Алаш қозғалысының негізін қалаушысы


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Кафедра: Қоғамдық - гуманитарлық пәндер
Дисциплина: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Курс: 1
Тақырыбы: « Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары »
Орындау түрі: Мәнжазба
Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы : 111 «Б»
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Мусашева Данагүл Қуанышқалиқызы
Ақтөбе 2018 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары
ІІ. Негізгі бөлім
- Алаш - рәміздік сөз.
- Алаш идеясы - қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы
- Алаш зиялылары.
- Алаш партиясының құрылуы
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Еуропаша айтқанда, феномен. Тәуелсіздік - жаңаша көзқарас пен айрықша серпілістің бастауы, арғы замандардан жеткен «мәңгі ел!» мұратының жалғасы. Ал Қазақстан азаттығының бірегей белгісі - тарих. Бостандық үшін күрескен бодан күн мен азаттықтың баяндылығы үшін тер төккен бүгінгі күннің тарихы. Сол тарихтың алаулы, жарқын кезеңі - Алаш тарихы. Бұлай деу - ақылға да сыйымды, шындыққа да сәйкес. Азат Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық, өркениетті қоғам құруға жұмылған және соны кезең-кезеңмен орындап келе жатқан мемлекет. Еліміз дербестіктің 20 жылдық тарихында жүріп өткен сан ғасырлық жолдың тағылым-сабақтарын біршама парықтады. Үздіксіз, үзіліссіз алға жылжыған тарих көшінде ұлтты - ұлт, елді ел еткен құбылыстар, оқиғалар, тұлғалар бағамдалды. Міне, осындай сарабдал көзқарастың нәтижесінде елдік зайырлықтың батыл тәжірибесін бастаған, білім мен ғылымды, әдебиет пен мәдениетті ұлт қажетіне лайықты пайдалана алған Алаш қозғалысының, Алаш тұлғаларының, жалпы Алаш құбылысының орны ерекше екені белгілі болды. ХІХ-ХХ ғасырлардың шегінде ұлы Абай үлкен әлемге жол салып, Алашорда алыптарының шоғырын оятты. Олар өз кезегінде халықтың өзін-өзі тануын жоғары көтеріп, қазақтардың мешеулік және тарихи ұмтылу ортасынан көтерілуіне мүмкіндік берген идеяларды тұжырымдай алды” деген болатын. Соңғы жиырма жылдың ішінде отандық ғылымда Алаш тақырыбы біршама игерілді. Бірсыпыра тұлғалардың жазған еңбектері қайта жарыққа шықты. Осы мәселеге арналған зерттеу кітаптары жарияланды. Дей тұрғанмен, бұл тақырып әлде де болса тәуелсіздік талаптары тұрғысынан жан-жақты қарастыруды талап етеді. Мұның бірнеше себебі бар. Ең алдымен маман тапшылығы. Яғни, архивпен, мәтінмен жұмыс істей алатын ғалымдар әлеуеті азайды. Екінші, қоғамда шаң беріп қалған тарихи зерденің салғырттық, бейқамдық үрдісі. Әлбетте, белгілі бір кезең маманын даярлау - жоғары мектеп бағдарламасынан гөрі ғылыми мектеп бағдарламасына лайық шара. Сондықтан кейінгі жылдардағы мұра қоры мен мәтін қабаттарын білуге деген немкеттілік, немқұрайлылық Алаш тақырыбын зерттеу мәселесіне де аз зиянын тигізіп отырған жоқ. Тарихи зердедегі салғырттық - тәуелсіз мемлекетті аяқтан шідерлейтін құбылыс. Өйткені, тәуелсіз мемлекет жаңа қоғам құру мақсатында өзінің жүріп өткен жолына, яки тарихына принциптік тұрғыда қарау керек. Қатеден - сабақ, дұрыстан үлгі алуға тиіс.
- Алаш - рәміздік сөз.
Алаш - ұлтты ұйыстырған ұран. Алаш - қазақ қоғамы тәжірибесіндегі жаңару мен серпілудің, білім-ғылым мен батыл ізденістің, адалдық пен тәуекелшілдіктің жарқын беті. Сол себепті Алаш тақырыбын ғылыми тұрғыдан зерделеу - жалпы Қазақстан үшін, елдің тәуелсіздік талаптары үшін әрқашан басымдық болып қалмақ. Сөз жоқ, қай қоғамда болсын халық үшін киелі ұғымдарды қолжаулық еткісі келетіндер болады. Осы арқылы елді адастыратын жағдайлар да ұшырасады. Міне, мұндай келеңсіздікке ұрынбау үшін келелі де киелі ұғымдар мен құбылыстар тиянақты зерттелуі қажет. Бұл тұрғыдан келгенде де, мәселен Қазақстан қоғамы үшін Алаш құбылысының байыпты зерделенуі - тәуелсіздік пен қауіпсіздікке тікелей қатысты іс-шара кешені болып табылады. Бүгінгі қоғамның рухани дамуы - сан салалы, сан қырлы құбылыс. Елбасы мен елшіл зиялылар жүйелі айтып жүрген мәдени мұра арқылы тәуелсіз елдің тарихи жадын жаңғырту, бекемдеу; қазақ тілін Қазақстан халқын біріктіруші құбылыс есебінде дамыту; әлемдік жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарға жаңа серпін беру секілді мемлекеттік маңызы бар істерге атсалысу - алаштанудың бағдарын айқындайтын әрі негіздейтін фактор ретінде қаралуы қажет
- Алаш идеясы - қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы.
Алаш идеясы - ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық-мемлекеттік идеясы болатын. Рухани-мәдени кеңістікте Алаш қозғалысы Қазақстандағы жаңашылдық пен жасампаздықтың, түп негізді сақтай отырып еуропалық бағдарда дамудың көшбасшы бағыты еді. Тарихты білетін, ұлттың бүгінгі ілгерілеуіне жауапкершілікпен қарайтын елшіл азаматтардың баршасы «Алаш мүддесі мен идеясына адалдық - қашан да Қазақстанның саяси, рухани өркендеуі мен өрістеуінің барометрі болып қалмақ» деп санайды. 2008 жылы 26 маусымда Алаш қозғалысына қатысты ҚР Үкіметінің арнайы қаулысы шықты. Бұл - ұлттың тарих алдындағы қарызы мен парызын анықтаған үлкен дәрежедегі құжат. 2007 жылдан бері еліміздің орталық қалаларында бірнеше ғылыми-тәжірибелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өтті. Мұның басында Астана қаласы болғаны елдің абыройын көтерді, рухын асқақтатты. Алаш ұғымы құндылық ретінде орныға бастады. Ол елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше мәнді жинақтайды. Ел ішінде «алаш алаш болып, Алаша хан болғанда», «алты алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылатын. Сондай-ақ «Керегеміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» деген нақыл-ұстаным да бар-тын. Бұдан шығатын қорытынды, Алаш - бұрын қазақ ұлтын жинақтайтын және серпілтетін сөз әрі қазақ этнонимінің синонимі болса, бүгін де сол деңгейде ұғынылып-байыпталып отыр. Жалпы, тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбіріндегі «ал» - от, қызыл, арай дегенді білдіретін ежелгі түркі сөзі. Мысалы, Алтай, алау, алқызыл, албырт, албар, аламан, алөкпе, алаң, алқап, т. б. сөздердің арғы түбі «от» ұғымына (қуат, күш, жігер, шапшаңдық, қызбалық, тегеурін, зор деген мағынадағы) барып тіреледі. Отандық зерттеушілердің Шоқан Уәлиханнан бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз. Шоқан қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қойды. Алаштың - елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. Азаматтық тарихымыз үшін аса маңызды Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы - қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш қозғалысы, біреулер айтып жүргендей тек 1917 жылы пайда болған нәрсе емес. Ол - Ресей империясындағы қазақтың саяси-демократиялық қозғалысының жалпы атауы. Ғалымдар арасында мұның басталуы туралы қилы пікір бар. Бірі 1902-1903 жылғы христиандыруға қарсы қозғалыстан, екіншісі 1905 жылғы Қарқаралы петициясынан, үшіншісі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен бастауды ұсынады. Біздіңше, оның тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталады. Мұны кешенді түрде қарау қажет. Ресейлік түрлі саяси партияда болған Алаш қайраткерлерінің қызметін де аталған қозғалыстан бөлек қарай алмаймыз.
- Алаш зиялылары.
Ұлт зиялылары Алаш идеологиясын ту ете отырып, азатшыл, ұлттық ұрандармен қазақ жастарын баурап, өздеріне тартып, серік қылды. Ұлттың өзекті деген мәселелерін шешуде Мемлекеттік думаларға, мұсылмандар съездеріне қатысып, жалпықазақтық, облыстық, уездік, болыстық съездер мен басқосулар өткізіп, халқымыздың жанын жеген басты зар-мұңы - жер, тіл, дін мәселелерін батыл көтерді. "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналының төңірегіне топтаса отырып, өзін-өзі басқарған, ұлттық мүддені қорғай алатын мемлекет жүйесін құруға талпынды.
Міржақып Дулатов(1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Алаш қозғалысының негізін қалаушысы. Туған жері - Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) . Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Әлихан Бөкейханов (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz