Оптикалық байланыс кабелі


Кіріспе
Бұл курстық жұмыста ДАУ-016А-06-А08х2-Э2-15-НГ кабелі алынған. Кабельдің ерекшеліктері оңтайлы салмақ және диаметрі, механикалық әсерлерге және найзағайға жоғары қарсылық, жарамдылық мерзіміне дейін жоғары электрлік төзімділігі, кеміргіштердің зақымдануынан сенімді қорғау, танымал отандық және шетелдік өндірушілердің материалдарын пайдалану, орнату және монтаждаудың қарапайымдылығы, ұзақ мерзімді қолдану уақыты, жоғары беріктігі. Қолдану аймағында яғни бұл кабель барлық топтардың топырақтарында, батпақ айдындарында және су айдындарында, соның ішінде кеме жүзетін өзендерде салынады, суыққа деформацияға бейім топырақтан басқа жерлерде төселеді. Кабельдің қолдану аймағына байланысты оның төсеу әдістері әртүрлі болады.
Кабельдік магистральдың трассасын жобалаумен қатар өзендер және темір жолдар арқылы өту конструкциялары таңдап алынды.
Өзен өткелі. Кабельдің өзен арқылы өту кезінде осы өзеннің ерекшеліктері ескеріледі. Егер өзенде кеме жүретін болса немесе оның ені 300 м артық болса, онда теміржол кабельдік магистраль жобасында әрбір магистралдық кабель үшін қорда сақтау ескерілген: бір кабель көпір арқылы, ал, басқа кабель - өзен түбімен төселеді. Бұл жағдайда, сым құрышты жер асты кабельдер таңдап алынады, ал, өзеннің екі жағасында жер асты кабельмен түйіскен жерде (өзеннен шамамен 50 м қашықтықта) тармақталу муфталары орнатылады. Жер асты кабельдер трассасын, әсіресе, көпір жанындағы мұз кептелу мүмкіндігі туындаған жағдайда, көпірден, кем дегенде, 300 м қашықтыққа алмастыру керек.
Теміржол байланыс кабельдерін монтаждау кезінде, әдетте, техникалық шарттары «РЖД». ААҚ тапсырыс берушімен келісілген муфталар қолданылады
Осы кабельге шойыннан және полиэтиленнен жасалған қорғағыш муфталар алынды.
Теміржол көлігінде еңбекті қорғау бойынша жұмысы жоғары өнімді еңбек, қол, біліктілікті онша қажет етпейтін еңбек және ауыр физикалық еңбек үшін қолайлы жағдайды тудыруға, қауіпсізідк техникасын жақсартуға, өндірістік жарақаттанушылықты және кәсіби аурулардың алдын алуға, еңбек туралы заңдылықты қатаң сақтауға бағытталуы тиіс
1 Оптикалық кабель типі
ДАУ-016А-06-А08х2-Э2-15-НГ оптикалық- кабель конструкциясы:
Қолдану саласы: Барлық топтардың топырақтарында,
батпақ айдындарында және су айдындарында, соның ішінде кеме жүзетін өзендерде салынады, суыққа деформацияға бейім топырақтан басқа жерлерде төселеді. (1. 1-сурет)
а)
б)
\
1. 1-сурет. ДАУ оптикалық- кабель конструкциясы
1. Шыныпластикалы стержень
2. Полимерлі түтікше оптикалық талшықтарды және гидрофобты гельді еркін қойылуы
3. Кордель *
4. Модульаралық гидрофобты толтырғыш
5. Суөткізбейтін лента
6. Алюмполителенді лента
7. Аралық полителенді қабықша
8. Механикалық әсерден қорғайтын дөңгелек бронь қабаты
9. Жарықтұрақтандырылған полителенді жоғары тығыздалған сыртқы қабаты
А - Бірмодалы, толқын ұзындығы1383-1480 нм, гидроксил топтарының ең жоғары сіңіруі (ОН) (G. 652. C, D) .
1-кесте. Кабельдің негізгі сипаттамалары :
пс/нм*км, :
1285-1330 осы аралықта
1525-1575
18
18
18
18
Бүгінгі күнде темір жол көлігінде кабельдік байланыс желілері көбінесе екікабельдік, үшкабельдік немесе біркабельдік жүйе бойынша салынады.
Жүк тасымалданатын теміржол аумақтары үшін типтік шешім оптикалық және төмен жиілікті симметриялық қашықтан байланысу кабелі негізінде екікабельдік (үшкабельдік) желіні жобалау және салу болып табылады. Оптикалық кабель магистралдық, жол және бөлімшелік байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Төмен жиілікті кабель жедел-технологиялық байланысты және автобұғаттаудың сызықтық тізбектерін ұйымдастыру үшін қолданылады. .
Үшкабельдік желі кезінде автобұғаттаудың сызықтық тізбектері үшін жұп шиыршығы бар бөлек сигналдық-бұғаттауыш кабель қолданылады. Бұл жағдайда, жедел-технологиялық байланыс бөлек төмен жиілікті (жоғарыжиілікті) қашықтан байланысу кабелі арқылы орындалады, ол екікабельдік желімен салыстырғанда, жоғары сапалы жедел-технологиялық байланысты қамтамасыз етеді. Жоба авторы төмен жиілікті кабельдің орнына жоғарыжиілікті кабельді қолдану дұрыстығын түсіндіру керек.
Кейбір көмекші т. ж. аумақтарында біркабельдік нұсқа қолданылуы мүмкін, мұнда оптикалық талшықтардан, симметриялық төмен- және жоғарыжиілікті төрттіктен (жұптардан) тұратын құрама кабель қолданылады. Ол бір кабельде қашықтан және бөлімшелік байланыс арналарын: АТ және ЖТБ тізбектерін; НDSL модемдері арқылы жоғарыжиілікті сандық арналарды, сонымен бірге, сызықтық автобұғаиттау тізбектерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екікабельдік нұсқамен салыстырғанда, біркабельдік нұсқаның баға жағынан артықшылығы айқын байқалмайды. Бір жағынан, кабельдің бір (ортақ) алюминий қабықшасын жасау және екі (үш) кабельдің орнына бір кабельді салу және монтаждауға кететін еңбек шығынын төмендеудің арқасында материалдардың үнемделуге жетуге болады. Басқа жағынан, біркабельдік нұсқаның келесі негізгі кемшіліктері бар:
бір кабельдің ішінде түрлі қызметтерге, соның ішінде: СВТ және СЦБ жататын тізбектер бар, ол кабельді пайдалану кезінде даулы жағдайды тудыруы мүмкін;
құрама кабельдің құрылыс ұзындығы бір километрге тең, ал, оптикалық кабельдің құрылыс ұзындығы 5. . 6 км тең, ол оптикалық тракттың сапасын төмендеті, сонымен бірге, жалғаулық жалғастырғыштар (муфталар) мен жалғастырғыштардағы (муфталардағы) оптикалық талшықтардың қор құрылғысына жұмсалатын зор шығындарды туындатады.
Сондықтан, жалпы жағдайда, құрама кабельді қолдану сәйкестігін техникалық-экономикалық негіздеу қажет. Құрама кабельдің конструкциясы және оның техникалық сипаттамалары 2 косымшада келтірілген.
Бұл бөлім бойынша түсіндірме жазбада А-К қосжолды аумақ пен Д-Н біржолды аумақтағы кабельдік желінің типін; екікабельдік (үшкабельдік) желі кезіндегі оптикалық және электрлік кабельді немесе біркабельдік желі .
Жобаланатын кабельдердің сыйымдылығын және маркасын таңдау, олардың ішіндегі оптикалық талшықтарды және электр тізбектерін үлестіруОптикалық кабель. Жобаланатын оптикалық кабельдегі талшықтар саны (n) мынаған тең:
(1)
мұндағы, n -магистралдық темір жол технологиялық байланыс желілеріндегі 155 Мбит/с жылдамдықпен сандық сигналдар берілісін жүзеге асыратын SТМ-1 аппаратурасын қосуға арналған талшықтар саны;
п 2 -ТЛС-31 аппаратурасын қосуға арналған талшықтар саны;
П -оптикалық кабельде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған резервтік талшықтар саны (4 талшық) ;
n- темір жол байланыс желілерінің еркін сыйымдылығын коммерциялық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған таошықтар саны (4 талшық) .
Оптикалық кабель арқылы жұмыс жасайтын кез-келген біртолқынды аппаратураның жұмыс жасауы үшін екі оптикалық талшық қажет болады, сондықтан, n1 және n2 талшықтардың талап етілген саны сәйкесінше, мынаған тең:
(2)
мұндағы N, N 2 , - магистралдық және жол байланысты ұйымдастыруға арналған қажетті арналар саны;
N -бөлімшелік ланысты ұйымдастыруға арналған қажетті арналар саны.
щ және щ есептелген мәндерін бүтін оң санға дейін артық дөңгелектеу.
Кабельдік бұйымдардың сипаттамалары үшін келесі ұғымдар қолданылады: бұйымның типі және маркасы. Кабельдің типі - оның міндетін сипаттайтын жіктемелеік ұғым. Кабельдің маркасы - кабельдің құрылысы туралы бүкіл мәліметті сипаттайтын толық әріптік белгісі: өзекшенің құрылысы, қабықшалардың материалы, құрышты және қорғауыш жабындар.
Курстық жобалау жағдайындағы оптикалық кабельдің маркасын таңдау оны төсеу тәсілімен анықталады.
- КАБЕЛЬДІ МАГИСТРАЛЬДЫ АВТОБҰҒАТТАУ ТІЗБЕКТЕРІ МЕН БАЙЛАНЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ
Магистралдық, жол және бөлімшелік байланыс. Байланысты ұйымдастыру сұлбасын жасақтау кезінде STM-1 (STM-4) аппаратурасын қолдану арқылы оптикалық талшықтар арқылы ұйымдастырылатын магистралдық және жол байланыс арналары жобаланатын кабельдік желінің ақырғы пунктерге ғана енгізілетінін ескеру жөн. Қажет болған жағдайда, магистралдық оптикалық кабельден қызметтік ғимараттарға тармақталу алты оптикалық талшықтар арқылы орындалады. Сондықтан, жолаушы ғимараттарға (ЭТ) тармақталатын оптикалық кабель ТЛС-31 аппаратурасы үшін барлық аралық станцияларда, кем дегенде, 12 талшыққа ие болуы керек, өйткені, енгізу шлейф арқылы орындалады.
STM-1 (STM-4) аппаратурасын қолданатын, А-К аумақта магистралдық және жол байланысты ұйымдастыру сұлбасы (2. -суретте), ал, ТЛС-31 аппаратурасын қолданатын, бөлімшелік байланысты ұйымдастыру сұлбасы 4 суретте келтірілген. ТЛС-31 аппаратурасын қолдану арқылы байланысты ұйымдастырудың ерекшелігі - бөлімшелік байланыстың барлық түрлерін ұйымдастыру үшін әрбір аралық станцияда Е1 қажетті сандық арналар санын белгілеу мүмкіндігі болып табылады.
1 - Е1 арналардың электрлік интерфейстері (30 ОЦК) ; 2 - Е1 63 арнаны мультиплекстеуге және демультиплекстеуге арналған тақталар; 3- беріліс жылдамдығы 155 Мбит/сек болатын S1 арнасының оптикалық интерфейстері; 4 - екі оптикалық талшық; 5 - оптикалық сигналдардың сызықтық регенераторы (оны орнату жері есептеулер арқылы анықталады) ; 6- оптикалық талшықтардың нөмірлері кабельдің ішіндегі оптикалық талшықтарды үлестіру жобасына сәйкес келеді.
2. 1-сурет . Магистралдық және жол байланысты ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы
Е1 арнасының құрамында 30 тондық жиілік арнасы немесе беріліс жылдамдығы 64 кбит/сек болатын 30 негізгі сандық арналардың бар екенін ескертейік. Мультиплекстеу - бір жоғары жылдамдықты (жоғарыжиілікті) арнаның ішіндегі салыстырмалы түрде бірнеше төменжылдамдықты (төменжиілікті) арналардың бірігуі (жіберу ұшы), ал, кері процедура демультиплекстеу деп аталады (қабылдау ұшы) деп аталады.
Біріккен жоғарыжылдамдықты арнада қосымша қызметтік ақпарат жіберілетін болғандықтан, біріккен арнадағы, мысалы, ТЛС-31 аппаратурасы үшін беріліс жылдамдығы (34 Мбит/сек) солардың ішіндегі біріккен арналар санының беріліс жылдамдығына көбейтіндісіне них (16 х 2 Мбит/с = 32 Мбит/с) қарағанда, артық болады.
Жедел-технологиялық байланыс (ЖТБ) . ЖТБ (ОТС) тізбектері симметриялық кабель арқылы ұйымдастырылған және пойыздар қозғалысын жедел басқару мен темержол аумағындағы түрлі бөлімшелердің жұмысын басқаруға арналған, сондықтан, олар өткеліктер және станцияларда кабельдік желінің бойымен орналасқан сәйкес қызметтік объектілреге енгізіледі.
Теміржол аумағында пайдаланылатын бөлімшелік телефондық байланыс түрлері аумақтың нақты ерекшеліктеріне тәуелді және ТПЕ (ПТЭ) ережелерімен анықталады. Урстық жобалау жағдайында осы байланыс түрлерінің әрқайсысы тондық жиіліктер спектрінде бөлек екісымдық тізбек арқылы ұйымдастырылады. ЖТБ (ОТС) тізбектері, әдеттегідей, топтық болып табылады(2. 2-cурет), яғни, сымдар арасында параллель ондаған телефон қосылуы мүмкін.
1 - Е1 арналардың электрлік интерфейстері (30 ОЦК) ; 2 - 16 Е1 арнаны мультиплекстеуге және демультиплекстеуге арналған АМ-33 тақтасы; 3- беріліс жылдамдығы 34 Мбит/с болатын Е3арнасының оптикалық интерфейстері; 4- екі оптикалық талшық; 5- Е3 арнадан 4 Е1 арнаны енгізу/шығаруға арналған АМ-35 тақтасы: 6- кабельдің ішіндегі оптикалық талшықтардың нөмірлері.
2. 2-сурет - Бөлімшелік байланысты ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы
ЖТБ (ОТС) ұйымдастыру сұлбасын жасақтай отырып, электрлік кабель арқылы тека қана диспетчерлік байланыс тізбектері: ПДС, ЭДС, СДС қана емес, сонымен қатар, ОПС (қорғалатын өткел кеезкшісі және станция кезекшісі арасындағы байланыс тізбегі), ТЮ және ТС (тартымдылық қосалқы станцияны телебасқару және телесигналдау) ұйымдастырылатынын ескеру қажет. Аралық пунктерге енгізілетін тізбектер саны олардың пайдалану мақсатына байланысты болады. Мысалы, аралық станцияның барлық қызметтік станциялық бөлмелер орналасқан жолаушы ғимаратына немесе ЭТ бекетіне бөлімшелік байланыстың барлық түрлері енгізіледі. Автобұғаттаудың сызықтық тізбектерінен басқа автобұғаттаудың өтпелік сигналдық нүктелердің релейлік шқаптарына апару байланысы (АБ - ПГС), қызметтік диспетчерлік байланыс (ҚДБ-СДС), апаттық-қалпына келтіру байланысы (АҚБ-АВС) енгізіледі, ол, қажет болған кезде, өтпеліктен өтпелікті шектейтін станциялары бар үш телефондық сызықтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тізбектерді кейбір аралық пунктерге типтік енгізу шешімдері (1. 4-сурет) келтірілген.
Жедел технологиялық байланыстың тізбектері аралық пунктерге «шлейф» арқылы (сызықтық сымдардың қимасымен) немесе параллель (байланыс қондырғысының сызығына параллель қосылып) енгізілуі мүмкін. Тізбектерді «шлейф» арқылы енгізу пайдаланушылық артықшылықтарға ие болады, өйткені, бір байланыс түрлерінің бүлінген аумақтарын басқа байланыс түрлерінің жарамды тізбектерімен алмастыруға; басқа қондырғыларды қалыпты жұмысын сақтап, бүлінген байланыс қондырғыларын сөндіруге; қалпына келтіру жұмыстарының жерлерімен қажетті байланыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді және т. б. .
СЦБ тізбектерінің тармақталуы әрқашан «шлейф» арқылы орындалады.
Барлық байланыс түрлері жолаушы ғимараттарға немесе ЭТ бекеттерге «шлейф» арқылы енгізіледі немесе ақырғы кіріске ие болады. Магистралдық кабельден теміржол станциясында орналасқан басқа объектілерге тармақталу, әдеттегідей, орындалмайды, ал, байланыс және авоматиканың қажетті тізбектері сол объектілерге жолаушы ғимараттардан немесе ЭТ бекеттерден салынған екінші коммутация кабелі арқылы енгізіледі.
Жобаның бұл бөліміне түсіндірме ретінде қажетті сандық арналар санына сүйеніп, магистралдық, жол және бөлімшелік байланысты ұйымдастыру сұлбасын құру керек. Сондай-ақ, курстық жобада бөлімшелік байланыс арналары магистралдық және жол байланыстан бөлек ұйымдастырылатынын ескеру керек, яғни, әртүрлі талшықтар және мамандандырылған арнақұрушы аппаратура қолданылады. Байланысты ұйымдастыру сұлбасында магистралдық, жол және бөлімшелік байланыс аппаратурасы жұмыс жасайтын оптикалық талшықтардың нөмірлерін көрсету керек. Жобада қабылданған жедел-технологиялық байланысты ұйымдастыру нұсқасын түсіндіру керек. Байланыс және СЦБ тізбектерін жобаланатын аумақтағы теміржол көлігінің түрлі қызметтік объектілерге енгізу ерекшеліктерін көрсету керек.
2. 1 Оперативті технологиялық байланыс
Оперативті-технологиялық байланысты және автобұғаттаудың сызықтық тізбектерін ұйымдастыруға арналған электрлік кабель.
Бүгінгі күнде осы мақсат үшін екікабельдік желінің жаңа құрылысы кезінде, әдетте, төменжиілікті қашықтан байланысу кабелі (ТЗ) қолданылады. Кейбір жағдайда, сәйкес негіздеу кезінде ТЗ типті кабельдің орнына МК типті қашықтан байланысу кабелді қолданылуы мүмкін. Техникалық тапсырмаға сәйкес физикалық тізбектер саны 13 тең. Сондықтан, екікабельдік желі кезінде тарамның диаметрі 1, 0 немесе 1, 2 мм сыйымдылығы 7 х4 болатын кабель таңдап алынады.
ОТс үшін үшкабельдік желіні жобалау кезінде ТЗ типті кабель, ал, автобұғаттаудың сызықтық тізбектері үшін гидрофобты сигналдық-бұғаттау кабелі қолданылады.
ОТС тізбектерінің ТЗ типті кабельдің төрттіктерімен үлестіру мысалы, ал, автобұғаттаудың сызықтық тізбектерін ұйымдастыру үшін құрама кабельдің оптикалық талшықтары мен төрттіктерін (жұптарын) үлестіру мысалы келтірілген.
Тармақталу кабельдері. Магистралдық төменжиілікті (жоғарыжиілікті) қашықтан байланысу кабельдерінің тармақталуы тармақтары бар тізбектердің санына және енгізу тәсіліне байланысты тарамның диаметрі 0, 9 мм және төрттіктер саны 4х4 немесе 7 х4 болатын ТЗ типті кабельдер арқылы станциялар немесе өткеліктердегі қандай да бір объектіге орындалады.
Айнымалы ток жүйесі бойынша электрлендірілген теміржол аумақтарында қолдануға арналған электрлік кабельдердің қорғауыш қабықшалары және жабындары. Айнымалы ток жүйесі бойынша электрлендірілген теміржол бойымен салынатын электрлік кабельдік желілері үшін басқа металл қабығымен салыстырғанда, жоғары қорғауыш коэффициентке ие болатын алюминий кабықшасынан жасалған кабельдер қолданылады. Сонымен бірге кабельдің экрандау қасиеттерін арттыру үшін жоғары магниттік өтімділігі болатын материалдардан жасалған құрышты жабындар қолданылуы мүмкін.
Бұл бөлім бойынша түсіндірме жазбада электрлік және оптикалық байланыс кабельдер маркаларын таңдауды негіздеу және оның негізгі конструкциялық элементтерінің қысқаша сипаттамаларын келтіру керек. Электрлік және оптикалық кабельдер сыйымдылығын негіздеу. Әрбір аумақтың кабельдері (А-к және Д-Н) үшін кабельдердің талшықтары мен төрттіктерінің (жұптарының) үлестірілуін кестелік формада келтіру.
3 ОПТИКАЛЫҚ КАБЕЛЬДЕРДІ ТӨСЕУ ӘДІСТЕРІ
Оптикалық кабельдер электрлік кабельдер сияқты механизмдер және тәсілдер арқылы салынуы мүмкін:
- Темір жолдың тармақ желісінде тікелей топыраққа немесе теміржолдың жер төсеміне;
- кабельдік канализацияда немесе полиэтилен құбыр желілерінде;
- техникалық эстакадалармен;
- түрлі құрылысты кабельдік науаларда.
Бұдан басқа, оптикалық кабельдер түйіспелі желінің тіректерінде, автобұғаттаудың жоғары вольттық сигналдық желілердің тіректерінде және бөлек бағаналарда ілінуі мүмкін.
3. 1 Бөгеттерден өту құрылғылары
Кабельдік магистральдың трассасын жобалаумен қатар өзендер және темір жолдар арқылы өту конструкциялары таңдап алынады.
Өзен өткелі. Кабельдің өзен арқылы өту кезінде осы өзеннің ерекшеліктері ескеріледі. Егер өзенде кеме жүретін болса немесе оның ені 300 м артық болса, онда теміржол кабельдік магистраль жобасында әрбір магистралдық кабель үшін қорда сақтау ескерілген: бір кабель көпір арқылы, ал, басқа кабель - өзен түбімен төселеді. Бұл жағдайда, сым құрышты жер асты кабельдер таңдап алынады, ал, өзеннің екі жағасында жер асты кабельмен түйіскен жерде (өзеннен шамамен 50 м қашықтықта) тармақталу муфталары орнатылады. Жер асты кабельдер трассасын, әсіресе, көпір жанындағы мұз кептелу мүмкіндігі туындаған жағдайда, көпірден, кем дегенде, 300 м қашықтыққа алмастыру керек.
Жер асты кабельдердің теміржол көпілері арқылы өткелдер көпірлердің фермаларында және тіреулерінде бекітілген арнайы науаларада немесе жаяу жүргінші жолының астында төселген асбоцементтік құбырлардың ішінде орындалуы мүмкін:
Су қоймалар арқылы өткелдер:
- горизонталь бұрғылау (ГНБ) қондырғысын пайдалану арқылы;
- түсірілген арқандағы кабель төсегішті пайдалану арқылы (кабельдің төсеу тереңдігі 1, 2 м дейін, су қойманың айдынының ені 200 м дейін) орындалуы мүмкін.
Тас жол, теміржолмен, өнім тасымалдайтын құбырлармен және басқа коммуникациялармен қиылысқан кезде ОК асбоцементтік немесе пластмассалық құбырлардың ішіне тартады, олар горизонталь бұрғылау (тесу) немесе ашық әдіспен жүргізіледі.
Магистралдық тас жол, теміржол арқылы өткелдер жасырын горизонталь төсеу арқылы орындалуы тиіс.
Темір жол тармақтары немесе екінші дәрежедегі жолдар арқылы өткелдер осы құрылыстардың иелері келісім берген кезде ашық әдіспен орындалуы мүмкін.
Жасырын горизонталь төсеу құрылымы бойынша жұмыстар:
- Саңылауды тесіп өту штангаларды гидравликалық домкратпен қысу арқылы орындалуы мүмкін. Қазаншұңқырға бірінші штанганың қарамақарсы жаққа өткеннен кейін оған кеңейткіш бекітіледі, ол штангалардың кері жүрісі кезінде саңылауды бір немесе бірнеше өту арқылы қажетті мөлшерге дейін кеңейтеді. соңғы өткелде ұңғымаға құбырларды тартады (курстық жобада бұл тәсіл өткелдің ұзындығы 30 дейін болған кезде қолдануға ұсынылған) ;
- Горизонталь бұрғылау арқылы, сол кезде технологиялық процесс өткен процеске сәйкес, бірақ, топырақты басудң орнына бұрғылау қолданылады. Горизонталь бұрғылау өткелдердің ұзындықтары салыстырмалы артық боғлан кзеде ғана қолданылатынын атап өту жөн. ( 3. 1-сурет)
Құбырларды бөгет арқылы төсеу, әдеттегідей, кабельді қиылысу аймағындағы өсеуден бұрын орындалады. Кабельдердің темір жолдарды қиылысқан кезде үйме табасының ені 35 м аспайтын жер таңдап алынады (табан жанындағы үйменің ені: қосжолды теміржол үшін 3Н+10, біржолды темір жол үшін3Н+6 м, мұндағы, Н - рельс бастиегінің және үйме табанының биіктік белгілерінің айырмасына тең) . (3. 2-сурет)
Кабельдің темір жол және су бөгеттері арқылы өту мысалдары 7, 8 және 9 суреттерде келтірілген.
3. 1-сурет. Горизонталь бұрғылау әдісі арқылы теміржол арқылы өткел
3. 2-сурет . Горизонталь бұрғылау қондырғыларын пайдалану арқылы өзен арқылы өткел:1 - ГНБ механизмін орнатуға арналған қазаншұңқыр; 2 - диаметрі 110 мм болатын полиэтилен құбырларын төсеуге арналған диаметрі 300 мм болатын керамикалық кабельдік канализация;
Оптикалық кабельдің түйіспелі желінің тіректерінде ілінуі кезінде өзен өткелі көпірдің фермаларында орнатылған кронштейндерде орындалады, 9 сурет.
А-А
1 - кабельді бекітуге арналған клемма; 2 - Оптикалық байланыс кабелі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz