Есту кемістігі бар балалардың сөйлеу және жазбаша тілін қалыптастыру: сурдопедагогикалық және коррекциялық әдістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Есту кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен сөйлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибиесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының кезеңдеріне сай қалыптасып отырады.

Ал естімейін балалар жағдайы мүлдем басқаша, есту қабілетінің нашарлауына, есту кемшілігіне байланысты бала үлкендерге еліктеу арқылы сөз, сөз мағынасын қабылдай алмайтындықтан арнайы түзету жұмыстары, байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру іс-әрекеттері арнайы сурдопедагогикалық талаптарға сай жүргізіліп, естімейтін баланың байланыстырып сөйлеу тілі дағдылары қалыптастырылып, өмірге бейімделеді.

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды Ал естімейтін баланың дыбыстарды қадағаламауына байланысты сөзі таза болмайды, сондықтан да түзетіп, таза сөйлеуді талап етіп отыру аса қажет.

Еститін адамдармен бірге жүру, қарым-қатынас жасау арқылы естімейтін баланың да байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы молая бастайды.

0-1 сыныптарда жеке сөздерді айтқызу арқылы затты көрсетіп, жест тілін пайдалану арқылы өз ойын жеткізсе, 2-3 сыныптарда заттарға байланысты сөздерді айтып, толық ойын жеткізу үшін мұғалім көмегін пайдалана отырып, сөз байланысын сақтап сөйлеуге тырысады. Естімейтін бала таныс емес заттардың атауын білмегендіктен көптеген сұрақтар туындайды, заттың атын білмегендіктен, бала заттың түр-түсін белгілерін оның тұрған орнын суреттеп айтады. Мысалы 5-сынып оқушысы «Бағдаршам» сөзін былай суреттеген: қызыл, фонарь, жасыл, сары. Жасыл-көшеден өту, қызыл-өтуге болмайды. Сол сияқты оранып алдым деген сөзді. Көп тон кидім, басыма көп орамал салдым деп айтады.

Сондықтан да естімейтін балалардың сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде жүргізе отырып байланыстырып сөйлеу тілін дұрыс деңгейде дамытып өмірге бейімдеуге болатыны іс-жүзінде дәлелденуде. Сөйлеудің ерекше бір түрі-жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөз сөйлеу ауызша сөз сөйлеуден кейін пайда болды.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

1. Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

  1. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.
  2. Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
  3. Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туыстарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады.

Ал естімейтін балаларға жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Естімейтін бала жазбаша сөйлеу тілін пайдалану үшін, алдымен дыбыстар қойылып буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландырылуы керек. Әрі қарай балаға грамматикалық тіл құрылымын қалыптастыру кажет. Сонымен қатар балаға дұрыс бағдар беру үшін мұғалім көмегі аса қажет. Естімейтін балаға грамматикалық тіл құрылымы қалыптастырылған соң ғана жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыруға болады.

Еститін және естімейтін балапардың сөйлеу тілі дагдыларының цалыптасуын салыстыра отырып, естімейтін баланың сөйлеу тілін ерте жастан қалыптастыру жолдарын зерттеу.

Еститін жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар ( жылау, тыңдау, іңгәләу, уілдеу т. б. ) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен(дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мысалы: үш-төрт айлық бала «мэ, ға, ге» секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай «ма-ма, па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, ұяң түрлерін меңгереді. Ал естімейтін балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәләу) байқалғанымен есту кемістігіне байланысты, ата-анасынын даусын ести алмайды. Тыңдау қабілеті өте баяу болады, күшті дыбыстарға ғана (діріл-вибрация) реакция болады. Естімейтін баланың көзіне қарап, дыбыстарды қалай қабылдайтынын байқай отырып, есту кемістігін байқауға болады. Естімейтін бала уілі еститін балаға қарағанда өзгеше болатыны байқалды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы сөйлеу және есту кемістігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктері
Ойын тәсілдері арқылы фонетико-фонематикалық кемістігі бар мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту
Кіші мектеп жасындағы сөйлеу, есту және көру бұзылыстары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері мен коррекциялық дамыту әдістері
Дефектология: көру, есту және сөйлеу кемістіктері бар балаларды зерттеу мен коррекциялық тәрбие әдістері
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға психологиялық көмек: теория, диагностика және коррекциялық әдістер
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойындар мен жаттығулардың тиімділігі
Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру: дислалия мен афазияны логопедиялық түзету негіздері
Кіші мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жүйелі кемістігі бар балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысының мазмұны мен әдістемесі
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған әдістемелік кешен
Арнайы педагогиканың тарихы және есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz