Қоғамның құрылымы өте күрделі
Оңтүстік Қазақстан МедицинаАкадемиясы
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым жүйесі және стратификация.
Орындаған: Сұлтанбай Г
Тобы: 202 ФК Б
Қабылдаған: Қаратаева Ф
Шымкент 2018
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым. Әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік қауымдастықтар.
2. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теориялары.
3. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдік процесі.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың бір тұтас жиынтығы. Ал әлеуметтік құбылыстар дегеніміз не? Әлеуметтік құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттері табиғат пен қоғамда тудыратын өзгеріс, қозғалыстарды айтады. Мұндай әлеуметтік құбылыстардың түрлері толып жатыр: әлеуметтік қатынастар мен қоғамдық оқиғалар, түрліше қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік топтар, т.б.
Қоғамдык қатынастар тепе-теңдік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі) және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тең еместiгi) болып бөлiнедi. Мысалы, таптық-антагонистік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік, т.б. болады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде, онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, негізгісі - адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан, адамзат қоғамын, ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара тәуелділіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық кұбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, олардың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.
Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымын өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен айналысады.
Структура термині латын тілінен алынған -- ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай біртұтастығын білдіретін термин.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым қазіргі заманғы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ, олардың бәріне ортақ, жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы өздігінше қоғамдық құблыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлу критерийін немесе айырмашылық белгісін табуға тырысады. Содан кейін экономикалық емес құбылыстар саласы басқа белгілер бойынша одан кіші салаларға жіктеледі. Бұл кұбылыстардың бәрі өзара тәуелділікте болады, бірақ қоғамдық құбылыстардың жеке салаларының жекеше заңдары да, жекеше тіршілігі де болады деп дәлелдейді.
Қоғамның құрылымы жайлы К. Маркстің пікірін түсіну үшін оның Саяси экономия сынына деген еңбегінің кіріспесіндегі мына үзіндінің маңызы зор: Өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар олардың еркінен тәуелсіз белгілі бір қажетті катынастарға - өндірістік катынастарға араласады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштерінің белгілі бір даму дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастарының жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, реалды базисін құрады, бұл базиске саяси және юридикалық қондырма орнайды, оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес келеді. Материалдық өндіріс тәсілі жалпы алғанда әлеуметтік, саяси және рухани өмір процестерін айқындап береді. Адамдардың болмысын олардың санасы билемейді, қайта, керісінше, олардың қоғамдық болмысы санасын билейді (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. 13 т., 67-б.).
Бұл үзіндіден көріп отырмыз, марксистік социология қоғам өмірін екі негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және қоғамдық қондырмаға.
Қоғамдық қондырма саяси және юридикалық қондырмаларға, қоғамдық сананың формаларына жіктеледі.
Қоғамның экономикалық базисін шын мәніне келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің -- өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.
Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағытталған адамның саналы қызметі. Енбек нәрсесі деп адамның өндіріс (еңбек) құралының көмегімен өңделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз - еңбек нәрсесін өңдеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады.
Бірақ, еңбек нәрселері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз өлі зат деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жандандыратын - адамның тірі еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан, өндіріс процесінде адам шешуші фактор болып табылады -- ол басты өндіргіш күш болып саналады.
Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрамын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге болады.
Әлеуметтік-саяси қондырмаға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпа, ұлт, мемлекет, т.б. және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді; саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің қондырмаға тигізетін әсері сайып келгенде ғана шешуші роль атқарады.
Өндірістік қатынастардың сипатына қарай қондырма таптық немесе тапсыз болуы мүмкін.
Саяси және экономикалық жағынан үстем тап мәдени өмір саласында да үстем болады, өйткені, тек материалдық өндіріс құралдары ғана емес, рухани өндіріс құралдары да соның қолында болады.
Ақыр соңында, қоғамдық құбылыстарды базис пен қондырмаға бөлуді қатып-семіп қалған механикалық тұрғыдан ғана түсінуге болмайды; олардың арасынан қатаң шекара жүргізу дұрыс емес, өйткені базиске де, қондырмаға да қатысты қоғамдық құбылыстар бар.
Адамның өмірі біртұтас қоғам көлемінде ғана емес, сондай-ақ айтарлықтай кіші әлеуметтік топтардың ішіндегі қоғамдық қатынастарда да жүріп жатады. Сондықтан, социологтар әлеуметтік топ деген ұғымды анықтап, оның классификациясын жасауға, ол топтардың қоғам құрылысындағы орнын анықтауға тырысады.
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтiк құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады. Яғни, әлеуметтік құрылымның басты элементтері:
- индивидтер;
- әлеуметтік институттар;
- әлеуметтік қоғамдастықтар немесе топтар.
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құңдылық бағдарлары, атқаратын қызметі, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуте болады.
I. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды.
Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.
2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы, т.б.);
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).
II. Көлеміне қарай:
1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.);
2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары);
3) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.
III. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
1) әлеуметтiк-экономикалық касталар, сословиелер, таптар);
2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);
3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер, т.б.);
4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.);
5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұр-ғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады.
Әлеуметтік қоғамдастықтардың (топтардың) негізгі түрлері:
1. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
- тұрақтылығы төмен топтар;
- орташа тұрақтылығы бар топтар;
- тұрақты топтар.
2. Көлеміне қарай:
- үлкен топтар;
- орташа топтар;
- кіші топтар.
3. Мазмұнына қарай:
- әлеуметтiк-таптық;
- әлеуметтік-этникалық;
- әлеуметтік-демографиялық;
- әлеуметтік- кәсіби;
- әлеуметтік-территориялық.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйткені, қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор.
Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік ипституттар жатады дедік.
Әлеуметтік институттар -- қоғам мүшелерінiң бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасыңдағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция (милиция) институты пайда болды.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институтттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша -- тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.
Еңбекақы -- жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты -- әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты роль атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік институттар:
1. Экономикалық институттар:
- меншік;
- нарық;
- ақша;
- еңбекақы, т.б.
2. Саяси институттар:
- мемлекет;
- сот;
- армия;
- саяси партиялар, т.б.
3. Рухани институттар:
- ғылым;
- білім;
- тәрбие;
- моральдық ережелер, т.б.
4. Отбасы саласындағы институттар:
- отбасы;
- ана;
- әке;
- неке;
- балалары, т.б.
Бұл келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар, экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.
Адамзат қоғамының пайда болуы, дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл -- құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.
Қоғамның бұл аталған даму сатысын алғашқы қауымдық қарапайым қоғам деп атайды.
Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруышылығы мен егіншілікке көшу -- қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.
Қоғам дамуының бұл сатысын таптық, күрделі қоғам деп жіктеуге болады.
Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.
Сонымен қатар, кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.
Әлеуметтану ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік-экономикалық белгілерге аударады.
Біз бұл турасында марксистік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік. Марксистік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық-экономикалық формациялар деп те атайды. Олар мыналар:
а) алғашқы қауымдық қоғам;
ә) құлиеленушілік қоғамдық-экономикалық формация;
б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;
в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;
г) коммунистік қоғамдық-экономикалық формация.
Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар -- таптық-антогонистік, қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретiнде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз береді. Бұл -- әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін тапсыз қоғам дейді.
Алайда XX ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы марксистік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.
Кеңес Одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 31 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси тәртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелденді.
Ал, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірибесі капиталистік өндіріс тәсілінің артықшылығын дәлелдеп отыр. Бұл жеке меншікке, еркін кәсіпкерлік пен нарыққа негізделген қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі, халқының әл-ауқаты, бостандық пен құқықтың кеңдігі, білімнің, ғылымның, денсаулық сақтаудың дәрежесі осының дәлелі бола алады.
Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын. Ғалымдар капитализмнің өзін:
- бастапқы капитализм;
- бюрократиялық капитализм;
- олигархиялық капитализм;
- демократиялық капитализм деп жіктеу қажет дейді.
Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі зандылықты байқаймыз.
Бұл ретте XX ғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының үш сатысы туралы теорияның мәні зор. Бұл ғалымдар өздерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылаған.
Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:
1) индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;
2) индустриалдық қоғамдар;
3) постиндустриалдық қоғамдар.
Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Бұл -- негізінен қол еңбегі мен қарапайым техникаға сүйенген мардымсыз ауыл шаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған. Мемлекеттік билік -- атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын монархиялық билік түрінде жүзеге асырылып отырды.
Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайтын.
Индустриалдық саты, шамамен бұдан 250 жыл бұрын қалыптасқан. Батыс елдеріндегі өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық томаға тұйық шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келді. Мемлекеттік және халықаралық шеңберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкелді. Сонымен қатар, қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.
Халық санының артуы мен өнеркәсіп өндірісінің дамуы халықтың басым көпшілігінің қалаларға шоғырлануына әкелді. Ол урбанизациялану процесінің дамуына жол ашты.
Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде бизнесмендер деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болады.
Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы XX ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атаулармен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің -- технотрондық қоғам, Элвин Тоффлердің - үшінші толқын, И. Масуданың -- ақпараттық қоғам тәрізді т.б. атаулар кездеседі.
Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы -- халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынмен дамыған нарықтық экономика ғылым мен техникаға, жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияларға сүйенеді. Қоғамда ғылыми-зерттеу орталықтарының, университтердің ролі артуда.
Қоғам халқының 60-80 пайызын ауқатты, жан-жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл -- саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепілдiк берілетін қоғам.
Әрине, әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді мақсат етіп, ұмтылыс жасауда.
Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыру тән.
2. Біз қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып кеткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары, т.б.
Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясыныңмаңызы зор. Страта деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тiлімізде қабаттан гөрі жік деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі страталардың болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің мәртебелерi мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады да, ал, мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. Каста - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік мәртебе ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz