Ақпараттық жүйені және деректер қорын жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мaзмұны

Кipicпe . . .
6
Кipicпe . . .: 1 Есептің қойылымы . . .
6: 9
Кipicпe . . .: 1. 1 Зерттеу объектісін талдау . . .
6: 9
Кipicпe . . .: 1. 2 Бағдарламаға қойылатын талаптар . . .
6: 10
Кipicпe . . .: 1. 3 Өнімнің визуалдық ортасы . . .
6: 11
Кipicпe . . .: 1. 4 InterBase сервері . . .
6: 13
Кipicпe . . .: 2 Деректер қорын жобалау проблемалары . . .
6: 15
Кipicпe . . .: 2. 1 Ақпараттық жүйені және деректер қорын жобалау . . .
6: 15
Кipicпe . . .: 2. 2 Жобалау проблемалары . . .
6: 18
Кipicпe . . .: 2. 3 Реляциялық деректер қоры . . .
6: 20
Кipicпe . . .: 2. 3. 1 Деректер қоры кестелері . . .
6: 24
Кipicпe . . .: 2. 3. 2 Деректерді кестелік түрде көрсету. Нормалдау . . .
6: 25
Кipicпe . . .: 2. 3. 3 Кілттер мен индекстер . . .
6: 26
Кipicпe . . .: 2. 3. 4 Деректерге қатынас құру әдістері мен тәсілдері . . .
6: 28
Кipicпe . . .: 2. 4 Заттық аймақты талдау . . .
6: 29
Кipicпe . . .: 3 Бағдарламалық қамтаманы ұйымдастыру . . .
6: 31
Кipicпe . . .: 3. 1 Деректер қорын құру . . .
6: 31
Кipicпe . . .: 3. 1. 1 ДҚ физикалық үлгісін (көрсетімін) жобалау . . .
6: 35
Кipicпe . . .: 3. 1. 2 Деректер қорын құру . . .
6: 36
Кipicпe . . .: 3. 1. 3 Delphi ортасында деректер қорын тіркеу . . .
6: 37
Кipicпe . . .: 3. 1. 4 Дерекқор кестелерін құру . . .
6: 40
Кipicпe . . .: 3. 1. 5 Кестелерді баптау . . .
6: 40
Кipicпe . . .: 3. 2 ДҚБЖ құру . . .
6: 43
Кipicпe . . .: 3. 2. 1 ДҚБЖ құрамын анықтау . . .
6: 43
Кipicпe . . .: 3. 2. 2 ДҚБЖ компоненттерін құру жоспары және жобасы . . .
6: 45
Кipicпe . . .: 3. 2. 3 Қолданбаның бас формаларын құру . . .
6: 46
Кipicпe . . .: 3. 2. 4 «Тауарлар қоры», «Тауарлар карточкасы» формаларын құру . . .
6: 49
Кipicпe . . .: 3. 2. 5 «Ұйымдар тізімі» және «Ұйым» формаларын құру . . .
6: 51
Кipicпe . . .: 3. 2. 6 «Жүйе пішім үйлесімі» формасын құру . . .
6: 53
Кipicпe . . .:
  1. «Есепшот тізімі», «Есепшот» формаларын құру . . .
6: 56
Кipicпe . . .: 3. 3 Есеп құру . . .
6: 62
Кipicпe . . .: 3. 3. 1 Есеп құруға арналған компоненттер . . .
6: 62
Кipicпe . . .: 3. 3. 2 «Накладной бойынша отчет» есеп құру . . .
6: 65
Кipicпe . . .: 2. 3. 3 «Салық счета-фактуры» есебін құру . . .
6: 67
Кipicпe . . .: Қорытынды . . .
6: 69
Кipicпe . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 70
Кipicпe . . .: Қосымша А. Бағдарламаны қабылдау актісі . . .
6: 71
Кipicпe . . .: Қосымша Б. Бағдарлама листингісі . . .
6: 72


Кіріспе

Соңғы уақытта адамның қызметінің барлық орталарында ақпарат айналымы мен көлемі өсті: экономикалық, қаржылық, саяси және де білімді қолдану, өңдеу және жинау процесі үздіксіз жеделдетіліп отырады. Ғалымдардың бекітуінше, әр он жыл сайын ақпарат көлемі 2 есе үлкейіп отырады. Осыған байланысты автоматтандырылған құралдарды қолдану қажеттілігі туындайды, автоматтандырылған құралдар жиналған деректерді өңдеуге, бөлуге және де тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Ірі кәсіпорынның қаржылық звеносының жұмыс сапалығына қойылатын талаптарға сай оның жұмысының тиімділігі компанияның автоматтандырылған қоймалық есебі компьютерлік жүйесі қорында ақпараттық құралдармен жабдықталу деңгейіне байланысты болады.

Компьютерлік есептің өзіндік ерекшеліктері бар және де олардың кәдімгіден радикалды айырмашылықтары бар. Сауда қызметін басқару үшін қажет және оның жүрісін талқылау үшін жиналған деректерді жалпыландыру және құжаттарды рәсімдеуге қажет болып табылатын уақытты үнемдейді, сонымен қоса компьютер есеп жүргізуді жеңілдетеді. Компьютер арқылы алынатын сауда күйі туралы есеп беруді онсыз да алуға болады - компьютер құрамында ешқандай ерекше математика жоқ, бірақ есептерге кететін уақыт олардың қажет емес болып қалуына әкеледі немесе олардың есептерінің нәтижесінде алынатын пайда мен салыстырғанда олардың төлемақысына кететін шығын көп болатындай есептеушілер санын алуға мәжбүр болады.

Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық қамту бұрыннан дербес компьютерлерде қолданылады. Өкінішке орай, бұл бағдарламалар деректерді сақтаудың элементарлы диспетчерлері ғана болды және оларда қосымшаларды өндірілетін құралдар жоқ болды, немесе олардың күрделілігі өте жоғары деңгейде, нәтижесінде қолданушыға бағытталған толық қосымшалар болмайынша бұндай бағдарламалармен жұмыс істеуден компьютерді жақсы білетін адамдардың өзі бас тартатын болған.

Бұл дипломдық жобаның басты мақсаты қоймадағы тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы мен сақталуына жасалатын есептер бойынша қоймашының жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін өндіру болып табылады.

Қойма операцияларының есебін автоматтандыру үшін келесі мәселелерді шешу керек:

а) қоймадағы тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы мен сақталуына жасалатын есеп мақсатының негізін талқылау;

б) есептеу техникасын қолдануды негіздеу;

в) есеп берулерді формализациялау;

г) барлық қамтамасыз ету түрлері бойынша өндіруді негіздеу;

д) кіріс, тұрақты, аралық және нәтижелік ақпаратты сипаттау;

е) таңдалған жобаның нұсқасын жүзеге асыру.

Автоматизацияның негізгі артықшылығы сақталатын мәліметтердің артықшылығын қысқарту, нәтижесінде қолданылатын жады көлемін үнемдеу, артық көшірмелерді жаңартудың көп ретті операцияларына кететін шығындардың кемуі және бір обьект туралы әр түрлі жерлерде мағлұматтарды сақтау салдарынан қарама-қарсылықтардың пайда болу мүмкіндігін жояды, ақпараттың ақиқаттық деңгейінің артуы және ақпаратты өңдеу жылдамдығының артуы, ішкі аралық құжаттардың, түрлі журналдар, бумалар, сұраныстар және т. б артық саны, бір ақпаратты түрлі аралық құжаттарға қайта енгізу. Сонымен қатар обьект ізденісінің параметрлері берілетін арнайы экрандық формалардан ақпаратты автоматты түрде іздеуді жүзеге асыру уақытты анағұрлым түрде үнемдейді.

Берілген жобаланатын жүйенің негізгі мақсаты қоймадағы тауарлы-материалдық қозғалыстары мен сақталуына жасалатын есептеуге және шаруашылық операцияларды жедел реттеу, сыртқы орта үшін стандартты құжаттарды (карточкалар, кірістер мен шығындардың қаптамалары, есеп - фактуралары) болып табылады. Жабдықтаушылардан тауарлы-материалдық қорлардың келіп түсуі есеп фактуралармен, қаптамалармен, акттермен және басқа құжаттармен сәйкес рәсімделуді талап етеді. Серік болу құжаттарының негізінде материалдардың қоймадағы есеп жөнінде карточка жасалады, кейін мұнда материалдардың қозғалысы көрініс табады. Қоймадағы өндіріс орындарына жіберілетін материалдарға лимитті қоршалған карта рәсімделеді. Бұдан басқа тауарлы материалды қорлар тағайындалуы мен оларды алушыға байланысты талаптар мен шығыс қаптамалары рәсімделеді. Өндіріске жіберілген материалдар құнының суммалары лимитті қоршалған карталар, талаптар, қаптамалар мен материалдар есептеулерінің карточкаларындағы оларды алып тастау бөлімінде сәйкес келуі керек. Шаруашылық процестерін жедел басқару бірден бастап бірнеше күнге дейінгі уақытты құрайды және оқиғалардың тіркелуін жүзеге асырады, мысалы тапсырмаларды орындау мониторингі және рәсімделуі, қоймадағы материалдық құндылықтардың шығындары мен табыстары және т. б. Бұл тапсырмалардың интерактивті, үздіксіз сипаты бар, шаруашылық процестердің тікелей орындаушыларымен орындалады (жұмысшылармен, қоймашылармен, әкімшілікпен және т. б. ) және нақты анықталған алгоритмдерге сәйкес құжаттарды жіберу және рәсімдеумен байланысты. Шаруашылық операцияларды орындау нәтижелері сәйкес журналдарда тіркеледі. Бұл процестердің автоматизациясы ақпарат қолайлы интерфейс арқылы енгізілетін бір қорда ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.

Берілген ақпараттық жүйе тіркеуден шығару блогында бухгалтерия бөлігінде жүзеге асырылатын болады. Бұл жүйенің қолданушысы қоймадағы тауарды есептеумен, сонымен қатар шығын құжаттарын ағымдағы тіркеуден алумен және жаңа келіп түскен тауарды қайта тіркеумен айналысатын адам болады.

Ақпараттық жүйе шығын қаптамаларын жазып берудің күнделікті жұмысынан қызметшілерді босатуға мүмкіндік береді. Бұрын қайталанатын реквезиттері қолмен жазылатындықтан, сонымен номенклатураның үлкен тізімі - бұл көп уақытты алар еді. Автоматизация уақытты анағұрлым көп қысқартуға мүмкіндік береді. Қызметшіге тізімнен сәйкес келетін клиентті тек таңдау керек және анықтамадан номенклатурасын көрсетіп, күнін таңдап, құжатты баспаға жіберу керек. Баспа формасында автоматты түрде құжаттардың баспа формасында орнатылуына сәйкес барлық қажет реквезиттер көрсетіледі.

Есеп беруді жасау үшін сәйкес құжаттарда іздеу жолымен қажет мәліметтерді жинау керек, егер бұл жылдық есеп беру болса, онда бұл жыл ішіндегі барлық құжаттарды қарастыру қажет болады, оған көп уақыт кетеді. Есеп беру бойынша нәтижелерді шығарған кезде есептеулерде үлкен нақтылық қажет, бұл өз ісінің маманының өзін де әр уақытта дұрыс бола бермейді. Осы және басқа тапсырмаларды жобаланып жатқан ақпараттық жүйе шеше алады. Басқа жақта өндірілген бағдарламалық өнімдер қолданылатын кәсіпорындар бойынша талқылау автоматтандырылатын өндіріспен өндіруші әртүрлі қалаларда орналасуына байланысты серік болуымен кейбір мәселелердің бар болуын көрсетеді. Соған байланысты қандай да бір жетілдіру тапсырмасы мен нәтижесі арасында бір айдан кем емес уақыт өтеді.

Қажет обьектті (сумманы, құжатты, санды) іздеу кезінде, егер оны іздейтін құжат белгісіз болғанда құжаттардың барлық бумасын қарастырып өтуге және әрбір позицияны қарастыруға тура келеді. Автоматизация осы позиция бойынша таңдауды жасауға және анағұрлым түрде сәйкес келетін құжаттардың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді немесе жалғыз ізделінді құжатқа әкеледі. Прайс-парақты құрастырған кезде де қиындықтар туындайды.

Егер қоймаға тауардың жаңа түрі әкелінсе немесе көне тауар өзгерсе, бүкіл прайс-парақты қайта жасауға қажет болады. Автоматтандырылған жүйені енгізу номенклатурасының жаңа позициясын қосқан кезде осы барлық әрекеттерді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді.

Күнделікті ұзақ жұмыстарды орындауға кететін уақытты қысқарту арқылы тек өзінің жұмысын ғана емес, енді бірқатар басқа қызметтерді міндеттерді қолға алатын қызметінің еңбекке қабілетін жоғарылата алады. Жеке өзінің автоматтандырылған жүйесін құру барлық ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді, мұнда тек қалай және не керектері ғана өндіріледі, себебі тауарлы-материалдық қор есебі өндірістік қаржылық қасиеттерінде негізгі орын алады. Тауарлы-материалдар қорлары белсенділер құрамына кіреді және өндірісте қолданылатын шикізат қорлары, материалдар сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосалқы бұйымдар, отын, көлемді ыдыстар қосалқы бөлшектер мен басқа материалдар болып табылады.

Қазіргі уақыттағы жеке кәсіпкерлік жағдайында бақылау кәсіпкер қызметінің бір бөлігіне айналды. Кез келген кәсіпкер үшін басты мақсаты өндіріс тиімділігін қамту үшін мәліметтерді жедел түрде алу және табыстарды алудағы тұрақтылық болып табылады, бұның өзі қоймадағы тауарлы-материалдық құндылықтар есебінің автоматтандырылған жүйесін енгізу болып табылады.

1 Есептің қойылымы

1. 1 Зерттеу объектісін талдау

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қойманың жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтама құру» болып табылады. Бұл бағдарламалық қамтамада қоймадағы тауарлар, қабылданған тауарлар, жұмысшылар, шығындар, табыстар және т. б. мәліметтер сақталуы тиіс. Қазіргі таңда кез-келген мекеме өздеріне қажетті бағдарламалық қамтаманы бағдарламашыларға ұсыныс беру арқылы өздеріне ыңғайлы бағдарламаны алып күнделікті жұмыс жасайды. Сол сияқты бұл бағдарламада қойманы басқаруға ыңғайлы болуы қажет. Ең алдымен бағдарламалық қамтаманың интерфейсі өте қолайлы және түсінікті болу керек. Бірнеше қолданушыларға арналуы тиіс және сенімділік өте жоғарғы деңгейде болуы қажет. Мәліметтерде өте аз уақыт ішінде енгізу және өшіруді орындай алуы қажет. Базадан мәліметтерді өте аз уақытта тауып оларды клиентке жылдам шығарып беруді ұйымдастыру. Әр қожайынның жануарлары жайлы мәліметті ең аз уақытта, өте түсінікті түрде шығарып беруге арналған есеп болуы қажет.

Бұл мәселені автоматтандыру үшін жүйе құру керек. Бұл жүйе тауарлар, клиенттер, құжаттар жайлы деректермен жұмыс істейді. Сол себепті жүйенің типі деректер қорының жүйесі болып табылады. Ол екі компоненттен тұрады: ДҚ және деректер қорымен жұмыс істейтін ДҚБЖ.

Қазіргі таңда қоғамда кез-келген мекеме немесе арнайы ұйымдар болсын күнделікті мекеме жұмыстарын автоматтандыруға көшіп жатыр. Бұл жұмысты автоматтандыру үшін арнайы бағдарламалық қамтама керек. Ал біздің дипломдық жұмысымызда қойма қызметкерлеріне арналған бағдарламалық қамтама құру болып табылады. Ұйым құжат айналымын, қабылданған және жіберілген тауарлардың есебін шығарудың жұмысын автоматтандыруды қажет етсін делік. Ұйымның құжат айналымында және қоймадағы тауарлардың есебін жүргізу үшін келесідей амалдар мен процестерді бөліп қарастыру керек:

  • қоймадағы тауарлар туралы мәліметтер;
  • қабылданған тауарлар туралы нақты мәліметтер;
  • жұмысшылар жайлы мәліметтер;
  • клиенттер жайлы мәліметтер;
  • тауар шығарушы компаниялар жайлы мәліметтер;
  • бухгалтерия сұраулары бойынша тауарларды сату жайлы есеп беру, сатып алушылармен накладной реестр жүргізу.

ДҚ құруды келесі тәсілмен көрсетеміз. Тұжырымдамалық жобаға сәйкес ДҚ үш кестеден тұрады, сол себепті деректер қорын келесідей тізбек ретімен құрамыз: кесте құрылымын қалыптастыру шамадан тыс артық болмауды қадағалау, кестелер арасындағы байланысты орнату, ДҚ тұтастығын қамтамасыз ету үшін қажетті генераторларды, триггерлерді сақтау процедураларын құру.

1. 2 Бағдарламаға қойылатын талаптар

Функцияналдық сипаттамаларға қойылатын талаптар

Құрушы ортаның функцияналдық бөлігі мынаны қамтамасыз етуі керек.

  • автоматтандыру мәселесін қалыптастыру және талдау;
  • ДҚБЖ- ны жобалау;
  • жүйенің программалық қамтамасын құру;
  • жүйені әкімшілдендіру;
  • жүйені сынау және енгізу.

Кіріс деректерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Құрушы ортаның функцияналдық бөлігі үшін кіріс деректері болып табылады:

  • келіп түскен материалдар немесе тауарлар;
  • ұйым-клиенті реквизиттері;
  • пайдаланушы енгізетін деректер.

Шығыс деректеріне қойылатын талаптар

Құрылған ДҚБЖ жұмысының нәтижесі тауарды төлеуге есеп-шоттар, қоймадан тауарды жіберуге накладной, сатылған тауарға жазылатын салық счет-фактурасы, сатылған тауарлар сипаттамасы жайлы есептер құрылған накладной тіркеу. Сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында барлық сатылған тауарлардың сомасының қорытындысы шығарылады.

Қарастырылмаған кіріс деректеріне қолданбаның әсер етуі

Егер кіріс деректері қандай да бір жағдаймен орнатылған деректермен сәйкес келмесе, онда жүйе қателікті көрсететін хабар шығарады, ал пайдаланушы ақпаратты енгізуді түзетеді.

Жүйенің сенімділігі мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

  • пайдаланушылар әрекетін және ол енгізген деректерді бақылау функциясы;
  • деректер қорына келісім бойынша деректерді енгізу функциясы.

Қойылған есепті шешуге қажетті деректер көмегімен деректер қоры жүйесі деректер тобы жиынынан тұрады. Осы себепті деректер қоры жүйесі деректер қоры кестелер қатарынан тұрады. Осыдан келіп ДҚ логикалық деңгейде жобалау процесі проблемалық ортаны талдау арқылы кесте түрінде көрсетуге болатын деректер тобын айқындауға әкеледі. Белгіленген кестелердің құрылымдары анықталады. Сонымен қатар, ДҚ негізгі компонеттері болып табылатын жеке кестелерді жобалаймыз. Сонан соң осы кестелер арасында байланыстарды орната отырып, кестелерден деректердің бірегей үлгісін қалыптастырамыз.

Бұл програманың жұмыс істеуі үшін Delphi6. 0. ортасы қажет.

Дерекқорларды құру үшін DataBase Desktop 5. 0. Деректер қоры сервері - InterBase 6. 0. Microsoft Windows NT4. 0, Windows 98, Windows 2000 платформалары қажет.

  • Intell PentiumIII, Celeron немесе AMD - Кб және олардан жоғары санашықтар;
  • 128 Мб оперативті жады;
  • 20 Мб бос дискілік кеңістік;
  • басқарушы тышқан немесе пернетақта;

Кіріс деректері мәтіндік файлдар қолданатын пішімдер түрінде көрсетілген. Шығыс деректері есептер түрінде көрсетілген.

Құрылған жүйе тауарларды есептер түрінде қарап шығуды қамтамасыз етеді.

Қолданбаларды құру ортасында ең тиімді құрал-сайман Delphi ортасы. Сол себепті біз жүйені құру үшін осы ортаны таңдадым.

Бүгінгі күні Delphi-де жұмыс істеу Windows үшін қолданбалар жазудың ең өнімді ортасы. Программылық қамтамаларды құрудың кез-келген құрал-саймандардың ортақ өнімділігі бес негізгі аспектілермен анықталады:

  • өнімнің визуалды ортасының сапасы;
  • компилятор жұмысының жылдамдығы және компиляцияланған программалардың шапшаңдығы;
  • программалау тілінің қуаты мен күрделілігі;
  • қолданылатын ДҚ сәулетінің икемділігі мен масштабталуы;
  • жобалау және қолдану щаблондарын құру ортасының бар болуы [4] .

Тағы да басқа маңызды факторлар бар- мысалы, орау мәселесі құжатнама және т. б.

1. 3 Өнімнің визуалдық ортасы

Өнімнің визуалдық ортасы өзара байланысқан үш компоненттен тұрады: редактор, отладчик және форма конструкторы.

Delphi формалар конструкторында жұмыс істегенде формаға салынатын және өңделетін барлық компоненттер үшін программалық коданы шығарады. Редактор терезесінде, автоматты түрде құрылған программаның мәтініне қолданбаның айқындамасының жағдайын анықтайтын қажетті толықтыруларды енгізуге болады. Осында, редактор терезесінде тоқтату нүктелерін енгізу арқылы айнымалыларды бақылауға арналған программалар орындалады. Delphi редакторы әдетте басқа да құрал - саймандармен қатарласа қолданылады. Ең қуатты утилита пернетақтадан енгізілетін программалық мәтіндердің көлемін азайту мүмкіндігін беретін CodeInsight болып саналады. Бұл құрал типтер библиотекасын (Visual Basic секілді) емес компилятор ақпараттарын пайдалану негізінде құрылған, сол себепті ол кеңінен қолданылады. Дегенмен Delphi редакторы баптау парамертлерінің жеткілікті жиынын қолдағанымен Visual Studio дестесінің редакторы анағұрлым кең.

Delphi 6 отладчигі Visual Studio отладчигіне тән функцияналдық мүмкіндіктерінің бәрін қолдайды. Жаңа функцияларға мыналар жатады: қашықтан отладка құралы, процестерді үстемелеу, DLL библиотекасы және дестелерінің отладкасы, автоматты жергілікті айнымалылардың мәнідерін бақылау құралдары, орталыќ ќолданба терезесін қолдау. Сонымен қатар отладка ортасын графикалық түрде басқару құралын ұсынады. Олар отладка барысында терезелерді жылжыту, қатарластыру, сондай-ақ, жұмыс столы баптау параметлерінің топтары түрінде алынған пімімүйлесім жайлы мәліметтерді сақтайды. Отладчик ыңғайлы функцияларының бірі- программалық мәтінді отладка процесіндегі өзгерту мүмкіндігі. Өкінішке орай компилятор ортасында мұндай функцияларды жүзеге асыру қиын Delphi ортасында олар жоқ.

Delphi формалар конструкторында толығымен объектілі- бағытталған құру сұлбасы қолданылады. Нәтижесінде базалық кластарға енгізілген өзгертулер сол мезетте туынды кластарға таратылады.

Компилятордың жұмыс жылдамдығы және компиляцияланған программалардың шапшаңдығы.

Жылдам компилятор программлық қамтаманың сатылай құру мүмкіндігін береді. Себебі, бастапқы программаға кезекті қайта компиляциялау және тестілеу арқылы бірнеше рет өзгертулер енгізіледі. Жай компилятор құрушының бірмезгілде компиляцияның және отладканың бір циклында бірнеше жеке тапсырмаларды қисындастыра отырып, көп өзгертулерді жасау қажет етеді. Бұл өз кезегінде өнімнің жеке циклдардың тиімділігін төмендетеді. Компиляцияланған программалардың жұмысының тиімділігін арттыру арқылы жеткен артықшылықтар айқын көрінеді. Кез- келген жағдайда, программа қаншалықты тез жұмыс жасаса және оның объектілік кодасы аз болса, соғұрлым жақсы [3] .

Delphi-де қолданылатын Паскал тілінің компиляторның ең белгілі ерекшелігі шапшаңдылығы (Windows ортасындағы ең шапшаң компилятор) .

Қолданылатын деректер қоры сәулетінің икемділігі мен масштабтылығы.

Delphi құрамына деректер қорын сүйемелдейтін ең икемді сәулетті қамтамасыз ететін құрал-саймандар кіреді. BDE механизмі табысты жұмыс істеп келеді және көптеген қолданбаларға жергілікті, тарамдалған және ODBS-ДҚ платформалары кең диапазонында өзара әрекеттескенде жеткілікті өнімділікті қамтамасыз етеді. BDE құралдарынан бас тартып ADO- компоненталарын пайдалануға болады. Егер ADO қажетті компоненталары болмаса, онда абстрактілік көпдеңгейлі сәулетті деректер қорының ұсынатын компоненталары негізінде деректер қорына қатынас құрудың жеке кластарын құруға болады немесе басқа фирмаларға қажетті компоненталарға тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар ұсынылатын MIDAS құралдары бірнеше логикалық және физикалық деңгейлер бойынша деректердің таралымын жеңілдетеді және сол мезетте кез-келген деректер көзіне қатынас құру мүмкіндігін береді.

Delphi-дің барлық элементтері қажетті және маңызды. Соның ішінде ең маңыздысы - VCL библиотекасы. Жобалау процесінде компоненталарды басқару мүмкіндігі, өз компоненталарын құру және объектілік-бағытталған технологиялар көмегімен алынған басқа компоненталардың сипаты- мұның барлығы Delphi ортасына тән өнімділіктің жоғары деңгейінің маңызды жағдайлары болып табылады. VCL компоненталар құрғанда ұсынылған обектілік - бағытталған программалау технологиясы ішінен қажеттісін таңдап алуға болады [4-9] .

1. 4 InterBase сервері

Деректер қорының сервері - бас компьютер және дерекқор орналасқан тораптағы түйіндерде орындалатын программалық процесс. Сервер процесі- дерекқор файлдары үшін тікелей енгізу-шығару операцияларын орындай алатын кез-келген түйіндегі жалғыз процесс.

Клиенттер дерекқорда түрлі әрекеттерді орындау үшін серверлік процеске сұратымдар жібереді, сонымен қатар:

  • берілген шарттар бойынша дерекқорда іздеу жүргізу;
  • салыстыру, сұрыптау және кестелік түрде деректерді көрсету;
  • сақталатын деректерді өзгерту;
  • дерекқорға жаңа деректерді қосу;
  • дерекқордан деректерді өшіру;
  • жаңа дерекқорды және деректер құрылымын құру;
  • серверде программалық коданы орындау;
  • осы сәтте серверге жалғанған басқа клиенттерге хабар беру.

Серверлік процестер толығымен тораптық болып табылады, ол тораптың басқа түйіндерінен жалғануға сұратымдарды және қолданбалық программаның сол хаттамасын қолдайды.

Бірнеше клиент серверге көпағымды процеспен бірмезгілде жалғану мүмкін. Сервер дерекқор аймағында деректердің жеке жазбаларына қатынас құруды реттейді және клиенттер жазбалардағы деректерді өзгертуге сұратым жасағанда жазбаларға монопольды қатынас құруды қамтамасыз етеді.

Барлық серверлер деректерді ұйымдастырудың және оларды басқарудың ұқсас ұстанымдарына ие. Delphi -мен бірге InterBase6. х серверлік және клиеттік бөлімдері беріледі, бірақ ол бөлек орнатылады. Орнату автоматты түрде орындалады, Borland каталогындағы сервер файлдары InterBase ішкаталогына көшіріледі [3] .

InterBase серверлік бөлімі InterBase серверінің жергілікті нұсқасы болып табылады және бір компьютерде оларды тораптық нұсқада тексере отырып, қашықтағы ДҚ- мен жұмыс істеуге арналған қолданбаларды отладка үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері
Деректер қоры кестелері
Деректер қорларын жобалау
«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе
«Кітаптар магазині» мәлеметтер қорын құру
Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құру
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
CASE - құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары
Мекемеде жұмысшыларды басқару деректер базасын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz