Оптикалық арналарды спектрлі бөлуші


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Опто-талшықты желі белгілі бір қажеттіліктерге негізделе отырып, осыдан отыз жыл бұрын белгілі бола бастады. Желінің дамуы қарқынды өсіп отырды. Сатылай келе, толқын ұзындығы 1300 нм болатын жаңа мөлдір әйнекті игеру болып табылады, мұнда бірмодалы талшыққа өту жүзеге асты. Оның басты артықшылығы болып, жылдамдықты көбейтуге және үлкен қашықтықта мәліметтерді таратуға мүмкіндік беруі саналады.
Бүгінгі таңда пассивті оптикалық желілердің болашағы жарқын, әрі оған ешқандай күмән келтіруге болмайды. Себебі бұл технология заман талабына сай, әрі тұтынушылардың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатыны айдай анық.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта әлем бойынша төселген бір үлгілі, стандартты талшықтардың төселімі өте көп, сол себепті осы негізде көптеген жүйелердің иелерінің алдында, өткізгіштігі заман талаптарына сәйкес келетіндей, желіні заманға сай етіп жасау мәселесі туындайды. Оптикалық технологияларды тартудың және магистральдарды толығымен оптикалық технологияның негізінде жасау (PON), желілердің үнемділігін, ыңғайлылығын және сенімділігін және ең бастысы қолда бар кабельдерді ауыстырмастан, өткізгіштік қасиетін арттыру мүмкіндігі.
Талшықты-оптикалық желінің өткізгіштік қасиетін арттыруды биттік жылдамдықты арттыру арқылы немесе бірнеше ұзындықты толқындарды қосу арқылы, яғни спектрлі мультиплексирлеуді қамтамасыз ететін WDM (Wave Division Multiplexing) құру арқылы немесе толқын ұзындығы бойынша мультиплексирлеу арқылы арттыруға болады. WDM жүйелерінің іске қосылуы экономикалық ойлаудың арқасында пайда болды, себебі қосымша регенераторлар мен жаңа кабельдер төсегенше, терминалды құрылғыларды орнату анағұрлым арзанға түседі.
WDM-ң мәні тәуелсіз оптикалық ақпараттық лектер бірігіп, толқынның әр түрлі ұзындықтарымен бір талшықтан беріліп отырады. Бұл ұялы телефон операторлары байланыс талшықтарының өткізгіштік қабілеттерін, құрылыссыз немесе жаңа талшықтарды жалға алусыз, қосымша капиталды шығындарсыз арттыра алатындығын білдіреді. Толқындардың n ұзындықтарында сигналдарды жіберу арқылы (яғни, n арналары арқылы), желінің өткізгіштік қасиетін n есеге арттыруға болады.
WDM технологиясын пайдаланатын, келесі буынның талшықты-оптикалық жүйелерін құрастыру үшін аз дисперсиялы жаңа оптикалық талшықтар сай келеді, ол әрі қарай модернизациялаудың және өткізу жолағын тиімді пайдаланудың өте көп мүмкіндіктерін ұсынады. Мысалы, арналардың жартысын баламалы видеоны жіберуге жұмсауға, ал келесі бөлімін-мәліметтерді жеткізуге, келесісін-сөзге қолдануға болады. Түрлі қызметтерді толқындық диапазонмен бөлу, сөзсіз, артықшылықтарға ие және көптеген операторлар мұны сезіне бастады. Қазіргі уақытта болашақ WDM-мен бірге екендігіне ешкім шүбә келтірмейді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Тараз қаласының мысалында оптикалық желілердің өткізгіштік қабілетін арттыру бойынша сұрақтарды қарастыру болып табылады.
Қойылған талаптарды шешу үшін келесі мәселелерді шешу керек:
- заманауи желілердің даму қарқынын қарастыру;
- опткалық желінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында пайдаланылатын құрылғылармен танысу;
- DWDM функционалды өлшемдерінің есебін жасау.
1 НЫСАНАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ ЖАСАУ
1. 1 Телекоммуникациялық нарықтағы «Қазақтелеком» АҚ компаниясының қызмет көрсетулері
Мен өндірістік практикамды Тараз қаласының Оңтүтік өңірлік «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар дирекциясынның (ОӨТД) DSLAM басқару бөлімінде (1. 1 - сурет) мерзімі бойынша 22. 01. 2018-дан 12. 02. 2018-ға дейін өттім.
1. 1 - сурет. DSLAM басқару орталығы
Кәсіпорын келесідей бөлімдерден тұрады:
- проектрлеу және құрылыс орталығы;
- оперативті басқару орталығы;
- техникалық қолдану орталығы;
- энергетика және климатехника орталығы;
- үлкейтілген сервиз орталығы;
- кординация және басқылаудың бөлімі;
- кадрларды дайындау және әлеуметтік сұрақтар;
- экономика және финанстық бөлім;
- арнайы жұмыс жоспарлау тобы.
Сонымен қатар 2 цех бар:
- «Өндіріс - техникалық лаборатория» цехы;
- « аулардың дамуының» цехы.
«Қазақтелеком» АҚ компаниясы әрдайым алға жылжуға тырысады, үнемі өз қызметтерін жетілдіреді, сонымен біргі ғаламторға қосылу қызметін. Қазақстандағы ғаламтор пайдаланушылары да ғаламтор қызметтерінің сапасына және мәліметтерді жеткізудің жылдамдығына жоғары талаптар қоюда.
Телекоммуникациялық нарықта қолжетімділіктің барлық дерлік технологиялары ұсынылған. Бірақ, ғаламдық тренд әлдеқашан таңдалып алынды, бастамашы технология-оптикалық талшықтар бойынша қолжетімділікті ұйымдастыру. Дәл осы технология абоненттердің өсіп келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыра алады.
Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде, «Қазақтелеком» компаниясы операторлардың арасында ең бірінші болып GPON (Gigabit Passive Optical Network) желілерінің құрылысын бастады. «PON» Passive Optical Network технологиясы - пассивті оптикалық желі, «GPON» Gigabit Passive Optical Network - гигабитті оптикалық желі. Пассивті болуның себебі, АТС аумағынан абонентке дейін ешқандай активті құрылғылар пайдаланылмайды - талшық клиенттің пәтеріне дейін тартылады. Осыған орай каналдың тарату мүмкіншілігі өте үлкен болады, бір ған байланыс жолымен бірнеше қызмет көрсетулер жүзеге асады: телефон, телевидение, Интернет. Желі талшықты әрбір пәтерге дейін жеткізуді білдіреді. Тараз қаласының қалалық телекоммуникациялар орталығы саналатын «Қазақтелеком» АҚ халықаралық стандарттарға сай келетін, Тараз қаласындағы желілердің масштабты модернизациясын жүргізуде.
PON желісінің қасиеттері:
- толқынның екі ұзындығында бір-біріне қарама-қарсы бағытта орналасқан, бір талшықтан жеткізетін ағаш тәрізді архитектура: 1550 нм (орталық түйіннен абоненттерге қарай төмен бағытталған лек) және 1310 нм (абоненттерден орталық түйінге қарай жоғары бағытталған лек) ;
- ағаштың аралық түйіндерінде пассивті оптикалық тарамдауыштар орналасқан;
- TDMA әдісін пайдалану абоненттер арасында өткізу жолағын ыңғайлы бөлуге мүмкіндік береді;
- орталық түйіннен өтетін бір талшыққа (OLT) 32 абоненттік түйіндерді орналастыруға болады (ONT) ;
- максималды арақашықтық 20 км құрайды.
Жаңа технологияның артықшылығы болып опто талшықты кабельдің абоненттің пәтеріне дейін кіргізілуі саналады, мұнда тұтынушылық құрылғы-оптикалық терминал ONT орнатылады, оған компьютер, телефон және теледидар қосылады. Нәтижесінде абонентке iD бренді бойынша қызметтер пакетінің толық қызметі ұсынылады:
- iD Net-ғаламтор желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік;
- iD TV-HD форматындағы сандық интерактивті телевидение;
- iD Phone-«тәуелсіз нөмірлі» сандық телефония.
- Қазіргі күні абоненттерге «iD Net Hit» және «iD Net Turbo» тарифтік жоспарлары ұсынылады, олардың өткізгіштік қабілеті 20-30 Мбит/с, ал сыртқы ресурстар үшін 50-100 Мбит/с.
GPON желісі болашақта жезді желіден мүлдем бас тартуға, жарақатталуды болдырмауға және көрсетілетін қызметтердің сервисін еселеп арттыруға мүмкіндік береді.
FTTH (Fiber to the home-үйге/пәтерге дейінгі оптоталшық) технологиясы абонеттік қолжетімділікті құрастырудағы, заманауи, болашақ технологиясы болып табылады, ол телефонияның, ғаламтордың және интерактивтң теледидардың барлық қызметтер спектірін ұсынуға мүмкіндік береді.
«Қазақтелеком» АҚ 2000 жылдан бастап, ғаламтор желілерінің қызметтерін ұсынуда оптикалық талшықтарды қолданады. Барлық облыс орталықтарында және басқа бірнеше қалаларда FTTС (Fiber to the сurb-оптоталшықты үйлер тобына дейін) технологиялары қолданылады.
Megaline-мен салыстырғанда, iDNet ғаламторға қосылудың, видео және дауысты жіберудің анағұрлым жоғары сапалы қызметтерін ұсынады. 2010 жылдың басынан бері «Қазақтелеком» АҚ Алматыда IDNet қызметтерін көрсетуді бастады. Қызметтң жүзеге асыру үшін Ethernet To the Hоmе (ЕTTH) технологиясы пайдаланылады, ол опто-талшықты кабельдің ғимараттың кіре берісіндегі коммутаторларға дейін төсеуді және әрі қарай абонентке дейін 5 деңгей арқылы кабельдің тартылуын білдіреді.
1. 2 Тараз қаласының телекоммуникациялар торабына қысқаша шолу
Тараз қаласы бүгінгі таңда қала тұрғындарынан бөлек аудан, ауыл-аймақтарды телефондық байланыс қызметімен қамтамасыз етуде. Шамамен 10 аудан және ауыл елді мекендеріне өз қызметтерін көрсетуде. Қала бойынша 7 базалық станция орналасқан, ал БҚО-сы бойынша шамамен 45 тен астам базалық станция, 6 АТС бар, соның ішінде 2 координаттық станция, 4 сандық бар. Онда DMS-100/200 станциясы орнатылған. Онымен қоса онда АМТС 5ЕSS, басқа аудан немесе қалаларға байланысқа шығуға арналған станциясы орнатылған. бар.
Қаланың байланыс желісінің жалпы сыйымдылығы 115000 нөмір, оның 1 нөмірі сымды байланыс, ал 15000 нөмір CDMA сымсыз байланыс технологиясы арқылы орнатылған. Желідегі нумерация алты мәнді. Қаламызда бүгінгі таңда жалпы саны 3 АТС, яғни АТС -43, АТС 45/46 және АТС 52, сонымен қатар 11 подстанция (REM), 102 DSLAM, 90 МСАД жұмыс істейді. Және де айта кетерлік, қалада мәліметті тарату бойынша, яғни мұнда IDTV + IDPHONE + Megaline қызметтері кіреді, 45000-ға жуық үлесті құрап отыр.
Барлық келесі ұрпақ желісін жобалауда деректер ағынын сақтауда VPN виртуальды желісіндегі MPLS технологиясын қолданады.
Тараз қаласының MetroEtherNet желісі екі орталық түйін және Cisco 7609 құрылғысы негізінде құрастырылған. Әрі олар 10 Гбит/с-тік сақина бойынша орнатылған. Одан басқа АТС -54, АТС- 55, REM-517 түйіндерінде Cisco 4924, ал қалған түйіндерде Cisco 3750 құрылғысы орнатылған.
Тараз қаласының абоненттік қатынау желісі келесідей база негізінде ұйымдастырылған:
- ZyXEL IES 3000 типті DSLAM, ZyXEL IES 2000, Alcatel ISAM 7302, Huawei MA5600, Hi-focus (1. 2 - сурет) ;
- ADSL МАД;
- IP DSLAM МАД.
1. 2 - сурет. Hi-focus аппаратурасы
"Қазақтелеком" АҚ-ы Интернетке кең ауқымды жолмен шығудың мейлінше өміршең технологиясына біртін-біртін көшу стратегиясының аясында жеке тұлғалар үшін мүлдем жаңа қызметті - FTTH (Fiber to the home-үйге/пәтерге дейінгі оптикалық талшық) технологиясы бойынша iD Net қызметін ұсынады. FTTH технологиясы-оптикалық кәбілді әр абоненттің үйіне дейін жеткізу деген мағына береді. Байланыстың оптикалық-талшықтық желісінің бүгінгі күні ақпарат ағынын жөнелтудің ең жаңа және сапалы әдісі болып отырғандығы белгілі.
2003 жылы «Қазақтелеком» SDH/DWDM құрылғылары мен «кілттеу арқылы» пайдалануға беру және монтаждау қызмет көрсетулерін магистральді және зона аралық транспорттық АҚ «Қазақтелеком» желісін кеңейту мақсатында сатып алды.
Тараз қаласындағы қолданыста бар ТОБЖ желісін модернизациялау бойынша іс-шаралар мына мақсаттарда жүргізілу қажет:
- SDH желісі (таратушы және қабылдаушы құрылғыларды уақыт бойынша синхронизациялауға негізделген деректерді беру жүйесі) сегменттер ауқымын үлкейту мен жұмыс істеу сенімділігін арттыру;
- видеобақылау жүйесі үшін жоғарыжылдамдықты байланыс жолдарын қамтамасыз ету;
- аудандық кеңселері бар ұжымдық желілер үшін қосымша байланыс жолдарын бөлу;
- SDH-ті пайдаланбай SCADA жүйесі жұмысының сенімділігін арттыру.
Сонымен қоса, жаңа толқындық тығыздау құрылғылары ақпаратты сақтау жүйесі үшін изоляцияланған жоғарыжылдамдықты мәліметтер арнасының жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ТОБЖ магистральды кабелінде оптоталшықтарды бөлмей-ақ магистральды сервистерді ұсыну үшін оптикалық арналар санын көбейтеді.
Жаңа құрылғылар 15 жыл бойы ТОБЖ жүйесін пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз етеді деп болжайды.
1. 3 Заманауи желілердің дамуының әлемдік тенденциялары
Оператордың желісі қажетті көлемдегі барлық қызметтер түрінен трафиктің жеткізілуін, талап етілген сапа деңгейінде және желінің барлық деңгейіндегі сенімділікпен қамтамасыз етуі керек.
Заманауи және болашақтағы байланыс желілері келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- қызметтерді тұтынушылардың трафиктерін өткізу үшін қажетті өткізгіштік қасиеті болуы тиіс;
- барлық қызметтер түрлерінің қажетті сапа дәрежелерін қамтамасыз ету;
- қажетті сенімділік дәрежесінің болуы;
- желінің жұмысқа қабілеттілігін басқара алу және орталық мониторинг жүргізу мүмкіндігі;
- желінің өнімділігін сараптамау құралдарының болуы және трафиктің өткізгіштік қабілетіне деген артып келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктерінің болуы.
Болашағы бар оптикалық желі келесідей талаптарға сай келуі тиіс:
- «мультиплексирлену» - қызмет көрсету технологияларының транспорттық технологияларға тәуелді болмауы (кез-келген қызмет түрі кез-келген транспорт түрі арқылы) ;
- «кең жолақтылық» - тұтынушының талаптарына байланысты ақпаратты жеткізудің жылдамдығын ыңғайлы және динамикалық түрде өзгерте алу мүмкіндігі;
- «мультимедиалылық» - желінің бір уақытта көп құрамды ақпаратты жеткізе алу мүмкіндігі (дауыс, видео, мәліметтер) ;
- «интеллектуалдылық» - оператордың немесе тұтынушының тарапынан қызметті басқара алу мүмкіндігі.
1. 4 WDM технологиясының даму тарихы
Сұрақтың тарихына терең енбенстен, Wavelength-division multiplexing (WDM) технологиясының 1980 жылдан ертерек құрастылып шығарылғанын айтып өткім келеді. Толқындық мультиплексирлеудің техникасы ғана емес, сонымен бірге құрастырылып шығарылған WDM мультиплексирлердің/демультиплексирлердің ең алғашқы сипаттамалары 1977 жылға жатады.
Бұл WDM-ң (технология ретінде) 70-ші жылдардың басынан бастап құрастырыла бастағанын білдіреді. Ең алғашқы құралдар, сол кездегі танымал болған, 1-ші терезеге (700-850 нм) арналып жасалған болатын, олар 2-4 арналарды біріктіруге бағытталып, макро-микро оптикалырға бағытталған. Содан кейін жалпыға ортақ үрдістерге байланысты, 2 және 3-ші терезелерге және бір үлгілі ОТ-ға қарай ауысу басталды.
1985 жылы ең алғаш рет Bell Labs (AT&T) мамандарының қолынан 10 арнаны (2 Гбит/с) 1, 3 нм жеткізушілігімен мультиплексирлеу келді. Содан бері 15 жыл бойына бұл технология жетіліп және қарқын алып келеді. Алайда, 1995 жылға дейін бұл технология аз таралған болатын. Алғашқы оптикалық жүйелерді, бір талшықта екі арнаны біріктіру мақсатында, жеткізушілерге бағытталған ағындарды мультиплексирлеу үшін пайдаланған.
Содан соң WDM мультиплексорлары 1350 және1550 нм екі тасымалдаушысын бір талшықта біріктіру үшін пайдаланыла бастады, бұл ТОБЖ-ң сиымдылығын екі есе арттырып қана қоймай, сонымен бірге ескі желілерді (1310 нм қолданатын) бір үлгілі ОТ-да (1550 нм қолданатын) жасырып қоюға мүмкіндік берді.
WDM-ң бәсекеге қабілетті технология кеңінен ретінде мойындалуы 1995-ші жылы келді, бұл кезде 800-400ГГц тасымалдылығы бар 4 арналы толық дуплексті алғашқы жүйелер пайда болған еді. Олардың тез арада енгізілуіне WDM құрылғыларының жоғары бағасы және осы саладағы арзан SDH/SONET мультиплексирлерінің жаппай жасалуы кедергі келтірлді. Алайда, соңғы үш жыл ішінде бұл технология алыс байланыстардағы опереторлардың желілерінде кең таралып кетті. Қазіргі таңда, WDM жүйелері 128-160 арналарға дейін біріктіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар Bell Labs 2000 жылдың басында бір талшықтағы 1024 арнаны біріктіру тәжірибелерінің сәтті өткендігін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта WDM, жеткізушілердің оптикалық жүйелері үшін 60-шы жылдардағы мәліметтерді жеткізудің баламалы жүйелеріне арналған МЧР жиілікті мультиплексирлеумен бірдей рөл атқаруда.
Байланыс арналарының өткізгіштік қабілетіне деген қажеттілік Солтүстік Америкада, Еуропада және Азияда қатты байқалады және бүкіл әлем бойынша артып келеді. 1990-шы жылдардың аяғында халықаралық байланыс жүйелері арқылы ақпараттарды жеткізудің көлемі ғаламтор секілді феноменнің арқасында бірнеше есе артты. Ғаламтор әскери және ғылыми-зерттеу мекемелері үшін алдынғы қатарлы қызметтерді көрсете отырып, өз кезегін ұзақ күтті. Халықаралық WorldWide Web желісі пайда болған кезде, және кең қоғам ғаламтордағы сарқылмайтын ақпараттарға қол жеткізген кезде, оның кез-келген өткізу жолағын жұтып қою қабілеті бірден айқындалды. Содан кейін белең алған байланыс арналарының өткізушілік қабілеті барлық күтілген болжамдардан асып түсті. Оптикалық талшықтар аталған ақпараттардың өте көп көлеміне төтеп бере алған нақты орта болып шықты.
WDM технологиясын қолдану барысында өткізгіштік қабілетінің өсімі қымбат оптикалық кабельді ауыстырмастан орындалады. WDM технологияларын пайдалану тек қана оптикалық кабельдерді немесе талшықтарды жалға беруге мүмкіндік бермейді, сонымен қатар толқындардың жекеленген ұзындықтарын да беруге болады, яғни «виртуалды талшық» концепциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Толқындардың әр түрлі ұзындықтарындағы бір ғана талшық арқылы бір уақытта түрлі жүктемелерді жеткізуге болады-кабельді теледидарды, телефонияны, ғаламтор трафигін, «талап ету бойынша видео» және т. б. Осылардың қорытындысы ретінде, оптикалық кабельдегі талшықтардың жартысын қор үшін пайдалануға болады.
WDM технологияларын қолдану қолда бар желілерге қосымша оптикалық кабельдерді жүргізбеуге мүмкіндік береді. Тіпті болашақта талшықтың құны жаңа технологияларды пайдалануға байланысты азаятын болса да, талшықты-оптикалық инфрақұрылым (төселген талшықпен және орнатылған құрылғы) әрдайым қымбат тұратын болады. Оның тиімді жұмыс істеуі үшін ұзақ уақыт аралығында, оның өткізгіштік қабілетін арттыру мүмкіндігі және көрсетілетін қызметтердің санын оптикалық кабельді ауыстырмастан өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс. WDM технологиясы дәл осындай мүмкіндіктерді береді.
WDM технологиясы әзірге негізінен, үлкен өткізу жолағын талап етуші, ұзаққа созылған байланыс желілерінде қолданылатын. Қалалық және ауылдық масштабтағы желілер және кабельді телевидения жүйелері де WDM технологиялары үшін потенциалды кең нарық болып табылады. Төселген кабельді тиімді пайдалану қажеттілігі, бір талшық арқылы жеткізілетін арналардың санын айтарлықтай арттыруға және олардың арасындағы арақашықтықты азйтуға алып келді. Қазіргі уақытта арналардың арасындағы 100 ГГц (~ 0, 8 нм) жиілікті интервалы бар жүйелерлерді және DWDM мультиплексирлеу тығыз толқынды жүйелері деп атайды.
Теориялық тұрғыда толқындардың кез-келген ұзындықта жеткізуді орындауға мүмкіндік береді, алайда, тәжірибелік шектеулер, WDM технологиялары үшін маңайда толқындардың тар 1550 нм диапазонына ғана қалдыруда.
1. 5 Мәселені қоюды негіздеу
Тұтынушылар сұраныстарымына сай, және олардың сұраныстарын өтеуінен, сұраныстың қызмет көрсетуінен асып, сол сұраныстарға сәйкес кең жолақты қатынаудың жаңа технологияларын қолдану, мысалы PON.
Оптикалық желілердің өткізу қабілеттілігін арттырудың негізгі әдістері:
1. Байланыс жолдарында жаңа оптикалық кабельдерді (ОК) төсеу.
Бұл процесс қомақты қаражатты және ұзақмерзімді жоспарлауды қажет етекендіктен әрдайым мүмкін бола бермейді. Жаңа жақсартылған техникалық сипаттамалары бар ОК-ді пайдалану кезінде оптикалық арналар саны мен сәйкесінше оптикалық талшықтар санын арттыру болжамы пайда болады;
2. Жылдам әрекет ететін электрониканы пайдалану (10Гбит/с, 40Гбит/с) .
Құрылғыны таңдау барысында ең соңғы технологиялық жетістіктерді пайдалануға ұмтылу қажет болады. Ақпаратты тарату жылдамдығының шегі мен таралатын ақпарат саны бірнеше есе артады. Бағасы мен сапасы таңдауға әсер етпейді;
3. Электрлік компонеттерден толығымен оптикалық компоненттерге көшу. Электрлік компоненттерге қарағанда, оптикалық компоненттер параметрлерінің көбі мәліметтерді тарату жылдамдығына тәуелсіз және олар үшін биттік жылдамдық бағасының өсуі көп болмайды. Сигналды түрлендірмей-ақ оптикалық деңгейде коммутацияны жүргізе алады. Арналарды тығыздау бойынша жаңа технологияларды пайдалану, мысалы, толқын ұзындығы бойынша (WDM - Wavelength division multiplexing) . Бұл үшін оптикалық күшейткіштері бар жолдардағы терминалдарды ауыстыру ғана жеткілікті. Магистральды желілердің өткізу қабілеттілігін арттыру үшін бұл әдіс әсіресе тартымды.
2 НЫСАНАҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2. 1 Толқындық мультиплексирлеу және WDM технологиясының жалпы сипаттамасы
Wavelength-division multiplexing (WDM) -толқындардың ұзындығы бойынша бөлінген оптикалық мультиплексирлеу (сонымен қатар, толқындық немесе спектрлі мультиплексирлеу деп те аталады) -оптикалық (немесе спектрлі) тығыздалу технологиясы (2. 1-сурет) .
2. 1-сурет. WDM технологиясының жұмыс істеу принципі
WDM жүйелері оптикалық талшықтың бір уақытта әр түрлі ұзындықтағы толқындардың (түстерін) жарығын өзара интерференцияның көмегінсіз жеткізу қабілетіне негізделген. Толқынның әрбір ұзындығы талшықтағы бөлек бір оптикалық арнаны көрсетеді. Бір талшықта бірнеше арналарды біріктірудің, содан соң оларды желінің қажетті жерлерінде белгілеудің әр түрлі оптикалық әдістері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz