Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы:Қазақстандағы ашаршылық оның демографиялық салдары. Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті.
Факультет:Жалпы медицина
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық-ғылыми пәндер
Курс:1
Орындаған :Нұрғали М
Тексерген:Мусашева Д
Тобы:111 «Б»
Ақтөбе қаласы, 2018 жыл
Жоспар
IКіріспе
II Негізгі бөлім
- Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары
- Қазақстандағы лагерьлер жүйесі
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930-1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: « . . . Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен-жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде - 40 мың, Қырғызстанда - 100 мың, Батыс Сібірде - 50 мың, Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды . . . Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі. » - деген мәліметтерді көрсетеді Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім-жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1-желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929-1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты» . «Жылдарға шаққанда олардың 54-і 1929 жылы, 241-і 1930 жылы, 77-сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы әрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам қатысқан.
II Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932-1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36, 7%-ға азайғаны тіркелген. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек ол факторлық талдау аясында елеулі түрде түзетуді қажет етеді деген сөз. [3] . 1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады.
Осы деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.
Қазақ халық шаруашылығы есеп (Казнархозучет) басқармасы М. Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3, 4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766, 8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263, 3 мың адам) аштық, індет, жер аудару құрбандары көрсетілмейді.
Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынадай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан аталған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыны немесе 42%-ы құрбан болды.
Аштық құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр деп ойлаймыз. Елеулі түзетуді, шамасы, МКК мен ІІБ, Орталық партия органдарының «К» (құпия) белгісі соғылған, республикалық жэне облыстық мұрағаттарда сақталған мұрағат қоймаларынан айналымға енгізілген материалдардан алуға болатын шығар. Түбегейлі жаңа деректерді «қуғын-сүргін санағы» деген атаумен белгілі 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының материалдарынан алуға болады. Тұп-тура бір-ақ күнде (5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған) жүргізілген ол сталинизм саясаты тудырған орасан зор демографиялық апатты бейнелейді. Іле-шала оны әзірлегендер мен орындағандардың тұтқындалғаны, ал көпшілігінін атылғаны түсінікті (тоталитарлық жүйе куәлерді қалдырудан қорықты) . Санақ материалының өзі ұзақ жылдар бойы жойылған деп есептеліп келді. Енді, міне, жуырда ол Халық шаруашылығы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ХШОММ) қорынан табылып отыр. Осы материалдардан көрінгендей, 1937 жылғы қаңтарда КСРО-да қазақтардың саны 2 862 458 адамды құраған.
Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны: украиндар - 859, 4 мыңнан 658, 1 мыңға, өзбектер - 228, 2 мыңнан 103, 6 мыңға, ұйғырлар - 62, 3 мыңнан 36, 6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілдері үйреніскен жерін тастап, азық-түлікке қатысты қолайлылау аудандарға - Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.
Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдары еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, астық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды) .
Биліктің жоғары эшелондағыларының екіжүзділігіне РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рыскұловтың Сталинге жазған хаты куә бола алады.
Онда былай деп жазылды: «Шамамен Қазақстан өлкесімен көршілес көшіп-қонып жүрген жерден алынған соңғы деректер бойынша қазір қазақтар: Орталық Еділде - 40 мың адам, Қырғызстанда - 100 мың адам, Батыс Сібірде - 50 мың адам, Қарақалпақта - 20 мың, Орта Азияда 30 мың адам шамасы. Көшпелілер тіпті Қалмақ жері, Тәжікстан, Солтүстік елке және т. б. шалғай жерлерде де бар. Халықтың бір бөлігі байлары бастап Батыс Қытайға да көшіп барған. Қазақтардың орталық аудандарға қарай көшуі бірінші рет байқалып отыр. Бұл жай көшу емес (әдеттегі жазда, шағын қашықтыққа және малдары болған кезде), аш адамдардын елеулі бөлігінің талғажау іздеп босуы. Көшіп кетушілер жекелеген аудандар бойынша аудандар халқы жалпы санының 40-50%-ына жетеді . . .
Бірақ қазақ шаруашылықтарының осы көшіп-қонулары мен сергелденге түсуінің ең теріс нәтижесі - қазақ халқының басына түскен 1932 жылы басталған ашаршылық пен індет, ол жазда азайып, енді тағы да жан шошытарлық мөлшерде асқынып отыр. Өткен көктемде қазақ аудандарында және көшіп-қонушылар арасында аштық пен індеттен болған өлімнің көбеюі байқалады. Ашаршылық тудырған індет қазір көктемнің жақындауымен қайта өршиді.
Көшпелілердің жағдайы Қазақстанның өз ішінде де онып тұрған жоқ. Көптеген қалалар мен теміржол станцияларында (Әулиеата, Шымкент, Семей, Қызылорда және т. б. ) күн сайын өлген қазақтардың мәйітін тасып жатқанын көруге болады. Шу ауданында (уәкіл Жандосов жолдастың хабарлауы бойынша), аудан орталығында, Новотройцк селосында күніне 10-12 қазақ өледі және көшпелілердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған.
Сарысу ауданында жұмыс істейтін 7000 шаруашылықтан 500-ге жуық шаруашылық қалды, ал қалғандары Әулиеатаға және басқа аудандарға көшіп кетті, олардың бір бөлігі тіпті Қырғызстанға барыпты. Қарашада осы ауданнан бірнеше жүз қазақ отбасылары үдере көшкен. Жолда халықтың бір бөлігі аштықтан қырылған. Қаңтардың бір ғана екінші жұмасында 24 мәйіт көмілген. Жолшыбай оларға қарулы бандиттар шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға лақтырыпты. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан балалардың мұз болып қатып қалған 20 мүрдесі шықты және осы мерзімде 84 ересек адам қайтыс болды. Ақтөбе облыстық комитетінің 1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы теміржол станциясына келген (және кейін Сексеуіл станциясына жіберілген, бала-шағасымен кері оралған 300-400 дейінгі көшпелілер отбасынан 100 адамның (дәлемесдеректер бойынша) оларға көмек жасалмағандықтан өлгені (оның ішінде 21 адамның кәдімгі шешектен) көрсетілген, станцияда қазақтардың таяк жегендері де бар. Аталған қаулыда аудандық ұйымдардың «қазақтардың жаппай өлуіне көз жұмып қарағаны» айтылады. Оқиға шілде айының аяғында болған, ал обкомның қаулысы қазан айында шығарылған.
Қазірге кезде Ақтөбе облысында жұмыс істейтін мәскеулік Қызыл Крест отрядының (Қоғамының) баяндамасында Торғай сияқты аудандарда қазақтарды аштық пен індеттін жайлағаны хабарланды. Аштар қалдықтарды талғажау етуде, дала өсімдіктерінің қабығын, ұсақ кеміргіштерді жейді. «Олар иттер мен мысықтарды жеп бітірді, олардың шалаштарының айналасында иттердің, мысықтардың және ұсақ кеміргіштердің сүйектері үйіліп жатыр». Адам етін жегендер туралы да айтылуда. Отрядтын осы хабарламасында 2 500 халқы бар бірТорғай ауданы орталығының өзінде 728 адамның шешекпен ауырғаны, өлімнің көптігі көрсетілді. Сонымен бірге аудан орталығы бойынша шешекке қарсы егетін 12 адам жұмыс істеген кезде, ауданның 25 мың тұрғыны бар ауылдарында бар болтаны шешекке қарсы егетін 2 адам ғана жұмыс істеген. Ақтөбе облысының орталығындағылар Торғай ауданындағы шешек індеті туралы білмеген. Ал Қазақ Денсаулық сақтау халық комиссариаты да оның аудандардағы есебін алмаған, соның салдарынан өлке бойынша осы кезде шешекпен ауырғандардың саны 2400 адамға жеткен.
Жергілікті органдардың деректері бойынша, Торғай және Батпақ қара аудандарында халықтың 20-30%-ы қазаға ұшыраған және халықтың қалған бөлігінің көпшілігі көшіп кеткен. Шалқар ауданының бірқатар ауылдық кеңестерінде халықтың 30-35%-ы қырылып қалды. Тұтас алғанда Ақтөбе облысында (осы аудандар сонда қарайды), облыстық атқару комитетінің төрағасы Иванов жолдас Кеңестердің облыстық съезінде (1932 жылғы шілде) жасаған баяндамасында хабарлағандай, облыста 1930 жылы халық саны 1 012 500 болса, содан 1932 жылы 725 800 адам немесе 71 %-ы қалған. Қызылорда аудандық атқару комитетінің төрағасы мәлімдегендей, осы ауданның көптеген ауылдық кеңестерінде халықтың 15-20%-ы ғана қалды. Балқаш ауданында (жергілікті ОГПУ дерегі бойынша) 60 мың қазақ болған. Қаратал ауданында өткен қыста үш қазақ ауылын басқа жерге отырықшылану үшін күштеп көшіру кезінде халықтың жартысы қайтыс болған. Нақ осы ауданда (жергілікті ОГПУ мәліметі бойынша) желтоқсан айы мен 1933 жылдың 10 қаңтары аралығында 569 адам аштан өлген, сол уақытта Үштөбе станциясында, Қаратал құрылыс аланында және күрішколхозында 300-ден астам мәйіт жерленген. Шұбартау ауданында 1931 жылы 5300 шаруашылық болды, 1933 жылдың 1 қаңтарына, одан қалғаны 1941 шаруашылық».
3. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Гигант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орналасып, ГУЛАГ -қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы - 300 км, шығыстан батысқа - 200 км.
Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен - Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруашылығында 98, 5%-ы, ал өнеркәсіпте - 41, 5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. - 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. - 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.
Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.
30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.
1938 ж. 6 қаңтарда “Р-17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден - 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.
Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, Х. Баяубаев, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Меңдешев, М. Тәтімов, Ж. Садуақасов, С. Есқараев, С. Асфендияров, Н. Нұрмақов, К. Сармолдаев, т. б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.
Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т. б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz