Тұндыру титрлеу әдісі


Оңтүстік Қазақстан МедицинаАкадемиясы
Химиялық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тұндыру титрлеу әдісі. Аргентометриялық, тиоцианометриялық, меркурометриялық және сульфатометриялық титрлеу әдістері.
Орындаған: Аймахан Н
Тобы: 202 ФК Б
Қабылдаған: Рысымбетова Ж
Шымкент 2018ж
Титрант пен анықталатын компонент арасындағы ион-алмасу реакциялары нәтижесінде нашар еритін қосылыстар түзілу процестеріне негізделген тәсілдер тұндырудың титриметриялық әдістері деп аталады. Анықталатын заттың титрантпен байланысуының тереңдігі ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мәніне байланысты және тепе-теңдік константасы К≥10 8 болу керек. Егер анықталатын заттың концентрациясы 1моль/л болса және ол 99, 99% титрантпен байланысса, онда тек 1 . 10 -4 моль/л зат қалады, яғни 0, 01%.
Титриметриялық тәсілде титрант (тұнбаға түсіруші реагент) дәл, яғни эквивалентті мөлшерде қосылады (ал гравиметриялық тәсілде - тұнбаға түсіруші реагент артық мөлшерде қосылады) . Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау үшін индикатор пайдаланылады. Индикатордың табиғаты және әсер ету механизмі әр түрлі болуы мүмкін, оларды титрлеу қисықтарына негізделіп таңдайды.
Титрлеу қисығы рА (рВ) − титрант көлемі (V) координатасында салынады.
Егер тұндырудың титриметриялық әдісінде реакция мына теңдеумен жүрсе:
А+В→АВ↓ және А затының концентрациясын С А деп, титрант В затының концентрациясы С В деп белгіленсе, рА мәнін титрлеу кезінде мына формуламен есептейді:
[A] = C A (1-Р)
рА = рС А - lg (1-P)
[A] = √ ЕК АВ
рА = 1/2 рЕК АВ
[A] = ЕК АВ /С В (P-1)
рА= рЕК АВ -рС В +lg(P-1)
Титриметрияда пайдаланылатын реакциялар жоғары жылдамдықпен және толық жүруі, титрлеу жағдайында ерімеуі тиіс. Титрлеу нәтижесіне адсорбция және ілесе тұнбаға түсу процестері әсер етпеуі қажет. Тұнбаға толық түсу процесі қосылыстың ерігіштігіне тәуелді, сондықтан титриметрияда пайдаланылатын қосылыстардың ерігіштігі 10 -4 - 10 -5 моль/л мәнінен төмен болмауы қажет. Бірақ бұл қойылатын шартқа байланысты тұндыру тәсілімен титрлеуде пайдаланылатын реакциялардың саны азаяды.
Аргентометрияда - хлоридтер, бромидтер, йодидтер анықталады, титрант - AgNO 3 ерітіндісі;
Роданометрия (тиоцианометрия) − тура титрлеу тәсілімен күміс тұздары немесе кері титрлеу тәсілімен галогенидтер анықталады, титрант - NH 4 SCN ерітіндісі;
Меркурометрия - галогенидтер анықталады, титрант - Hg 2 (NO 3 ) 2 ерітіндісі;
Сульфатометрия - барий-, сульфат- иондары анықталады, титрант BaCl 2 немесе H 2 SO 4 ерітінділері.
Барлық жағдайда да тирлеу нәтижесінде тұнба түзіледі.
АРГЕНТОМЕТРИЯ ЖӘНЕ РОДАНОМЕТРИЯ (ТИОЦИАНОМЕТРИЯ)
Аргентометрия - бұл тұнбаға түсіру тәсілімен титрлеу, титрант ретінде 0, 1н; 0, 05н, сирек 0, 02н және 0, 01н AgNO 3 ерітіндісі қолданылады, оның титрін NaCl (стандартты ерітінді) арқылы анықтайды. Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі:
HaI - + AgNO 3 ↔︎ AgHaI ↓ + NO 3 - , мысалы NaCl + AgNO 3 = AgCl↓ +NaNO 3
Бұл теңдеуде NaCl эквиваленттік факторы 1 тең, соңдықтан эквиваленттің молярлы массасы М(f экв (NaCl) ) = М(1NaCl) = 1×58, 5 г/моль.
Титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға байланысты аргентометрияны топтарға бөледі:
Мор тәсілі - хлоридтерді, бромидтерді (йодидтер мен роданидтер анықталмайды) анықтайды, индикатор K 2 CrO 4 , NaCl ерітіндісі арқылы AgNO 3 ерітіндісінің титрін және нормальды концентрациясын анықтайды.
Титрлеу барысында ақ тұнба түзіледі (AgCI), эквивалент нүктеде тұнба түзілу процесі аяқталады. Индикатор ретінде K 2 CrO 4 ерітіндісі пайдаланылады. AgCl тұнбасы түзілу процесі тоқталғанда, AgNO 3 ерітіндісінің артық мөлшері қосылғанда қызыл-қоныр түсті тұнба түзіледі:
K 2 CrO 4 + 2AgNO 3 =Ag 2 CrO 4 ↓ қызыл-қоныр + 2КNO 3
Титрлеуді ерітіндінің сары түсі қызғылт түске ауысқанша жүргізеді, ерітіндінің түсі AgNO 3 -тің 1 тамшысынан өзгеруі тиіс.
Титрлеу колбасында - NaCl ерітіндісі және индикатор, ал бюреткада - 0, 05н AgNO 3 ерітіндісі болады.
Фаянс тәсілі - адсорбциялық индикаторлар (флуоресцеин, эозин т. б. ) пайдаланылады, йодидтерді, хлоридтерді, бромидтерді анықтайды.
Гей-Люссак тәсілі - индикаторсыз тәсіл, галогенидтерді анықтайды, қазір өте сирек қолданылады, себебі жұмысты өте дәл орындау керек.
Роданометрия (тиоцианатометрия), Фольгард тәсілі - титрант ретінде аммоний тиоцианаты пайдаланады (0, 1н не 0, 05н) . Күміс иондарын анықтайды. Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі:
Ag + + NH 4 SCN ⇔ AgSCN↓ + NH 4 +
Индикатор ретінде азот қышқылы қосылған темір-аммоний ашудасы NН 4 Fe(SO 4 ) 2 ∙12H 2 O немесе темір(III) тұздары ерітіндісі пайдаланылады (гидролиздену процесін болдырмау үшін азот қышқылын қосады) . Сол себепті, Фольгард тәсілінде зерттелетін ерітіндінің ортасы - қышқыл (Мор тәсілінде - нейтрал орта) . Сондықтан, роданометрия тәсілінде Ba 2+ , Pb 2+ , Bi 3+ , т. б. иондар анықтауға кедергі жасамайды.
Сонымен қатар Фольгардтың кері титрлеу тәсілі де бар. Бұл тәсілмен галогенидтерді және тиоцианаттарды анықтайды. Зерттелетін ерітіндіге титрі анықталған AgNO 3 ерітіндісінің белгілі көлемі қосылады (артық мөлшерде), әрекеттеспей қалған AgNO 3 артық мөлшерін Fe(III) -иондарының қатысында және қышқыл ортада NH 4 SCN ерітіндісімен титрлейді, ерітінді қызғылт түске боялғанша: Fe 3+ + 3SCN - = Fe(SCN) 3 , титрлейтін колбада - AgNO 3 ерітіндісі және Fe(III), не темір-аммоний ашудасын құяды, ал бюреткада - 0, 05н NH 4 SCN ерітіндісі болады.
Йодид-иондары анықталған жағдайда жанама процестер жүруі мүмкін, себебі I - (йодид-ионы) Fe 3+ ионымен әрекеттесіп, дербес I 2 бөлінеді, ал йодтың түсі титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға кедергі жасайды. Сондықтан бұл жағдайда индикаторды титрлеудің соңында қосады. Тұндырудың титриметриялық әдісінде индикаторлық қатені э. н. -ден соң титранттың артық мөлшеріне С В (V А +V В ) байланысты анықтайды:
С В ∙(V А +V В )
% қате = . 100%;
С В . V В
С В = ЕК ВInd / [Ind] ; С В = [ВInd] ∙ К т /[Ind] .
Сонымен, индикаторлық қате мәні ЕК ВInd , К ВInd және индикатордың концентрациясына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz