейбір мұсылман халықтары маңызды ежелгі грек еңбектерін араб тіліне аудару жұмысын ұйымдастыра бастады. VIII - Xғғ аралығында арабтарда қызығушылық тудырған барлық медициналық шығармалар аударылды. Араб тілінде атақты еңбектер пайда бола бастады. Бес ғасыр - 800ж - 1300ж аралығында медицина саласында араб еңбектерімен 70 автор, әсіресе мұсылмандар, бірнеше христиандар танымал болды. Араб тілінде жазылған атақты Медицина Каноны еңбегі жоғары жетістігі болып саналды. Ол XIIғ латын тіліне аударылып, Еуропа медицинасында XVIғ аяғына дейін басымдық көрсетті.

Сонымен қатар XІғ, әсіресе Салерно қаласында Батыс еуропада бірінші медицина мектебінің ашылуынан кейін еуропалық медицинаның қайта тууы басталды. Мұнда білім алу үшін оқулықтар қажет болды. Сондықтан грек тілінен аударылған араб аудармаларын латын тіліне аудару қажет болды. XI XIIғ Гиппократ, Гален, Аристотельдің он шақты шығармалары аударылды.

XIIIғ - арабтан латын тіліне аудару кезеңі. XIVғ еуропадан арабтардың кетуінен кейін араб тілінің дәрежесі төмендеді. Көптілдік профессионалды тіл үшін қиын болды. Медициналық терминология латындалынған арабизм, гебраизм, арабталынған грецизм және латинизм сияқты қоспадан тұрды. Синоним сөздері шектен тыс көбейе бастады. Медициналық ғылымға терминологиялық тұншығу қаупі төнді.Медицинаның атақты реформаторы швейцар ғалымы және дәрігері Парацельс Базель университетінде студенттерге дәрісті неміс тілінде оқыған. Өзінің ғылыми еңбектерін де неміс тілінде жазған. Ал атақты француз хирургы Амбруаз Паре (1510 -- 1590) өзінің шығармасын француз тілінде жазған. Кейін олардың кейбіреулері латын және еуропа тілдеріне аударылған. Осындай ұлттық тілдерден латын тілі аартта қалғанымен Жаңа ғасыр (17ғ.) басында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын және көне грек тілдерінің фармацевтикалық терминологияның және дүниежүзілік мәдениет дамуына қосқан үлесі
Латын тілі - ұлы ақындардың тілі
Латын тілінің шығу тарихы туралы ақпарат
Латын тілінін тарихы
Латын әліпбиінің ағылшын тілін оқуға тигізетін үлесі
Латын тілінің шығу тарихы туралы
Пәндер