Зайырлы мемлекет және дін



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Кафедра: Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндер
Дисциплина: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану
Курс: 1
Тақырыбы: Қоғам және дін. Қазақстан зайырлы және поликонфессиялы мемлекет ретінде
Орындау түрі: Мәнжазба

Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы: 111 Б
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Айтжанова Жанат Ергалиевна

Актобе-2018 жыл

Жоспар:

1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім :
- дін туралы жалпы түсінік;
- зайырлы мемлекет және дін.
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

1.Кіріспе

Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды, күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздігін, өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерін орындау үшін алғышарттар жасайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қоғамдық өмірде әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түсті. Қазіргі ХХІ ғасырда қоғамдағы адамдардың дінге деген көзқарастары біршама өзгерді. Яғни, Еуропаға еліктеушілік орын алып, өзіміздің салт-санамыз жоғалып бара жатыр. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып , Қазақ халқының жүрегінен өшіп бара жатқан секілді.

Дін туралы жалпы түсінік.
Дін - адамзат баласының ең алғаш Аллаһ Тағала алдында жаратылғандағы адамдық келбетін сақтап қалудың негізгі факторы. Заманауи шынайылықтағы зайырлы мемлекет ұғымының мазмұны құқықтық, демократиялық құндылықтарға негізделген және сенім мәселесінде дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет ретінде тұжырымдалады. Сондықтан дін - қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы болып саналады. Жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мәжбүрлейді. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi - елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор. Дінсіз қоғам - мұңсыз қоғам. Абай атамыз: Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық - аздырар адам баласын, деп текке айтпаған. Дін жоқ жерде, бір Жаратушының бар екеніне сенім болмаған қоғамда, адам баласының бойынан қорқыныш сезімі кетіп қалады екен. Ал жүрегінде қорқынышы болмаған жан ойына келгенін жасап, обал-сауап дегенді мүлдем ұмытып, жоғарыда айтылған мұңсыз кейіпте өмірін өткізетіні ақиқат. Шындығында, мешітке барып намазға жығылып немесе үйінде бес уақыт намаз оқып, ораза ұстайтындардың көпшілігі өзінің ислам дінімен байланысын ұлттық дәстүрдің құбылысы ретінде қарайтындығы шындық. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі - дінге сенем деушілердің көпшілігінің діни білімнің негізгі ұстанымдары, қағидаларын, тарихын жете білмейтіндігінде. Бүгінде адамға ең қажетті нәрсе - тәрбие. Әсіресе, бұл қазіргі жастарға өмірдегі шынайы құндылықтарды ұғынуы үшін өмірде өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын кеңейту үшін қажет. Тәрбиеге жеткілікті көңіл бөлмеушілік қоғам тарапынан жастар тәрбиесіне салғырт және немкетті қарау, кейбір шектен шыққан әдепсіздік пен арсыздықтың көрініс беруіне алып келіп отырғаны шынайылық. Жастардың ұлттық тәрбиеге қырын қарауы, бұл батыстық тұтыну мәдениетіне еліктеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, жастарға имандылықты, ұлттық дәстүрлерді насихаттап, сөзден іске көшу керек. Салт-санамыздағы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды жастар арасында насихаттау үшін сөз бен іс-әрекеттеріміздің арасындағы сәйкестілік болу керек. Ұлттық рухтың уызын ұлттық құндылықтар құрайды. Ұлтына деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, әдет-ғұрпыңды, дініңді білуден бас - талады. Қазақстан - 2050 Стратегиясында Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ен - де - ше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал - көрсетілген. Әрине, ұлттық дәстүрден және ата-баба дінінен хабары бар жас өзінің ұлттық болмысы мен рухани дүниесінен, ата дәстүрімен, ана сүтімен сіңген тәлім-тәрбиені өмір бойы ұстанады. Ата-баба өсиеттері, адамды тәрбиелілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні белгілі. Ұлттық тәрбиенің бір негізі діни мәдениетімізде және өнегелі тәлім-тәрбиемізде жатыр. Дінді түсіне білген адамға ғылым мен білімнің көкжиегіне жол ашатын, тамыры тереңде жатқан рухани қазына һәм мол ілімнің қайнар бұлағы. Дін - ұстай білсеңіз қасиет, ұстай алмасаңыз қасірет екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Білімсіздіктің аяғы соқыр сенімге алып келеді. Мұндай жандар түптеп келгенде діннің жанашырлары емес, жауларына айналмақ. Дінді дұрыс түсінбеуден, оған терең ілім ретінде қарамаудын асыл дініміз исламға аракідік күйе жағылып тұрады. Жаратылған пенденің көкірек көзінің бітеліп қалғандығынан Жаратушы иеміздің аманаты болған асыл дінімізге неше түрлі айыптар тағылуда. Экстремизм, Терроризм, Фанатизм сияқты неше түрлі айыптар тағылып, қарапайым халықтың көңіліне көлеңке түсіруде. Жалпы дін дегеніміз - адамның өзін өзі тәрбиелеп, екі дүниелік бақытына жол ашатын, оқу-білімге жетелеп, бойына ізгі қасиеттер сіңіріп, қараңғы кеудесін иман нұрымен жарықтандырып, көркем мінез сыйлайтын бірден бір ілім. Иманы кеткеннің жиғаны кетеді дегенді терең түсінген бабаларымыз: Жиғанымды алсаң, ал Құдай - иманымды алма, деп дұға жасаған. Мына қоғамның ең басты байлығы - адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратып тұрған діннің де алар орны ерекше. Сондықтан дін мен саясаттың беріктігін қоғамның беріктігі деп түсінгеніміз жөн. Осы екі сала жарылмайтын жаңғақтай жұмыр дүниеге айналғанда ғана, ешкім де ішімізден ірітіп, іргемізді ажырата алмайды. Дін діліміз һәм діңгегіміз екенін естен шығармайық. Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шым- шытырық түсініктерді бір ізге салып, оны бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел ілімге айналса, ақиқат өзінің дін ретіндегі көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны үздіксіз тазартып отыратын, оның мәңгілік табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны нұрландыратын нақты амалға айналады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінің жабылуында, Қазақстан Президенті өзінің сөзінде: Дін атын жамылған бірлестіктер саны мен әсерінің арту проблемасына да назарларыңызды аударғым келеді. Ол барлық елдерде делік бар және негізінен әлемдегі барлық қиындықтарда арамтамақ болып отыр. Олардың көпшілігі танымал себептермен анау айтқандай қинатсыз емес идеясын насихаттайды, қайырымдылық шараларын жасағансиды, соның салдарынан тек қана азаматтық қоғамдағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің сеніміне де селкеу түсіруі мүмкін. Біз мұндай ұйымдарға қарсы тұрып, азаматтарымызды кез келген жағымсыз ықпалдан қорғай отырып, олардың қызметіне тосқауыл қоюымыз қажет, - деген болатын. Жастардың дінге деген көзқарасы ең алдымен оның дінге алғаш рет қай тұрғыда бетпе-бет келгеніне (жеке өзі, отбасылық дауда және т.б.), оған оның эмоциялық жағынан қалай әсер еткеніне, сол бүкіл ақпаратты санасында қалай қабылдағанына байланысты.

Зайырлы мемлекет және дін

Конституциямызда зайырлы мемлекет екеніміз ап-анық жазылған. Зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы қандай болуы керек.
Зайырлы мемлекет дегеніміз - діни тап өкілдерінің мемлекет билігін тартып алуына жол берілмеуі. Жалпы, ислам дінінде діни таптың болуына тыйым салынған. Исламда Жаратушы мен пенденің арасындағы қатынастарды реттейтін, арада дәнекерлік жасайтын топтар жоқ. Бұл күндері ислам атын жамылған кейбір ағымдар исламда жоқ нәрсені алып келді. Адам мен Жаратушы арасында делдал болатын тақсыр, шейх деп аталатын тариқат көсемдері пайда болды. Бұл өз кезегінде исламға жат әрекет болып қана қоймай, мемлекеттің зайырлылық қағидасына да қайшы болады. Өйткені суфизм тариқаттарына кірген мүридтер ең бірінші кезекте тариқаттың заңдары мен ережелерін басшылыққа алады. Тақсырға көзсіз бағынушылық - суфизмнің ең негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зайырлылық түсінігі
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы
Дінтану пәнін оқыту
Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау
Зайырлылық
Қазақстанның құқықтық демократиялық әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Қазіргі заманғы құқықтық мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасының негізгі үлгілері
Зайырлы мемлекет
Жанжалдың конструктивтік және деструктивтік функциялары
Пәндер