Жұмыспен қамту бөлімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3б

1. Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары . . . 7б

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау . . . 10б

3. Соғыс ардагерлеріне берілетін жеңілдіктер . . . 17б

4. Байғанин ауданының еңбек рыногының негізгі көрсеткіштері . . . 19б

5. Мүгедектерге көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдаулар . . . 23б

Қорытынды . . . 25б

Қосымша

Кіріспе

Мен, Қаратаева Элеонора Атақонысқызы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Басқару» факультетінің 4-курс студенті ағымдағы жылдың маусым айының 11 мен шілде айының 14 аралығында Ақтөбе облысы, Қарауылкелді ауылы, Қонаев, 37 мекен-жайында орналасқан Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өндірістік іс-тәжірибеден өттім. Аталған мемлекеттік мекеме Байғанин ауданында орналасқан халықты, атап айтқанда мүгедектерді, ардагерлерді, аз қамтылғандарды, жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мүдделерін қорғап, тиісті мемлекеттен бөлінетін жәрдемақылар мен басқада мемлекет тарапынан берілетін көмектердің берілуін қадағалап, қамтамасыз етеді.

Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2 бөлімнен тұрады және әр бөлім өздеріне тиісті жұмыспен бір -біріне тәуелсіз айналысады. Мемлекеттік мекеменің бастығы Спанова Шара Қуанышқызы Нархоздың түлегі.

1 бөлім. Жұмыспен қамту бөлімі.

Бөлімнің құрамы төрт мемлекеттік қызметкерден тұрады. Оның ішінде: бөлім меңгерушісі- Сағындықов Рахат Сағындықұлы, 2 бас маман - Ахметова Б. А., Жеткизгенов А. Т., 1 жетекші маман - Жанғалиев Н. С.

2 бөлім. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Бөлімнің құрамы он мемлекеттік қызметкерден тұрады. Оның ішінде:бөлім меңгерушісі- Алибекова Н., 1 бас маман - Қуан Л. Қ., 1 ардагерлер кеңесінің төрағасы- Тасин Н., 1 жетекші маман - Дүсіпова З. Б., 6 әлеуметтік қызметкер - Төкен С. Ж., Кәдірбаева Г., Орманова Р. Т., Рсалина Ғ. Ө.,

Дүзбаев М. С., Лекерова М. Ж.

Практикадан өту барысында мен төрт апта әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, бір апта жұмыспен қамту бөлімінде болдым. Маған әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың тәртібі мен жолын жетекші маман Дүсіп Задагүл көрсетіп, үйретті.

Осы бөлімшенің әлеуметтік жұмыскері Рсалина Ғалия мүмкіндігі шектеулі мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді айтып, түсіндірді. Маған өтініш берген мүгедектерге курорттық - санаториялық емге, протездік - ортопедиялық емге жолдама жазып беріп отыруды міндеттеді. Гигиеаналық құралдар алатын мұқтаж мүгедектердің тізімін жасап, олардың қанша және қашан алғандығын тіркеп отырдым.

Біз практикадан өткен уақыт тоқсандық, жарты жылдық есеп беру уақытына сәйкес келді және де осы уақытта облыстан тексеру келді. Сондықтан, мен практиканың біраз бөлігінде есептерді, басқада мемлекеттік қағаздарды компьютерге енгізумен айналыстым.

Облыстық маслихаттың шешімімен 2005 ж бастап аудандағы Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және олардың отбасыларына коммуналдық жеңілдіктер беріліп келеді. Бөлімнің бас маманы Қуан Лизаға селолық округтер бойынша коммуналдық жеңілдіктер алатын адамдарды анықтадық. Коммуналдық жеңілдіктерге салқын су, газ - баллон, қоқыс шығару, электр қуаты, абоненттік төлем, қатты отынмен (көмір) қамтамасыз ету жатады.

Группаластарымызбен салыстыра келіп, ҰОС және ауған соғысына қатысушыларына берілетін бұл көмектің барлық жерде берілмейтінін білдім. Мыс, Батыс Қазақстан облысында бұл көмек берілмейді екен.

Жұмыспен қамту бөлімінде маған жастар бағдарламасы бойынша жастарды қабылдау және компьютерлік курсқа адамдарды тіркеп отыру тапсырылды. Жастар бағдарламасы - аудандық прокуратура жанынан жастарды жұмыспен қамту мақсатында ашылған ақылы жұмыс. Оған мектеп немесе ЖОО бітірген адам қатыса алады. Жоспар бойынша жастар бағдарламасына осы жылы 13 адамды қамту керек болған, бірақ сол кездің өзінде жастар бағдарламасы бойынша 11 адам жұмыс істеп жатты.

Ал компьютерлік курс №1, №2 Қарауылкелді орта мектебінде және №19 кәсіптік - техникумда екі ай тегін түрде өткізілді. Алғашқы ай мұғалімдерге, дәрігерлерге және т. б. қызметкерлерге арналды. Ал екінші ай студенттерге, оқушыларға арналды.

Есеп беру кезінде өзім іс-тәжірибеден өткен Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары туралы қысқаша мәлімет беруді жөн көрдім.

Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлер құрамы

Р/с
Спанова Шара Қуанышқызы
Бөлім бастығы

1. Жұмыспен қамту бөлімі

1
Сагындыков Рахат Сагындыкович
Бөлім меңгерушісі
1: 2
Сагындыков Рахат Сагындыкович: Ахметова Батима Ахметқызы
Бөлім меңгерушісі: Бас маман
1: 3
Сагындыков Рахат Сагындыкович: Жеткизгенов Асет Тлеукабакович
Бөлім меңгерушісі: Бас маман
1: 4
Сагындыков Рахат Сагындыкович: Жанғалиев Нураддин Садықұлы
Бөлім меңгерушісі: Жетекші маман

2. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

1
Алибекова Нурзада
Бөлім меңгерушісі
1: 2
Алибекова Нурзада: Қуан Лиза Қуанқызы
Бөлім меңгерушісі: Бас маман
1: 3
Алибекова Нурзада: Тасин Нұрлан
Бөлім меңгерушісі: Ардагерлер кеңесінің төрағасы
1: 4
Алибекова Нурзада: Дүсіпова Задагүл Бағдаулетқызы
Бөлім меңгерушісі: Жетекші маман
1: 5
Алибекова Нурзада: Төкен Сәндігүл Жәмиқызы
Бөлім меңгерушісі: Әлеуметтік қызметкер
1: 6
Алибекова Нурзада: Кәдірбаева Гүлзада
Бөлім меңгерушісі: Әлеуметтік қызметкер
1: 7
Алибекова Нурзада: Орманова Римма Турикпенбаевна
Бөлім меңгерушісі: Әлеуметтік қызметкер
1: 8
Алибекова Нурзада: Рсалина Ғалия Өмірбайқызы
Бөлім меңгерушісі: Әлеуметтік қызметкер
1: 9
Алибекова Нурзада: Дүзбаев Маргулан Сансызбаевич
Бөлім меңгерушісі: Әлеуметтік қызметкер
1: 10
Алибекова Нурзада: Лекерова Мирамгүл Жұматжанқызы
Бөлім меңгерушісі: Әлеуметтік қызметкер

Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары туралы қысқаша мәлімет

Әлеуметтік көмек және жәрдемақылар тағайындау мен төлеу мәселелері бойынша:

тұрғындардың тұрмыс деңгейін анықтайтын экономикалық сипаттамасын, оның ішінде аудан тұрғындарының қол жеткен тұрмыс деңгейіне баға беруді талдау;

атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі жөніндегі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу;

халықтың тұрмыстық деңгейін және халықты әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын дайындауға қатысу;

жоғарғы тұрған органдарға әлеуметтік қорғау саласында қолданыста жүрген заңдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және енгізу;

жергілікті бюджеттен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және басқа да жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу туралы есеп беруді жинау;

халықтың тұрмыстық деңгейі, жергілікті бюджеттен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыссыз азаматтарға төленетін жәрдемақы және басқа да жәрдемақы түрлерін төлеу бойынша және кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы есеп беруді дайындау;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау, жергілікті бюджеттен төленетін тұрғын үй көмегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыз азаматтарға төленетін жәрдемақы және басқа да жәрдемақы түрлерін тағайындау, оларды тағайындаудың дұрыстығына тексеру жүргізу жөніндегі қалалық, селолық, округ учаскалық комиссиялар қызметін үйлестіру және оны бақылау;

Мүгедектермен, ардагерлермен және әлеуметтік мекемелермен жұмыс бойынша:

мүгедектердің сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, мәслихаттың бекітуіне ұсыну және оны іске асыру;

соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерді анықтау және есебін жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру;

арнаулы әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың желілерін дамыту;

мүгедек балалары бар отбасыларға, жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметтер ұйымдастыру;

соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және басқа да әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыруды қамтамасыз ету және оған бақылау жасау;

интернат үйлеріне қабылдайтын жұмысқа қабілеті жоқ азаматтар

мен мүгедектерді анықтау туралы арыздарды қарау және шешімдер

қабылдау, мүгедектерге және соғыс, еңбек ардагерлері мен мүгедектерге

пансионаттар менсанаторияларға баратын жолдамаларғасұраныс беру,

оған бақылау жасау;

мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүмкіндіктері шектеулі балаларды

медециналық-педагокикалық түзеуге қолдау көрсету мәселелері бойынша

денсаулық сақтау және білім органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

мүгедектектерді арнаулы жылжымалы жабдықтармен, протез-

ортопедиялық бұйымдармен, қамтуды жоспарлау;

мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды

шешуде жәрдем беру және олардың қызметін үйлестіру.

Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері

бойынша:

«Халықтық жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан аумағыда мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іс жүзіне

асыру;

Азаматтарды еңбекке орналастыру мамандыққа оқыту және оларды ақылы

қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Азаматтардың жұмыссыздық мерзімін қысқартуға бағытталған

жұмыстың жаңа жетік түрлері мен тәсілдерін енгізу, жұмыс іздеп келген азаматтарға және жұмыс берушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру;

тұрғындарды жұмыспен қамтудың аудандық бағдарламасын әзірлеу және оны іске асыру;

мүдделі органдармен бірлесе отырып кадрлар даярлау және оларды жұмысқа орналастырудың сұранысын анықтау;

еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес жұмыссыздарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру;

экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметін үйлестіру;

бөлім жұмыс іздеп келуші азаматтарды қабылдайды, тіркейді және есебін жүргізеді, жұмысқа орналастыруға бөлімнің құзырына жататын кеңістік қызмет көмектерін көрсетеді.

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Кент, ауыл әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган және кент, ауыл әкімі өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеруі туралы шешім қабылдауға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті мысал ретінде бір отбасын алып тағайындап көрейік. Мысалы, Абуев Бақыт Ермекұлының отбасында өзі, әйелі және 5 баласы бар. Осы отбасының 1 кварталдағы табысын есептейік. Әйелі үйде нан көміп айына 6000 тг табыс табады. Өзі «Еркебұлан» дүкенінде жүк тасушы болып айына 5000 теңге ақша табады. 18 жасқа толмаған балалары үшін мемлекеттік жәрдемақы 5460 тг құрайды. Сонда жиынтық табыс бір кварталға 49380 тг құрады, яғни айына 16460 тг болады. Жан басына шаққанда 2351 тг құрайды. Кедейшілік шегі -3760 тг. Бұл отбасы мемлекеттік атаулы көмек алуға толықтай құқылы. Жан басына шаққан табыс мөлшерін кедейшілік шегінен шегеріп, отбасы мүшесінің санына көбейту арқылы біз осы отбасыға тиісті мемлекеттік атаулы көмекті анықтаймыз. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің көлемі -9863 тг құрады.

1-кестеге талдау

Кестеде Сырым ауданының селолық округтеріндегі аз қамтылған

отбасылары туралы 2006-2007 жж мәлімет салыстырмалы түрде көрсетілген. Кедейшілікті төмендету бағдарламасы бойынша аз қамтылған отбасыларын анықтауға селолық округтарда 11 учаскелік комиссия құрылған.

Қызылағаш селолық округі: 2006 жылы 19 кедей отбасы анықталған. 1626 адамның 103 аз қамтылған деп танылып, оның 78-іне 767, 1 мың тг мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылғандар село халқының 4, 8% құрайды. Ал 2007 ж көрсеткіш өте жақсы. Өйткені, 2007 ж анықталған кедей саны 2006 жылмен салыстырғанда 70 адамға аз. Аз қамтылған 9 отбасының 8-іне, яғни 33 адамның 27-іне 210, 6 мың тг МАӘК тағайындалған. 2007ж аз қамтылғандар село халқының 1, 7% ғана құрады.

Жосалы селолық округі:2006 жылы 21 кедей отбасы анықталған. 2731 адамның 126 аз қамтылған деп танылып, оның 99-ына 708, 4 мың тг мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылғандар село халқының 3, 6% құрайды. 2007 жылғы мәліметте анықталған кедей саны 2006 жылмен салыстырғанда 87 адамға аз. Аз қамтылған 8 отбасына, яғни 39 адамға 225, 8 мың тг МАӘК тағайындалған. 2007ж аз қамтылғандар село халқының 1, 1% құрады.

Сарыой селолық округі:Анықталған кедей отбасының саны 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 11-ге азайған. 2006 жылы 64 адамға МАӘК тағайындалса, 2007 жылы 15 адамға тағайындалған. Демек, кедейшілік деңгейінен 11 отбасы шықты деген сөз.

Тоғанас селолық округі: 2006 жылы 15 кедей отбасы анықталған. 1831 адамның 81 аз қамтылған деп танылып, оның 61-іне 507, 6 мың тг мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылғандар село халқының 3, 3% құраған. 2007 жылғы мәліметте анықталған кедей саны 2006 жылмен салыстырғанда 66 адамға аз. Аз қамтылған 4 отбасына, яғни 13 адамға 111, 4 мың тг МАӘК тағайындалған. 2007ж аз қамтылғандар село халқының 0, 7% құрады.

Алғабас селолық округі: Аудан бойынша ең халқы аз округ. 2006 жылы 895 тұрғынның 43- іне 432, 2мың тг МАӘК тағайындалған. Аз қамтылғандардың үлесі 4, 8% құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 10 отбасы кедейшілік деңгейінен көтерілген. Аз қамтылғандар биыл село халқының 1, 2 пайызын құрады.

Бұлан селолық округі: Анықталған кедей отбасының саны 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 27-ге азайған. 2006 жылы 146 адамға МАӘК тағайындалса, 2007 жылы 27 адамға тағайындалған. Демек, кедейшілік деңгейінен 27отбасы шықты деген сөз.

Бұлдырты селолық округі: 2006 жылы 34 кедей отбасы анықталған. 2316 адамның 180 аз қамтылған деп танылып, оның 132-іне 1000, 5 мың тг мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылғандар село халқының 5, 7% құрайды. Ал 2007 ж көрсеткіш өте жақсы. Өйткені, 2007 ж анықталған кедей саны 2006 жылмен салыстырғанда 150 адамға аз. Аз қамтылған 5 отбасына, яғни 20 адамға 92, 4 мың тг МАӘК тағайындалған. 2007ж аз қамтылғандар село халқының 0, 9 пайызын ғана құрады.

Аралтөбе селолық округі - аудан орталығы. Халқының саны - 9338 адам. Аз қамтылғандар 2007 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 отбасыға азайған. Биыл анықталған 269 адамның 219 -ына 1330, 3 мың тг

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылғандардың үлесі 2, 3 пайызды құрап отыр.

Өлеңті селолық округі: Анықталған кедей отбасының саны 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 4-ке азайған. 2006 жылы 28 адамға МАӘК тағайындалса, 2007 жылы 12 адамға тағайындалған. Кедейлердің үлесі село халқының 1, 3 пайызын құрап отыр.

Кестені қорытындылайтын болсақ, 2007 жылдың жарты жылдығында аз қамтылған отбасылар улесі 1, 6 пайыз болып, яғни 95 отбасы 373 адам кедей отбасы анықталып, осы 95 отбасы ондағы 373 адамға 2409, 7 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 148 отбасына, 645 адамға азайып отыр.

2. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы

Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, белгіленген азық-түлік себетінің құнынан (Ақтөбе облысы бойынша 5640 тг) төмен отбасыларға тағайындалады.

Балаларға арналған жәрдемақы, әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленді, яғни 1092 теңге көлемінде.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. Балаларға арналған жәрдемақыны өтініш берілген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады, балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) өтініш берушіден немесе округтің Әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн ішінде істі қалыптастырады және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні хабардар етеді.

Ата-анасы (асырап алушылар), бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, 80 жастан асқан адамдардың, 3 жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда балалардың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.

Өтініш беруші, балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етпеген жағдайларда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі. (4 кесте)

Өтініш берушілер мына құжаттарды тапсыруға тиіс:

  • жеке кәуліктің көшірмесі;
  • СТН-ң көшірмесі;
  • ӘЖК-ң көшірмесі;
  • балалардың кәуліктерінің көшірмесі;
  • үй кітапшасының көшірмесі;
  • салық инспекциясынан жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды деген анықталса;
  • егер зейнеткер болса, зейнеткердің кәулігінің көшірмесі.

Балаларға арналған жәрдемақы төлеуді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтніш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

18 жасқа дейінгі көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны бір отбасын мысалға ала отырып, тағайындап көрейік. Мамаев Тауаш Берікұлының отбасында 18 жасқа толмаған 4 бала бар. Отбасының табысы айына 42000 тг құрайды. Бау-бақша егумен айналыспайды. Үйде үй жануарларын ұстамайды. Жан басына шаққанда табыс - 7000 тг құрайды, ал азық- түлік себетінің мөлшері 5659 тг. Демек, бұл отбасыға жәрдемақы тиесілі емес.

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 2-кесте.
: 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: Селолық округ аттары
: Тағайындалды
: Төленді
:
:
:
: саны
: жәрдемақының орташа мөлшері, теңге
: саны
: сомасы, мың теңге
:
:
:
: арыз берушілер
: оның ішінде балалар
: арыз берушілер
: оның ішінде балалар
:
:
:
: Ащы
: 69
: 198
: 956
: 80
: 224
: 1308, 6
:
:
:
: Көлтабан
: 74
: 249
: 840
: 75
: 257
: 1458
:
:
:
: Қопа
: 52
: 159
: 902
: 51
: 150
: 991, 8
:
:
:
: Сартоғай
: 59
: 180
: 774
: 59
: 178
: 957, 1
:
:
:
: Жаңажол
: 41
: 95
: 911
: 34
: 82
: 519, 3
:
:
:
: Жарқамыс
: 99
: 294
: 855
: 114
: 343
: 1791, 4
:
:
:
: Қызылбұлақ
: 66
: 197
: 991
: 62
: 186
: 1172
:
:
:
: Қ-келді
: 304
: 769
: 857
: 333
: 828
: 4618, 7
:
:
:
: Миялы
: 35
: 91
: 866
: 37
: 95
: 472, 8
:
:
:
: Барлығы
: 799
: 2232
: 875
: 845
: 2343
: 13289, 7
:
:
:

2-кестеге талдау

Кестеде Байғанин ауданына қарасты селолық округтердегі 18 жасқа дейінгі көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы туралы мәлімет келтірілген. Кестеде көрсетілгендей, арыз берушілердің саны Қарауылкелді селолық округында көп. 333 отбасының арызы қабылданып, 828 балаға 4618, 7 мың тг ақша төленген. Аудан бойынша барлығы 845 отбасы ондағы 2343 балаға 13289, 7 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді. Аз қамтылған отбасыларды анықтауға және нақты көмек көрсету мақсатында барлық селолық округтерде 11 учаскелік комиссиялар құрылып, осы отбасыларына әлеуметтік карталар толтырылды.

3. Соғыс ардагерлеріне берілетін жеңілдіктер

Аудандағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, олардың жесірлеріне және ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 2005 жылдың ақпан айынан бастап облыстық маслихаттың шешімімен коммуналдық жеңілдіктер беріліп келеді.

3 - кестені талдау

Кестеде Байғанин ауданы бойынша ҰОС және ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне берілетін коммуналды жеңілдіктер туралы ақпарат көрсеттім. ҰОС қатысушылар мен мүгедектері аудан бойынша 22 адам. Олардың 5-еуі(23%) ғана салқын сумен, 20 (91%) газ-баллонмен, 7(32%) адам қоқыс шығарумен, барлығы 100% электр қуатымен, 20 адам (91%), абоненттік төлеммен, 19(86%) қатты отынмен қамтамасыз етілген. Бұл категорияға 765831 тг ақша бөлінген.

ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне көрсетілетін коммуналдық жеңілдіктерді талдайын. Аудан бойынша ҰОС ардагерлерінің жесірлері 93 құрады. Олардың 17(18%) салқын сумен, 93(100%) газбен қамтамасыз ету (баллон), 86(92%) электр қуатымен, 58(62%) телефонмен, 77(83%) қатты отынмен (көмір) қамтамасыз етілді. . Аталған категорияға барлығы 1846163 теңге аударылған.

. Аудан бойынша ҰОС қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері 4 адам. Бұл категорияға 142754 тг бөлінген. Олардың 2-еуі(50%) ғана салқын сумен, 4 (100%) газ-баллонмен, , барлығы 100% электр қуатымен, 3 адам (75%), абоненттік төлеммен, 100% қатты отынмен қамтамасыз етілген.

Аудандағы ауған соғысына қатысушылар мен қайтыс болған жауынгерлердің жанұяларына аударылған коммуналдық жеңілдік 10 отбасына 506000 тг аударылған. Олардың 2-еуі(20%) ғана салқын сумен, 100% газ-баллонмен, барлығы 100% электр қуатымен, 5 адам (50%), абоненттік төлеммен, барлығы 100% қатты отынмен қамтамасыз етілген.

Қорытындыласақ, коммуналдық жеңілдік алуға тиіс 129 адамның 26(20%) ғана салқын сумен, 127 (98%) газ-баллонмен, 7(5%) адам қоқыс шығарумен, 122(94%) электр қуатымен, 86адам (67%), абоненттік төлеммен, 110(85%) қатты отынмен қамтамасыз етілген. Барлығы 3260748 тг ақша бөлінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс беруші Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту
Облыс әкімі
Еңбек нарығындағы жастар
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық талдау
Еңбек рыногы
Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру кепілдіктері
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz