Филлипс қисығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Филлипс қисығы

Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды.

1958 жылы ағылшын экономисі Олбен Филлипс осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбекақы кесмідері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты ( функцияны ) анықтаған.

Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2, 5 - 3 % - тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру қысқартуға болады.

Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейінен Американ экономистері Р. Солоу және П. Саиуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін ( ставкасын ) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауға қолданылады.

Х сызығында жұмыссыздық деңгейі ( % - пен ), Ү сызығында - товар бағаларының өсу қарқыны ( % - пен ) көрсетіледі. Филлипс қисығы осы көрсеткіштерінің арақатынасын белгілейді.

1 сурет. Филлипис қисығы

Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U1 (P1 - инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша - несие және қаржы - бюджет іс - шараларының жүргізілуі қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады, ЖҰӨ - нің өсуі жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ақыны өседі, түптеп келгенде ЖҰӨ өседі.

Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U2 - ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны P2 - ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың ( қызуын ) арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу

мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, « қымбат » ақша - несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгей U3 - ке жетеді.

Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде ( 5 - 10 жыл ) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсінуге болады.

Осы жағдайлар арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметті жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс - әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.

Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.

Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек Факторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз

болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60 - шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс - әрекет екен.

Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.

Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70 - жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберу мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық заңдылықты көрсетпейді.

Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерінен құрылған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе - теңдік) деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.

Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуга арналған экономикалық саясат әрқашан онды нәтиже бере бермейді. Бұд саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынандай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды

екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отыр. Мысалы, АҚШ - та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60 - жылдары 4 % - ке тең болса, 80 - жылдардың екінші жартысында 6 - 7 % - ке дейін өскен екен.

Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге яғни, Филлипс қисығының солдан - оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филлипс қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың

өсуімен қатар қалыптасады.

Филлипс қисығының орнына 1979 жылдан бастап АҚШ - та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі»деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынандай: ұзақ мерзімде жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.

Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері және жұмыссыздық деңгейі

Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері және оған қарсы саясат

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері саясаты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты.

Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру қажет. Олардың ең бастысы- шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесімсіздің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық зиянын шеккізді. Әсіресі:

-ұлттық өнімді жинау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізілуді;

-құрал-жабдықтарды және тұтыну тауарларын өндіру саласында;

-мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

-мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысында;

-несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастырудан байқалады. Қазақстанда 1993 жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқынының өсуіне әсер етті. 1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6, 3 есе, ал баға 21, 7 есе өсті. 1994 жылы ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 пайыз өсті, 1995 жылы 216 және 160 пайызды көрсетті. Ал 1996 жылы ақша массасының қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін көрсетті.

Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өніміне және транспорт қызметіне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғарты. Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндіріс диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жұйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Экономиканың 2000-шы жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Экономика тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. Ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік ;
  2. Шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдері өндірісінің арасындағы диспропорция ;
  3. Әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік ;
  4. Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т. б.

Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы

Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан.

Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90 - 95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 % тұтыну товарларының 60 % сырттан тасымалданатын.

Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті.

Бұл өспелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегіайтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегінен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық - түлік өндірісі 50 - 60 % - ке қысқарды.

Инфляция жағдайында Үкімет «Қымбат ақша» саясатын ұстауға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монатарлық (ақша - қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі - үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті.

Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранмыға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі.

Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.

Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар экономисттер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша - несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Басқаша айтқанда, мемлекет сұранмыды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс - шаралар жүргізілуі қажет. Жаңа классикалық экономисттердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монопология, қағаз ақша т. б. ) толық жою мүмкін емес.

Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынан баяулатып, реттеп мақсаты қойылған.

Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс - шаралар саясатын қолдану керек. Бұл саясат жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімді саясаты, біріншіден, халықтық инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді.

Ол үшін кез - келген үкімет инфляцияға қарсы саясаты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің іс - шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монопологиямен күресу, т. б. ) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды.

Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана - сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс - шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фиилипс қисығы қасиеті
IS-LM моделі
Инфляция. Филлипс қисығы
Жұмыссыздықты күту
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат туралы
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық
Инфляция және инфляция теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz