Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Әлеуметтану. Саясаттану. Мәдениеттану
Кафедра: Қоғамдық гуманитарлық пәндер
Курс: 1
Тақырыбы: Ұлттың кодын сақтаудағы мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениеттің рөлі
Орындау түрі: Мәнжазба

Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы: 111 Б
Тексерген:Айтжанова Жанат Ергалиевна

Ақтөбе 2018 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Жалпы қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру
Тіл мен мәдениет біртұтас
ІІІ. Қорытынды

,

І. Кіріспе
Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Көп мәдениетті тұлғаға, ең алдымен, төл мәдениетін игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Адамзаттық құндылықтарға, әлемдік мәдениетке құштарланғанда табан тірер тұғыр − төл мәдениеттің, өзгелердің өркениетіне тәнті болғанда − мақтаныш ететінің де ұлттық рухани қазынаң. Ұлт мәдениетсіз өмір сүре алмайды. Мәдениет те ұлтсыз болмайды. Жойылып кеткісі келмеген қай ұлт болмасын ең алдымен мәдениетін сақтап, дамытып, туындатып отыруы керек. Төл мәдениетін қорғамайтын ұлт − ертеңін ойламайтын ұлт.
Мәдениеттің де басты қызметі − этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі мәдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мәдениет қана сақтай алады. Мәдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын үзбейді. Ұлттық мәдениет − этностық құндылықтар, рәміздер мен наным- сенімдердің, мінез- құлық үлгілерінің құр әшейін жиынтығы емес, сол ұлттың рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті. Мәдениетті болу үшін тілдік сана қажет. Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді. Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін, сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Әлемдік әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын қазақ тілінде меңгеруімізге қажетті жағдайлар жеткілікті демегенмен, жасалып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың жүзге жуық озық үлгілері қазақ тілінде жарыққа шықты. Егер әлем әдебиетімен таныс болу парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.

ІІ. Негізгі бөлім
Жалпы қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны
Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдағы қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам назарынан тыс қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың біртуар тұлғалары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Қазыханова, Б. Байжігітов, Н. Сәрсенбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Сан ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен отаршылдық пен тоталитарлық саясат мәдени мешеулікке алып келді.
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз еңбектерінде халықты рухани-адамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына қайырымды, ізгілікті қаланың қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай қазақ баласына Адам бол! деп нақты кеңесін берді, ал дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар- ұятта, ұжданда деп білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, еркін ойлайтын тұлға қалыптастыруға саяды. Қазақ халқының мәдениетін осы сипаттары ерекшелеп, еліміздің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр.
Тәуелсіздік алғаннан бері уақыт аралығында қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тағдыр тәлкегімен ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді және төл мәдениетімізді жаңғыртты. Еліміздің алдында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуы тиіс жаңа міндеттер тұр: ұлттық мәдениет негізін құрайтын құндылықтарды қайтару; ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; тарихи шындықты қалпына келтіру; тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; қазақ халқының асыл мұрасын барша халық, әсіресе еліміздің ертеңі - жас ұрпақ меңгеру және т.б. Осы міндеттерді шешу арқылы бәсекелестікке төтеп бере алатын, ұлттық намысы мен жігері бар, ұлттық құндылықтарға бай қазақ мәдениетін барша жұртшылыққа таныта аламыз.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитарлық режимнің қысымымен мазмұны пролетарлық, түрі ұлттық социалистік мәдениет деген ұранмен мәдени геноцидті бастан кешірді. Оның салдары ұлттық сананың маргиналдануына әкелді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 90-жылдардың алғашқы жартысында халқымыздың ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғырту барысында бұқаралық сипатта көптеген іс-шаралар атқарылды. Ал соңғы жылдарда нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен батыстық өркениеттің жемісі -- бұқаралық мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі мәдениеттің дамуына барынша кері әсерін тигізуде.

Ұмыт қалған дәстүрлер мен ұлттық дүниетаным ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. М. Әлімбай, М.С. Мұқанов, Х. Арғынбаев, С. Қасқабасов, К.Н. Меңлібаев, С.Ж. Наурызбева, А. Сейдімбек, А.С. Сырғақбаева, Н. Шаханова т.б. еңбектерінде дәстүр философиялық, мәдениеттанымдық тұрғыда жан- жақты қарастырылады. Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптаса, бұл халық - ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластыратын, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналыққа бабасынан, пәктікті баласынан алған халық.
Ұмыт болған дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымыз жаңғыртылып, наурыз, ораза айт, құрбан айт мерекелері жыл сайын тойлана бастады. Шындыққа шөліркеген халық тарихи ақтандақтардың беті ашылуына байланысты кезінде кеңестік идеологияның қысымымен бұрмаланған жәйттермен және есімдермен қайта қауышты. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ұлтының асыл дүниесі - мәдени-рухани мұрасы қайта игеріле бастады. Қоғамның қазіргі таңда тәлім- тәрбие, үлгі өнегеге салт дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, діни салт жоралары осының барлығы Қазақстанның әр аймағында әртүрлі деңгейде аталып өтеді.
Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер жүйесін жаңғырту арқылы ғана кез- келген халық өзінің рухани мәдениеті мен өзіндік дүниетанымын қалыптастыра алады. Ата-бабадан қалған дәстүрге, мәдени мұра мен рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық, ассимиляциялармен сипатталатын ұлттық трансформацияның келенсіз құбылыстарына әкеліп соқтырады. Ал мәдени мұраға деген ілтипаттық және оны байыту жалпы адамзаттық, әлемдік мәдениетке қосылған үлес болып табылады. Әлемдік өркениетке бірігу және өзіндік атсалысу осы ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, оны дамыту арқылы ғана жүзеге асады
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. Тәуелсіздік жылдарында жаһандану мен вестернденуге қарамастан, біздің мәдени іргетасымыз беки түсті. Қазақстан - бірегей ел. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады.Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қойып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек -- деген болатын .

Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру

Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ұлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен-бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бұл ұғымдар қажетті жағдайла бірдей де қолданыла береді. Себебі, бұл турасында Президент Н. Назарбаев: Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек деп жазды Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты жаңа бағдарламалық мақаласында. Ұлттық жаңғыру дегеніміз не? Жаңа ғасырдағы қазақтың келбет, бітім-болмысы қандай болу керек? Біз санамыздың қалай таза, ашық қалпында ұстай аламыз? Болашаққа бару үшін бізге не керек? Мемлекеттік тілдің келешектегі ролі қандай болады? Елбасы өз мақаласында осы және өзге де өзекті ойларға жауап іздейді.
Мемлекеттік тіл - ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше салтанат құрған кешегі көшпелілер дәуірінің ендігі кезеңдегі даму қарқыны да сол байырғыдан келе жатқан көне білдерін сақтауымен тікелей байланысты. Ұлттық тілді сақтау үшін сананың ашықтығы айқын болуын да Елбасы мақаласында дұрыс тұжырымдайды: Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Демек, ұлттық жаңғыруымыздың келешектегі көрінісі осындай мысалдардан аңғарылып тұр: ешкімнің қолы жете бермейтін шыңыраудағы су болғанша әркімнің несібесіне ырзық болар жайдақ су болуды мақсат тұту деген Абай мұраты бізге осылай жетеді. Мемлекеттік тіл қарпі тұйықталған кирил таңбасынан латын әліпбиіне өту талабын қоғамның қызу талқылауы да белгілі бір аймақтан ұлан кеңістікке ұмтылу ишарасы. Нендей өзгерістер алда тұр, біз соларға қарсы жүруді, онсыз да келіп-кетер қиындықпен алғашқы бетте кездесуді таңдадық. Президент айтады: Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері - неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл - бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқАзиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі. Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі - қаңсық деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл - табыстың кілті әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Жаһанданудан тыс қалу мүмкін болмаған заманда оған қарсы жүру - кездескен қиындық атаулыны тез еңсерудің мүмкіндігі. Жаһандану құрдымына жұтылмаудың дара жолы - ұлттық дәстүрден ажырамау. Ал ұлттық дәстүрдің өзегі - ана тіліміз еді. Бір аксиома бар: бұл дүниеден барлық нәрсе өтеді, бірі сыбағасын алып, енді бірі ештеңе бұйырмаған күйінде. Өркениеттен өз еншісін алған ұлттардың тілі мен салт-санасы, барлық құндылықтары өркендеу кезеңінде тұр. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бабамыз Қазақ тілі ғұмыр жүзінде өз бәйгесін алар дегені рас болса, республика жұртшылығының 67 пайызын құраған қазақ халқының тілі болашаққа бет алары сөзсіз. Сырттағы 5 миллион ағайынды қоспаған күннің өзінде осындай жетістігімізді жоққа санамауымыз керек, ертеңдері олар Қазақстан азаматтығын алғанда автоматты түрде бірнеше есе көбейгенімізді ойласақ, жұбаныш етеміз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз деген президенттің шынайы тұжырымына көзіміз жететін кезең алда тұр.

Тіл мен мәдениет біртұтас
Қазіргі тіл білімінің даму бағыты қоғамдық-экономикалық қатынастар жүйесіндегі жаһандану үдерісіне төтеп берудің негізінде ұлттық тілдің табиғаты мен асыл қазынасын сақтау үшін, тілдік бірліктерді тіл мен таным тұтастығы, тіл мен мәдениет сабақтастығы, лингвофилософиялық құндылықтар жүйесінен зерделеуді қажет етіп отыр.
Рухани құндылықтарға ұлттық дүниетаным мен діл, ұлттық психология мен моральдық этикалық нормалар, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, ырым-жоралғы және т.б. жатады. Рухани мәдениетке С.Темірбеков, ең алдымен, адамгершілік құндылықтарын жатқызады. Зерттеушінің пайымдауынша, ар-намыс, парасаттылық, адамгершілік, сенімділік, мейірімділік, кішіпейілділік, кешірімділік және тәуелсіздікке, еркіндікке, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, өзін-өзі бағалау сияқты құндылықтар жинағы - халықтың рухани мәдениетінің негізі, іргетасы. Мәдениеттанушы ғалым: "Мәдениеттің қалыптасу кезеңі адамның адам болуынан, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қажет қарапайым норма, ереже, тыйым, бұйрықтардан басталады, ал рухани мәдениетке жатқызатын әдебиет, өнер, дін, бұқаралық ақпарат құралдары т.б. кейінгі уақыттың жетістігі", - деп жазады
Заттық (материалдық) мәдениетке адамның өмір сүруіне қажетті ішер асы, киетін киімі, тұратын баспанасы, көлігі, қолөнерінің бұйымдары, ауылшаруашылық және малшаруашылық құрал-саймандары, өнім өндіретін шикізаттары, қару-жарағы, аңшылық, саятшылық жабдықтары, саз аспаптары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы
Қалған ұлттар диаспора
Құқықтық мәдениет арнайы жобасы
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Баспасөз материалдарына шолу
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Рухани жаңғыру - табысқа бастар жол
Пәндер