Бұрғышы ЖШС


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы туралы жалпы түсініктеме.
1. 1 «Маңғыстаумұнайгаз» акцинерлік қоғамының даму кезеңі.
2. 1 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қатысты мәліметтер
2002 жылдың 1 желтоқсанға
2. «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылу тарихы мен бүгінгі еңбектері.
- «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымы.
- «Oil Services Company» ЖШС-ндағы Бухгалтерлік Есеп басқармасы.
- «Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасы.
3. «Oil Services Company» ЖШС-нің технико экономикалық көрсеткіштері мен оны талдау.
3. 1 Серіктестіктің шаруашылық қызметін талдау.
3. 2 «Oil Services Company» ЖШС-тің 2000 жылғы қаржылвқ қорытындысы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе өту мерзімі 4 апта (25. 02. 08-22. 03. 08) . Өтетін жері Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан “Маңғыстаумұнайгаз” Акционерлік Қоғамына техникалық қызмет көрсететін “Oil Services Company” Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікте. Серіктестіктің өндірісті материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасында өндірістік тәжірибені өткіздік.
Бұл басқарманың басты мақсаты болып акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаздың» негізгі кенорындары Жетібаймұнайгаз және Қаламқасмұнайгаз басқармаларын негізгі материалдармен, құрал жабдықтармен, техникалармен қамтамасыз етумен айналысады. Сонымен қатар бұл бөлім барлық ұңғылардағы бұрғылау жұмыстарын бақылап, бригадалардың ұңғыны жерасты және толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізуін бақылайды.
“Oil Services Company ” ЖШС құрылымын, әр бөлімінің функционалдық қызметін, өзімнің бекітілген бөлімнің міндеті мен функцияларын, жоғары, орта және төменгі басқару деңгейінің басқару әдістерін бақылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін табу арқылы талдау жасадым. Сауалнама жүргізу арқылы бөлімше қызметкерлерінің өз жұмысына деген қөзқарасын тексеріп, талдадым.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірнеше бөлімдер мен басқармаларға бөлінеді. Атап айтатын болсақ Қаржы және Бухгалтерлік есеп басқармасы, Кәсіпкерлікті Жоспарлау басқармасы және т. б.
Қаржы және Бухгалтерлік есеп басқармасының негізгі жұмысы қаржылық талдау жасау, оның қозғалысын реттеу, еңбекақы қорын ұйымдастыру, шығындарын азайту және кәсіпорын табысын ұлғайту, электроэнергияны, байланысты, көлікті тиімді пайдалану.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоспарлау қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де экономикалық жетістіктің негізгі критериі болып есептеледі. Өте жақсы технологияны алуға болады, өндіріс қуаттылығын арттыру процестерін жетілдіру. Жобалау концепциясын ұйымдастырудың негізін қазіргі кезде өсіп келе жатқан жеке тұлғаның ролі, оны ынталандыру мүмкіндіктері, ұйым алдындағы белгіленген міндеттерге сәйкес бағыттап отыру. Біздің еліміздегі қалыптасқан мұндай жағдай, саяси және экономикалық жүйелердің өзгеруі үлкен мүмкіндіктер мен қатар әрбір тұлғаға белгілі бір дәрежедегі қауіптер де тудыруы мүмкін. Отандық және шетел тәжірибелерін ұштастыру өндірісті жоспарлау жүйесінің басты мақсаты болып саналады.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі мақсатының бастысы акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаздың» басқаруымен басқа да еншілес компаниялырмен бірігіп жұмыс істей отырып, Қаламқас және Жетібай кенорындарындағы мұнай өндіру көлемін жоғарлатып және кәсңпкерлерге техникалық қызмет көрсету болып табылады.
1. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы туралы жалпы түсініктеме.
“Маңғыстаумұнайгаз” ашық акционерлік қоғамы - Қазақстан Республикасында ірі мұнай өндіруші кәсіпорындардың бірі. Басты орталығы Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласында орналасқан.
Басты тауар өнімі сәйкесінше орнатылған талаптарымен мұнай және онымен шығатын газ болып табылады.
Негізгі айналысатын қызметі:
- Көмірсутекті шикізат жатынын барлау
- Мұнай және газ ұңғыларын іздеудің барлаулық, құрылымдық және эксплуатациялық бұрғылау
- Мұнай және газ кеніштерін орналастыру, құрылыс-монтаждық және жөндеу-құрылыс жұмыстары, автокөлік жолдарының құрылыс және жөндеу жұмыстары
- Мұнай және газды өңдеу
- Тұтынушыларға жеткізілетін мұнайды өнеркәсіп ішіндегі жинау, жеткізу және кешенді дайындау
- Республикадағы мұнай өңдеуші зауыттарда мұнай өнімдерін өңдеуден кейінгі іске асыру
- Мұнайкәсіптік және электромеханикалық құрал-жабдықтарға жөндеу және қызмет ету, бақылау-өлшеу саймандарының қолданыстағы ұңғыларға, автоматизация құралдарының өндірістік процестері, байланыс құралдарының эксплуатациясы және монтаж
- Шикі мұнай және мұнай өнімдерінің ішкі және сыртқы нарығының маркетингі және зерттеу
- Тауар және қызмет көрсету экспорты және импорты бойынша операцияларды орындау, шетел фирмаларын тиімді сыртқы экономикалық байланыс, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық әрекет етуді жетілдіру
- Кенішті барлау процесін ақпаратты-есептеу қызмет ету.
1. 1 «Маңғыстаумұнайгаз» акцинерлік қоғамының даму кезеңі.
“Маңғыстаумұнайгаз” Ашық Акционерлік Қоғамының алғашқы кезеңдері.
1963 жылы
1963 жылы 27 қарашада Батыс Қазақстан совнархозының № 280 мемлекеттік мекеме “ Маңғышлақ мұнай” өндірістік бірлестігі құрылды.
1965 жылы
1965 жылы 15 қазанда Қазақ ССР-нің жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығы және 1965 жылы 16 қазанда Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің № 675 орнатуымен “Маңғышлақмұнай” өндірістік бірлестік “Қазақстанмұнай” өндірістік бірлестікке ауысты.
1970 жылы
1970 жылдың 4 тамызында СССР мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің №405 бұрығымен “Қазақстан ” өндірістік бірлестік “Маңғышлақмұнай” өндірістік бірлестігі болып аталды.
1992 жылы
1992 жылы 11 қыркүйекте мемлекеттік мұнай серіктестігінің № 100 бұйрығымен “Маңғышлақмұнай” өндірістік бірлестігі “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестігіне айналды.
1994 жылы
16 қарашада Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестігі құрамынан Жаңаөзен қаласында кеніші бар “Өзенмұнайгаз” өндірістік бірлестігі негізінде құрылған “Өзенмұнайгаз” МГӨБ шығарылды.
- желтоқсанда “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестік құрамында Тампожды басқарма құрылды.
- “Орикс” америка компаниясы, “Жарқын” ЖШС, ПОМП-пен бірлесе “Арман” кенішін қолдану бойынша “Арман” біріккен қазақ-американ кәсіпорынын құрды.
1995 жылы
1995 жылдың 24 мамырында Маңғыстау территориалдық комитет коллегиясының мемлекет меншігінің № 24 орнатуы бойынша - “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестік мемлекеттік кәсіпорын ашық типті акционерлік қоғамға айналды.
- Вахталық поселок 416 жұмыс орны бар Қаламқас кенішіне объекттерді енгізу
- Ақтау қаласында орналасқан 70 орны бар “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының автостанциясы
- 75 орны бар Таушық поселкасында амбулатория
Қаламқас кенішінде алғаш рет “Энтерра Патко компании ЛТД” фирмасының винттік насостарын сынау және енгізу әрекеттері басталды.
1996 жылы
Қаңтарда төтенше акционерлердің жалпы жиналысымен “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамы құрылымында төмендегілер құрылуы шешілді:
- “Бұрғышы” ЖШС
- “Маңғыстаубарлау” ЖШС
- “Маңғыстаумұнара” ЖШС
- “Химремонтскважин” ЖШС
- “Жетібай технологиялық көлік” ЖШС
- “Бұзашы технологиялық көлік” ЖШС
- “Маңғыстау технологиялық көлік” ЖШС
- “Арай” ЖШС
- “Мұнайшы” ЖШС
- “Маңғыстаумұнайжолдары” ЖШС
- “Мұнаймаш” ЖШС
- “Ремкразтрак” ЖШС
- “Жетібаймұнайқұрылыс” ЖШС
- “Мұнайқұрылыс” ЖШС
- “” ЖШС
- “Шегендеу” ЖШС
- “Маңғыстауэнергомұнай” ЖШС
1997 жылы
“Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының жарияланған тендер бойынша 65% акциясын басқаруға “САР” компаниясы иелік етті.
1998 жылы
“САР” компаниясының келісімшартқа қолтаңба қойылып және оның толық құқына енгеннен кейін қоғамның қайта құрылуы басталды.
- “Оман Ойл компани ЛТД” және “Эмир Петролиум компани” компанияларымен Дунга және Солтүстік Бұзашы кеніштерін барлау және қолдану.
1999жылы
1999 жылдың 12 қаңтарында акционерлер қоғамы жиналысының шешімімен “Маңғыстаумұнайгаз” ашық типті акционерлік қоғам “Маңғыстаумұнайгаз” ашық акционерлік қоғамы болып аталды.
Жүргізіліп жатқан қоғамның қайта құрылуымен мамыр айында “Маңғыстаумұнара” ЖШС-на “” ЖШС және “Жетібаймұнайқұрылыс” ЖШС, ал “Жетібай технологиялық көлік” ЖШС-на “Мұнайшы” ЖШС және “Ремкразтрак” ЖШС бірікті.
1. 2 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қатысты мәліметтер
2002 жылдың 1 желтоқсанға
№№
Пп
- Мұнай және газ кеніштерін барлау және игеру;
- Мұнай және газды өндіру;
- Мұнайгаз шикізатын және өндіру өнімдерін іске асыру;
“Маңғыстаумұнайгаз” ААҚ-мен әрекеттесетін ЖШС-лар
“Oil Transport Corporation”:
- “Жетібай технологиялық көлік”
- “Бұзашы технологиялық көлік”
- “Арай”
- Арнайы техникамен қызмет көрсету;
- Вахталық жолаушылар тасымалдау;
“Oil Services Company”:
- “Химремонтскважин”
- “Шегендеу”
-“Бұрғышы”
- Қаламқас кенішінде ұңғыларды толық және жерасты жөндеу;
- Мұнай және газ өндіру технологиялық процестерінде химизациялау;
- Цементті агрегаттарды қолданумен арнайы қызметтер көрсеету;
- Жетібай кенішінде ұңғыларды толық және жерасты жөндеу;
“Oil Construction Company”:
- “Маңғыстаумұнара”
- “Мұнайқұрылыс”
- “Маңғыстаумұнайжолдары”
- Мұнай және газ кеніштеріне құрылыс және орналастыру;
- Мұнарақұрылыс;
- Кеніштерде автокөлік жолдарын қызмет ету және ;
- «Oil Services Company»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылу тарихы мен бүгінгі еңбектері.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш мекеменің «Бұрғышы», «Шегендеу», «Ұңғыларды күрделі жөндеу және химияландыру» қосылуының негізінде 2001жылдың наурыз айында құрылды.
Әр қайсысының 20-жылдық өркендеу тарихы бар, Маңғыстау түбегінің мұнай кен орындарын игеруде өз үлестерін қосып ат салысуда.
Жетібай, Асар, шығыс Жетібай, оңтүстік жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Құмкөл және т. б. кен орындары осы ұжымдардың күшімен қазылып игерілді.
Серіктестік Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы жұмыстарды «Жетібай Сервиз» және «Қаламқас Сервиз» екі өндірістік басқармасы арқылы атқарылады. Әр басқармада ұңғыларды күрделі жөндеу, жерасты жөндеу, бұрғылау, технологиялық көлік автотізбектері, мұнай өндіру процесстерін технологиялық химияландыру цехі, орталық өндірістік қамту базасы жұмыс істейді.
Орталық өндірістік қамту базасы және кенорындарда орналасқан осы базаның филиалдары өндірістің айналым қорын жасап, материалдық ресурстармен, мұнай кәсіпшілігіне қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Серіктестіктің обьектілерінде бірнеше жылдар бойы Совет Кеңесінің дәуірінде шындалаып жаңа ғылыми тұрғыдан өңделген технологияларды отандық және шет елдік құрал жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырады.
Серіктестік жұмыс барысында жақын және алыс шет елдерде бар жаңа технологияларды енгізу бағытында тұрақты іздену жұмыстарын жүргізіп отырады.
Серіктестік «Қабатты жоғарғы қысымда жару металургиясы және арнайы машина құрастыру» Акционерлік қоғамымен тығыз қызметтік байланысты.
Ұңғыларды күрделі жөндеу саласы бойынша Серіктестік «Smith Oversices Services» фирмасымен тығыз қызметтік қарым қатынаста. «Smith Oversices Services» фирмасы мұнай кәсіпшілігіне қажетті шет елдік құрал жабыдықтармен қамтамасыз етіп, мамандарды оқытуды ұйымдастырады.
Серіктестік жұмысшылардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуді алғашқы міндеттерінің бірі деп санайды. Серіктестікте ұжымнан құрылған футбол, волейбол командалары халықааралық, қалалық, аудандық спорт жарыстарына белсенді қатысып бірнеше мәрте құнды сыйлықтармен марапатталып алғашқы орынды жүлделерге ие болып келеді.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестік “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на және Қаламқас және Жетібай кенорындарына технологиялық қызмет көрсететін. Оның ішінде бұл еншілес компания Жетібай және Қаламқал кенорындарында болатын әртүрлі кішігірім және толықтай жөндеу жұмыстары жүргізеді. Оның атқаратын қызметін ұңғыны жерасты жөндеу және қңғыны толықтай жөндеу болып екіге бөлінеді. Осы қызметтерді орындау үшін түрлі түрлі бригадалар құрылған. Жыл басында әрбір бригаданың өз жоспары мен қызметі анықталып беріледі. Алдынғы жылғы атқара жұмысына қарай отырып, осы жылғы жұмыс шамасын да айқындап береді. Бригаданың негізгі жұмысы ұңғылар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу. Егер де әртүрлі себептерге байланысты тоқтаулар болса, онда бригада үшін де, Серіктестік үшін де шығын болып табылады. Сондықтан әрбір бригада жұмысын компания үнемі тексеріп отырады және болуы мүмкін ақауларды алдын ала анықтап, алдын алады. Бұл жұмысты атқару үшін де серіктестік жанында бөлімшелер де құрылған. Бұл бөлімшелер кенорындарға негізгі материалдар мен техниканы жеткізумен айналысады.
«Oil service company» ЖШС-нің 2005 жылғы қолданыстағы негізгі қорларының калькуляциясы
2. 1 «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымы.
2003 жылы Серіктестіктің басты өндірістік қызметі болып эксплуатациялық қңғылардың құрылылысы, ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеу болып табылады.
Есептік жылдың басында еншілес компанияның құрамына кірген бөлімшелер:
- Басқару аппараты;
- Ұңғыларды бұрғылау цехі;
- Ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеу цехі №1, №2;
- өндірістік қызмет көрсету базасы:
құрамында: бұрғылау және мұнай кенорынындағы құрал жабдықтарды жөндеу цехі, құбыр жөндейтін цехі, электроқұрылғыларды жалға беру, жөндеу цехі, құбыр - инструменталды цехі.
- Технологиялық көлік және арнайы техника цехі;
- Оқу -үйрету комбинаты;
- Жөндеу құрылыс учаскесі;
- Жартасты шығару керьерасы;
- Өндірістік обьектілерді қорғау учаскесі.
Жылы серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымында көптеген күрделі өзгерістер болды. Акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнай газдың» оперативті тапсырмасын ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеуді жүзеге асыру мақсатында Серіктестікте қосымша бес КПРС бригадалары құрылды:
- Ұңғыларды жерасты жөндеу жұмысының көбеюіне байланысты ЦКПРС №1 бригадасы құрылды (шілде айындағы серіктестіктің он тоғызыншы бригадасы) ;
- ГРП бағдарламасы мен Кремко-100, УПА-60 А көтергіш станоктарын пайдалану мен жүзеге асыруна байланысты төрт ЦКПРС №2 бригадалары құрылды (шілде, тамыз айындағы серіктестіктің 20, 21, ал қыркүйек айындағы 22, 23 бригадасы)
Еңбекақы қорын үнемдеу мен шығындарды төмендету мақсатында, 2003жылдың бірінші жартысы бойынша АҚ «ММГ» баланстық комиссиясы және 07. 09. 2003 жылдың жауапкершілігі шектеулі серіктестік ССУП комиссиясының шешімі негізінде, бұрғылау жұмыстарын қаржыландыру болмағандықтан, компанияның шаруашылық қаржылық қызметіның шығынға ұшырауына байланысты:
- Қаламқас кенорынындағы СП «Арманмен» келісімшарты бойынша ұңғыларды бұрғылау үшін Қаламқас кенорынындағы ұңғыларды бұрғылау цехі қайта құрылды және 35 адамнан тұратын бір бұрғылау бригадасы құрылды.
- Штаттық кестедегі мамандарды қысқыарты.
- Бірігу арқылы цехтар, бөлімшелер құрылды:Механика энергетика бөлімшесі; Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бөлімшесі; БПО қарамағындағы ұңғыларды және құрал жабдықтарды жалға беру және жөндеу цехі; БПО қарамағындағы жөндеу және шаруашылық цехі.
Желтоқсан айында Қаламқас кенорынындағы бұрғылау жұмыстарын жаңартумен байланысты 35 адамнан тұратын бір бұрғылау бригадасы құрылды.
Есепті жылдың айағында компанияның жұмысшылар саны 958 адам болды (жыл басында 903) :
- Жұмысшылар -774
- Басқарушы қызметкерлер мен мамандар -184 адам
Орта жылдық адам тізімі 910 адам.
Жылы серіктестікті материялдық техникалық қамсыздандыру ортаалықтандырылған УМО басқармасымен жүзеге асырылды. Бар материалды, құрал жабдықтарды, құрылғыларды, ГСМ, химиялық реагентерді бөлу УМО-ның қолда бар материалдар негізігде жүзеге асырылды. Бұрғылу жұмыстарын қамтамасыз ететін орталықтандырылған УМО жұмыстарын болашақта жақсару қажет.
«Oil service company» ЖШС-нің 2003 жылғы негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
жоспарлы
есепті
Атқарылған %
жоспарлы
Есепті
Атқарылған %
2. 2 «Oil Services Company» ЖШС-ндағы Бухгалтерлік Есеп басқармасы.
«Oil Services Company» ЖШС - нің бухгалтерлік бөлімшесінің жалпы ережелері
- Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасы бухгалтерге бағынатын, компанияның отдел құқындағы дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Oil Services Company» ЖШС - нің бухгалтерлік бөлімшесінің тапсырмалары
- Компанияның қаржы-шаруашылық ұйымдастырушылық есебі
- Компанияның меншігіндегі құрал-жабдықтар және тағы да басқалары, ақшалай қаражат және материалдық құндылықтарды тиімді қолдану және тағы да басқаларына бақылауды орнату.
«Oil Services Company» ЖШС - нің бухгалтерлік бөлімшесінің құрылымы
- Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасының құрылымы мен штаттарын компанияның директоры мамандардың сандық нормативімен және құрылымдық аппарат түрлерін басқару және жұмысшылардың жұмыс ету көлемі және өндірістің ерекшеліктерін ескеріп орнатады.
- Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқарма құрамына кіреді
Компанияның негізгі атқаратын қызметтері.
- Бухгалтерлік есепті рационалды және сенімді ұйымдастыру. Ол компанияны оперативті жүргізу, есепті жүргізудің қатал ережелерін сақтауды талап етуіне жауап береді.
- Кең қолданысты компьютеризацияны қолдану негізінде бухгалтерлік есеп әдістерін және озық техниканы енгізу.
- Негізгі қорлар, шикізат, материал, отын, компанияның ақшалай қаражаттары және басқа да құндылықтары, шығын сметаларын орындау есебін ұйымдастыру.
- Компания жұмысшыларының еңбекақы бойынша есебін ұйымдастыру.
- Бухгалтерлік есеп нәтижесі, өнімнің өзіндік құн калькуляцияның нәтижесін құру.
- Салықты уақытында және бақылау жүргізу, бюджетке табыстан және басқа да төлемдерден және де күрделі жөндеу жұмыстарына амортизациялық қордан қаржылық шығындардан, банктерден несиені өтеуді жүргізу.
- Бухгалтерлік есеп шоттарындағы операцияларды құжаттық түрде енгізу, ақшалай қаражаттар қозғалысымен байланысты салықты аудару және есептеу, бюджетке табыстан және тағы да басқаларынан аудару.
- Негізгі қорлардың инвентаризациясын өз уақытында жүргізуге, негізгі қаражат, ақшалай қаражат, тауарлы-материалдық құндылықтар, құрылымдық бөлімшелердегі ревизияға бақылау орнату.
- Жетіспеушіліктің алдын алуын ескеру, шығын және тағы да басқа бұзушылық пен зияншегушілік мақсатымен өз уақытында құжатты толтыруды қамтамасыз ету, бақылау орнату мақсатымен берілген құжаттарды қажетті уақытта сотты-тергеу органдарына таапсыру.
- Алғашқы мәліметтер және сәйкесінше бухгалтерлік жазу, өз уақытымен керекті органдарға құжатты тапсыру негізінде бухгалтерлік есепті құру.
- Бухгалтерлік есеп және ішкі шаруашылық резервтердің есебін шығару, жоғалтуларды жою және өнімсіз шығындарды жою негізінде мекеменің қаржы-шаруашылық экономикалық анализін орнату.
- Есепті құжат және рационалды жоспарды, методикалық басқару және енгізудегі ұйымдастырушылық жұмыстар, ішкі шаруашылық есеп іс-әрекеттерін кеңейту және жетілдіру істеріне қатысу.
- Алғашқы есеп құжаттарын белгілі бір типтегі сәйкестірілген түріндегі орнатылуын қолдану, осы құжаттарды толтыру барысында қатаң ережелерді сақтауды орнату.
- Қатаң кассалық және есептік дисциплинаны орнатуды қамтамасыз ету, банктан алған қаражатты бағыты бойынша тиімді жұмсау, чектерді толтыру және чек кітапшаларын ережелерін сақтауды қадағалау.
- Бухгалтерлік құжаттарды және бухгалтерлік архивтерді белгілі тәртіпте сақтауды қамтамасыз ету.
- Бақылау орнату:
- Шикізат, материал, отын, дайын өнім, тауар және тағы да басқа құндылықтардың тиімді және өз уақытында қабылдауды рәсімдеу және шикізатты жұмсау, уақытында жабдықтаушы ұсыныстарын жасау.
- Еңбекақы төлеу қорын уақытында жұмсау, сыйлықақы және әртүрлі премияларды аудару және жіберу, төлем және қаржы дисциплинасын орындау.
- Бухгалтерлік есептен жетіспеушілік, жоғалтулар, дебиторлық қарыздар және тағы да басқа заңды және ақталған жазулар.
- Тауарлы-материалды құндылықтарды берілген тәртіппен бағалауды уақытында және тиімді өткізу және рәсімдеу.
«Oil Services Company» ЖШС - нің бухгалтерлік бөлімінің жауапкершілігі:
Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасы мәселелері мен функцияларының сапалы және уақытында орындалуына басты бухгалтер жауапты.
Жұмысшылардың жауапкершілік дәрежесі лауазымды ережелермен орнатылады.
«Oil Services Company» ЖШС - нің бухгалтерлік бөлімшесінің құқықтары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz