ЖШС Инкассация сервис туралы


Оқу тәжірибесін өтудің күнтізбелік жоспары
Студент Тұрмыстық қызмет және Сервис-307 топ ІІІ курс
1. Тәжірибе өту орны: Алматы қаласындағы « Инкассация сервис » ЖШС
2. Мекеменің пошталық адресі: Алматы қаласы, Майлин көшесі 208-83
3. Тәжірибе жетекшісі
мекемеден: Сұлтанова Б. С.
университеттен: Майлыбаев Ж. К.
Мазмұны.
Кіріспе
1 ЖШС Инкассация сервис туралы . . . 5-6
2 Компанияның өндірістік- қаржылық жағдайын талдау . . . 7- 12
3 Істеген бөлімшесінің қызметі . . . 13- 17
Қорытынды
Кіріспе
Мен Майлыбаев Жәнібек Құрбанайұлы Алматы қаласы « Инкассация Сервис» ЖШС кәсіпорнында “Кәсіпорынның өндірістік қаражатын талдау” бөлімінде 2008 жылдың 26 мамырдың жұлдызынан 7 маусым жұлдызы аралығында өндірістік тәжірибе жұмысымды өткіздім.
Осы танымдық тәжірибе барысында мен көптеген адамдармен жұмыс атқарып, жалпы кәсіпорын, оның ішінде тәжірибені өткізген бөлімнің жұмыс барысымен таныстым. Мен біршама жұмыстардың жасалу жолдарын өз көзімен көріп, іс жүзінде орындап отырдым. Маған тапсырған жұмыстарды атап өтер болсақ, кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған. Кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған, сонымен қатар негізгі қызмет бойынша жоғары тұрған ұйымдармен, қалалық қызметтермен хат алмасуды және қызметтік хат жазбаларды толтыру жолдарымен танысып, оларды іске асырдым.
“Инкассация Сервис”менің ойымша, беделі өте жоғары және маңызы зор мекемелердің бірі болып табылады
Және бір байқағаным, бұл мекемеде өте тәжірибелі де білікті, өз
мамандығының шебері саналатын қызметкерлер, әсіресе жас мамандар
жұмыс атқарады екен.
Кіріспе бөлімінде сіздерге қысқа түрде “Инкассация Сервис” кәсіпорнының қызметкерлерін таныстырып өтемін.
Мен, жоғарыда атап өткен «Инкассация Сервис» бөлімінде өндірістік тәжірибе жұмысымды өткіздім. Бөлім бастығы тәжірибелі маман, Шинибаев Ж. Т ерекше атап өткім келеді. Бұл кісі сабырлы да салмақты, адаммен жақсы қарымқатынас жасай алатын, өз ісіне шебер, жауапкершілігі мол, білікті маман.
Ендігі кезекте бөлімнің бас маманы саналатын Бармакова Гульнар Жумагазиевна ханымды атап өтпесем үлкен қателік жіберген болармын. Бұл кісі де салмақты, керек кезде жаныңнан табылатын, бөлім бастығына демеу, серпін беріп отыратын, нағыз өз ісінің маманы саналатын қызметкерлердің бірі.
Осы екі кісінің арқасында мен көптеген мағлұматтар алып, бөлім төңірегінде, оның қызметінде пайда болатын мәселелердің шешілу жолдарымен таныстым. Не жасарынды білмей қалған кезіңде ерінбей келіп, сабырлықпен сол мәселені түсіндіріп, жасалу жолдарына дейін көрсететін. Менің тәжірибеге келгенімді ұғынып, барлық жағынан көмектерін аянбай маған беріп отырды.
Менің өндірістік тәжірибе жұмысымды өткізген бөлім қызметкерлері жайында қысқаша мағлұмат осындай.
Негізгі бөлімде жалпы департамент (бөлім), оның құрылымы, жұмыс жоспары, міндеттері, атқаратын қызметтері туралы мәліметтер және жергілікті бюджеттің кіріс бөліміне талдау берілген.
1 ИНКАССАЦИЯ СЕРВИС ЖШС КӘСIПОРНЫ ТУРАЛЫ
мағлұмат
«Сейл Продакшн» ЖШС кәсiпорнының орналасқан жерi Алматы қаласы, Майлин көшесі 208-83
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнының негiзгi қызметi банктерге инкассациялық қызмете катысты материалдарды жабдыктау көрсету. .
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнының жалпы алаңы 7000 кв. м. және өзiнiң жеке өндiрiс алаңы мен цехы, қойма, офисы бар. Кәсiпорын көрсететін қызмет түріне сұраныс өте жоғары әрi тұрақты түрде болады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорыны тек Қазақстандағы ғана емес Орта Азиядағы әлемдiк стандартқа сай жұмыс iстейтiн кәсiпорын. Бұл кәсiпорын сапалы, элиталы және заман ағымына сай, соңғы технологияда қызмет көрсету үлкен серпiнде дамып келедi. Кәсiпорында әлемге танымал Орта Азия стилiне сай қызмет көрсетеді.
Кәсiпорында Италиядан әкелiнiп қондырылған «CELKO» қондырғысымен жұмыстар атқарылады, әр процестiң дұрыс атқарылуына жауапкершiлiкпен қаралады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнының кадрлық құрамына келер болсақ, мұнда жалпы жұмыскерлердiң саны 42, ал оның iшiндегi жұмысшылар саны 30 адамды, жоғары қызметшiлер 8 адамды құрайды
Қызметшiлер тобына әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмiнде 2 адам, қаржылық бөлiмде 2 адам, есептiк-бухгалтерлiк бөлiмде 2, және статистикалық мiндеттердi орындаумен 2 адам айналысады.
Жұмысшылар тобына құрылыс монтаж жұмыстарын, технологиялық жабдықтың монтажын жүзеге асыратын құрылыс механизмдерi мен жүк көтергiш көлiгiн басқарумен айналысатын қызметкерлер жатады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнында жұмысшылардың еңбекақы жағдайына келер болсақ, мұнда жұмыскерлер мен жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу үшiн еңбекақының кесiмдi және мерзiмдi нысаны қолданылады. Еңбекақы төлеудiң кесiмдi жүйесiнде жұмысшының еңбегiне бағалама бойынша оның өнiмiне байланысты ақы төленедi. Еңбекке ақы төлеудiң кесiмдi жүйесiнде кесiмдi бағалама ақыға белгiленген күнтiзбелiк мерзiмге немесе мерзiмiнен бұрын тапсырманы орындағаны үшiн сыйлықақы төленеді.
Сыйлықақы барлық жұмысшыға, сондай-ақ жұмыс iстеушiлерге де төленедi. Сыйлықақының мөлшерi еңбек ұжымының шартына немесе нормативтiк уақытты қысқартудың әрбiр процентiне наряд бойынша еңбекке кесiмдi ақы жөнiндегi қосымша келiсiмге сәйкес белгiленедi.
Ал еңбекақының мерзiмдi нормасы- еңбекке ақы төлеудiң нысаны, мұнда еңбекақының сомасы iс жүзiнде атқарылған уақыт үшiн есептелген тарифтiк стафка (жалақы) бойынша есептеледi. Еңбекке кесiмдi ақы төлеу өнiмдi көбейтуге ұмтылу кесiмдi ақы төлеу кезiнде өнiмнiң сапасын нашарлатуға, жұмыстың технологиялық режимдерi мен техника қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзуға, шикiзатты, материалдар мен энергия ресурстарын артық жұмсауға апарғанда қолданылады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнында маркетинг бөлiмi оның өндiрiс, басқару және жалпы мақсатқа жету жолына бағыт бередi. Кәсiпорында маркетингтiк қызметтердiң ең негiзгi құралдары болып тауар және баға саясаты, өткiзу және жылжыту саясаты болып табылады.
Маркетинг қызметiнiң негiзгi мәселесi маркетингтiк тауар саясатын әзiрлеу және жүргiзу болып табылады. Бұл саясаттың мақсаты жеке адамның сұранымдарын, талғамдарын, сатып алушылардың таңдауларын және нарықтағы өзгермелi жағдайға икемделудi есепке ала отырып, тауарды сатудың тиiмдi құрылымын қолдау.
Кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған. Кәсiпорынның сыртқы нарыққа табысты шығуы бағаны төмендету саясаты арқылы болуы мүмкiн.
Кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған. Мұнда өнiмнiң үлестiрiлуi көбiнесе дистрибьюторлар арқылы жүзеге асырылады.
«Инкассация сервис» ЖШС-де өткiзудi ынталандыру жұмысында жеңiлдiк беру жүйесi қалыптасқан, ол өткiзiлген тауар көлемiне байланысты және мөлшерi әртүрлi 6 % дан 10 %-ға дейiн болады.
Өнiмдi жылжытудың құрамы және дамыған құралы тауар жарнамасы болып табылады. Жылжыту саясатында жарнамалық қызметтiң рөлi зор. Жарнамалық жұмыс арқылы кәсiпорындар тұтынушыларды қызықтырып, тауар өткiзу көлемiн көбейтедi. Кәсiпорында жарнама көбiнесе теледидар, газет, журналдар арқылы таратылады.
«Инкассация сервис» ЖШС -де қызмет көрсетудің елеулi үлесi (65, 3 %) фирмалық дүкендерге, ал 22, 8 % Астана, Атырау және т. б. қалаларындағы сауда өкiлдiктерiне тиедi, республикадағы өткiзу құрылымында қалған дүкендер 11, 9 %-ға дейiн барады.
2 Компанияның өндірістік-қаржылық жағдайын
талдау
Нарықтық қатынастар жағдайында кәспорынның қаржылық жағдайы талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммер- циялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілік те болуымен байланысты. Кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсііпорынның сенімді болуын, тұрақтылығы және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Томенде көрсетiлген кестедегi көрсеткiштерге талдау жасап көрейiк.
1. Кәсiпорында ең үлкен үлес салмақты қызмет көрсетуден түскен табыс алады, оның мөлшкрi өнiм өндiру деңгейiмен, оның сапасы- мен және басқа да факторлармен анықталады. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 96920587 мың теңгенi, ал 2007 жылы 23881922 мың теңгенi құрайды, яғни, 2007 жылы -73038665 мың теңгеге ауытқу байқалады.
2. Кәсiпорындағы екiншi көрсеткiш ол- өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны 2006 жылы 8392 мың теңгенi құрайды, ал 2007 жылы бұл 26, 1 пайызға төмендеген, яғни 21886373 мың теңгенi көрсетедi.
1 кесте- «Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорынының техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
3. Келесi көрсеткiш жалпы табыс. Олөнiмдi өткiзудiң қаржылық нәтижесiн бiлдiредi және негiзгi қызмет нәтижесiнде өнiмдi өтеiзуден түскен табыс пен өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны арасындағы айырма ретiнде анықталады. Жалпы табысқа әсер ететiн маңызды фактор өндiрiстiк өзiндiк құн, сондықтан оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi. Бұл көрсеткiш бiздiң кәсiпорында 2006 жылы 13009475 мың теңге болса, 2007 жылы 1995549 мың теңгеге ( 23881922-21886373) кемiген, яғни өнiмдi өткiзуден түскен табыстың кемуi есебiнен болып отыр.
4. Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш- кезең шығындары. Бұларға басқару шығындары, әкiмшiлiк шығындар кiредi. Кезең шығындары жалпы табыстан негiзгi қызметтен түскен табысты шегергенге тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 10994272 мың теңгенi ( 13009475- 2015203) құрайды, ал 2007 жылы кезең шығындары төмендеген, яғни (1995549-( -6060575) 8056124 мың теңгенi көрсетедi.
5. Негiзгi қызметтен түскен табыс жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма болып табылады. Негiзгi қызметтен түскен табыс- бұл сальдоланған қаржылық нәтиженi бiлдiредi. Жалпы табыс көлемi қаншалықты көп және өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнына кiрмейтiн тұрақты шығындарды бiлдiретiн кезең шығындары қаншалықты аз болса, негiзгi қызметтен түскен табыс соншалықты жоғары болады. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 2015203 теңгенi ( 13009475-10994272) көрсетедi, ал 2007 жылы төмен болып отыр, яғни ( 1995549-8056124) -6060575 мың теңгенi көрсетедi.
6. Негiзгi емес қызметтен түскен табыс - бұл негiзгi емес қызметтен алынатын табыстар сомасы. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 17719 мың теңгенi құраған, 2007 жылы жоғарылаған, яғни 174501 мың теңгенi көрсетедi.
7. Кәсiпорынның салық салғанға дейiнгi жиынтық табысы негiзгi және негiзгi емес қызметтен түскен табыстардың қосындысына тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 2032922 мың теңгенi (2015203+ 17719) көрсетедi, ал 2007 жылы төмендеген, яғни -7918996 мың теңгеге ауытқу байқалады.
8. Кәсiпорындағы ендiгi көрсеткiшiмiз - таза табыс. «Таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 1423045, 4 мың теңгенi құраған, ал 2007 жылы таза табыс болмаған.
9. Сатылған өнiмнiң 1 теңгеге шаққандағы шығыны кәсiпорында өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны мен кезең шығындарының қосындысының сатудан түскен табысқа қатынасын көрсетедi. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 0, 97 теңгенi, ал 2007 жылы 1, 25 теңгенi көрсетедi, яғни 0, 28 теңгеге ауытқу байқалады.
10. Өнiм тиiмдiлiгi кәсiпорын қызметi тиiмдiлiгiнiң ең басты экономикалық көрсеткiшi болып табылады. Өнiм тиiмдiлiгiне өнiмнiң немесе шығаратын тауардың сапасы да едәуiр ықпал етедi, өйткенi жоғары сапалы өндiрiлетiн тауарларды көтерiңкi бағамен сата алады. Кәсiпорында өнiм тиiмдiлiгi таза табыстың өнiмнiң өзiндiк құнымен кезең шығындарының қосындысының қатынасына тең. Бұл көрсеткiш бiздiң кәсiпорында 2006 жылы 1, 49 % -ды (1423045, 4 /8392+ +10994272) құраған, ал 2007 жылы таза табыстың болмауына байланысты болмаған.
11. Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш- сату тиiмдiлiгi. Сату тиiмдiлiгi 2006 жылы 1, 46 %-ды (1423045/ 96920587) көрсетедi, ал 2007 жылы бұл көрсеткiш те таза табыстың болмауына байланысты жоқ екенiн көремiз. Сату тиiмдiлiгi таза табыстың өткiзiлген өнiмнен түскен табысқа қатынасын көрсетедi.
12. Өндiрiс тиiмдiлiгiнiң жеткiлiктi жоғары қарқынды және бiрiңғай өсуiн қамтамасыз ету мүмкiншiлiгi тек дамудың интенсивтi түрiне өтуге жағдай жасайды. Өндiрiстi жан-жақты интенсивтендiру - оның тиiмдiлiгiн арттырудың шешушi себебi. Кәсiпорында өндiрiс тиiмдiлiгi таза табыстың негiзгi қорлардың орташа жылдық құны мен айналым қорларының орташа жылдық құнының қосындысының қатынасына тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 0, 47 % -ды көрсетедi, ал 2007 жылы таза табысқа байланысты бұл көрсеткiш болмаған.
13. Кәсiпорында 2006 жылы барлық жұмыскерлер саны 43 адам, ал 2007 жылы 42 адам болған, яғни 1 адамға кемiген.
14. Жұмыскерлердiң iшiнде жұмысшылар саны 2006 жылы 31 адам болған, ал 2007 жылы 1 адамға кемiдi, яғни 30 адамды құрайды.
15. Өндiрiс тиiмдiлiгiнiң ең басты көрсеткiшi еңбек өнiмдiлiгi болып табылады, ол өндiрiс нәтижесiмен, жұмыс iстеушiлердiң орташа тiзiм санының арақатынасымен немесе еңбек сиымдылығымен, өнiм бiрлiгiне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенедi. Кәсiпорында 1 жұмыскердiң еңбек өнiмдiлiгi өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың жұмыскерлер санының қатынасына тең. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 2253967, 1 мың теңгенi ( 96920587 / 43) көрсетедi, ал 2007 жылы кемiдi, (23881922 / 42) яғни 568617, 2 мың теңгенi құрады.
16. Кәсiпорында 1 жұмысшының еңбек өнiмдiлiгi өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың жұмысшылар санына қатынасын көрсетедi. Бұл көрсеткiш 2006 жылы кәсiпорында 3126470, 5 мың теңгенi (96920587 / 31) құрайды, ал 2007 жылы бұл көрсеткiш кемiдi, яғни өткiзiлген өнiмнен түскен табысқа байланысты 796064, 1 мың теңгенi ( 23881922 / 30 ) көрсетед.
17. Кәсiпорында 1 жұмыскердiң еңбекақы қоры жұмыскердiң орташа айлық еңбекақы қорын жұмыскердiң санына көбейтiп, оның мыңға қатынасына тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 12962, 1 мың теңгенi, ал 2007 жылы бұл 3439 мың теңгеге көбейген, яғни 16401, 1 мың теңгенi көрсетедi.
18. Кәсiпорында жұмыскерлердiң орташа айлық еңбекақы қоры 2006 жылы 8182, 1 мың теңгенi, ал 2007 жылы 9907, 8 мың теңгенi көрсетедi, яғни 121 %-ға жоғарылаған.
19. Бiр жұмыскердiң орташа айлық еңбекақы қоры кәсiпорында жұмыскерлердiң еңбекақы қорының жұмыскерлер санының қатынасына және оның он екi ай мен мыңға көбейтiндiсiнiң қатынасына тең. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 25120, 3 теңгенi ( 12962, 1 / 43 /12 * 1000) құраған, ал 2007 жылы 32541, 8 теңгенi ( 16401, 1 /42 / 12* 1000) көрсетедi, яғни 129 %-ға өскен.
20. Кәсiпорында 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы 2006 жылы 21994, 9 теңге, ал 2007 жылы 17521, 6 теңгенi көрсетедi, яғни 125 пайызға өскен.
21. Кәсiпорында келесi көрсеткiш бұл- негiзгi қорлардың орташа жылдық құны . Негiзгi қор бұл- еңбек құралдары. Олар кәсiпорында ұзақ мерзiм қызмет жасап, өндiрiстiк процеске әлденеше рет қатысады, сонның өзiнде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бiрақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемiтедi. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 2995422 мың теңгенi, ал 2007 жылы 3233075 мың теңгенi көрсетедi, яғни 2007 жылы 108 %-ға өскен.
22. Амортизация нормасы негiзгi қорлардың құнын өтеудегi жылдық процентi болып есептеледi. Ол экономикалық тұрғыдан негiзделiп, негiзгi қорлардың өз уақытында орнын толтырып туруы қажет. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 4, 9 %-ды құраса, ал 2007 жылы 25, 1 пайызды көрсетедi, яғни 2007 жылы амортизация нормасы 5, 2 есеге жоғары болып тұр.
23. Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш айналым қорларының орташа жылдық құны. Айналым қордың заттық мазмұны- еңбек заттары. Оның негiзгi қордан айырмашылығы сол- айналым қор өндiрiс процесiнде бiр рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетедi және өзiнiң бүкiл құнын пайда болған жаңа өнiмге қосады. Бұл көрсеткiш 2006 жылы болмаған, ал 2007 жылы 12832896 мың теңгенi көрсетедi.
24. Кәсiпорында негiзгi қорларды тиiмдi пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткiш- қор қайтарымдылығы болып табылады. Қор қайтарымдылығы өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың негiзгi қорлардың орташа жылдық құнының қатынасына тең. Қор қайтарымдылығы көрсеткiшiнiң артуы негiзгi қорларды пайдалануды жақсартатынын көрсетедi. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 32, 3 теңгенi, ал 2007 жылы 7, 38 теңгенi құрайды, яғни 22, 8 %-ға төмендеген.
25. Қор қайтарымдылығына керi көрсеткiш - қор сиымдылығы, яғни бұл негiзгi қордың өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың қатынасына тең. Қор сиымдылығы әрбiр өндiрiстiк учаскеде техниканы пайдаланудың қорытындылау көрсеткiшiне әсерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 0, 03 теңгенi ( 2995422 / 96920587) көрсетедi, ал 2007 жылы бұл 4, 3 есе өстi, яғни 0, 13 теңгенi (3233175 / 23881922) құрап отыр.
26. Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш- қор қарулануы. Қор қарулануы негiзгi қордың орташа жылдық құнының жұмысшылардың санына қатынасын көрсетедi. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 96626, 5 мың теңгенi (2995422 / 31) көрсетедi, ал 2007 жылы 11 %-ға өстi, яғни 107769, 1 теңгенi ( 3233075 / 30) көрсетедi.
27. Амортизация сомасы 2006 жылы 147246 мың теңгенi көрсетедi. ал 2007 жылы 809018 мың теңгенi көрсетедi, яғни 661772 мың теңгеге ауытқу байқалады.
3 Істеген бөлімшенің қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz