Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 204 бет
Таңдаулыға:   

Данияров Талғат Абубакирович

ТУРИЗМДЕГІ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Шымкент-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Данияров Талғат Абубакирович

ТУРИЗМДЕГІ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Шымкент-2011

ӘОЖ . . .

Кітапта туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы жөнінде айтылады. Әсіресе, тарихи орындарға және қонақ үйлерге арнайы тоқталған. Кітап. Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2011 - 291 б.

Кітап туризм және әлеуметтік сервис мамандықтарының оқытушылары және студенттеріне мен магистранттарға арналған.

Пікір - жазғандар: 1. Б. Мұхамеджанов - п. ғ. д., профессор

2. Ә. Жолдасбеков - п. ғ. д., профессор

3. Ш. Арзымбетова - п. ғ. к., доцент

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралған және басуға ұсынылған. (Хаттама № « . . . 2011ж. ») .

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

І. Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері . . .

ІІ. Отырар өңіріндегі тарихи орындар . . .

ІІІ. Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары . . .

ІҮ. Сервистік қызметтің дамуы және қалыптасуы . . .

Ү. Қонақ үй шаруашылығының маңызы және туристерді

орналастыру ерекшеліктері . . .

ҮІ. Қонақ үй кәсіпорыны басқару обьектісі ретінде . . .

ҮІІ. Шымкент қаласының рекреациялық ресурстары және қала тұрғындарының демалу аймақтарын дамыту . . .

Қосымша . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Сервис инфрақұрылымы - бұл мемлекеттік және жекеменшік шаруашылық субъектілерінің жинағы. Сонымен қатар, кешенді жүйе болып табылады. Яғни олар көп жақты қызмет түрлерінен қызмет атқарады. Олар: Сауда, банк, сақтандыру, аудиториялық және тағы басқа қызметтер. Осы пәннің мақсаты төмендегілердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқып білу болып табылады:

1. Сервис инфрақұрылымы тұтас жүйе, осының негізінде оны ұйымдастыру формалары мен әдістерін оның қызмет етуі мен дамуын реттеуді қарастырады.

2. Сервис инфрақұрылымының жеке жүйесі - тұтынушының тауарлар нарығының жүйесі.

3. Сервис инфрақұрылымының жеке элементтерінің жүйесі.

Курстың мақсаты нарықтық қатынастарға негізделген экономикалық жүйеге көшу болып табылады және өзінің құрамына келесілерді енгізеді: Сервис инфрақұрылымының мәнін, мақсаттарын атқаратын қызметтерін алу; Сервис инфрақұрылымының құрамын анықтайтын классификациялық жүйелерін қарастыру; Нарықтың дамуына инфрақұрылымның рөлі мен мәнін анықтау; Сервис инфрақұрылымының субъектілерінің қызметінің нәтижесін спецификалық сипатын ашу, іскерлік қызмет көрсету; Сервис инфрақұрылымының дамуын реттеу әдістерін қарастыру; Қазіргі кезеңдегі сервис инфрақұрылымының даму көздерін анықтау; Инфрақұрылымдық қызметінің тиімділігін жоғарылату резервтерін анықтау.

ҚР-дағы сервис инфрақұрылымының перспективалық дамуының бағыттарын анықтау. Әртүрлі қоғамдағы сервистік қоғамына талдау жүргізіп ғылыми негізде топтастыратын болсақ, олардың қазіргі қызмет түріне біршама жақын екенін көруге болады. Сервистік қызмет дегеніміз - бұл адамдардың топ болып бірлесіп қызмет атқару икемділігі. Бірлесіп қызмет атқарудың бір жағы тұтынудың әр түрімен шұғылдана отырып жетістікке жету, олардың екінші жағы қызмет көрсете отырып осындай игіліктерді өздеріне жасайды. Бұл қатынастардың негізгі мақсаты материалдық құндылықтарды жасау емес адамдардың тұтыну қажеттілігін қамтамасыз ету. Сервистік қызметтің қазіргі кезде ғылыми талғамы басқа да ғылыми салалар секілді әр түрлі деңгейдегі қосынды таңдайды. Эмперистік деңгейдегі талдау сервистік қызмет туралы жалпы мәліметтер жинайды. Оның шығу негізін, сипаттамасын, қолданылысын, қолдану шегін және тағы басқа қолданыстағы бөліктерін айқындайды. Жалпы теоретикалық талдау. Сервистік қызметтің қоғамдағы орнын белгілеу мақсатындағы ой шегінен өткізген терең талдауға жатқызады. Бұл жағдайда оның теоретикалық жағы белгілі бір кәсіп ретіндегі рухани белсенділігі, әлеуметтік қарым-қатынасы, сонымен қатар, оның тарихи дамуы сыртқы ортаның әсерінен өзгеріске ұшырауы жан-жақты зерттеледі. Осы зерттеудің нәтижелері сервистік қызметтің методологиясын қалыптастырады. Сервистік қызметтің талдаулық методологиясы дегеніміз - теоретикалық таным жүйесінің қалыптасуы. Оның негізін зерттеудегі білімдік принциптер тарихи дамудағы заңдылықтар, қоғамдық қызметтегі әлеуметтік құрылымдағы және мәдени өмірдегі орны. 70 жылдардағы экономикалық және энергетикалық дағдарыстар тұтынушылар қоғамының оптимистік бағасын күрт төмендетіп жіберді. Жапон зерттеушісі Т. Самот XX ғасырдың 70-80ж. Жапон қоғамында қалыптасқан жағдайды былай түсіндіреді: “адам табиғат ресурстарының азық-түлік қорының таусылмайтынына сенімсіздікпен қараған жағдайда ол айналасында қоршаған заттарды пайдаланудың бір шегі бар деген ұғым қалыптасып, одан әрі не болары жөнінде қауіпті ойлар қалыптасуы мүмкін. Мысалы: 70 ж. Батыс елдерімен Жапонияда толыққанды өмір сүру дегеніміз - барлық заттардың көп болуы деген түсінік қалыптасқан. Яғни олар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болады деген принцип ұстанды. Бұған әсіресе жиһаз бұйымдары, тоңазытқыш, телевизорлар жатады. 80 ж. мұндай заттарға деген көзқарас өзгере бастады. Жаңа эстетикалық ұраны: «жеңіл-жұқа, қысқы-кіші». Қазіргі кезде қалыптасып отырған тұрақсыздық жағдай дүниежүзінің әр түкпіріндегі елдердегі жапондық сипат ақуалына қауіп төндіріп отырды. Оған мысал: экологиялық қауіп-қатердің өршуі; аймақтарда әскери қақтығыстың жиіленуі; бай және кедей елдер мен адамдар арасындағы қатынас; саяси және дін аралық эикстремизм; қылмыс пен нашақорлықтың кең етек алуы. Осыған байланысты индустриялды-сервистік экономикалық модельдің маңызы артты. Ендігі жерде заттық тұрғыдағы емес ресурстардың бағасы артты. Индустриялдық сервистік экономика туралы жаңа мағлұматтар шаруашылық негізінде пайда болды. Бұл жерде алып ұлтаралық компаниялардың ұлттық банкілердің әсері жоғары болды. Олар өздерінің қызмет көрсету шеңберінде тұтынудың барлық жағын қамтитын жаңа өнімдер жасап шығарады. Сол арқылы өз елінде ұзақ мерзімді, тұрақты сауда саласының тенденциясын қалыптастырды. Сервистік қызметтің теориялық және практикалық талдаудың маңызды проблемасы оның қызмет аясының құрылымы мен сервистік қызметті саралауда жатыр. Дүниежүзілік практикада әр елдегі және әр аймақтағы сервистік қызметтің әр түрлі болуына байланысты туындайтын қиыншылықтарды жоюдың жолдарын іздестіреді. Дамыған елдерде статистикалық қорытындыға жүгіне отырып талдау жасау оларды салыстыра отырып терең талдау жасауға мүмкіндік туғызады. Олар мынадай қызметтер: іскерлік қызмет көрсету; байланыс қызметтері; құрылыс және инженерлік қызмет көрсету; дистрибьютерлік қызмет көрсету; жалпы білім беру қызметі; қаржылық қызмет көрсету; сақтандыру қызметі; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша қызмет көрсету; туризм және саяхат жасау, демалысты ұйымдастыру саласы бойынша қызмет көрсету; көлік қызметі; әр түрлі қызметтер. Тарихи практикада кез-келген елдегі қызмет саласын дамыту әрқашанда мемлекеттің құқықтық институттарымен реттелетіндігін көрсетеді. Бұл жағдайда мемлекеттік заң механизміне және мүдделі органдарға (әскер, полиция, пеницентр жүйелер) сүйене отырып аса маңызды аппарат ретінде қатысты қызмет көрсетуді өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастарды реттеді. Сервистік белсенділіктің субъектілер арасындағы бәсекелестік күрес ережелерін белгіледі. Қызмет көрсетудің қандай да бір түрін кәсіпкерлердің монополизациялау мүмкіндігін шектеді. Осының арқасында мемлекеттік құқықтық жүйе қоғамда тұрақтылықты қалыптастырып, экономиканы және қоғамдық практикадағы кризистік процестерді қалыпты жағдайға түсіре отырып реттеді. Мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі кейбір жағдайда дәрежесі төмен және кедей адамдар есебінде. Аристрокат және бай адамдар қызығушылық қорғап, таңдау арқылы әрекет жасады. Бұрынғы және қазіргі заманда мемлекеттік билік қоғамдық қызығушылыққа нақты амалсыз көнеді. Осы жайттар шаруашылық белсенділік субъектінің арасында, сонымен қатар кәсіпкер мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестікті құқықтық реттеуге мәжбүрледі. Мемлекет осы аталған барлық қызмет түрлерінен салық өндіріп, сонымен қоса, оларға лицензия береді. Мемлекеттік құрылыс тактикасында біртіндеп қоғамдық игіліктерді қайта үлестірудің құқықтық және қаржылық механизмдерді өңдеді. Салық салу арқылы мемлекеттік органдарды, әскерді, полицияны асырау мүмкіндігі реттелді және бюджет есебінен түскен қаржыларды қоғамның басқа да салаларына салуға мүмкіндік туды.

Осы пәннің мақсаты Cервис инфрақұрылымының даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқып білу (1- кесте)

N
Даму заңдылықтары
ерекшеліктері
N: 1.
Даму заңдылықтары: Жүйеленуі
ерекшеліктері: Сервис инфрақұрылымы тұтас жүйе болып табылады, осының негізінде ұйымдастыру формалары мен әдістері, қызмет етуі мен дамуын реттеу қарастырылады.
N: 2.
Даму заңдылықтары: Тұтынушы қажеттілігі
ерекшеліктері: Сервис инфрақұрылымының жеке жүйелері. Мысалы: тұтынушының тауарлар нарығының жүйесі.
N: 3.
Даму заңдылықтары: Жеке элемент
ерекшеліктері: Сервис инфрақұрылымының жеке элементтерінің жүйесі.

Сервистік қызметтің эмприкалық зерттеу әдістерінің жүргізілуі (2-кесте)

N
эмпирикалық зерттеу әдістері
N: 1.
эмпирикалық зерттеу әдістері: - бақылау, өзін-өзі бақылау, әңгімесесу, сұхбат, сауалнама, эксперимент т. б.
N: 2.
эмпирикалық зерттеу әдістері: - іс-әрекеттік бағыт, ішкі (психикалық) және сыртқы (материалды) іс-әрекет бірлігі, сервистік қызметтің даму заңдылықтарының әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік тәжірибені меңгергендегі сервис инфрақұрылымын дамуды зерттеу әдістерінің тарихи өзгеруі, оқыту, тәрбие, даму, қалыптасу, меңгеру, оқу іс-әрекеті, біріккен іс-әрекет, оқу ынтымақтастығы, өзара әрекет формалары, продуктивті және репродуктивті оқу іс-әрекеті, білім, дағды, іскерлік, шеберлік, шығармашылық, тұлғаның әлеуметтік жағдайда дамуы, оқу-тәрбиелік жағдайы, оқыту стратегиясы, оқыту тиімділігінің критерилері мен категориялар анықтамасы және ара қатынасы

Сонымен қоса, сервис инфрақұрылымының мәнін, мақсаттарын атқаратын қызметтерін; Cервис инфрақұрылымының құрамын анықтайтын классификациялық жүйелерін қарастыру; нарықтың дамуына инфрақұрылымның рөлі мен мәнін анықтау; Cервис инфрақұрылымының субъектілерінің қызметінің нәтижесін спецификалық сипатын ашу, іскерлік қызмет көрсету; Cервис инфрақұрылымының дамуын реттеу әдістерін қарастыру, қазіргі кезеңдегі сервис инфрақұрылымының даму көздерін анықтау; инфрақұрылымдық қызметінің тиімділігін жоғарылату резервтерін анықтау; ҚР-дағы сервис инфрақұрылымының перспективалық дамуының бағыттарын анықтау қажет. Дүниежүзілік есеп бойынша, туризм саласынан түсетін табыс жыл сайын шамамен 4 триллион АҚШ долларынан асып жығылады. Ал одан түскен салық 800 миллиард доллар шамасында. Сарапшылардың есебі бойынша, 2020 жылға қарай, дүниежүзі бойынша саяхат жасаушылар, күніне 5 миллиард доллар жұмсайтын болады. Ал халықаралық туризм 3 есеге артады. Егер дәл осындай болжам расталса, болашақта туризм саласы, әлемдік экономиканы алға жетелейтін бірден-бір салаға айналмақ. Туризм - шет елдік инвестицияларды тартудың тағы бір көзі. Соның арқасында тарихи, мәдени орталықтарды дамытып қана қоймай, табиғатымызды сақтауға, мыңдаған жұмыс орнын ашуға, жаңа өнеркәсіпті ұйымдастыруға да болады. Шығыстан батысқа дейін 3 мың, солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 шақырым жерді алып жатқан қазақ жерінде, тау да, дала да, орман мен теңізде, сан алуан көлдер мен құмды алқаптар бар. Еліміздің оңтүстігінде жеміс-жидек пен көкөніс өсіп жатса, солтүстігінде қақаған аяз тұрады. Табиғаттың осынша сан алуан құбылысына ие болған жерімізді көріп, тамашалаймын деушілердің саны жыл санап артып келеді. Отандық туристік ұйымдардың есебі бойынша, таяу жылдары Қазақстанға келем деушілердің саны 14 миллионға жуықтаған. Әсіресе, Алмания, Ұлыбритания, Қытай, Жапония мен АҚШ сынды мемлекеттердің саяхатшылары тарапынан аса қызығушылық байқалуда. Туризм - студент жастардың сауықтыру орталығы ретінде оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеумен қатар, темекіге, ішімдікке, ал тіпті соңғы уақыттарда есірткіге араласу кезеңінен өтуге бірден-бір ықпал етуші күшке айналып келеді. Ішімдікті, есірткілік заттарды, темекіні пайдалану тынығуды оптималды ұйымдастыруға, денелерінің физикалық дамуына, рационалды тамақтану мен салауатты өмір салтының басқа да жақтарына кері әсер етеді. Мұндай жағдайларды тарату жастардың білімін кеңейтуге, денсаулық пен салауаттылық сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарға қарым-қатынасын нақтылауға әсер етеді, олардың өмірдегі тәжірибесін байытып, салауатты өмір салтына сәйкес келетін көз-қарастарын, мінез-құлық сарындарын қалыптастырады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу барысының психологиялық-педагогикалық жағдайлары арасында осы процесті ұйымдастырудағы тұлғалық жағдайлар бөле-жара көрінеді, өйткені олар жастардың салауатты өмір салтына өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жұмыстарға белсене араласуын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салты туралы қажеттіліктері, қызығушылықтары, сарындары мен көзқарастарының қалыптасуы әдеттегі мінез-құлқымен, эмоциясымен, санасымен тығыз байланыста жүзеге асады.

Оңтүстік өңірі тарихи шежіреге бай, қилы замандардың талай зұлматын бастан өткізген, ауыз толтырып айтуға тұратын ұлы мекен. Әсіресе, тарихи орындар жөніндегі мәліметтер жоғары оқу орындары студенттері мен сервистік қызмет мамандығында дәріс алатын студенттер үшін таптырмас қазына болар еді. Елге келген қонақтарға осы мағұлматтар арқылы бағыт-бағдар беріп, жол сілтеу олардың қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, сервистік қызмет жасауға зор мүмкіндік береді.

І. Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жетіқоңыр керуен жолдары Қаратаудан асып, Сарыарқа арқылы Ертіске өткен. Бұл аймақ тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Ескерткіштер Сырдарияның жағасынан бастап Қаратаудың қойнауына дейінгі аралықта кездеседі. 2006-жылға дейін ғылымға белгілі болған археологиялық ескерткіштердің жалпы саны 350, олардың қатарында тас ғасырынан тұрақтары, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлық обалар мен оба қорымдары, ежелгі және орта ғасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, қарауыл төбелер, тасқа салынған сурет орындары, кәріздер бар.

Тас ғасырынан тұрақтары Қаратау шатқалдарында, тау алды беткейлерінде кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үсті және тау алды жазықтарында орналасқан. Кіші обалардың аумағы 4-5м, биіктігі 0, 2-0, 3м, ал үлкен обалардың аумағы 40-50м-ге дейін жетеді, биіктігі 5-6м. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тау алды жазығы мен шатқалдарда «мұратты» обалар кездеседі.

Түркістан аймағында 100-ге жуық ежелгі, орта ғасырлық бекіністе, елді мекендер, қарауыл төбелер, қалашықтар мен қалалар бар, олардың көпшілігі Сырдария мен Қаратаудың аралығындағы жазықта, керуен жолдарының бойында жатыр, үлкен қалалар бір-біріне 10-20 км жерде орналасқан. Мысалы, Иқан, Түркістан, Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары. Елді мекендер мен қалашықтардың бір қатары Қаратаудың шатқалдарында, тау алды жазығында кездеседі. Қазақ хандықтары кезіндегі тастан салынған бекіністер мен қалашықтар Біресек, Үшөзен, Қызылата шатқалдарында және Өгізтауда сақталған. Ортағасырлық қарауыл төбелер мен қарауыл мұнаралары Қаратаудың теріскейге өтетін шатқалдарының бойында, асуларда, тау алды жазығында және елді мекендер мен қалалардың арасындағы биік жерде орналасқан.

Қола, ерте темір және ортағасырлық тасқа салынған суреттер Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі Қоржайлау, Жыңғылшық, Қарадегерез, Қиынжүрек, Шүкірсаз, Төсбұлақ, Қызылшың, Кеңөзен, Қарақұдық, Майдантал өзендері мен шатқалдарында, Бессаз шыңы төңірегінде сақталған. Тасқа салынған суреттерде тау ешкісі, арқар, жылқы, түйе, қабан, адамдар бейнеленген.

Ортағасырлық қалалардың төңірегінде каналдар, арықтар, егістік алқаптары сақталан, кәріздердің тізбектеле қазылған құдықтары Қаратаудың тау алды беткейінде орналасқан Майдантал, Абай, Бабайқорған, Қарашық ауылдары төңірегінде кездеседі.

Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер баға жетпес жәдігерлер тарихымыздың куәгерлері болып табылады, оларды әр түрлі туристік бағыттарға енгізуге болады.

  1. Түркістанның туристік бағыттары

Түркістан қаласы мен Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштерге бай екенін, өзіндік табиғатын және географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып, қазіргі таңда бұл аймақта туризмнің тарихи - өлкетанушылық экологиялық салаларын, келешекте этнотуризмді дамытуға болады.

Тарихи-өлкетанушылық туризм. Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты сыртқы, ішкі туристерге және жергілікті халыққа Түркістан қаласы мен Түркістан аймағымен бай тарихымен жан-жақты таныстыру.

Тарихи-өлкетанушылық туризмді келесі бағыттар бойынша ұйымдастыруға болады:

  • Түркістан рухани астана
  • Түркістанның алтын сақинасы
  • Қаратау ескерткіштері
  • Транзиттік бағыт
  • Түркістанның киелі орындары
  • Оңтүстіктің алтын шеңбері
  • Түркістанның киелі орындары

2, 1 Түркістан Рухани Астана бағыты туристер мен өлкетанушыларды Түркістан қаласының тарихымен, онда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстырады, Түркістан жерленген тарихи тұлғалар туралы қысқаша түсініктеме береді. Бұл бағытқа кіретін ескерткіштер:

- ежелгі Күлтөбе қаласы

- ортағасырлық Түркістан қаласы

- Қожа Ахмет Ясауи кешені

- Есімхан кесенесі

- Рабия Сұлтан бегім кесенесі

- Қылует жер асты мешіт музейі

- Ортағасырлық монша

- Құмшықата жер асты мешіті

- Түркістан тарихи музейі

- Әль-Қожа ата кесенесі

- Гауһар ана кесенесі

- Түркістан қаласындағы тарихи орындар мен ғимараттар

- Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университеті

- Ғылым орталығы, Археология музейі

Ежелгі Күлтөбе қаласы (I мың жыл, ортасы-XIVғ. ) кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс бөлігінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 350 м жерде орналасқан. Жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Ескерткіштің көлемі 120х150м, биіктігі 9м. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.

Ортағасырлық Түркістан қаласы (XV-XIXғғ) Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабаттан тұрады. Цитадельден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23, 5 га (350 х 670м) . Солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км ге жуық. Стратиграфиялық зетттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVIғғ. кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (XII-XIVғғ) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғ. өмір сүрген ұлы ақын, йсауийа тарикатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің бейітінің үстіне ХІV ғ соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл ғимарат өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі.

Кесененің көлемі 60х50 м, биіктігі 38 м. Ахмет Ясауи ғимамараты көп функционалдық құрылыс болып табылады. Оның негізін жамағатхана, қабырхана, мешіт, үлкен және кіші Ақ сарай, кітапхана, асхана, құдықхана және хужра бөлмелері құрайды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.

Есімхан кесенесі (XVIIғ) Есімхан кесенесі жобасында төртбұрышты құрылыс. Оның фасаттары сырлы плиткалармен қапталған. Құрылыстың сағана бөлігі сақталынған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағнда бұл құрылыс XVII ғ. салынған. Кесенеге белгілі қазақ ханы, кейінгі ортағасырлық Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері Есімхан (1598-1628жж) жерленген.

Рабия Сұлтан бегім кесенесі (XVғ) Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғ. бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Абілқайырдың әйелі болған.

Қылует жер асты мешіт (XII - XIX ғғ) Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуын Ахмет Ясауи атымен байланысты. XII-XIX ғғ аралығында салынған құрылысты XX ғ 40-шы жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйенен отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұялық қонақ үйлер бағдарламасын дамыту
Қонақ үйдегі тамақтану жүйесін талдау
Жанұялық туризмді ұйымдастыру және жоспарлау
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын жетілдіру жолдары
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Туристік қонақ үйлер
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
Туризм мәні
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz