Альдегидтер мен кетондар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстүк Қазақстан Медицина Академиясы

Химиялық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Альдегидтер мен кетондар. Химиялық қасиеттері. Қосылу-бөліну реакциялары. Конденсациялау және диспропорционалдық реакциялар.

Орындаған:Сұлтанбай Г.

Тобы: 202 В-ФҚБ 02-17

Қабылдаған: Бухарбаева А.

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Альдегидтер мен кетондардың жалпы формуласы
  2. Химиялық қасиеттері
  3. Реакциялар механизмі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Альдегидтерді жүйелік номенклатура бойынша атау үшін қаныққан көмірсутектердің атауына альдегидтер үшін «аль» деген жалғау, ол кетондар үшін «он» жалғауын қосу арқылы атайды.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image002.png
:

құмырсқа альдегиді

формальдегид

метаналь

сірке альдегиді

ацетальдегид

этаналь

изовалериан альдегиді

3-метилбутаналь

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image004.png
http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image006.png

Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты аталады:

СН 3 СН 2 СОН метилэтаналь; СН 3 СН 2 СН(СН 3 ) СОН 2-метилбутаналь; СН 3 (СН 3 ) 2 ССОСН 2 СН 3 2, 2-диметилпентанон-3 ;

СН 3 (СН 3 ) 2 ССН 2 СН 2 СОСН 2 СН 3 6, 6-диметилгептанон-3.

Химиялық қасиеттері

Альдегидтер мен кетондар көптеген химиялық реакцияға белсенді қатысады. Бұл карбонил тобындағы қос байланыстың біреуі σ-байланыс, ал екінші π-байланыс болғандықтан, электрон тығыздығы көміртек атомынан оттегі атомына қарай ығысып, поляризациялануынан болады. Сондықтан химиялық реакция кезінде карбонил тобы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Олар қосып алу, алмасу, тотығу, полимерлену, конденсация реакцияларына қатысады.

1. Қосып алу реакциялары

а) Альдегидтер мен кетондар никель катализаторы қатысында сутегіні қосып алады. Бұл реакция бойынша альдегидтерден біріншілік спирт, ал кетондардан екіншілік спирт түзіледі.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image008.png

Пропаналь пропанол

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image010.png

ә) Альдегидтер аммиакпен әрекеттеседі, кетондар әрекеттеспейді

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image012.png

Этанимин (ацетальдимин)

Ол тез полимеризациаланады (циклденеді) альдегидаммиактар түзіледі.

б) Көгерткіш қышқылды (НСN) қосып алу. Оксинитрилдер түзіледі.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image014.png

a-оксипропион қышқылының нитрилы

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image016.png

a-оксиизомай қышқылының нитрилы

в) Альдегидтер спирттерді қосып алып, жартылай ацетальдар түзеді. Егер реакцияны хлорлы сутек қатысында қыздыру арқылы жүргізсе, толық ацеталь түзіледі.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image018.png жартылай ацеталь ацеталь

Ацетальдар жағымды эфир иісті, олар минералды қышқылдар қатысында қыздырғанда (сілтілермен емес) гидролизге ұшырап, қайтадан спирттер мен альдегидтерді бөледі. Кетондар спирттермен қиынырақ әрекеттеседі.

2. Тотығу реакциясы. Альдегидтер жеңіл тотығып, қышқылдар (көміртек скелеті өзгермейді) түзеді, ал кетондар қиын тотығады және екі қарапайым қышқылдар не қышқылдар мен кетон түзеді. Егер тотықтырғыш ретінде күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін алып, альдегидпен әрекеттестірсе, бос күйінде күміс бөлінеді. Бұл реакцияны «күміс айна» реакциясы деп атайды және альдегидтерге сапалық реакция болып табылады.

СН 3 СНО + Ag 2 O → CH 3 COOH + 2Ag

сірке қышқылы

Кетондарды күшті тотықтырғыштармен әрекеттестіргенде, көміртегі тізбегі үзіліп, әр түрлі қышқылдар түзіледі, түзілген өнімдер бойынша кетондардың құрылысын анықтайды, кетондар екіншілік спирттер тотыққаннан түзілетіндіктен спирттердің де құрылысын анықтауға болады.

Альдегидтерге, сонымен бірге фелинг сұйықтығымен реакция да тән. Фелинг сұйықтығы - сулы-сілтілі комплекс тұз - шарап қышқылының мыс гидроксиді мен натрий-калий тұзы.

NaOOC−(CHOH) 2 −COOK + 2Cu(OH) 2 + R−CHO → RCOOH + Cu 2 O +

NaOOC−(CHOH) 2 −COOK + 2H 2 O тире қойыла ма, дефис пе? Тире

3. Орын басу реакциялары. Орын басу реакциялары карбонил тобы арқылы жүреді.

а) альдегидтер гидроксиламинмен әрекеттесіп, оксимдер түзіледі. Бұл реакцияға кетондар да түседі.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image020.png

альдоксим (ацетальдоксим)

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image022.png

ә) альдегидтер гидразинмен әрекеттесіп, гидразондар түзеді.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image024.png

4. Конденсациялану реакциясы. Бұл реакция әлсіз сілтінің қатысында, альдегидтің немесе кетонның екі-үш молекуласының қосылуы арқылы жүреді. Реакция нәтижесінде альдоль түзіледі. Альдоль деп құрамында гидроксил және карбонил топтары бар қосылысты (альдегидоспирт) атайды. Сондықтан оларды альдольды конденсация дейді.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image026.png
: альдоль, 3-оксибутаналь
бутен-2-аль

5. Полимерлену реакциясы. Күкірт қышқылының аз мөлшерінің әсерінен тек альдегидтер полимерленеді. Кетондар полимерленбейді.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image028.png

6. Канниццаро реакциясы. Концентрлі сілтілердің әсерінен α- сутегі атомы жоқ және альдольға димерленбейтін альдегидтер Канниццаро реакциясына түседі. Мұнда альдегидтердің жарты молекуласы қышқылға дейін тотығады, ал жарты молекуласы спиртке дейін тотықсызданады.

6 Н 5 СНО + NaOH → C 6 H 5 COONa + C 6 H 5 CH 2 OH

бензальдегид натрий бензоаты бензил спирті

Альдегидтер мен кетондарды алу. Қолданылуы

Альдегидтер мен кетондарды алудың бірнеше ортақ әдістері бар.

1. Спирттерді тотықтырып не каталитикалық дегидрлеп : біріншілік спирттерден альдегидтерді, екіншілік спирттерден кетондарды алады. Бұл реакциялар спирттер тақырыбында қаралған.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image030.png

2. Қышқылдардың не олардың қоспаларының буларын кей металдар оксидтері (ThO 2 , MnO 2 , CaO, ZnO) үстінен 400-450°С температурада жіберіп пиролиз арқылы алады:

RCOOH + HCOOH ® RCHO + CO 2 +H 2 O

2RCOOH® RCOR + H 2 O + CO 2

3. Геминальды дигалоген туындыларының гидролизі арқылы : (көмірсутектердің галоген туындылары тақырыбында қарастырылған) екі галоген де шеткі көмертек атомында орналасқан болса, альдегид түзіледі, ал ортадағы көміртек атомында болса - кетондар түзіледі:

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image032.png

2. Ацетилен және оның гомологтарын гидратациялағанда (сынап(ІІ) тұздары қатысында сірке альдегиді (Кучеров реакциясы) және кетондар түзіледі:

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image034.png

5. Техникада альдегидтерді СО және Н 2 олефиндерге тура қосып алады (оксосинтез), қысым (100-200атм) кобальт не никель катализаторы қатысында

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image036.png

6. Карбон қышқылдары тұздарының термиялық айрылуы реакциясы. Құмырсқа және басқа карбон қышқылдары тұздарының қоспасын термиялық айырғанда альдегидтер алынса, ал басқа қоспалардан кетондар түзіледі:

http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image038.png
: кальций ацетоформиаты
этаналь
: http://ebooks.semgu.kz/ebook/35/images/1573/1518/clip_image040.png
: кальций ацетаты
пропанон
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бензол қатарындағы альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдар
Альдегидтер мен кетондар - екі түрлі органикалық қосылыстар
Ароматты Альденит
Альдегидтер пен кетондар
Спирттер және фенолдар
Бензол қатары. Альдегидтер мен кетондар
Ультркүлгін спектроскопия
Спирттер. Аминдер. Азо- және диазоқосылыстар. Оксоқосылыстар. Карбон қышқылдары
Сыртқы саралап оқыту
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz