Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың ережелері, нұсқаулықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҒАНДЫ КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жеке құрам бойынша құжаттар. Жеке еңбек шарты. Жеке іс ішіндегі құжаттардың құрамы және орналасуы

Орындаған: СР 163 топ студенті Ә.Диажан
Тексерген: Ө о шебері Д.С.Баешова

2018-2019 оқу жылы
Жоспар:

Кіріспе

I. Жеке құрам бойынша құжаттар.Жеке іс ішіндегі құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1. Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың ережелері, нұсқаулықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың түрлері,рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II. Жеке еңбек шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1. Жеке еңбек шартының ұғымы, оның мазмұны мен түрлері...
2.2. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нəтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мəселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз.
Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не? Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге жəне сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото жəне кинопленка жəне т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты əкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан жоқ, сірə. Адам баласы кəмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның бəрін арнайы ретпен, белгіленген тəртіпке, жүйеге сəйкес жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу тек əр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, əрбір азамат адам үшін де өте маңызды.
Кез-келген ғылым саласы секілді іс қағаздарын жүргізудің де өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тəртібі бар. Ал, мұның басқа нақты ғылым салаларынан ерекшелігі оның əмбебаптық сипатында. Нақтырақ айтқанда, іс қағаздарын жүргізудің бүкіл салаға тəн ерекшелігіне байланысты екендігінде. Айталық, жаратылыстану ғылымдарының əрбіреуі белгілі бір мəселеге ғана арналып, сол салада ғана қолданылса, ал, іс қағаздары, құжат айналымы жүйесі бүкіл кəсіпорында қолданылады. Сондықтан қай саланың қызметкері болмасын, құжат айналымы жүйесінен айналып өте алмайды. Мектепте, жоғары оқу орындарында іс қағаздарын жүргізу негіздері тереңдеп үйретілмейтіндігі себепті көпшілік қауым қызмет барысында көптеген қиыншылықтарға ұшырасып жатады.
Іс қағаздарын жүргізуді тек басшылардың, хатшылардың, референттердің, іс қағазын жүргізушілердің ғана ісі деп қарау дұрыс емес. Мұны əрбір сауатты адам мүлтіксіз меңгергені лазым. Сонда ісіміз тиянақты, уақытымыз үнемді, шаруамыз берекелі болады. Өзімізге тиесілі құқықтарымыз да аяққа тапталмайды.

I. Жеке құрам бойынша құжаттар.Жеке іс ішіндегі құжаттар

1.1. Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың ережелері, нұсқаулықтары

Әрбір ұйым, мемлекеттік болсын, кәсіпорын, мекеме тағы сол сияқты ұйымдарда құжаттың атқаратын қызметі өте маңызды және ең алдыңғы орында болып отыр. Құжаттың қызметі, жұмыс атқаруы, мерзімі еш уақытта шектелмейді. Құжат өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін, ең алдымен қолданылатын заңдарға сәйкес келетін жарғыда көрсетілген тәртіппен сай болу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл ұйымдастырушысы құқықтық формалары мен меншіктің барлық формалы ұйымдастырудың қызметінде түзілетін құжаттардың ерекше тобы қызметкерлердің құқықтық, еңбек және қызмет әрекеттерін көрсететін жеке құрам бойынша құжаттардан тұрады.
Жеке құрам бойынша құжаттар өз алдына дербес бір топты құрайды. Олар қызметкерлер мен сырт мекемелердің қызмет фактілерін, жұмыс стажын, еңбекақы мөлшерін , зейнетақы көлемін, оқу орындарына қатыстылықты т.б. куәландыру туралы жеке сұраныстарын орындау үшін қажет. Бұл құжаттардың қамтитын уақыты шамамен бір ұрпақтың өмірі ұзақтылығымен пара-пар болады.
Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және босатуды да қамтиды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, кезекті еңбек демалысын беру, көтермелеу кезінде ресімделетін құжаттар жеке құрам бойынша құжаттар тобын құрайды. Бұл жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініштер, мінездемелер, еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке іске тігілетін барлық құжаттар.
Ұйымдарда кадрлық құжаттамаларды міндетті жүргізу: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бойынша уәкілеттті мемлекеттік органының заңға сәйкес нормативті құқықтық актілерінде және нұсқауларында көзделген.
Жеке құрам бойынша құжаттар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 - ІІІ заңы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ негізінде жүргізіледі.

II. Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың түрлері,рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар

Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді жəне орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды жəне босатуды да қамтиды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, кезекті еңбек демалысын беру, көтермелеу кезінде ресімделетін құжаттар жеке құрам бойынша құжаттар тобын құрайды. Бұл жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініштер, мінездемелер, еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке іске тігілетін барлық құжаттар. Кадр құжаттарының маңызы оларда азаматтардың еңбек етуге, білім алуға, зейнетақымен қамсыздануға жəне басқаларына құқықтарын іске асыруға қажетті мəліметтер белгіленетіндігінен көрінеді. Ал бухгалтерлік есеп үшін кадр құжаттары бастапқы есептік құжат болып табылады. Осы құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Сөйтіп, жеке құрам бойынша бұйрықтардың негізінде бухгалтер жалақы, үстемақы, сыйлықақы, іссапар шығыстарын жəне с.с.-ды есептеп төлейді. Кадр құжаттарын жүргізуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тиісті заң актілерінде белгіленген. Бастапқы есептік құжаттардың бірегейлендірілген нысандары бекітілген. Қажетіне қарай осы бастапқы есептік құжаттарға қосымша деректемелер енгізуге болады. Бұл ретте бастапқы есептік құжаттың бірегейлендірілген нысандарының барлық деректемелері (коды, нысанның нөмірі, құжаттың атауы) толығымен сақталады. Бірегейлендірілген нысанның кейбір деректемелерін жоюға жол берілмейді. Енгізілетін өзгерістер ұйымның тиісті ұйымдық-құқықтық құжатымен (бұйрық) ресімделуі керек.
Кадрларды есепке алуға байланысты құжаттар нысанына мыналар жатады:
:: Қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (өкім);
:: Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (өкім);
:: Мемлекеттік қызметшінің жеке карточкасы;
:: Штаттық кесте;
:: Кезекті еңбек демалысының кестесі;
:: Ғылыми, ғалым-педагог қызметкерлерді есепке алу карточкасы;
:: Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім);
:: Қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру туралы бұйрық (өкім);
:: Қызметкермен жасалған еңбек шартын тоқтату (бұзу) туралы бұйрық (өкім);
:: Қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрық (өкім);
:: Іссапар куəлігі;
:: Іссапарға жіберуге арналған қызметтік тапсырма жəне оның орындалуы туралы есеп;
:: Қызметкерді көтермелеу туралы бұйрық (өкім).
Алайда осы нысандарды пайдалану кезінде оны бұлжытпай қайталау міндетті емес. Жоғарыда айтқанымыздай, оған азды-көпті өзгерістер енгізуге болады. Келтірілген құжаттардың нысаны кадрлық операцияларды толықтай қамтымайды. Жекелеген жағдайларда жеке құрам бойынша бұйрықтар басқадай да жасалады. Мысалы, өндіріп алу, тегін ауыстыру, міндетін атқару туралы жəне с.с. Осы тектес құжаттарды жиі жасауға тура келсе, кəсіпорынның өз ішінде қолданылатын үлгі нысанын жасап, оны бұйрықпен бекітіп алуға болады.
Жеке құрам бойынша құжаттар, әдетте, ұзақ мерзімге сақталады және сақталуы үшін айрықша шарттар талап етіледі:

Ұйымның (лауазымды тұлғасының) құрылымдық бөлімшесінде жедел сақтау сатысында құжаттауды және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерімен;
Ұйымның ведомствалық жеке меншік мұрағатына сақтау сатысында ведомствалық мұрағаттар жұмыстарының негізгі ережелерімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі №2679 24-қаңтар 2012 жыл, әрі қарай негізгі ережелер айқындалады.
Жұмыстан босатылған əрбір қызметкердің жеке ісі үшін дербес іс ресімделуі мүмкін. Бұл ретте құжаттарды көлемі 250 беттен аспайтындай етіп бір іске тіккен тиімді. Мұндай жағдайда жекелеген жеке істер қызметкерлердің жұмыстан босатылған жылдары бойынша тігіледі. Істің ішінде олар фамилиялары бойынша əліпби тəртібімен орналастырылады да бір-бірінен ортасына фамилиясы жазылған таза парақ салу арқылы бөлінеді. Біріктірілген іске жеке іс иелерінің аты - жөндері жазылған ішкі тізімдеме жасалады. Мұрағатқа сақтауға қажет болмаған еңбек кітапшалары беріледі. Еңбек кітапшалары қатаң түрде əліпби тəртібімен сақталады. Əрбір еңбек кітапшасы жеке бірлік деп табылып, іске тігілмейді. Жеке құрам бойынша көптеген құжаттар ұзақ жылдар бойы сақталады жəне ерекше есепке алынатын құжаттарға жатады.
Сондықтан олар бойынша мынадай журналдар жүргізіледі:
:: жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату туралы бұйрықтарды есепке алу журналы;
:: іссапар туралы бұйрықтарды есепке алу журналы;
:: еңбек кітапшаларын есепке алу журналы;
:: жеке істерді есепке алу журналы.
Бұл журналдар істермен бірге мұрағатқа тапсырылады. Сақтау мерзімі қысқа (10 жыл) болып келетін барлық кадр құжаттары мерзімді жылдан кейін бір күнтізбелік жыл өткен соң жойылуы мүмкін. Бұл құжаттар мұрағатқа тапсырылмайды. Жою актісінің негізінде кадр қызметінің қызметкерлері жояды.
Құжат жасаудың және сатудың жүйесі ұйымдық басқару құжаттары болып табылады. Оған келесілер жатады:
1. Ұйымдық
2. Басқару
3. Жеке құрам бойынша
4. Қаржылық бухгалтерлік
Жеке құрам бойынша құжаттарға төмендегілер жатады:
● түйіндеме (резюме);
● өтініш (жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру туралы);
● жеке құрам бойынша бұйрықтар;
● еңбек кітапшалары;
● жеке істер;
● жеке карточкалар;
● еңбекақысы жөніндегі жеке шоттар жəне басқалары

:: Түйіндеме (резюме).
Соңғы жылдары осы құжат түрі кең таралып отыр. Кəсіпорынға жұмысқа қабылдар алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты - өзін-өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Оның жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тəжірибесі, жеке жетістіктері, кəсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мəліметтерді қысқа əрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Əңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек.Түйіндеме сіздіңкең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.
Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл білгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым - қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі:
oo Аты-жөні;
oo Туған жылы, күні, айы, туған жері;
oo Ұлты;
oo Жынысы;
oo Мекен-жайы, телефоны;
oo Отбасы жағдайы;
oo Азаматтығы;
oo Білімі;
oo Бітірген оқу орындары;
oo Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
oo Тілдік дағдылары;
oo Компьютерлік сауаттылығы;
oo Жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығаршашылық көзқарас т.б.)
oo Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар ( мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патент).

Түйіндемеде не туралы жазған жөн?
Түйіндеме мынадай келесі блоктардан тұрады:
oo Сіздің атыңыз, мекен-жайыңыз, телефон нөміріңіз ( қала кодымен бірге);
oo Мақсат (міндетті емес, бірақ көрсеткен жөн);
oo Сіз қандай лауазымды алуға және неге үміт артып отырғандығыңыз туралы қысқаша сипаттама (6 қатардан көп емес, ең дұрысы 2-3 қатар);
oo Жұмыс тәжірибесі - кері хронологиялық ретпен (ең бірінші соңғы жұмыс орнын көрсетіңіз). Бұл негізгі бөлім.
oo Жұмысты бастау және аяқтау күндерін, ұйым атауын, лауазым атауын (егерде Сіздің карьераңыз табысты түрде дамыған болса, онда олар бірнеше болуы мүмкін) көрсетіңіз;
oo Қысқаша түрде лауазымдық міндеттеріңіз бен өндірісьік жетістіктеріңізді, егерде Сізде бар болса, сипаттаңыз;
oo Жетістіктеріңізді сипаттау барысында іс-қимыл етістіктерін пайдаланыңыз, мысалы: дамыттым, үнемдедім, арттырдым немесе қысқарттым.

Білім (оқу орнын бітіргеннен кейін қаншалықты көп уақыт өткен сайын, түйіндемеде бұл тармақ соншалықты аз орын алуы керек; бітірушілер мен студенттер бұл бөлімді алдыңғы бөлімнің алдына қойғандары жөн, себебі олардың жұмыс тәжірибесі болсадағы, ол айтарлықтай маңызды емес.
Марапаттаулар туралы хабарлап, Сіздің мақсатыңызға сәйкес келетін оқыған дисциплиналарыңызды бас жазыңыз).
Қосымша ақпарат: шет тілдері мен компьютерді игеру, жүргізуші куәлігінің болуы, кәсіби ұйымдардың мүшесі болу және т.с.с. әуесіңіз туралы тек ол қалаған жұмысыңызға қатысты болса ғана айту керек). Рекомендация ұсыну мүмкіндігін көрсету.

Түйіндеме қандай болу керек?

Түйіндемені жазу стильіне қойылатын негізгі талаптар:
oo Қысқалық; нақтылық; (ешқашанда қатыстым, көмек көрсеттім және т.с.с. деп жазбаңыз. Бұл сөз бір реттік қызмет көрсеткен деп ойлауға мүмкіндік береді); шындық;
oo Мен деген есімдікті қолданудан сақтаныңыз.
oo Тұжырымдама таңдау кезінде барынша нақты болу керек: оқыттым, игердім, тиімді пайдаландым, жауап бердім, клиенттерге көмектестім, өнімнің нарықтағы потенциалын арттырдым, лауазымына өстім, лауазымда жоғарлап, жалақым екі есе артты, жұмысты дәл мерзімінде орындадым - деп жазған жөн.
oo Көп сөзді болмаңыз, пассивті формадан аулақ болыңыз. Теріс ақпараттан гөрі оң ақпаратты таңдаңыз;

Ескерту:

* Түйіндеме қай тілде жазылса, сол тілді жақсы меңгерген біреуге тексертіңіз;
* Қазіргі жұмысты сипаттаған кезде осы шақ етістігін қолданыңыз, мысалы, істеп жатырмын, жобасын жасап жатырмын; сәйкесінше, өткен жұмыс орындарыңыз туралы жазған кезде етістіктерді өткен шақта қолданыңыз;
* Жүйелі болыңыз: егерде Сіз бір рет қысқарту пайдалансаңыз, оны түйіндеменің барлығында қолданыңыз (ең жақсысы барлық атауды толығымен жазу);
* Ұзын сөйлем мен күрделі сөздерден аулақ болыңыз; қажетті тақырыпшаларды нақты бөліп көрсетіңіз;
* Түйіндемеңіздің бір стильге рәсімделуін қадағалаңыз; Оңай оқылатын стильді таңдаңыз (орташа шрифт, жолдар арасындағы аралық жеткілікті деңгейде сақтаңыз);
* Ақ түсті және жақсы сапалы қағазды пайдаланыңыз;
* Түйіндемеңізді бір, ары кеткенде екі бетке сыйдыру өте маңызды;
* Сіз түйіндемеңізді көрсеткен ақпараттарды растай алатындығыңызға сенімді болыңыз;

Түйіндеменің үлгісі:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Әуезов к-сі,29-үй,65-пәтер Телефон:8300425638
E-mail: sholpan @mail.ru

Мұқанова Шолпан Тобылжанқызы

Туған жылы: 15.02.1969
Ұлты: қазақ
Жынысы: әйел
Отбасы жағдайы: тұрмыста
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: жоғары
1991-1995жж Әлемдік Халықаралық
Шет тілдері
университеті, ағылшын тілі факультеті
1984-1991жж.Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, Заң
Факультеті

Кәсіби тәжірибесі: 1996-2001жж. Саяхат туристік фирмасы,
кеңесші-заңгер Алматы қаласы.
1994-1996жж.Сенім нотариалдық кеңсесі,
кеңесші заңгер Алматы қаласы.

Тілдік дағдылары: қазақ тілі - ана тілі,
орыс тілі - еркін,
ағылшын тілі - өте жақсы

Компьютерлік
сауаттылығы: Windows 98, Word. Excel,internet

Жеке қасиеттері: ұстамдылық, жауапкершілік,
ұйымдастырушылық және
басқарушылық қабілеті

Қосымша ақпараттар: Life адвокаттық кеңсесінің
сертификаты (Лондон қ. 1998)

:: Өмірбаян.
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні,айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі,бітірген оқу орындары,қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын,жазушылардың,өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың Құштар көңіл (1977), Ш.Жиенқұлованың Өмірім менің - өнерім (1983) кітаптиары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен,ұлы жазушылар мен ақындар - А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С.Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - Аққан жұлдыз, М.Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
:: Құжаттың аты (өмірбаян)
:: Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы,айы, күні, туған жері
:: Ұлты
:: Білімі,оқыған оқу орындары
:: Қоғамдық - саяси қызметі
:: Ата - анасы,жұбайы,балалары туралы мәлімет
:: Қазіргі жұмысы, мекен - жайы
:: Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

Үлгі

Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983жылы, 14 қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
2004 жылы Қазақстан - Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата-анам бар: әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Орбита-3 ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.

:: Мінездеме

Мінездеме - түрлі мекеме,ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме - мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына ауысу мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына қарай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында атқарып отырған қызметіне лайық, қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық немесе атқарып отырған қызмет орнына лайық емес деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін,икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логотипі, фирмалық белгісі арнайы бланкілерге де жазылады. Әр данасы есепте тұратынарнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі,орындады,көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Тақырыбы;
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3. Негізгі мәтін;
4. Қорытынды;
5. Мінездемені талап етуші ұйымның аты;
6. Мінездеме берілген күн, ай,жыл;
7. Мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8. Қосымша (егер болса).
9. Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Үлгі
Мінездеме

Болат Сыздықов Бақытұлы, 1967 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.Болат Сыздықов Бақытұлы - 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы қазіргі Ұлттық техникалық университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жоьалау институтының аға ғылыми металлургия өнеркәсібі факультетінің аға мұғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздықовтың Металлургия өнеркәсібінің терминдері деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздықов қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі., ЭЕМ ЭВМ машиналарында жұмыс істей алады. Б.Б.Сыздықов - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми - техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Мекеме басшысы айы,күні,жылы
аты-жөні,қолы

Қазақ-Британ техникалық университетінің
Ассистент-профессоры

Қызметтік мінездеме:

Көбегенова Жанат Әкімжанқызы
11.02.1973 ж.т. ұлты - қазақ
Білімі - арнайы жоғары,заңгер, 2002жылы
ҚР ІІМ Алматы Академиясын бітірген

Полиция капитаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару қызметінің құжаттары
Жеке құрам бойынша құжаттар
Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
Басқару құжаттарының жіктелуі
Өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы жағдайында
Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді, мұрағат қызметін заңдық және нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу
Оқу функциясы
Мемлекеттік тілде іс қағаз жүргізу
Банктің несиелік саясаты
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Пәндер