Текстпен жұмыс жасайтын тегтер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . .: Нормативтік сілтемелер . . .
6: 6
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер . . .
6: 6
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе. … . . .
6: 7
Нормативтік сілтемелер . . .: 1 Есептің қойылымы . . .
6: 9
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1 Кәзіргі таңдағы жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларға талдау және шолу жасау . . .
6: 9
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 2 Бағдарламалық қамтаманы құрастыруға негіздеме . . .
6: 20
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 3 Техникалық тапсырма . . .
6: 22
Нормативтік сілтемелер . . .: 2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау . . .
6: 23
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1 Зерттеліну объектісін талдау . . .
6: 23
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2 Бағдарламалық қамтаманы құрастыруда бағдарламалық және аппараттық құраларды таңдау және оған негіздеме . . .
6: 24
Нормативтік сілтемелер . . .: 3 Бағдарламалық қамтаманы іске асыру . . .
6: 34
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 1 Шешімдер алгоритімін құрастыру . . .
6: 34
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы . . .
6: 34
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2. 1 Файлдық жүйенің физикалық құрылымы . . .
6: 34
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2. 2 Берілгендер қорының құрылымы . . .
6: 36
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2. 3 БҚ бүтінділігін қамтамасыз ету . . .
6: 36
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2. 4 Кестелер құрамы . . .
6: 37
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2. 5 Деректер қорында қолданылатын кестелер құрамы . . .
6: 44
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 3 Ақпараттық модульдердің және бағдарламаның отладкасы . . .
6: 44
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 3. 1 Бағдарламаның интерфейсін құрастыру . . .
6: 46
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 3. 2 Экрандық интерфейс идеалогиясын таңдау . . .
6: 46
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 4 Бақылау мысалында бағдарламаны тестілеу . . .
6: 47
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 5 Құжаттау . . .
6: 50
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 5. 1 Қолданушыға нұсқау . . .
6: 50
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 5. 2 Бағдарламалаушы нұсқамасы . . .
6: 51
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
6: 61
Нормативтік сілтемелер . . .: Әдебиеттер тізімі . . .
6: 62
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымша А. Бағдарламаны қабылдау актісі . . .
6: 63
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымша Б. Бағдарлама листингісі . . .
6: 64
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымша В. Бағдарлама формалары . . .
6: 77

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

Ақпараттық жүйе - қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты беру, өңдеу және сақтауға пайдаланылатын әдістер, өнімдер және қызметтердің өзара байланысқан жиынтығы. Ақпараттық жүйенің қазіргі мағынасы ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютерді пайдалану болып табылады.

Бағдарламалық қамтама - есептеуіш техниканы тиімді қолдануды қамтамасыз ететін және функционалдық есептерді шешуге арналған күнделікті қолданылатын бағдарламалар жиынтығын құрайды. Бұл жүйе қолданушыға жұмыста барлық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

Деректер қоры дегеніміз - мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді

Деректер қорын басқару жүйесі - деректер қорынан деректерді құру, сақтау және алуды автоматтандыру үшін арналған программалар жиынтығы.

АЖ - ақпараттық жүйе

БҚ - бағдарламалық қамтама;

ДЭЕМ - дербес электронды есептеуіш машина;

БҚБЖ - берілгендер қорын басқару жүйесі;

АЖ - автоматтандырылған жүйе;

АБЖ - автоматтандырылған басқару жүйесі;

БК - бағдарламалық кешен;

ДҚ - деректер қоры;

БҚ - бағдарламалық қамтама

ДҚ - Деректер қоры

ДҚБЖ - Деректер қорын басқару жүйесі

Байт, кбайт, бит, гбайт - ақпарат өлшемдері

КІРІСПЕ

Есептеуші техника құралдарының дамытылуы мен адам іс- әрекетінің барлық салаларына компьютерлердің енгізілуі қарқындап келе жатқан және кері қайтпайтын процесс. Компьютердің қолданылуының әсерлілігі, компьютермен шешілетін функциялар шеңберінің кеңейуі адам еңбек ететін кез - келген аймақта ауыстырылмас көмекші болып отыр.

Тақырыптың өзектілігі. Интернет-технологияларды меңгеру бүкіләлемдік желіні қолдана отырып, корпаративті құрылым әзірлейтін, динамикалық сайттар мен Web-порттарды әзірлейтін және оларды бағдарламалық қамтамасыз ететін Web-программистер мен дизайнерлерді дайындау барысында басты рөл ойнайды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Дүкеннің ақпараттық Web-сайтын құрастыру».

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті, объектісі . «Гарант» компьютерлік техникаларды жарнамалау, сату жұмыстарымен айналысатын жеке фирманың операторлары мен сатушыларына көмекші және фирма заттарын Интернет желісі арқылы жарнамалайтын, сонымен қатар сатып алушыларға кеңесші жүйе құрастырылған. Жобада қосымша жүйенің бөлек компоненттері жасалады, жүйе мен тұтынушы арасындағы ақпаратты ағымның жобалануы орындалады, және де жүйенің бөліктері арасында, әр тапсырманың жүзеге асуының алгоритмі жасалады.

Ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы. Берілгендер қорын басқару жүйелері кәзіргі уақытта үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс жасауда қызмет түрлерінің толық бөлігін қамту үстінде. Сондықтан, БҚБЖ адам жұмысының үлкен бөлігін жеңілдетуге ықпал етуде, облыстық және қалалық жер комитетіне арналған арнайы жасалынған қолданбалы бағдарламалық қамтамалар жеткіліксіз. Мұндай бағдарламалық қамтамалар көлемді ақпарат ағынын автоматтандыруға өте қолайлы [1] .

Заманауи ғылыми мәселенің шешілетін жағдайы. Компьютерлік технологияларды сату қызметтерімен айналысатын фирмаларға арналған бағдарламалық қамтама белгілі бір бөлім жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, жұмыс әлпін күшейтіп, материалдық және еңбектің шығындарды азайтады.

Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:

  1. есептің қойылуы
  2. бағдарламалық қамтаманы жобалау
  3. бағдарламалық қамтаманы іске асыру
  4. қорытынды
  5. қолданылған әдебиеттер тізімі
  6. қосымша

Бірінші тарауда ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелерге талдау және жалпы шолу жасау, құрастырылатын бағдарламалық қамтамаға негіздеме жасалынған.

Екінші тарауда зертеу объектісін орнатылатын бағдарламалық қамтуды таңдауға негіздеу жүргізіледі, қолданылған бағдарламалық құралдарға толық сипаттама беріледі, оның құрамына стандарттық, типтік бағдарламалық құралдар кіреді, және де қосымша жүйенің қалыпты жұмыс жасауына қажетті аппараттық - техникалық құралдарды таңдау кіреді.

Үшінші тарауда жасалған өнімнің жасалу және эксплуатация ортасы қарасатырылады, пакеттің құрамы мен структурасы, негізгі және қосымша файлдардың сипаттамасы беріледі. Бағдарламаны жасау туралы материал ұсынылған. Оның құрамына тапсырманың қойылуы, тапсырманы шешу тәсілін таңдау және негіздеу, алгоритм мен бағдарламаның жасалуы, және де жасалған бағдарламалық өнімнің қолданылуының әсерлілігі және де қолданушы мен программистке арналған нұсқаулар кіреді.

Жұмыс «Қорытындымен» аяқталады, негізгі нәтижелермен қорытындылар келтіріледі, және жасалған бағдарламалық өнімнің ерекшеліктері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі дипломдық жұмысты жасау кезінде қолданылған барлық әдебиеттерді қамтиды.

Қосымшада бағдарламаны қабылдау актісі, бағдарламаның листінгісі мен формалары келтірілген.

1 Есептің қойылымы

1. 1 Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларға талдау және шолу жасау

Ақпараттық технология саласындағы ең жаңа жетістіктер ақпараттық қор ұйымдастырудағы жаңа концепцияларға алып келді. Жоғары өндірісте және экономикалық микропроцессорлардың арқасында ақпаратты - есептегіш ресурстар менеджерлер, есепшілер, жобалаушылар, ұйымдастырушылар мен инженер, басқа категориялы қызметкерлердің жұмыс орындарына жақындай түсуде. Жеке компьютерлер қорында мәліметтерді өңдеу жүйесі жетілдіріліп, жұмыс орындар автоматтандырылуда.

Интернеттің даму тарихы

Ең алдымен Интернет - бұл компьютерлік желі, сондықтан барлық ақпарат файлдар түрінде сақталады. Файлдар байланыс линиясына тұрақты қосылған серверлерде орналасқан. Файлдардың барлығы Интернеттің ресурсы болып табылады. Бұл ресурстар әртүрлі типті болуы мүмкін: текстік, гипертекстік дыбыстық, графикалық, электрондық хаттар және басқа. Интернеттегі ресурстардың өз хаттамалары бар, мысалы файлдық архивтермен FTP хаттамасы байланысты, ал электрондық хаттармен РОРЗ және SМТР хаттамалары бойынша жұмыс істейды [2, 3] .

Интернетке қосылу үшін ең алдымен компьютер қажет. Содан соң модем керек. Ол модулятор және демодулятор деген екі сөзден тұрады, яғни цифрлық сигналды аналогтық сигналға және керісінше түрлендіретін құрылғы. Модемдер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы модем тікбұрышты қорапша түріндегі құрылғы. Оның бетінде 8 лампочкасы болады, олар ақпаратты беру, қабылдау кезінде жанып -өшіп тұрады. Сыртқы модемнің өзінің қоректену блогы бар. Модем компьютермен жуан кабельмен қосылады.

Ішкі модемнің қоректену блогы болмайды және ол плата түрінде жасалған. Сыртқы модемнің кемшілігі: модемді компьютермен және қорек көзімен қосатын сымдар орын алады және шатасады. Және ол ішкі модемнен қымбаттырақ .

Ішкі модемнің кемшілігі: провайдердің ажыратып тастағанын байқамау, яғни линиядағы қолданылмаған уақытқа ақша төлеуге тура келеді. Және кейбір модемдер өзін қосу үшін компьютердің қорек көзін өшіруді қажет етеді.

Модемнің индикаторлары:

MR (Мodem Ready) - модем желіге қосылды және жұмысқа дайын.

TR (Тerminal Ready) - модем компьютерден жұмысқа дайын екендігі туралы сигнал алды.

SD (Senol Data) - модем қашықтықтағы модемге мәліметтер жібереді.

RD (Resilve Data) - модем қашықтықтағы модемнен мәліметтер қабылдайды.

OH (Oss Hoor) - модемнің тұтқаны алуы. Индикатордың жанып -өшуі номерді теру процесін көрсетеді.

CD (Carrier Detect) - қашықтықтағы модеммен қосылу

AA (Auto Answer) - модем келген қоңырауды күту режимінде.

HS (High Spead) - модем ең жоғары жылдамдықта жұмыс істеуде.

Windows NT Server -операциялық жүйенің комплектісіне қуатты Web -сервер, Web -серверде ақпаратты жылдам және тиімді іздеуге арналған құралдар (Microsoft Index Server), Web - беттердің құрылымын құруға және ұйымдастыруға арналған құрал (Microsoft Front Page) және ауқымды желі мен Intranet ресурстарын қарауға арналған құрал (Microsoft Internet Explorer) кіреді.

Windows NT Server - ді қолдануға болады:

Файл сервер -ұжымды қолдануға арналған. Файлдардың көп мөлшерін бір орталықта сақтау.

Баспа сервері - принтерлердің шексіз санын бірге қолдануды қосуға және ұсынуға арналған.

Қашықтан қатынас жасау сервері -екі бөліктен тұрады:

  1. Windows NT Server-мен компьютерде орнатылған, серверлік;
  2. Жұмыс станцияларында орнатылған, клиенттік;

Резервтелген мәліметтер сервері - стримерге файлды резервті көшіру мүмкіншілігін береді.

Байланыс сервері -әртекті желілерді қосу мүмкіндігін береді.

Интернеттін пайда болу тарихы

60 жылдары Карибтегі кризистен кейін (СССР мен АҚШ арасындағы қиындықтар. Бұл кризис нәтижесінде үшінші соғыс болуға сәл қалды) АҚШ -ғы белгілі бір орталықтың мамандары алғаш рет орталықтандырылған компьютерлік желі құруды ұсынды.

Олар ядролық соғыс бола қалған күнде осы желіге қосылған әскери компьютерлер мен білім және ғылыми мекемелердегі компьютерлер арасында байланыс үзілмеу керек деп санады. Мұндай желідегі түйіндер арасында көптеген байланыстар болу қажет, яғни барлық түйіндердің статусы бірдей болу керек. Кәдімгі желіде бір ғана сервер болып, ол істен шықса, барлық желі істен шығады. Ал бұл желінің бірнеше сервері болады, яғни олардың әрқайсысы ақпаратты жолдау жолдарын таңдай алады. Әрбір жіберілетін мәліметтер пакет деп аталатын стандартты блокқа бөліну қажет деді. Әрбір пакеттің адресі болады [4, 5] .

1968 жылы Пентагон бөлімшелерінің бірі-зерттелген жобалармен жұмыс бойынша агенттік (ARPA) -осы жобаны қаржыландыруды бастады. 1969 жылдың күзінде бар болғаны 4 түйіннен тұратын ARPANET желісі пайда болды: Калифорния университетінде (Лос-Анджелес) SDS SIGMA; Стритфорд зерттеу институтта SDS -940; Санта Барбарадағы Калифорния институтында IBM -360; Юта штатындағы университетінде DEC PDP -10.

1971 жылы ARPANET құрамында 15 түйін, 1972 жылы 37 түйін болды. 1973 жылы желіге шетелдік желілер Лондоннан, Норвегиядан қосылды. Желіге әртүрлі машиналар біріктірілді, бірақ олардың барлығы NCP (Network Control Protocol, желілік басқару протоколы) хаттамасын қолдауы қажет. 1974 жылы американдық мемлекеттік ғылыми зерттеу қорының қызметкерлері жаңа ТСР/ІР стандартты хаттамасын жариялады. 1983 жылы ол ARPANET желісінің стандартты хаттамасы болды. Осы жылы желі Интернет деп жаңа атауға ие болды.

Хаттама дегеніміз байланыс ережелерінің жиынтығы. Файлдық сервер - бұл қолданушылардың желісіне қосылған дискілерде сақталатын файлдарға қатынас жасауды қамтамасыз ететін желінің негізгі компьютері. Бірнеше желіні біртұтас біріктіру үшін желіаралық хаттама қолданылады. (ІР- Internet Protocol) . Осы желідегі мәліметтерді айырбастау мәліметтерді беруді басқару хаттамасымен (Transmission Control Protocol -TCP) орындалады. Интернетте ақпаратты тасымалдау қос хаттаманың ТСР/ІР көмегімен жүзеге асырылады.

Сайттар және олардың адрестері

Қаладағы серверлерге шығу үшін домендерді қолдануға болады. Ал ондағы аудан, үйге қатынас жасау үшін сайттар қолданылады. Қандай да бір мекемеге немесе жеке тұлғаның және қандай да бір тақырыпқа арналған желінің логикалық түрде аяқталған элементі. Әрбір сайттың өз адресі болады, ол әріптен турады.

Желіні жасаушылар арнайы, домендік аттарды, (DNS) серверін құрады. Олар автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады. DNS өзінде сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды.

Сайт адрестері бірнеше маңызды элементтерден тұрады. http:// - гипертестік құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.

WWW - ресурстың WWW жүйесіне жататындығын білдіретін “сигналдық жалауша”. Бұдан кейін адрес атының ең төмендегі элементі - сайттың өз аты орналасады.

Беттер -біртұтас «ағзаны» -сайтты құрайтын жеке гипертекстік құжаттар.

Домендік зоналар

Интернеттің компьютерлерінің барлығының өз адрестері (ІР -адресі) болады. Сервер ыңғайлы болғандықтан домендіқ зоналар деп аталатын логикалық топтарға біріктірілген. Бұл зоналар географиялық, тематикалық болуы мүмкін.

Географиялық домендік зона (бірінші деңгейдегі зона) желіге өз компьютерлері арқылы қосылған әрбір мемлекетке беріледі. Ол ереже бойынша екі әріппен белгіленеді:

Ch -Қытай

Fr -Франция

Ge -Германия

Jp -Жапония

Ru -Россия

Tw -Тайвань

Uc -Украина

Ur -Ұлыбритания

Тематикалық домендік зонаның географиялықтан қарағанда белгілі бір аймаққа қатысы жоқ. Ол әр елдегі ғана емес, әр контингенттегі компьютерлерді біріктіреді. Мұнда компьютерлер оларды басқаратын мекемелердің түрі бойынша топтастырылған. Ал домендік индекс үш және одан көп әріптермен белгіленеді:

Gov - өкіметтік мекемелер;

Com - кез келген коммерциялық үйымдар;

Net - желілік қызметке қатысты ұйымдар;

Nur - әскери мекемелер;

Int - халықаралық мекемелер;

Edu - білім беру мекемелері;

Shop - желілік магазин;

Museum - мұражай;

Biz - кез-келген бизнес -жоба;

Name - жеке беттер.

HTML тілі туралы

HTTP ақпарат алмасу хаттамасы пайда болған соң WWW қызметі дүниеге келді. Интернеттегі Web-беттер-HTML тілінде жазылған файлдар (Hyper Text Morhup Language-язык разметки гипер текста) . Web-беттердің мазмұны әр түрлі болғанмен, олардың барлығы HTML тілін қолданады. HTML құжаты HTM немесе HTML кеңейтілімі бар.

Гипертекст - бұл форматтау, иллюстрация, мультимедиалық орнату және басқа құжаттарға гиперсілтеме сияқты қосымша элементтерді басқаратын арнайы кодтар. Разметка деп нәтижелік гипертексттік құжаттың арнайы программа броузермен қалай бейнеленетінін анықтайтын, осы кодтардың текстке орнатуды түсіну қажет [6] .

HTML тілінің кодтары-бастапқы тексті разметкалауды орындайтын тег деп аталады. Тег-бұл символдардың жиынтығы. Барлық тегтер “<”-кіші символдан басталып “>”-үлкен символмен аяқталады. Бұл екі символды кейде бұрыштық жақша деп аталады. Ашылған бұрыштық жақшадан кейін тегді анықтайтын кілтік сөздер жазылады. HTML тіліндегі әр бір тегтің арнайы белгісі бар.

HTML құжаты негізгі текстегі және разметка тегінен тұрады. Оны құру үшін кез-келген текстік редакторды және Блокнот редакторын қолдануға болады. HTML құжат<HTML> тегінен басталып, <-HTML> тегімен жабылу тиіс. Бұл қос тег броузерге оның HTML құжат екенін хабарлайды. HTML құжаты тақырып бөлімімен және құжат денесінен тұрады. Тақырып бөлімі <HEAD және /HEAD > тегіне алынып жазылады. Ол құжат туралы толық ақпарат береді. Бұл бөлімнің ішінде құжаттың негізгі тақырыбы орналасқан <TITLE>және </TITLE> тегінен тұрады. Құжаттың тексті оның денесінде орналасады. Құжаттың денесі <BODY> және </ВОDY> тегтерінің ортасында орналасады. Мысалы:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> шаблон HTML-документа </TITLE>

</HEAD >

<BODY>

Это моя первая HTML-страница . . .

</ВОDY>

</НТМL>

Енді осы құжатты сақтау керек. Ол үшін:

  1. Файл менюінен “Сохранить как” пунктін таңдау.
  2. Ашылған пунктіндегі “тип файлы” тізімінен “все файлы” таңдау.
  3. “Имя файлы” қатарына құжат атын енгізу.
  4. Қажет болса қажетті каталогты орнату.

“Сохранить ”кнопкасын басу.

Содан соң WEB -броузерді жуктейміз. “Адрес” қатарында сақталған файлдың толық атын енгізіп, Enter пернесі басылады.

HTML тілі құжаттың функциялық бөлімдерін сипаттауға арналған. Қарапайым құжаттардың көбінде тақырып пен абзац негізгі функциялық бөлім болып табылады. HTML тілі құжаттың ішкі тақырыптарының 6 деңгейін қолдайды. Олар <H1> және </H1> ден <H6> дейінгі </ Н6> тегтермен белгіленеді. Компьютер экранында бұл тақырыптың барлығы әртүрлі (шрифтегі) размердегі шрифтпен бейнеленеді. Ал жай абзацты жазу үшін <P> және </P> тегтері қолданылады. HTML тілінде абзац құратын құрал жоқ. Оның орнына текстке құжаттың бөліктерін бір бірінен бөлу үшін көлденең жолақ сызықтар қосу. Көлденең сызық <HR> тегімен құрылады. Бұл жалғыз тег деп аталады, себебі сәйкес жабылатын тегі жоқ. Егер абзацты құрамай жаңа жолға көшу керек болса, <BR > тегі қолданылады [7] .

<P> тегінің ALІGN атрибуты бар. Оның көмегімен берілген абзацтың ішінде текстті форматтауды басқаруға болады.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> абзац </TITLE>

</HEAD >

<BODY>

<PALIGN=LEFT> Текст, прижатый к левому полю. <P>

<PALIGN=CENTER> Текст по центру </P>

<PALIGN=RIGHT> Текст прижатый к правому полю </P>

</ВОDY>

</НТМL>

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> функционные разделы документа </TITLE>

</HEAD >

<BODY>

<H1> Главный заголовок </H1>

<H2> Подзаголовок </H2>

<P> Эти строки изображаются слитно, несмотря на то, что в документе.

они отделены

друг от друга

<P> закрывающий тег абзаца не обязателен. <P> тег начало абзаца более важен, чем реальный переход но новую строку

<HR>

Текст после горизонтальной линейки

<BR > разбит на две строки

</ВОDY>

</НТМL>

Кез келген текстік редактор шрифті қалың, қисық, асты сызылған түрде жаза алады. Осы 3 варианттағы жазуды <B> </B>, <J> </J>, <U> </U> тегтері қолданылады.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> варианты начертания </TITLE> </HEAD >

<BODY>

Простой текст, а это <B>, <J>, <U> жирный, наклонный и подчеркнутый </U></J>, </B> текст

</ВОDY>

</НТМL>

<BIG> және </BIG> тегтері символдық размерін бірлікке көбейтеді. Ал <SMALL>, </SMALL> тегтері бірлікке азайтады. Көбейтудің (азайтудың ) қатарынан жазылған бірнеше тегі шрифтің размерін бірнеше бірлікке өзгертеді.

Тексті тізім түрінде де жазуға болады. Көбіне нөмірленген тізім (<OL>), маркерленген тізім (<UL>) қосу. Тізімнің әрбір элементі <LJ> тегтерімен қоршалады.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> списки </TITLE> </HEAD >

<BODY>

<H2> Копированный список </H2>

<OL>

<LJ> элемент </LJ>

<LJ> элемент </LJ>

<LJ> элемент </LJ>

</OL>

<H2> Маркированный список </H2>

<UL>

<LJ> Первый </LJ>

<LJ> Второй </LJ>

<LJ> Третий </LJ>

</UL>

</ВОDY>

</НТМL>

Текстпен жұмыс жасайтын тегтер

<BODY> тегінің бірнеше атрибуты бар:

-BCCOLOR-фонның түсін орнатады.

-TEXT- тексттің түсін орнатады.

Мысалы, төмендегі фрагментте барлық HTML- құжат үшін қара фонда қызыл түсті символдар шығарылады.

-<BODY BGCOLOR= # TEXT= #FF>

Шығарылатын текстің сыртқы түрін басқару үшін <FONT> </FONT> тегтері қолданылады. Оның бірнеше атрибуты бар.

SIZE атрибуты шығарылатын текстегі символдардың өлшемін береді. Егер ол берілмесе, броузер SIZE=3 деп алады . Егер ол атрибутты >3 деп берсе, текст шрифті үлкен размерде, <3 десе кіші размер беріледі.

<FONT SIZE=5 (үлкен шрифт </FONT>

<FONT SIZE=1 (кіші шрифт </FONT>

COLOR атрибуты шығарылатын текстің түсін көрсетеді. Бізге көрінетін барлық түстер спектордың түстік сәулелердің қосындысы. Электронды-сәулелік түтікшеде кез келген түс қызыл, көк түстерді араластыру арқылы алынады. Егер 100% қызыл түспен 100% көк түсті араластырса сары түс ашылады. Егер үшеуініңде 100% араластырса онда таза ақ түс алынады. Яғни, COLOR атрибутында кез келген қызыл, жасыл, көк түстерінің комбинациясынан алынады. (Red, Green, Blue-RGB)

Бірақ түстер пайызбен емес нүкте 0 ден 255-ке дейінгі сандармен он алтылық түрде көрсетіледі.

3 Е, 9F, AA, CR, FF және т. б.

<FONT COLOR=#FF> қызыл шрифт </FONT>

<FONT COLOR=#00FF00> жасыл шрифт </FONT>

<FONT COLOR=#FF> көк шрифт </FONT>

<FONT COLOR=#COCOCO> сұр шрифт </FONT>

Бұл тегтердің барлық атрибуттарын бір уақытта қолдануға болады.

Фраза элементтерін анықтау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданылатын Windows операциялық жүйесінің қысқаша сипатамасы
Web торабын құруды оқыту тақырыбы
Мәтінді форматтау тэгтері
Информатика - Пәнді оқыту
Электрондық оқулықтарды жасаудың құралдары
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Веб-бағдарламалаудан дәрістер
World Wide Web және HTML
Түс атауы
Суреттерді белгілеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz