Қазақстанның несие және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі



ЖОСПАР

Кіріспе 3

І.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ РОЛІ 4
1.1. Несие ұғымы және оның құрылымы 4
1.2. Несие құру принциптері 8

ІІ.БӨЛІМ. НЕСИЕ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. 14
2.1 Несие формалары 14
2.2 Несиенің түрлері 15

ІІІ.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ 30
3.1. Қазақстандағы банк ісінің даму барысы 30
3.2 Қазақстандағы банк секторы 33
3.3 Stаndаrd&Рооrs .тың Қазақстан бойынша есебі 35

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер 40

Қосымша 41
Кіріспе
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарата отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Бұл курстық жұмыста еліміздің экономикасындағы қарқынды жүріп жатырған несиелеу процесі туралы және оны іске асырудағы банктердің алатын орны туралы айтылады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Қазақстанның несие және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы
ролі 4
1.1. Несие ұғымы және оның құрылымы 4
1.2. Несие құру принциптері 8

ІІ-БӨЛІМ. НЕСИЕ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. 14
2.1 Несие формалары 14
2.2 Несиенің түрлері 15

ІІІ-Бөлім. Қазақстандағы банк жүйесі Және оның дамуы 30
3.1. Қазақстандағы банк ісінің даму барысы 30
3.2 Қазақстандағы банк секторы 33
3.3 Stаndаrd&Рооrs –тың Қазақстан бойынша есебі 35

Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер 40
Қосымша 41

Кіріспе
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың
ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай
қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер
халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарата отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Бұл курстық жұмыста еліміздің экономикасындағы қарқынды жүріп жатырған
несиелеу процесі туралы және оны іске асырудағы банктердің алатын орны
туралы айтылады.
І-БӨЛІМ. Қазақстанның несие және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы
ролі
1.1. Несие ұғымы және оның құрылымы
Несие ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі
және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі жалпы
төлем айналымы және т.б. АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша,
шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының
қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлігі мен көп тараптылығы жағынан,
қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін
артқа қалдырады. Американдық несие ауқымы туралы кейбір мәліметтер
төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-
қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі
80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен 34
бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған
ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды
құраған.
Несиенің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу
шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер
арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын
анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмүны тек қана ақшалай капиталды жинақтап,
оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды.
Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем
құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны
төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие арқылы өтеді.
Несиенің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр
түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды
да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік
мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды
экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие, несие мен халық,
мемлекет пен несие, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік
мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада
несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субъектілеріне-шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие тар мағынасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай
қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын -
несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын
ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда:
банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп
қарастырады. Соған сәйкес несие екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және
мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет
көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру
типі, өзіндік несие құрылымына сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-
орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен
ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы
үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден
құралатын несие қажет.
Бірлескен несие күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік
мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге
алатын болсақ, онда қазіргі несиенің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға
болады:
Орталық (эмиссиялық) банк;
коммерциялық банктер;
мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық,
сенімгерлік (трастовый) және т.б.).
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет
көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие ядросы, ал несиелік
институттардың қызметін реттеуші бірегей орган - Орталық банк болып
табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген
елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе Ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз
эмиссиялық, ақша-несие ииституты болып табылады. Орталық банк - бұл
"банктердің банкі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді,
оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ
үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу,
бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиенің қалған буынына Орталық
банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-
қаржы қызметтерінің өзара байланыстарынын байқалатын жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несиеде әдеттегідей негізгі, базалық
буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды пара-банктік деп атайды) нарық
экономикасындағы несиеге қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл
мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға
көрсетілетін несие қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер
негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың
кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар
несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты
болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылықка алады.
Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе
басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу
әрекеттеріне ұшырайды.
1.2. Несие құру принциптері
Несиенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір принциптер
жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту
кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен
үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие
саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды
қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия,
Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен
жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін
заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк
Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат
беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін
белгілейді.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре
отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық
қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші
деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң
жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі
несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты
роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық
ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің
банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруыда байланысты
орталық коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне
әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік
мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар.
Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне
толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда
кез келген елдің несие аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту
мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық
қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несиені
толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете
түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы
бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу жолымен Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық
саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында
республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Несиені құрудың маңызды принципі - несиелік мекемелер торабының барынша
дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын
шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп
айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783
бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несиеде жинақталуы - несиелік ресурстарды
шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға
мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді.
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай деліңген:
"Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті
шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін
нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазакстан Республикасының
валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады".
"Валюталық реттеу" түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат
жинау, валюталық заңдардын сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға
санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге
асырады.
Бұл принцип - ел тәуелсіздігш сақтау шарттарының бірі, валюталы
резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының
ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктың автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер
жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен
атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере
алды.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің корғаушысы
ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес
келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында
Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға
тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша
айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап
береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің
негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде
жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз
қозғауға да болмайды.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде,
алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да
орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп
береді.
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде
бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз
саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналы-
сын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес
деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек
Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жоғары органы болып табылатын - Федералды резерв жүйесінің
(ФРЖ) мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың
қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес.
Басқарушылар кеңесі конгресс алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несиенің автономдылығының елеулі
дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие
және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі
жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік
қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк
қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.
Президенттің "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар
жарлығында былай деп жазылған: "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие
саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының
кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді
несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық
ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты
өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
қосымша несиелер береді".
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие
бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік
шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мөшерлемелері бар
тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу
мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы
Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.
АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей
несиелендіру жоқ; Германия, Голландия Францияда заңмен шектелген, Австрияда
үкіметтік несиден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100%
қамтамасыз етілуі талап етіледі.

II.НЕСИЕ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1. Несие формалары
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрінісін табуы. Ол
несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының
формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшемдігіне қарай несиенің мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады.
- қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
тұтынуға қажетті артық өнімдерін бір – біріне өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің
мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық
тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие
фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым
түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын –
теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда
болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шарушылықта артықшылықтарға ие,
типтік форма болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық
экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.
Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас
формасы да қолданылады.

2.2. Несие түрлері
Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық
– ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс – тәжірибедегі нақты қасымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу объектісінің
экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал - жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ нормативтен тыс қорлардың
аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие;
- төлем несиелері;
ә) қамтамасыз етілу бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ- пен, кепілділікпен,
сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қатамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік.
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу;
- бір жолғы төлеу;
- кезең сайын бір қалыпты төлеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық;
- жоғары пайыздық;
- төмен пайыздық;
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда –саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шарушылық несиесі;
- құрылыс несиесі.
ж) ашыланын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие;
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе
құқық пен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша
тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз
кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер
жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана
алады.
Жаңартпалы несие – ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында
қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті елдер
арасында қосымша келісімсөз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие
келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерле несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан
ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз
алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Овердрафт несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына
қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта
ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда
болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін
қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі.
Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда
коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші
субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем
мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өенркәсіп және
сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады.
Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда
болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең
алдымен лның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге
субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере
алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар
ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол
ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге
жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен
қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін
алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге
тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде
пайдаланылады.
Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы – индоссамент
жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның соғұрлым ортасы
соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін
жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың
немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төлем
болатын пайыздың қосылуы жатады.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің
ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстан
ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан,
шарушылық байланыстардың бұзылуынан және шарушылық субъектілер жүргізуші
субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.

Коммерциялық несие көбінесе ауыл шарушылығында қолданылады. Азық –
түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар – жағар май
материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын
құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені,
тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген
тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада
соңғысыалғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл
вексель банкте атаулы құннан төмен бағы бойынша ескерілуі мүмкін немесе
оның кепілдігімен банк несиесін алуға болады.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк
несиесімен әрдайым аралас болады.
Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл
жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру
процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж
мамандандырылған қаржы – несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы
кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені
өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да
(заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің
несие ресурстарындағы өзіндіккапиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ды
құрайды, ал, қалғаны - тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз
ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе
қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған
уақытша бос қаражатын банк ссудағы береді.
Банк несиесінің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты ссудаға
өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің
мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз
төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін
пайда алады әрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік
оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына
ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар,
өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің
қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені
коммерциялық несие – несие мәмілетінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен
шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты
немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің
мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды
толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы,
мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде болуы,
мерзімділігі, қайталуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға
беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ
мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы
және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де
шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін
бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы
өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды
құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық
капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге айыппұл, өсімақы,
тұрақсыздық төлемдерін және тағы басқа төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде,
жекеленген жағдайларда, мысалы ауыл шарушылық өнімдерін сатып алуға,
еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған
мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық
қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті және қаржылық
жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары
әрбір қарыз алушыға жеке анықталады. Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін
сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады.
Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп
қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері
де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. беріледі.
Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай – ақ, қарыз
алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан,
фирмалардан және халықтан өзге үкімет те, банктер де, жергілікті органдарда
және т.б. алады.
Банктің несие салымдарының мөлшері несие ресурстарына байланысты
болады. Бүгінгі танда мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен
қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық
нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы – несие институттарынан алынатын
қарыз қаражатты құрайды.
Осылармен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің ақша
- несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол
банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді
міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен
экономиканы несиелеудің аясын таратады. Бұл несиенің тек экономикалық қана
емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.
Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға
тікелей бірлесе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа
тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді
пайдаланумен беріледі.
Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2001-2004 жж.)
экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ - дегі ссудалық қоржын
01.01.2002 ж. 15,0%-ды құраған болса, 01.01.2005 ж. – 32,7%, яғни, 2 еседен
көп.
01.01.2005 ж. несие салымдарының құрылымы:
- қысқа мерзімді несие – 49,9%.
- орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін) – 30,2%;
- ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары) – 19,9%.
Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың,
ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан несие
жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие
алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиенің
мазмұнын құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық
ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын,
яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын
айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін беріледі. оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті
дамытуда, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуге өткізуге, ұзақ уақыт
пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған
мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10-12% - ың тұтыну
несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай
қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну
несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16-18% - ды
құрайды.
Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін.
Тауарлық форма халыққа тауарды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда
қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие несие болып табылады. Ақшалай
форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы
жанама түрде беріледі.
Тұтыну несиесі қосарлы қызметі бар: біржағынан, тауар айналымы
артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие
сұранысын тудырады, екінші жағынан, ұзақ пайдалануға жарамды таураларды
сатып алуға арналған несиеге және шаруашылық ұйымдастырып, жүргізуге
арналған несиеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Нарықтық экономикада несие
Фискалды саясат және оның экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Несиенің мәні және нысандары
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары
Коммерциялық банктің ұйымдастыру, басқару құрылымы
Ақша реформасын жүргізу қажеттілігі мен мәні
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі ипотекалық несиенің даму болашағы және қызмет ету бағыттары
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Пәндер