Аудандық салық төлеушілер бөлімі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА КОЛЛЕДЖІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе жөніндегі

Е С Е П

Орындаған: Есеп және аудит мамандығы бойынша 3 курс студенті – СЕРГЕЙ
САБИНА

Тәжірибе орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданының Салық басқармасы

Тәжірибе өткен мерзім ______ _______ 20 ж.
Өндірістік есепті тапсыру мерзімі ______ _______ 20 ж.

Тәжірибе жетекшісі: э.ғ.к., аға оқытушы Алманиязова Қуаныш

Тәжірибе есебі қорғалды ______ _______ 20 ж.

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІ

5. САЛЫҚТАРДЫ МӘЖБҮРЛІ ӨНДІРІП АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

6. АКЦИЗДІК ТАУАРЛАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ЖАСАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

7. САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

9. ҚР САЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

10. КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

11. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ

12. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІПТЕРІ

13. ЖАНАМА САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕПТЕСУ

14. ЖЕР САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІПТЕРІ

15. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ

16. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР МЕН АЛЫМДАР

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Кез-келген өркениетті елдің экономикалық-әлеуметтік дауында салықтар
мен міндетті төлемдердің алатын орны өте жоғары. Салықтар мемлекеттік
бюджеттің негізгі кіріс көзі бола отырып, ол халықшаруашылығы саласының,
экономиканың, жалпы қоғамның тұрақты болуына және оның барған сайын
дамуында қозғаушы күш ретінде қызмет атқарады. Еліміздің салық салу жүйесі
Қазақстан Республикасы экономикасының ынталандырушы және реттеуші жүйесінің
бiрi болып табылады.
Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға
қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың экономикалық мәні -
шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу
жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (әріқарай ЖІӨ)
белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті
ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты
түрдетөлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму таихында салықтың
нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттіліктеріне қарай
бейімделіп өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен
түсініктемелер берілген. Мәселен, Салық кодексінде Салықтар – мемлекет
біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін,
қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті
ақшалай жарналар деп атап көрсетілген. Осы аталған мәсіелелер тұрғысынан
алғанда жоғарғы орнын бітіруші болашақ Есеп және аудит бағыты бойынша
мамандар ҚР-ның салық жүйесінің қалыптасу тарихын, оның құрылымын, салық
саясатын, салық салу механизімін, салықтық органдардың құқықтары мен
міндеттерін, мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті
төлемдер мен алымдардың есептелу тәртіптері мен олар бойынша заңды және
жеке тұлғалардың есеп айырысу әдістерін толығымен білуге және меңгеуге
тиісті. Сол мақсатпен мен өзімнің диплом алдындағы өндірістік тәжірибемді
Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасында өткіздім.

1. САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық Басқармасынан
және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы
мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен турады. Салық
қызметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық
басқармасының салық полициясы басқармасынан, облыстардағы, Алматы және
Байқоңыр қалаларындағы салық полицияларынан тұратын салық полициясы
органы жұмыс істейді.
Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың
төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың
төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті, ал оның орынбасарлары және
салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды.
Облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы
мемлекеттік салық комитеті басқармасы және бөлімдері бастығын және
мемлекеттік салық комитетінің басқарма бастықтарын Мемлекеттік салық
комитетінің төрағасы тағайындайды.
Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып
табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық
қызметі органдары орталык, және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен,
құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара
қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға
сәйкес өзара ақиарат алмасады Мемлекеттік өкімет органдар Қазақстан
Республикасьшың салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге
басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөшндегі
міндеттерді атқаруында, салық бұзушылык, пен қылмысқа қарсы күресте салық
қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін
зерделеу;
- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен
жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық
заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы
салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:
1) салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау
және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы
төленуіне бақылау жасау;
2) салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін уақтылы
алу;
3) салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және басқа
құжаттардың нысандарын әзірлеу;
4) салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге,
салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және
жеке тұлғаларға заңға сөйкес шаралар қолдану;
5) салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салык,
полициясының бөлімшелерімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
6) мәліметтер құпиясын сақтау.
Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар
негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік
кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы
қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын, декларция мен
бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты
құжаттарын тексеруге;
2) ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер
барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар , ауызша және
жазбаша түсініктеме алуға;
3) салық полициясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін
жүргізуге;
4) өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес,
ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе турған жеріне қарамастан,
салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланылатын кез келген
өндірістік, қойма, сауда, және басқа да үй-жайларын тексеруге құқы бар.
Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметі органдарының лауазымды
адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберуден бас тартқан жағдайда
салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың
табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;
5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және
азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;
6) салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде, салық
төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының
тізімдемесін жасауға;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен оның
бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін
қалған пайданың бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша
тексерулер жүргізуге;
8) қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден,
биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың
кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындаш ақша қаражатының жай-
күйі туралы мәліметтерді алуға.
Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару
барысында оларды заң қорғайды және республикалық бюджет қаржы есебінен
міндетті түрде жеке сақтандырылуға тиіс.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары
тиіс:
1) уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
2) мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп
құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
3) белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
4) атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді
жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға
төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
5) салық заңдарын, салык, төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін
қатаң сақтауға.

2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ

Казақ КСР Қаржы Министрлігінің №112 қаулысы бойынша 16 наурыздын 1990
жылдарында “Қалалылық Мемлекеттік Салық Инспекциясы” құрылды, ол Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің басты мемлекеттік инспекциясы
негізінде жұмыс жасады. 1991 жылы қаңтардың 9-да КазақКСР-дың
министрлігінің №520 қаулысы бойынша Салық Инспекциясы Қаржы Министрлігінің
құрамынан шығып тәуелсіздік мемлекеттік басқару органы мәртебесіне ие
болды. Ал 1992 жылдың 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің
№963 жарғысы бойынша және осы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің №59 бұйрығымен бас Салық Инспекциясы
1992 жылы қарашаның 11-де Қаржы Министрлігінің №151 бұйрығы бойынша
қайтадан Қаржы Министрлігінің құрлымыны енді. 1996 жылы 27 қаңтардан бастап
12 желтоқсан аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік Салық Инспекциясы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Басты Мемлекеттік Салық
Инспекция атауына өзгертілді.

Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы Алмалы ауданының салық
инспекциясы 12 желтоқсан 1996 жылдан 1997 жылдың 18 желтоқсанына дейін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Салық комитеті және 18 желтоқсан 1997
жылдан бастап 12 қазан 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі негізінде “Алматы қаласының салық басқармасының
мемлекеттік мекемесі” болып табылады.
1998 жылыдн 12 қазанынан келесі жылдың 24 наурыз 2000 жылдарға дейін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер министрлігнің Алматы қаласы
Алмалы ауданының Салық комитеті болып табылады. Ал 27 наурыздын 2000
жылынан бастап қайтадан Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің
Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті болып табылады. Қазақстан
Республикасының Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті 1 шілде де
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Алмалы
ауданының Салық департаментіне өзгертіледі.
Тарихи мәліметтер мен кіріспе тізімдемелері 1990-2003 ж.ж. №1 бойынша
Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынып жасалынған.

1 кесте – Алмалы ауданының экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
АУДАННЫҢ АУМАҒЫ шаршы км 53 53
ТҰРҒЫНДАР САНЫ, 167,3 168,6
соның ішінде: мың адам
а) экономикалы белсенді 85,5 88,6
тұрғындар мың адам 44,7 34,5
б) экономикалы белсенді
еместер
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДАҒЫ млн. теңге 25688,8 28765,6
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

2 кесте – Алмалы ауданы бойынша өнеркәсіп көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
1 Бар өнеркәсіптегі млн. теңге 46441,1 76030,2
өнеркәсіп өнімінің
көлемі, соның ішінде
2 50 адамнан көп адам санымлн. теңге 30171,0 50996,5
бар кәсіпорындар бойынша
3 Барлық өнеркәсіп бойынша% 121,5 130,2
көлем индексі
сонымен қоса 50-ден аса % 118,7 128,8
адамымен бірге

3 кесте – Алмалы ауданы бойынша шағын кәсіпкерлік көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
1 Салық комитетінің
мәліметі бойынша
шағын кәсіпкерліктің бір. 12928 20457
барлық субъектісі,
қызмет ететіні бір. 8480 14354
қатысушы адамдар саны адам 21979 35100
2 Бюджетке түсетіні млрд. теңге 10,2 14,0
3 Салықтардан түсетін үлес% 23 30
салмағы

4 кесте – Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік меншік көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
Мемлекет бір. 159 155
жекеменшігіндегі
нысандар саны,
соның ішінде: бір. 104 141
а) коммуналды жекеменшікбір. 55 14
б) республикалық
жекеменшік
БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ САНЫ бір. 2 5

5 кесте – Алмалы ауданы бойынша иелік етуші нысандар

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
1 Иелік етуші нысандар саны, бір. 8043 7334
сонын ішінде заңды тұлға
ұйымының пішінінде:
- МК, бір. 117 115
соның ішінде қазыналық: бір. 14 12
- АҚ бір. 261 233
- Шаруашылық серіктестігі бір. 7214 6691
- БК бір. 437 283

6 кесте – Алмалы ауданы бойынша мемекеттік бюджетке салықтық түсімдер

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
1 Мемлекеттік қазынаға млн. теңге 33611 46458
жиналғаны – барлығы,
соның ішінде:
- жергілікті млн. теңге 16995 20736
- республикалық млн. теңге 16616 25722
2 Болжамның орындалғаны % 113,6 111,7
3 Бюджетке салымдар млн. теңге 305,5 279,2
бойынша түспегені
(01 қаңтарға)
Барлық шығын млн. теңге 2081,8 3285,4

7 кесте – Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының өзара есеп айрысу
көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер атауы өлшем 2008 ж. 2009 ж.
рс бірліктері
1 Дебиторлық қарыз млрд. теңге 89,2 135,6
соның ішінде мерзімі млрд. теңге 0,5 2,2
өткені
2 Міндетті қарыздар млрд. теңге 194,6 265,1
соның ішінде мерзімі млрд. теңге 1,9 0,9
өткені
3 Жалақы қарызы млн. теңге 0 66,0
соның ішінде мерзімі млн. теңге 0 0
өткені

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы
заңдарын шығарып, соның негізінде жұмыс ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол
сияқты Салық инспекциясының да өзіне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар.
Осы заңдарда, ережелерде аталмыш ұйымның қызметтері мен міндеттері туралы
айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.
Әрбір салық комитетінің басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
1. Талдау және болжау бөлімі.
2. Төлемдерді есепке алу.
3. Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.
Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген
есеп берулерді құру және ұсыну.
Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және
басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және
соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің
Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және қалалық, аудандық
Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды
жүргізу және ұйымдастыру.
Мемлекеттік және аймақтық деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық
мониторингін жүргізу.
Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және
салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі
кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын
жасау.
Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді
қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау
жасау.
Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен заң
актілерінің тиімділігін анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге
асуына ұсыныстар енгізу.
Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып
Қазақстан Республикасының Салық Комитеті жұмыс тәжірибесін қорыту.
Басқарма болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқу динамикасын
анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің
белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша
жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Салық және
басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық
пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық
төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық
комитеттерінен есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын,
өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға
қатысады.
Есепке алу бөлімі - бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады.
Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген
салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады.
Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық
бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және аймақтық
деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және
ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы
мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден
түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып
қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын
анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін
ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады. Қазақстан Республикасының
мемкеттік бюджетте салық 1995-2001 жылдың бірінші жартысына дейін
есептелген. 1995 жылы жалпы салықтан түсім 105170 млн. Теңге құраса 2010
жылдың І-жартысына дейін 28668086 млн. Теңге құрап отыр.
Әр жылда осы түсім бойынша өзгерістер мен ауытқулар 1 кестеде
көрсетілген.
Ал салық бюджеттің түсімінің қанша бөлігін құрайтынына келсек 1995 жылы
64,4 пайыз екен. Әрине әр жылда әр қалай. Бүгінгі таңға дейін салық
бюджеттің 89,4 пайызын құрап отыр.
Алмалы аудандық салық басқармасының барлық бөлімдері өз жұмыстарын
Президентінің Заңдық күші бар “Салық және бюджетке төленетін міндетті
төлемдер” жарлығы бойынша қызмет атқарады. Барлық бөлімдер қызмет көрсету
барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан
Республикасының заңдары мен заңдық күші бар жарлықтарды, Қазақстан
Республикасының Президентінің шешімдерімен, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министірлігінің басқа да нормативті
актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
1) Аудандық салық төлеушілер бөлімі.
Салық төлеушілерге кеңес береді (декларацияны толтыру, тіркеу формалары
және т.б.) декларацияларды қабылдайды, жобаланатын табыс туралы
анықтамаларды және есеп айырысуларды жүзеге асырады. Визуалды бақылауды
(барлық граффалардың дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың, мөрдің және т.б)
бірінші математикалық логикалық,яғни айқын қателерді тексереді мысалы:
салықтың табыстан көп болуы сияқты қателерді тексереді және дұрыс
толтырылған құжаттарды ақпараттық жабдықтау бөліміне береді.
2) Ақпараттық жабдықтау бөлімі.
Ақпараттық жабдықтау бөлімін бөлім бастығы басқарады, ол жұмысты
ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттерді және сол бөлімдегі
қызметкерлердің міндеттерін белгілейді. Бөлімге келесі функционалдық
міндеттер жүктелген:
- Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесімен сонымен
қатар ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, ҚҚС АЖ көмекші ақпартаттық жүйелерімен жұмыс
жасауға үйрету;
- аудандық әкімшіліктендіру деңгейінде ақпараттық жүйелер туралы арнайы
анықтамалық оқулықтар беруді ұйымдастыру, бақылау қажет;
- салық комитетінің техникалық және ақпараттық қажеттіліктерін
толығымен қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау;
- ағымдағы есептердің орындалуын: сальдоны есептеу, өсімдердің өсуін,
қажетті ақпараттарды құруға, көмекші программалардың файлдарын жүктеуге
міндетті;
- Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігінің тапсырмасы бойынша
тапсырылатын бір рет орындалатын ақпараттардың уақытысында орындалуын
қамтамасыз ету;
- техникалық оқуларды өткізу;
- бюджетке уақытысында төленбеген 1-ші есеп беру бойынша айлық есеп
берудің орындалуын қамтамасыз ету;
- бюджетке төленетін міндетті төлемдердің соммасы жайлы есеп беру
кәсіпорынның түріне байланысты, жеке тұлғалардың экономикалық іс-әрекетіне
байланысты дайындалады;
Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасысының ережесін” және
Жемқорлықпен күрес жайлы Қазақстан Республикасының заңының орындауға
міндетті.
Аудандық салық комитеттердің қолданатын программасы, ол Қазақстан
Республикасының интерленген салық ақпараттық жүйесі (ИСАЖ). Ол Қазақстан
Республикасының салық органдары мен салық төлеушілері арасында қолданатын
біріккен ақпараттық ортасы. Қазақстан Республикасының ИСАЖ жүйесінің
негізінен ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігімен,
Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін байланыстыру ортасы болып
табылады.
ИСАЖ негізгі басылымдылықтары болып мыналар табылады: салық
төлеушілердің мемелекеттік реестрлерін бір орталықтан жүргізу, яғни салық
төлеушілерді тіркеу, есептен шығару, салық төлеушілер жайлы қосымша
мәліметтер енгізу, автоматты түрде жеке есеп айырысу шоттарын ашу.
ИСАЖ бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: салық төлеушілерді тіркеу
қажетті құжаттарды қабылдау, алынған мәліметтерді сақтау, салық
төлеушілерге регистрациялық нөмір беру және тіркелгені жайлы растау құжатын
береді.Аудандық деңгейде тіркелу жайлы өтініш қабылданып республикалық
деңгейге жіберіледі, республикалық деңгейде жеке шоттарды жүргізу
декларациялардың өңделуін штрафтардың есептелуін, салық төлеушілердің артық
төлеген төлемдерін қайтарады. Салық төлеушілердің жеке шоттары туралы
мәліметтер Астана, Алматы қалаларында облыстық деңгейдегі мәліметтер,
мәліметтерді тіркеудің соңғы қорытындылары жүзеге асады, содан кейін салық
төлеушілерге тіркеу нөмері (СТН) беріліп мәліметтер базасында
сақталады.Салықтық әкімшілік етудің негізгі есебі ол: салық операцияларын
жоспарлау, орындалуын бақылау, генерациялау болып табылады. Негізгі
атқаратын функциясы құжаттар айналысын автоматтандыру, тексеру
қорытындыларын өңдеу, хабарламалар генерациясын автоматтандыру.
3. Құқытық жабдықтау бөлімі.
- аудандық салық комитетінің экономикалық-бақылау жоспарын жасауға
қатысады және оның кезекпен орындалуын қамтамасыз етеді;
- белгіленген заңдарға сәйкес аудандық салық комитетінің құқық қорғау
және басқа мемлекеттік мекемелерде ұсыну міндеті жүктеледі;
- аудандық салық комитетінің талап ету жұмыстарын ұйымдастыруға
жүргізуін міндетті;
- салық төлеушілермен салық комитетінің арасында болатын
түсінбеушіліктерде шешімдерін табуға міндетті;
- мемлекет мұра ретінде берген мүліктерді бағалауға, сақтауға, есеп
беруді жүзеге асырады;
- аудандық салық комитетінің басқа бөлімдерін қүқықтық ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі орындаулуын
бақылайды, басқа мекемелерге жіберілетін түсініктеме түріндегі хаттардың,
шешімдердің дұрыстығын тексереді;
- салық төлеушілер арасында нормативті құқықтық актілерді түсіндіру
жұмыстарын жүргізеді.
4 Іс-құжаттардың айналысы және кадрлар жұмысын ұйымдастыру.
Бұл бөлім өз жұмысын басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге
асырады, басқа бөлімдерге жүктелетін функционалдық міндеттерді
қызметкерлерінің қызметтерін белгілейді.
Бөлімге ұйымдастыру жұмыстары бойынша келесі функционалдық міндеттер
жүктеледі:
- тоқсандық, жылдық жоспарлардың өнделуін және экономикалық-бақылау
жұмыстарының өз уақытысында орындалуын бақылау;
салық комитетінің жұмыстарын жақсарту - әрбір бөлім бойынша олардың
функционалдық міндеттер шеңберін анықтау;
- аудандық салық комитетінің басқармасына салық комитетінің жұмысын
жақсарту жайлы ұсыныстар жасау;
- басқарманың ағымдағы және қорытынды ақпараттарды уақытысында алуын
бақылау;
- жоғарғы органдардың сұранымдарына уақытылы жауап қайтарылуын бақылау;
- қалалық салық комитетінің жоспарлы кеңестерінің хаттамаларын
құрастыру;
- салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық кодексіне
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіретін
семинарлар,кеңестер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Кадрлар жұмысы бойынша:
- барлық қызметкерлердің дербес ісін жүргізуге, яғни дербес
кітапшаларын толтырады;
- жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кезекті демалыс және т.б бұйрықтар
шығарады;
- комиссиялар кеңесін өткізуді ұйымдастыру мемлекеттік қызметкерлердің
аттестациясын өткізу;
- қызметкерлердің істеген жылына байланысты еңбек стажын белгілеу;
- қызметкерлер бойынша статистикалық есеп беруді дайындау.
Архив жұмыстары бойынша:
- салық төлеушілердің құқытық істері жөніндегі құжаттардың уақытылы
жиналуына;
- салық төлеушілердің сұранысы бойынша басқа аудандық салық комитетіне
ауысуына байланысты қосымша құжаттарды тағайындау.
Іс-қағаздары бойынша:
- бөлім басқармаларына хаттардың уақытысында тапсырылуын орындау;
- телефонограмма, факс бойынша жіберілетін хабарлардың жауапты
қызметкерлерге уақытысында тапсырылуын қамтамасыз ету.

3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

Негізгі атқаратын қызметтері заңды тұлғалардың есептіліктерін қабылдау,
арнайы салық режимі бойынша тіркеу карточкаларын беру, қосылған құн салығы
бойынша есепте тұрған салық төлеушілерді есепке алу немесе есептен
шығарып тастау, белгіленген мерзім бойынша қағаз түрінде, почта арқылы
салық есептілігін қабылдау, әр салық есептілігін мәліметтер базасында
тіркеу екі рет тіркеу нөмерінің берілмеуін жібермеу.Тоқсандық есептілік
бойынша салық төлеушілердің жеке есеп айырысу шоттарын түгендеу белгіленген
мерзімі бойынша есептілік тапсырмаған кәсіпорындардың есеп айырысу шоттарын
жабу және бұндай мәліметтерді өндіріп алу бөліміне береді. Заңды тұлғалар
бөлімі басқа бөлімдер сияқты өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Салық
кодексі бойынша жүзеге асырады.
Бөлім жұмысы Қазакстан Республикасының Салық және басқа да міндетті
төлемдер бойынша Кодекспен, Қаржы министірлігі салық департаментінің
нормативтік актілерімен, салықтық есеп-қисапты өңдеу бөлімі жұмысының
жағдайымен басқарылады.
Бөлім бастығы міндеттері:
1. Бөлім жұмысын жалпы басқару, ұйымдастыру және үйлестіруді жүзеге
асыру;
2. Салық басқармасы Төрағасының хаттамалық тапсырмаларын, Салық
басқарма Төрағасының орынбасарларының тапсырмаларын уақтылы және лайықты
орындалуын қамтамасыз ету;
3. Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа
заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;
4. Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту
жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;
5. Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша
ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;
6. Салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын жүргізу;
7. Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға
қатысу;
8. Басқарма басшылығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да
құжаттарды дайындау;
9. Бөлім қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына және
қызметтік тәртіпті сақтауына бақылау;
10. Бөлімнің Жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды лайықты және
дер кезінде орындауына ұдайы бақылау;
11. Бөлім қызметкерлерін дайындау және кәсіби деңгейін арттыру;
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету;
13. Алмастыратын инспектор-бас салық инспектор.
Бас маман-бас салық инспекторының міндеттері:
1. Бөлім бастығының тапсырмаларын уақтылы және тиісті түрде орындалуын
қамтамасыз ету;
2. Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа
заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;
3. Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту
жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;
4. Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша
ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;
5. Мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің салған сұрауына жауап
беру;
6. Мемлекеттік органдар және салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын
жүргізу;
7. Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға
қатысу;
8. Бөлім бастығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да құжаттарды
дайындау;
9. Бюджет түсімінің болжамының орындалуы туралы апта сайынғы
есептілікті құрастыру;
10. Камералдық бақылау, ЖК әңгімелесу және консультация беру;
11. Дербес есепшоттарды жүргізуге бақылау жүргізу;
12. 911.00 формалы өтініштерді қабылдау мен өңдеу және патенттерді
беру;
13. Салық есептілігі формаларын қабылдау, тіркеу және енгізу.
Қабылданған және ҚСЕ-ке енгізілген саны бойынша мәліметтерді ұсыну;
14. Табыстары туралы анықтамаларды беру;
15. Салық басқарманың басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
16. Болжаулы деректердің орындалуы туралы мерзімді есептілікті
құрастыру;
17. Бөлім бастығы болмаған кезде оның міндеттерін атқару;
18. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері анықталған жағдайда
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және құқық бұзушылық
табылған сәттен бастап заңнамада белгіленген мерзімде іс бойынша барлық
материалдармен қоса қаулыны ресімдеу үшін заң бөліміне жіберу.
19. Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту
жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау және 103101 БЖК
орындалуы бойынша талдау жасау;
20. Мемлекеттік қызметтер көрсету;
21. Алмастыратын инспектор - бас салық инспектор.
Егер де кәсіпорындар тексерілетін құжаттарды толығымен ұсынбаса,
тексеруге қарсы болған жағдайда қаржы полициясына хабарлайды. Бөлімге
негізгі топтар бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
- шаруашылық субъектілердің камералды тексерулерін жүзеге асырады;
-2 Н формасындағы есептілікке қажетті мәліметтерді талдау.
- әкімшілік жазаға тартылатын салық төлеушілердің хаттамаларын құқықтық
бөлімге беру;
- акт-сверкалар бойынша жеке есеп айырысу шоттарындағы төленбеген
салықтардың толық төленуін тексеру;
- құқық бөліміне заңға қайшы келген құжаттарды беру;
- Салық Кодексіне сәйкес келмейтін инспекторлардың іс-әрекеттері жайлы
заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап оны тексеру;
- техникалқ тексеруді қамтамасыз ету тобы бойынша орындалатын іс-
әрекеттер;
- бұрын болған тексерулер жайлы мәліметтер ұсыну;
- жеңілдіктер берілген кәсіпорындар жайлы мәліметтер ұсыну;
- тексерілетін кәсіпорынның активі,банктегі есеп айырысу шоты, сауда
нүктелері жайлы ақпарат дайындау;
- Алматы қаласының кедендік басқармасына, қалалық жер ресурстар
комитетіне, жылжымайтын мүлікті бағалау басқармасына және де басқа да
мекемелерде лицезияларының бар болуы жайлы сұраныс жіберу;
- кәсіпорындардың кассалық аппаратары бар ма? бар болса, салық
комитетінде тіркелген бе? тіркелсе оның тұрақты есеп беруін және кассалық
тәртібін тексереді.

Заңды және жеке кәсіпкерлердің кіріс және шығыс карточкалары

4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІ

Алмалы ауданы салық басқармасының жеке тұлғалармен қызмет ету бөлімі
жеке тұлғалардың салық комитетіне ұсынған декларациялардың айқындығын
тексереді, 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, шетел азаматтары
болса немесе шетелде табыс тапқан жеке тұлғалардың салық төлемдерінің дұрыс
есептелуін қадағалайды. Сонымен қатар жеке тұлғаларға салынатын
салықтардың мезгілінде бюджетке түсіп отыруын қамтамасыз ету. Инспекторлар
өздеріне белгіленген аумағы бойынша салық жинауды жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңына және жылы
қабылданған Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер
туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне 01.01.2009 жылынан бастап
енгізілген өзгерісіне сәйкес жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттәк тіркеуден
өту үшін салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарына
келесі құжаттар тапсырылады.

Уәкілетті тіркеу органымен бекітілген жеке кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін өтініш.

Сурет құжатты рәсімдеу мезетінде өтініш берушінің жасына сәйкес болу
керек. Компьютерлік сканермен,үлгілеу әдісімен дайындалған бейнелерді
пайдалануға рұқсат етілмейді.

Жеке кәсіпкердің тұрақты мекен жайын растайтын құжат.

Жеке кәсіпкердің тұрақты мекен жайын растайтын құжат азаматтардың үй
кітапшасы немесе жылжымайтын мүлікке немесе оны пайдалануға меншік құқығы
бар екенін растайтын құжат болып табылады.
Егер өтініш беруші кәмелеттік жасқа толмаған болса жоғарыдағы аталған
құжаттарға қосымша екі бірдей ата анасының,асырап алушының немесе
қамқоршының келісімі қажет,егер мұндай келісім блмаған жағдайда кәмелетке
толмағанды толығымен қабілетті деп хабарландыру туралы соттың шешімі қажет.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу алымы төленгенін дәлелдейтін
құжат(тіркеу алымы төлегенін дәлелдейтін квитанциясы).
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуі қызметі салық органдарымен тегін
жүзеге асырылады,айырмашылығы;
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алымы,алымды төлеу күнінде
қолданыстағы екі еселенген айлық есепті көрсеткіші (әрі қарай АЕК)(2009
жылы -2 546 теңге (1 273 (АЕК)х2).
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу куәліктің көшірме нұсқасын алу
үшін айлық есептік көрсеткіштен АЕК тен жирма бес пайыз құрайды немесе
1413 теңге.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алымы және кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркеуге құжаттарды немесе куәліктің көшірме нұсқасын алуға
өтінішті беруден бұрын төленеді.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алым төлеушілері болып
табылмайды ,яғни жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алымын төлеуінен
босатылады.
Шаруа қожалықтары Бірінші,екінші және үшінші топтағы мүгедектер
Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi: 
1) дара кәсіпкерлер үшiн: 
- дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа
тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; 
- салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 
Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны
қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық
өтінішті табыс етедi.
Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірмей табыс етеді.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара
кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып
табылады.
Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде
табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп
айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы
салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган
белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды
қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі.
Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді,
міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса
беріледі.
Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған
құжаттарды табыс етпейді.
Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы
салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы
патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар
табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе
уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы
шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге
қол қойылып тапсырылады.
Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 429-баптарында аталған талаптарға
сай келмеуі патент беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы  куәлiк  көрсетiлмейінше, патент
жарамсыз болады.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк
қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсiпкер орналасқан жері
бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен
салықтық өтiнiшті табыс етеді.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық
өтініш негізінде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық
органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерікті түрде тоқтату
кезінде салықтық өтініш патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін
табыс етіледі.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн
шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:
1) шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні
ішінде: арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті;
егер нақты табысы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс
мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты
табыс етуге;
2) осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодексте
белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де
арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.
Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына
сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны
сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей
белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі
ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:
1) патент құнының 12 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;
2) Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына сәйкес есептелген
әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 12 бөлiгi
мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады. 
Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен
кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта
көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні
ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан
салықтар төлеуге міндетті.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа
патент беріледі.
Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта
көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша
есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің
602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық
зерттеуден кейін жүргізіледі.
Іс жүзінде алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабында белгіленген
шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі
өткенге дейін патент құны осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында
белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы
баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Дара кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда,
патенттiң қолданылу мерзімі өткенге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған
кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге
жатпайды. 
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз
бильярд ойынына арналған арнаулы үстел; 
2) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы
жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық); 
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа
жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына
150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс
автомобилi. 
Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық
режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпті дербес таңдауға құқылы.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер
салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi
және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi
қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл
шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе
фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады. 
Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап
жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа
немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы беріледі. 
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген
тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі
нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда
мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін
көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.
Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе,
салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен:
- салық есептілігі үшін – қағаз жеткізгіште;
- мониторинг бойынша есептілік үшін – ақпаратты компьютерлік өңдеуге
жол беретін электрондық түрде.
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік
өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері мониторингке жататын ірі салық
төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікке қолданылмайды.
Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген
жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының
белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушілер жеке табыс салығы мен
әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық
органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан
сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл
қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының
декларациясымен бірге табыс етіледі.
Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімше бойынша жеке
табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық
бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны
орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі
екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге
міндетті.
Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және
өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың
тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып
алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-
фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық
органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей
табыс етіледі.
Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу
жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық
кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Рұқсат құжатын беруші орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша
декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда,
төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнің орналасқан жері бойынша салық
органдарына декларация табыс етедi.
Төлемақы төлеушiлер декларацияны, осы баптың 3 және5-тармақтарында
аталғандарды қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен
кешiктiрмей табыс етедi.
Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер
көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20
наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Салық органы, мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық
есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша ұзартады.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салықтық әкімшіліктендіру жүйесін талдау
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
Жaңaқaлa aудaндық ветеринaрия бөлімі мемлекеттік мекемесінің мәліметтері негізінде aудaн бюджетінің жұмсaлу қызметін жaн-жaқты тaлдaп, оның жұмысын болaшaқтa жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету
Салықтар мен төлемдердің экономикалық мәні
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары
Қазақстандағы салық бақылауын ұйымдастыру
Пәндер