Маркетингтік ортаны Forever Living Products компания мысалы ретінде талдау


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

foreverliving-logo_5.jpg

Маркетингтік ортаны

компаниясы мысалы негізінде

талдау.

Компания туралы жалпы мағлұмат.

Forever Living Products компаниясы- Аризона штатындағы ең үлкен жеке меншік компания. Штаб пәтері-Скотсдейлде. Форевер Ливинг Продактс сетевой маркетингтегі копсалалы компаниялардың бірі. Жалпы бұл компания әлемнің 152 мемлекетіне Алоэ Вера мен бал арадан тауарларын сусын түрінде және де косметика, тері күтімдеріне арналған заттар және биологиялық қоспалар, гигиена заттарын шығарып, сатумен айналысады. Форевер Ливинг Продактс компаниясының ірге тасын 1978 жылы Рекс Мон құрды және де ол кісі қазірде директорлар кеңесінің басшысы. 2006 жылғы "Форбс" журналында әлемдегі ең үлкен 500 компаниялар тізіміне енді. Ол тізімде бұл компания Ол тізімде бұл компания 340 орында болды. 2011 жылы Форевер компаниясының табысы 3, 5 миллиард доллар болды. ФЛП компаниясы сетевой маркетинг жүйесін қолданады. Яғни бұл жерде дистрибьютерлер алоэ тауарларын жекелей және топтық презентация түрінде таратып, өзі жеке кәсіпкер ретінде есептелінеді.

Фирманың маркетингтік ортасы деп отырғанымыз - ол кәсіпорынның қызметіне сырттай, тікелей және жанама түрде әсер ететін факторлардың, субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетингтік ортаның мынадай түрлері бар:

  • Макроорта;
  • Микроорта;
  • Медияорта немесе «байланыс аудиториялары».

Макроорта - фирманың қызметіне сырттай әсер ететін факторлар жиынтығы. Макроортаны «бақыланбайтын орта» деп те атайды. Себебі фирма оған не жаңа мүмкіншіліктер ашатын, не оған жаңа қауіптер туғызатын кең байтақ макроорталық күштер шегінде жұмыс атқарады және фирма оларға әсер ете алмағандықтан, оларды ұқыпты түрде бақылап, оларға жауап беріп отыруы керек. Ф. Котлер макроортаның негізгі 6 факторын бөліп қарастырды:

  • Демографиялық фактор;
  • Экономикалық фактор;
  • Табиғи фактор;
  • Ғылыми техникалық фактор;
  • Саяси фактор;
  • Әлеуметтік мәдени фактор.

Главные факторы макросреды фирмы

Демографиялық фактор.

Нарық адамдардан құралған болғандықтан, демографиялық өзгерістер және тенденциялар нарықты зерттеуде келешекке болжамдар жасауда ерекше мәнге ие болып табылады. Негізгі демографиялық көрсеткіштер:

  • Халық саны;
  • Жас шамасы;
  • Халықтың білім деңгейі;
  • Туу/өлу көрсеткіштері және т. б.

Қарамағында 1-нан астам жумысшы қызмет атқаратын "Forever Living Products"компаниясы үшін, компанияның өндіріс орнындары орналасқан аймақтардағы халықтың тығыздығы, орташа жас мөлшері, білім деңгейі аса маңызды. Плантация орындарындағы физикалық тұрғыдан ауыр жұмысты атқару, жас шамасы 20-40 жас шамасындағы жұмысшылардыкөптеп талап етеді. Өндіріс технологияларының жылдан-жылға дамуы, жұмысшылардың кәсіби білімділіктерін арттыруды қажет етеді.

Экономикалық фактор.

Кез келген сыртқа өнім шығаратын кәсіпорын қызметіне міндетті түрде экономикалық ахуал өз әсерін береді. Рыноктың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында маркетингтің экономикалық факторын үздіксіз түрде бақылап отыру қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

  • Баға деңгейі;
  • Сұраныс деңгейі;
  • Жұмыссыздық деңгейі;
  • Инфляция;
  • ЖҰӨ;
  • ЖІӨ;
  • Валютаның бағамы және т. б.

"Forever Living Products" өз өнімдерін шет елдерге шығаратын компания болғандықтан, компания үшін тек ұлттық экономика ғана емес сонымен қатар әлемдік экономикадағы ахуал да өз әсерін береді. "Forever Living Products"Швецария, АҚШ, Ұлыбритания қор биржаларына кіреді. Осы қор биржаларында бекітілген Алоэға деген баға мөлшерінің өзгерісі, Алоэға деген әлемдік сұраныс мөлшері компания қызметіне зор көлемде әсер етеді. Мысалы Еуропа елдеріндегі Алоэға деген сұраныстың артуы корпорация үшін қолайлы ахуал болып табылады. Қазірде Алоэның 1 тоннасына 8 мың долларды құрайды. Алоэ бағасының өсуі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар: доллар девальвациясы, 1996-2004 жылдар арлығындағы рыноктағы тыныштықтың орнауы (бұл өз кезегінде өндірістің бәсеңдеуіне әсер етті) және Қытайдың жоғары қарқынмен дамуы.

Табиғи фактор.

Кәсіпкерлік іс әрекет қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Сондықтан да кәсіпкерлер әр қашан қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін және қоғам дамуының қауіпсіздігі үшін адам денсаулығын сақтау мақсатында қазіргі заманға сай ресурстарды сақтайтын жаңа, жетілген технологияларды өндіріс процесінде қолдануға ұмтылуы қажет.

"Forever Living Products"-қа қарасты плантация орындағы алоэның көлемі 100 жылға жетеді деп жоспарлануда. Сол себепті иеліктегі плантацияларды оңтайландыру және бар өндірістің тиімділігін арттыру, тартымды да игерілмеген табиғи ресурстар активтерін іздестіру мен иелену компанияның басты корпоративтік стратегиясы болып табылады. "Forever living Products"компанниясы алоэны, бал араларын өсіргенде қоршаған ортаға өз зардабын қатты тигізбейді.

Ғылыми-техникалық фактор.

Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктер мен қатар қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің қоғам дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет. Сонымен қатар компаниялар ғылыми - техникалық жетістіктерді пайдалану арқылы өнім көлемін, сапасын барынша арттыруға және еңбек тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік алады.

Алоэ өсіру әрқашан да адам өмірі мен денсаулығы үшін пайдалы іс болып келеді. . Жұмыскерлерді белгілі бір стандарттарға үйрететін кәсіптік білім беру орталықтарын ашуда. Жыл сайын барлық жұмысшыларды тестілеуден өтеді. Бұл олардың білімін арттырады.

Саяси фактор.

Белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік қызметті реттейтін құқықтық нормативтік актілер жағдайы мен мемлекеттің рөлі анықталғандықтан тауарлар мен қызметтер рыногінің дамуы саяси құқықтық орта әсерінен өзгеріп отырады. Яғни кәсіпкерлік және маркетингтік қызметке тікелей қатысты заңдар, нормативтік ережелер, нормалар және т. б-лардың жиынтығы.

Мәселен, дағдарыс кезінде Қазақстан үкіметінің қабылданған жаңа салық Кодексі бойынша кәсіпорындар төлейтін корпоративті табыс салығы азайтылды, ҚҚС төлеу жеңілдетілді, әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстары жүргізілді . Болып өткен теңгенің девальвациясы да экспорттаушыларға табыс табуға мүмкіндік берді. Жылына 850 млн АҚШ доллары көлемінде корпаративтік табыс салығын төлейтін "Forever Living Products"компаниясы үшін елдің салық кодексіндегі өзгертулер аса үлкен мәнге ие.

Елдегі шет елден тартылатын инвесторлар туралы заңнамасы да корпорация қызметіне елеулі әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, «Forever Living Products» шет ел қор биржаларында да қызмет атқаратын компания болғандықтан, оның қызметіне тек Қазақстан Республикасының ғана емес, сол шет елдің де заңы өз әсерін тигізеді. Мысалы: Қытай елінің Гонконг қор биржасында сауданы қытай юанімен де жасауға келісімнің болуының арқасында, «Forever Living Products"компаниясы Қытайдан құрал-жабдық сатып алатындай болса немесе өз тауарын Қытайға сатса, онда валюта нарығына бармай-ақ, еш қиналмай қытай юанымен де сауда жасай алады. Бұл өз кезегінде компания шығындарын азайтады.

Әлеуметтік - мәдени фактор.

«Forever Living Products» Қазақстанда ең ауқымды әлеуметтік инвестициялау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Инвестицияланған жобалардың ішінеде:

  • Инфрақұрылым, соның ішінде кеніштердің маңында тұратын жергілікті қауым үшін мектептер мен ауруханаларды салу жәе ұстау;
  • Білім беру саласы;
  • Демеушілік пен қайырымдылық жәрдем көрсету арқылы мәдени мұраларды сақтау.

«Forever Living Products» компаниясының қызметкерлері Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру қорына 100 млн теңге аударды. Бұл ақша қаражаты корпорация қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аударуы есебінен жиналған болатын.

Компанияның Қазақстанда жұмыскерлеріне, және олардың отбасыларына әрі компанияның ардагерлеріне ақысыз не болмаса субсидиарлық қызметтер ұсынатын бірқатар медициналық, стоматологиялық, спорттық-сауықтыру орталықтары бар. Солардың арасында - республикадағы үздік саналатындардың бірі - жыл сайын 10 мың адамға дейін емделуден өтетін Жезқазған қаласындағы Медициналық орталық та бар. Қызмет көрсету деңгейін одан әрі жоғарылату мақсатымен Медициналық орталық Германиядағы Фрайбург университеттік емханасымен белсенді қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуда.

Фирманың микроортасы

Микроорта - ол фирма қызметіне тікелей әсер ететін күштердің және субъектілердің жиынтығы. Микроортаны «бақыланатын орта» деп те атайды.

Әрбір фирманың негізі - табыс табу. Маркетинг басқару жүйесінің негізгі мақсаты нарықтарды қызықтыратын тауарлар шығаруды қамтамасыз ету. Дегенмен, маркетингілік басқарудың табысты болуы фирманың басқа бөлімдерінің жұмыстарын және делдалдардың, бәсекелестердің және әр түрлі контактылы аудиториялардың әрекеттеріне де байланысты.

Главные факторы микросреды фирмы

Тұтынушылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның маркетингтік саясатының түсінігі, құрылымы және мақсаттары
G N Garant сақтандыру компаниясының web-сайтын құру
Инвестициялық жобалар туралы
Германияның химиялық парктері
Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесін жобалау
Энергияны үнемдеу
«Фирмада тауарды өткізу жолдарын жоспарлау.»
Тауар нарығын сегменттеу кезеңдері
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz