Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру

Орындаған : Қали Қ.С
М-16-3(11) тобы
Жетекші : Еркинова З.А

Қарағанды 2019ж
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдылардын қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени.гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ..4
1.2. Балаларда мәдени.гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени. Гигиеналық дағдыларын ойын арқылы қалыптастырудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
2.1. Ойын арқылы балаларда мәдени.гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың тиiмдi әдiс- тәсiлдері мен жолдары...
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларда ойындар арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі ... ... ... ..

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
V. Қосымша

Кіріспе

2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын жүзеге асыру тарапынан жекелікті дамыту проблемасымен мектепке дейінгі денсаулығы мықты баланы қалыптастыру маңызды орын алады.Балалардың денсаулығы - қоғамның экономикалық ,әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын арнайы әдістер мен тәсілдер арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыда талдап және тәжірибелік - эксперименттен өткізіп,тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
oo Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруды тарихи-педагогикалық тұрғыда анықтау;
oo Зерттеу проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдерін анықтау;
oo Экспериментальды жұмыс арқылы балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың нәтижесін тексеру.
Баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беруші - тәрбиеші. Мектепке дейінгі білімнің мемлекеттік стандартында балаларды ғылымдар негізімен байланыстырып қою емес,баланың жалпы ойын дамыту,қажетті тәрбие беріп,оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру талап етіледі. Бүгінгі заманың педагогикалық,психологиялық зерттеулерінің анықтауы бойынша мектепке дейінгі кезең баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңі.
Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н.Құлжанова,В.Н.Андросова, Л.А.Давиденко,Е.Б.Дайрабаева, Г.И.Исмагулова, А.Қаржаубаева, Т.Ж.Қалдыбаева, А.К.Менжанова, т.б еңбектерін атап көрсетуге болады.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі,сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балаларға мәдени-гигиеналық дағдыларды жаңа көзқарастар негізінде талдау-кезек күттірмейтін іс.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық деңгейлері қоғамның , әсіресе дәрігерлер және тәрбиешілердің арасында дабыл қағуда.Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше XX ғасырдың аяғында, XXI ғасырдың басында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардың денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда
Балабақшаның жауапкершілігінде деп көрсетіледі.
Демек,мектепке дейінгі балалардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе.

I БӨЛІМ

5.1. Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың мәні мен маңызы

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта ағаш түзу өсу үшін көшет кезінен көмектесу керек ,ал,үлкен ағаш болғанда оны түзей алмайсың деп бекер айтпаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік ,мейірімділік,қайырымдылық ,яғни адами құнды қасиеттерді сіңіріп ,өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.Бұл өз кезегінде баланың салауатты өмір салтын сақтауға негіз болатын екі жақты процесс.
Халық санының өсуі,оның сапасы,деннің саулығы мемлекет әл-ауқатының дамуына мұрындық болады.Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назрбаев Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегінде соның төрт негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі жер үстіндегі байлық.Жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз-адам,оның білімі мен іскерлігі,таланты мен мәдениеті ,денсаулығы. Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу - ең көкейтесті мәселе екендігі ақиқат. Өйткені қоғамның байлығы тек табиғи байлықпен ғана емес,адамдық байлықпен ,жалпы адамгершілік құндылықпен ,әрбір адамның төл ерекшелігімен,қабілетімен айқындалады. Қазіргі ұстаз жан-жақтыбілімді,зерделі жастардың ең сенімді досы,нағыз өз мамандығынң шебері болуға тиіс. Мектеп оқушылары мұғалімдерінің жаңаша ойлай білетін адам болғанын қалайды.сондқтан , мұғалім жастар алдында жауапкешілікті түсініп,жаңашылдықты қабылдай отырып,оның нәтижесіне алдын-ала болжай алатын жаңа ғасыр мектебінің басты тұлғасы болуы қажет.Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап,қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді делінген. Бұл ұстанымдар Қазақстан Республкасының Білім туралы заңындада көрініс тапқан.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқыл тәрбиеленеді. Тәрбиелеу,білімберу жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісінде , ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына балабақшада және отбасында қарапайым мәдени-гигиеналық нормалардың орындалмауы, артықша теледидар алдында, компьютерлерде отырып алуы, тәрбиеші мен балалардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен тәрбиешілердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында ,жан-жақты іс-әрекетінде,қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде,балаларға арналған шығармаларымен,суретшілер туындылармен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке ,ізгілікке ,ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолмен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға,үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу ,бірге ойнау ,бір нәрсемен шұғылдану,ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды,оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың адамгершілік қасиеттерініңдамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастыңтығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін,өзіндік ерекше жағдайлар жасайды.
Мәселен,ойында ұнамды әдеттер,өзара қарым-қатынастар ,адамгершілік сезімдер қалыптасады,еңбекте еңбек сүйгіштік ,үлкендер еңбегін құрметтеу,сондай-ақ ұйымшылдық,жауапкершілік, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады.
Салауаты өмір салтын қалыптастырудың негізі мәдени-гигиеналық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді,моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.
Салауатты өмір салты түсінігін былайша бөліп көрсетуге болады:
oo Салауатты өмір салты - бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты ,әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;
oo Салауатты өмір салты - адамның өзінің шығармашылық деңгейін сол немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның өндірістік ,тұрмыстық және мәдени жақтарын ұйымдастыру тәсілі;
oo Салауатты өмір салты - адамның күнделікті өмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтады,биіктетеді және адамның экономикалық және психологиялық жағдайларында өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен ,тәрбие үдерісінде оларды мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Баршамызға адамның денсаулығының негізі сәби шағынан бастап қалыптасары белгілі. Бала организмі сәбилік шақта өте иілгіш ,икемді келеді,қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскенде де үлкендерге қарағанда сезімтал болады. Оның осы шақтағы кезеңінде сыртқы факторлардың әсері жағымды немесе жағымсыз болуына байланысты келешекте оның денсаулығы қалыптасады. Сондықтан да баланы гигиеналық оқыту және тәрбиелеуінен оның денсаулығы нығайып,оны қорғауға болады.
Гигиеналық тәрбие дегеніміз - жалпы тәрбиенің бір бөлігі , ал гигиеналық дағдылар дегеніміз - мінез-құлық мәдениетінің бөлігі. Балаларға гигиеналық білім мен гигиеналық дағдыларды қалыптастырумен медицина қызметкерлері айналысуы қажет деп айтатында қатты қателеседі. Бұл бірінші кезекте ,ата-аналардың негізгі міндеті,себебі баланы сәби шақтан бастап мәдени-гигиеналық нормаларды орындауға отбасынан бастау қажет. Бұл ережелер мен оларды негіздейтін білім қоры баланың санасына жүйелі тәрбие арқылы ,сендіру ,иландыру әдістерінің көмегімен бірінші кезекте ата-аналар жасауы керек.
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталуын дағды дейді. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес жеке компоненттері ғана автоматтандырылады. Дағды алудың белгісі - әр түрлі амалды тез орындап ,шапшаң қимылдау.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып денсаулық түсінігі болатынын айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның өзінің ,оның жаратылу табиғатының көрінісі басты роль атқарады.Адамның денсаулығы - бұл жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі факторларының кейде философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша салауатты өмір салтын дәріптеу туралы сөз болғанда ең алдымен денсаулық сақтау технологиясы туралы айтылуы керек. Білім беру мекемелерінде денсаулық мәселелері медициналық көзқарастары жағынан қарастырылып ,оны денсаулық сақтау технологиясы тұрғысынан ,яғни оны оқушы бойында қалыптастыру әдіс-тәсілдері ,формалары тұрғысында қарастыру арнайы зерттеуді талап ететіндігі анықталады.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын ,олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны атқаруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі,іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра ,педагогтің ықпалы әсерлі енеді,баланың жеке басы қалыптасады.Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса,баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын олардың ерік-күшін жұмылдырып,санасына ықпал етеді.
Қарапайым әдістердәі тәрбиелей отырып тәрбиеші балдырғанның бар істі шын пейілімен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді,яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан-дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский : Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,ар-ожданы мол,еңбекқор ,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын , қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына,жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады.баланы жақсы қасиеттерге,мәдениетке ,тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту ,мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіру ,салауатты өмір салтын жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігі туындауда.Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі - жетілген тұлға тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастырудың тарихы ерте кезден басталған. Бұл мәселені ежелгі грек философтары біздің жыл санауымыздан бұрын қарастырса ,ал қазіргі кезде белгілі педагогтар,психологтар,социологтар, мәдениеттанушылар және т.б көптеген мамандар мәселені зерттеп жаңа тұрғыдан жан-жақты ғылыми негіздегі талдауларды жасауда.
Ежелгі философтар Платон мен Аристотель адамның дамуы мен қалыптасына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін ескермей,ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға тартса ,бихевиоризм бағытының негізін салушы Америка психологы Эдуард Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тұжырымдарына қолдау жасайды.атап айтқанда, тұлғаның барлық қасиеттері геналарға ,яғни шыққан тегіне байланысты деп есептелген.
Сонымен жоғарыда қаралған мәселенің түйінін айтар болса ,баланың дамуына ықпал ететін факторларға :тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбие жатады екен.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.
Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi мектепке дейінгі кезеңде қаланатыны бәрiмiзге белгiлi.
Осы айтылған мәселелерден анықтағанымыз мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, жетілдірудің ғылыми негіздері толық зерттелмегені байқалды.

5.2. Балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері

Тәрбиенің негізгі бағыттары халқымыздың ғасырлар бойына жинақталған құнды қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруді және мәдениетіне, мәдени іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Тәрбие жұмыстары мектепке дейінгі мекемелерде тек оқу-танымдық әрекеті барысында ғана емес, басқа да іс-әрекеттер барысында көп мәнге ие екендігі және бұл бағытта білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналатын балабақшалардың топтарындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі ерекше.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: "Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең - мiнез орасың, мiнез ексең - тағдыр орасың". Әдет адамның мiнез - құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен.
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар:
oo адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).
oo мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).
oo гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: "Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште" десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: "Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi" дейдi.
Ал белгілі бір іс-әрекетке (ойын, оқу, еңбек) деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез-құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Сол әдеттенудiң арқасында бала жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер бала өз-өзiне сенбесе, оған ойында, оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Баланың пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi - тәрбиешінің балаларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. "Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет" .
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында .
Мектепке дейінгі мекемедегі ересектер тобында балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар шеңбері кеңейе түседі және тұрмыстық әрекеттердің амал-тәсілдері жетілдіріліп, құрылымы өзгеріске түседі. Тәрбиешілердің алдына келесідей міндеттер жүктеледі:
- балалардың адамгершілік сезімдерін, адамгершілік санасын және моральдық құлықтарын ұжымшылдық дағдылары, достық қарым-қатынас, ойын ережелерін орындау, ортақ идеяға бағыну дағдыларын қалыптастыру; оқу және ойын іс-әрекетінде - оқу іс-әрекетінің мәдениетін, ортақ іс атқару барысында тәртіптілік сақтау, өзін ережелерге сай ұстай білу, ұйымшылдық қасиетін, жауапкершілік, өзара келісе отырып жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; еңбек іс-әрекетінде - еңбексүйгіштік, ұқыптылық, жауапкершілік сезімін қалыптастыру міндеттері тұр. Баланың туылған күнінен бастап жеті жасқа дейінгі кезеңі - мектеп жасына дейінгі кезең.
Ғылымда мектеп жасына дейінгі жас кезеңінің периодизациясымен Аристотель, Я.А.Коменский, Ж.-Ж.Руссо, К.Штрац, П.П.Блонский, Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский және т.б. айналысқан.
Л.С.Выготскийдің ұсынған периодизациясын негізге ала отырып, келесі жас кезеңдерін атап көрсетуге болады: нәрестелік шақ, сәбилік шақ, мектепке дейінгі шақ.
Д.Б.Элькониннің зерттеулері әр жас кезеңіне сай жетекші іс-әрекеттерді анықтауға мүмкіндік берді. (нәрестелік шақ - эмоционалдық қарым-қатынас, сәбилік шақ- заттық іс-әрекет, мектепке дейінгі шақ - ойын).
Анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері. Бала организмі әрі қарай дамуда, бойы, салмағы, көлемі, дамиды, бұлшық ет-сүйек жүйелері дамиды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Баланың алғашқы тұлғалық қасиеттері оның үлкендер мен құрбыларымен қарым қатынаста айқындалады. 3-4 жаста қарым-қатынас танымдық сипатқа ие. Ал мектепалды жастың соңына қарай жеке сипатқа ие, себебі бала үлкендермен бірге мінез-құлық мотивтері мен қасиеттерін талдай алады.
Жас кезеңінің даму жаңалықтары. Қоғамдық-мәні бар, қоғамдық бағаланатын іс-әрекетке қажеттіліктің туындауы.
Жетекші іс-әрекет. Бұл сюжетті-рольдік ойын, өзі белгілі бір рольді ойнай отырып, бала адамдар қарым-қатынасының мәнін түсіне бастайды, оны игереді.
Тұлғаның дамуы. Мектепке дейінгі жаста тұлға дамуының алғашқы кезеңі.
1. Мотивтерді басқа балалардың мотивтері бағындыра алуы.
2. Мінез-құлық нормаларын игеру.
3. Мінез-құлықтың ырықтылығының өсуі.
Сонымен "тұлға" дегеніміз сананың иесі, адамның әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығы, әлемге жөне әлеммен қатынасы, өзіне және өзімен-өзінің қатынасы деген тусінік қалыптастыратын сөз түрі демекпіз.
Ал, баланың алғашқы тұлғалық қасиеттерінің дамуы дегеніміз мотивтерді басқа балалардың мотивтеріне бағындыра алуы, мінез-құлық нормаларын игеруі, мінез-құлықтың ырықтылығының өсуі, әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығы игеруі, өзіне және өзімен-өзінің қатынасының қалыптасуын айтамыз.
Кез келген іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру барысында балалардың алдына мінез-құлық мәдениетінің негізін құрайтын моральдық сана, адамгершілік сезімдер және әдеттерді қалыптастыру міндеттерін қойып отыру керек. Бұл үшін балаларға ыңғайлы жағдайлар жасалынуы қажет: жабдықталған топ бөлмесі, балалардың жас ерекшеліктеріне сай жиһаздар. Бұл балалардың тек қызығушылығын оятуы мүмкін, ал біз баланы осы жағдайда іс-әрекет жасауына қол жеткізуіміз қажет.
Балалардың жеке және қоғамдық мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру олардың тұрмыстағы мінез-құлқы мен қоғамдық орындардағы моральдық нормаларды орындауда және олардың денсаулығын қорғауда ерекше маңызға ие.
Балалардың күнделікті қажетті гигиеналық ережелер мен мінез-құлық нормаларын біліп, орындауларынан тек өздерінің ғана емес, басқа да балалар мен үлкендердің денсаулығын қорғап қалуға болады. Тәрбиешіге балалармен күнделікті іс-әрекеттерді ұйымдастыру барысында әрбір баланың жеке гигиенасының ережелерін орындап қана қоймай, сол ережелерді күнделікті үйреншікті гигиеналық дағдыларға айналдыру қажет және оларды үнемі жетілдіріп отыру керек.
Бастапқы кезде балаға элементарлық ережелерді орындауды үйретеді: тамақтану алдында, ойнап болғаннан соң, серуеннен кейін әжетханадан шыққанда қолын жууды. Екі жасар балаға ауыз қуысын сумен шаюды әдетке айналдыру қажет.
Еңбек және мінез-құлық мәдениеті - адамдардың өз ісіне, адамдарға, қоғамға қатынасын білдіретін қасиеттері және оның әлеуметтенуінің көрсеткіші. Оның негізі сәби шақтан қаланып, ержеткенде әрдайым жетілдіріліп отырады. Бала мектепке дейінгі шақта ойын , оқу-танымдық іс-әрекет барысында заттармен орындайтын дағдыларды игереді.Ойын, әртүрлі іс-әрекеттер, балабақша және үйде еңбек тапсырмаларын орындау барысында бала адамдарға, қоғамға, заттарға деген оң қатынас тәжірибесін игереді. Балаларға ойыншықтарды, кітаптарды, құрал-жабдықтарды, жеке заттарды, қоғамдық мүліктерді ұқыпты ұстауға үйрету;іс-әрекетті ұйымдастыруға қажет дағдыларды қалыптастыру Баланы өзінің жұмыс орнын дайындауға және оған қажет материалдар мен заттарды әзірлеуге, іс-әрекет барысында орындайтын жұмыстарды міндетті жоспарлауға, бастаған істі соңына дейін жеткізуге және жұмыс аяқталғаннан кейін өз жұмыс орнын ұқыптылықпен жинастырып пайдаланған заттарды орын орынына қойып реттеуді үйрету қажет.
Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Балаларға мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне сюжеттік-ойын материалдары да жатады. Қазiргi таңдағы мектепке дейінгі педагогиканың мiндетi - адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, баланың білуге деген құштарлығын, ақыл-ой қабілетін дамыту, байқаған құбылыстардын талдауға, салыстыруға, қорытынды жасай білуге үйрету, адамдармен қарым-қатынасқа түсе білуге, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, сөйлеуге үйрету.
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері, мінез-құлық мәдениеті қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.


II БӨЛІМ

2.1. Ойындар арқылы балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың тиiмдi әдiс - тәсiлдері мен жолдары

Н.Назарбаевтың Қазіргі заман талабына сай, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті екенін өз Жолдауында айтып кеткен.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.
Ойын - балаларға ең тиімді әрі қолайлы іс-әрекеттің түрі, қоршаған ортадан алған әсерлерін ойын барысында өңдейді, қарым-қатынас жасайды. Ойынның мазмұны баланың тікелей байқағанын, болмаса үлкендердің қызметін қайта жаңғыртумен байланысты. Ойын барысында балалардың ойлауы және қиялы, оның эмоционалдылығы, белсенділігі, қарым-қатынас қажеттілігінің ерекшеліктері көрініс табады. Ойын балаларда келешекте оқу әрекеті мен еңбекте қажет ақыл-ойын дамытады, оның тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді, қасиеттері қалыптасады. Өз кезегінде ойын ойнаушыдан ақылдылықты, төзімділікті, дербестілікті, белсенділікті, эмоционалдылықты талап етеді.
Ойын - адамның іс-әрекетінің бір түрі. Ойын, ойнау көпмағыналы ұғым. Мысалы, ертеде гректер ойынды тек балаларға тән іс-әрекеттер десе, еврейлерде қалжың мен күлкі мағынасында қолданылған, кейінірек келе, барлық европалық мемлекеттердің тілдерінде ойын бір жағынан ауыр еңбектен айырмашылығы бар адамдардың кең ауқымды әрекеттері ретінде, ал екінші жағынан адамдарды қуантатын, сауықтыратын және рақаттандыратын әрекеттері ретінде қолданылып келеді. Сонымен, бұл ұғым бала ойынынан бастап сахнада кейіпкерлерді сомдау әрекеттерінің барлығын қамтып отыр.
Осы кезге дейін ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты
ойын-сауық;
коммуникативтік;
диагностикалық;
коррекциялық;
әлеуметтендіру - сияқты әртүрлі функциялары анықталуда.
Ойынды мәдени-гигиеналық, тәрбиелік мақсатта пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген қазақстандық ғалым Н.Құлжанова педагогикалық үдерісті жетілдірудегі ойынның алар орнын жоғары бағалаған.
Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді:
oo Таңертеңгілік жаттығу
oo Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
oo Спорттық жаттығулар.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн nәртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері , ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар).
Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі - күн тәртібі. Күн тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс - әрекетінің, тынығатын кезендерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі жас шамасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата - ананың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Күн тәртібіне сергіту, ұйықтату, тамақтандыру, серуендету, ойнату, оқыту әр түрлі еңбекті ұйымдастыру жатады.Күн тәртібінің өзгеруі дене қызметінің бұзылуына, дене күшінің әлсіреуіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі кіші жастағы мәдени гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың педагогикалық шарты
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылары
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Мектеп жасына дейінгі бала
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектепке дейінгі бала өмірінің даму сатылары
Пәндер