Несие Департаментінің директоры



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. АТФ АҚ жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. АТФ АҚ-ның құрылу тарихы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2. АТФБанк АҚ-ның акционерлері және басқару ұйымдарының

құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2. АТФБанк АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру ... ... ... ... ..
2.1. Банктің несие қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Депозит саясатын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
2.3. Карточкалық Бизнес Департаментінің қызметі, карточкалар түрлері
3. АТФБанк АҚ жалпы қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ...
3.1. Банктің актив және пассив бөлімін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
3.2. Банктің қаржылық көрсеткішін
тадау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3.3. Банктің кіріс және шығыс бөлімін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
4. АТФБанк АҚ-ның негізгі қызметтерін жетілдіру
жағдайын жақсарту бойынша шаралар
енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы
деңгейдегі банктер. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке
дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқа да несие институттары оның
тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде
шешілу мақсаты ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге
тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны. Соңғы жылдары банктің дамуы қаржы
және капитал жағынан өте жоғары нығаюда. Оның себебі ол банктің ресурстары
және елге несие беру жағынан, сонымен ақша салымы және ақша аудару арқылы
жоғары деңгейге көтерілді. Банктік операциялық жұмыстары ол клиенттермен
көп жұмыс істеп ақша аудару жағынан тағыда басқа шетелмен де қарым –
қатынас жасайды. Барлығына белгілі, коммерциялық банктер әрқайсысы өздерін
жоғары деңгейде екенін көрсетіп банктер арасында бәсекелестік болады, сол
үшін әр банк өзінің сондай маңызды жұмыс істей алатындығын көрсетеді.
Бәсекелестік ол клиенттер алдында өте маңызды жағдай, себебі банк
қызметкерлері клиенттер алдында өте зор үлесін қосып мінездеме бере алады.
Банктің мақсаты ол елдің алдында өзіндік құнын жоғалтпай жұмыс деңгейі
жоғары екенін білдіреді.
Менің өндірістік тәжірибе өткен жерім АТФБанк Акцинерлік Қоғамы. Оның
орналасқан жері: Алматы қаласы, Фурманова көшесі 100. Осы төмендегі
ұсынылған өндірістік тәжірибеде АТФ Банкі АҚ-ның бүгінгі күннің ҚР-ның
қаржы жүйедегі орнын көрсетуге, ұйымдастыру құрылымын ашып 2006-2007 жылғы
банк қызметін талдай отырып және осы талдау негізінде банк қызметінің
тиімділігін жақсарту үшін тәжірибелік кепілдемелер ұсынылған мақсаттар бар.

Қандай да бір қаржылық институттың мақсаты- пайда табу, сонымен қатар
ол экономикалық талдаудың ең негізгі объектісі. Пайда нарықтық экономика
қатынастарының жалпы құндылық жүйесінде маңызды орынға ие және экономикалық
механизм қоғамдық өндірісті басқарудың негізгі элементі болып есептеледі.
Бұл құндылық форманың көмегімен экономиканың барлық кәсіпорындарының
қызметі бағаланады. Пайда- кеңейтілген ұдайы өндірісті қаржыландырудың ең
ірі қайнар көзі, оның тиімділігінің басты критерийі, экономикалық қорлардың
қалыптасуына жағдай туғызатын және мемлекеттік бюджеттің кірістерінің
негізгі қайнар көзі болып келеді. Пайданың экономикалық табиғатының дұрыс
түсінігі экономикада бұл категорияның тәжірибелік қолданылуының
механизмінің жақсаруына негіз болып келеді.
Қалыптасқан жағдайда қаржылық мекеменің өмірін қамтамасыз ету үшін,
қаржылық менеджмент ең алдымен қаржылық мекемеге және потенциалды
бәсекелестерге нақты баға бере алуы қажет. Қаржылық мекеменің қаржылық
жағдайын анықтаудың маңызы - оның уақытылы және сапалы қаржылық шаруашылық
қызметін талдауында. Қазақстандағы банк саласының жағдайын дұрыс бағалау
арқылы және оның ары қарай дамуын болжау арқылы банк меңгерушісі жұмыстың
бөлшектелінген бағытын ең басымды дамудың бағыты деп жариялады. Банк
көптеген салымшылар санын тарту үшін рекламалық компанияларда рекламалар
жасалынды және өткізілді.
өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты – зерттеу объектісінің болашақ
талдауына қажетті мәліметтерді жинау, пайданы қалыптастыру мен бөлуде
теориялық және тәжірибелік дағдыларды алу, пайдаға әсер ететін факторларды
табу, банктің ақша табысы және қаржылық – шаруашылық қызметі нәтижесін
зерттеу, банктің құқықтық- ұйымдастыру нысанымен танысу болып келеді.

1. АТФ АҚ – ның жалпы сипаттамасы
1.1. АТФ АҚ-ның қалыптасуы және құрылу тарихы

1995жыл
✓ маусымда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ болып тіркелді.
✓ қарашада Алматы сауда-қаржы банкі Жабық Акционерлік Қоғамы
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей, ұлттық және
шетел валютасында операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ-нің № 59 басты
лицензиясын алды;
1996жыл
✓ қарашада - Visa, EuroCard MasterCard, DinersClub, JCB, American
Express- қызмет көрсетуде.
1997жыл
✓ ақпанда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Қарағанды қаласында
филиал ашылуы;
✓ наурызда Атырау облысы, Көлсары елді мекенінде Алматы сауда-
қаржы банкі ЖАҚ-ның есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
✓ мамырда ҚР ҰБ-мен Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ халықаралық
стандарт бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына
қосылуы;
✓ қазанда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Өскемен қаласында
филиалы ашылуы;
1998жыл
✓ қаңтарда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Шымкент қаласында
филиалы ашылуы;
✓ сәуірде Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Қостанай қаласында
филиалы ашылуы;
✓ мамырда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Алматы қаласында есеп
айырысу бөлімінің ашылуы;
✓ маусымда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Астана қаласында
филиалы ашылуы;
✓ шілдеде Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ы Европалық Реконструкция
және Даму Банкімен бірігіп шағын және орта бизнесті несиелендіре
бастады;
✓ тамызда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Атырау қаласында
филиалы ашылуы;
✓ қарашада өз логотиптерімен, салмағы 10-20 гр. алтын құймалар
алғашқы рет Қазақстанда шығарыла бастады;
✓ желтоқсанда ЕҚБД-мен ынтымақтастық шеңберінде шағын және орта
бизнес кәсіпорындарын несиелеуде және Германия несие желісінің
(KFM) қаржы операторы ретінде жұмысын бастады.
1999жыл
✓ наурызда өз логотиптерімен халықаралық төлем карточкаларын: VISA-
Classic, VISA-Gold, VISA-Business карточкаларының шығарылуы;
✓ мамырда Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Павлодар қаласында
филиалы ашылуы;
✓ шілдеде Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Тараз қаласында есеп
айырысу бөлімінің ашылуы;
✓ қыркүйекте Wester Union (АҚШ) компаниясының құрамына кіретін
170 мемлекетте банктік шот ашпай, жеке тұлғалардың ұсынысы бойынша
жылдам ақша аударымдары жүргізіле бастады;
✓ желтоқсанда Visa және Altyn халықаралық карточкаларын өз
логотипімен шығара бастады;
✓ АТФ Полис сақтандыру компаниясы құрылды.
2000жыл
✓ шілдеде Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ-ның Алматы қаласында
филиалдарының ашылуы;
✓ қазанда 5 млн АҚШ доллар көлеміндегі алғашқы шығарылған атаулы
купондық облигациялар орналастырылды;
✓ АТФ Лизинг лизингтік компаниясы құрылды.
2001жыл
✓ наурызда қоғам түрі өзгеріп, Алматы сауда-қаржы банкі Ашық
Акционерлік Қоғамға айналды;
✓ сәуірде Алматы сауда-қаржы банкі ААҚ-ның Тараз қаласындағы
есеп айырысу бөлімінің филиалға айналуы;
✓ мамырда Алматы сауда-қаржы банкі ААҚ-ның Ақсай қаласында
(Батыс Қазақстан облысы) филиалы ашылуы;
✓ маусымда 400 млн. Теңге алтыншы эмиссияның артықшылығы бар
акцияның орналасуы;
✓ тамызда Алматы қаласында №2 есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
✓ қыркүйекте 20 млн АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған қарыз
тартылды;
✓ қыркүйекте Казпромбанк АҚ-ның Алматы сауда-қаржы банкі ААҚ-
на қосылуының мемлекеттік тіркеуден өтуі;
✓ қазанда 5 млн АҚШ доллары көлемінде 2000 жылы қазанда
шығарылған атаулы купондық облигациялар бойынша сыйақы төленуі
және негізгі соманың жабылуы;
✓ қарашада 1088 млн. теңге сомасында жетінші эмиссиялық
акциялардың тіркелуі;
✓ желтоқсанда 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі екінші ішкі
облигациялардың тіркелуі;
2002жыл
✓ қаңтарда Астана қаласында №2 есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
✓ ақпанда Алматы сауда-қаржы банкі ААҚ-ы Қазақстанның Ұлттық
Жинақтаушы Банкінің акционерлерінің бірі болды;
✓ наурызда Апогей Банкінің 88,15% сатып алынды;
✓ сәуірде реттелген екінші эмиссия облигацияларын орналастыру
есебінен меншікті капитал 5,9 млрд теңгеге өсті;
✓ мамырда VISA Virtuon виртуалды карточкаларының шығарылуы;

✓ маусымда банктің атауы Алматы сауда-қаржы банкі ААҚ-нан АТФ
Банк АҚ-ға өзгертілді.
✓ шілдеде осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 231,7 млн. теңге
таза пайда алды;
✓ тамызда жалпы сомасы 40 млн АҚШ доллары болатын синдикатталған
қарыз тартылды.
✓ қазанда АТФ Банк АҚ-ы 2001 жылы тартылған 26,5 млн. АҚШ доллар
сомасындағы синдицирленген заемды түгелдей және уақытында жапты;
2003жыл
✓ ақпанда АТФ Банк АҚ-ы ҚРҰБ-тен Ақтөбе қаласында филиал ашуға
рұқсат алды;
✓ наурызда АТФ Банк АҚ- ның еншілес банкі Апогей АТФ Банк АҚ-
ға қосылды.
✓ сәуірде сомасы 142 млн АҚШ доллары болатын 3 синдикатталған
қарыз тартылды.
✓ мамырда АТФ Банк АҚ-ы жарғылық капиталдың 2,4 есе
ұлғайғандығын жариялады. 3,1 млрд. теңгеден 7,6 млрд теңгеге
дейін;
✓ маусымда АТФ Банк АҚ-ы 30 млн. АҚШ доллар көлеміндегі
синдицирленген заемды тартты. Заем 1 жылға беріліп, LIBOR+2,7%.
Заем алуға 18 әлемнің үлкен банктер мен инвестициялық компаниялар
қатысты;
✓ қыркүйекте АТФ Банк АҚ-ы 50 млн. АҚШ доллары сомасында
синдицирленген заем тартты. Ұйымдастырушы ретінде голандттық ABN
AMRO BANK болды;
✓ АТФ Банк АҚ-ның мемлекеттік қайта тіркелуден өтуі;
✓ ҚР-ның Әділет Министрлігі АТФ Банк АҚ-ның жарғылық капиталы
11.590.761.000,00 теңгеге дейін ұлғайғандығы толықтырулар мен
өзгертулер енгізді;
2004жыл
✓ қаңтарда СК АТФ-Полис пен ЖҚОтан бірігіп жүргізетін
Партнер бағдарламасын АТФ Банк АҚ-ы енгізгені туралы
жариялауы;
✓ ақпанда Атырау қаласындағы АТФ Банк АҚ-ның филиалы әділдік
органдарында қайта тіркеуден өтті;
✓ наурызда Moody&apos's рейтингтік агенттік АТФ Банк АҚ-ның
ұзақ мерзімді депозиттік ретингісін Ва1 тұрақты бағасын берді;
✓ мамырда АТФ Банк АҚ-ы Отан АЖЗҚ-ның негізгі акционерінің
бірі болды;
✓ шілдеде халықаралық капитал нарығында жалпы сомасы 1,150 млн АҚШ
долллары болатын дебюттік еурооблигациялар шығарылымы
орналастырылды.
✓ қыркүйекте Энергобанк АҚ-ның (Қырғызстан) акциялар пакеті сатып
алынды.
✓ қазанда АТФ Банк АҚ-ның активтері 1 млрд АҚШ долларынан асты.

✓ қарашада Банктің жаңа мақсаты – жаңа логотипі мен Сенімді
Өркендеу Банкі слоганы көпшілікке жария етілді.
2005ж. – ЕҚДБ- мен ынтымақтастық кеңейтілді:
✓ қаңтарда ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге несие беру үшін
сомасы 10 млн АҚШ доллары болатын несиелік келісімге қол
қойылды;
✓ ақпанда Арнайы техникалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде
шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеу процесін өзі
жүзеге
асыру өкілеттігін АТФ Банкке беру туралы меморандумға қол
қойылды.
✓ наурызда Сибирь Коммерциялық банкі (Ресей Федерациясы) сатып
алынды;
✓ сәуірде EUROMONEY АТФ Банкті корпоративті басқаруда Қазақстан
Республикасының жетекші қаржы институты және Қазақстаннның
шағын және орта бизнесі үшін ең қолайлы банк деп таныды.
✓ маусымда АТФ Банк АҚ мен Қазақстанның Экономикалық Университеті
арасындағы қарым қатынас туралы Меморандумға қол қойылды;
✓ шілдеде АТФ Банк АҚ мен TEMNOS GROUP компаниясы арасында қол
қойылды. Контракт бойынша АТФ Банк АҚның бас офисі, 18 филиалы мен
13 есеп айырысу бөлімдері TEMNOS Т24 және флагман модуліндегі
бағдарламалармен қамтамасыздандырылды;
✓ қыркүйекте Қырғыз Республикасының заңдарына сәкес АТФ Банк АҚ
Энергобанк ААҚ-ның 72,92% акциясын сатып алғаны туралы келісім
шартқа қол қойылды;
✓ қарашада АТФ Банк АҚ купон ставквсы 8,125% жылына, мерзімі 5
жылға, сомасы 200 млн. АҚШ доллары еврооблигацияларды шығару туралы
келісім шартты тиімді орналастырылды.
2006жыл
✓ наурызда EUROMONEY Халықаралық агенсттігі АТФ Банкті корпоративті
басқаруда Дамушы Европа елдерінің арасындағы жетекші банк деп таныды.

✓ маусымда АТФ Банк АҚ 2016 жылғы жобаланумен өтелуі тиіс 350млн№
АҚШ доллары сомасындағы шығарылған еврооблигациялар тиімді
орналастырылды;
✓ қазанда АТФ Банк АҚ бір қатар халықаралық қаржылық институттармен
550 млн. АҚШ доллары сомасындағы синдицирленген займ алу туралы
келісімге отырды;
2007ж. – АТФ Банк АҚ-ның акция пакетінің басым бөлігі
бүкіләлемге танымал UNI CREDIT банк тобымен сатып алынды.

Банк қызметінің табысты кепілі Қазақстандық және халықаралық
ұйымдастырушыларының халықаралық стандарттар мен банк қызметкерлерінің
жоғары біліктілігінде. АТФ Банк банктік қызметтердің барлық түрін шапшаң
дамытып жатқан универсалды банк.
Банк клиенттері Республиканың әр аймағында орналасқан, әрі ірі
өндірістік және сауда кәсіпорындар болып келеді. Сонымен қатар банк ерекше
назарды кіші және орта бизнес кәсіпорындарына бөледі, оларға арналған
арнайы несиелік бағдарлама құрастырылған. Банк кіші және орта бизнесті
қаржыландыруға байланысты Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі(EBRD),
Германия Несие Желісі(KfW), Азия Даму Банкі(ADB), Әлем банкімен(WB) арнайы
бірлескен жобаларға қатысады.
Ашылған жаңа филиалдар банктен қосымша техникалық қаруландыруды,
персоналдарды оқытуды, құрылымдық бөлімдердің өзара әрекетінің тиімді
жүйесін құруды талап етеді.
Банктің орталық офисінің басты мақсаты – персоналдарының
профессионалдық деңгейін жоғарлату, оның барлық филиалдары мен есеп – касса
бөлімдерінің деңгейін жетілдіру, командамен жұмыс дағдыларын жетілдіру,
даму тапсырмасын шешу мүмкіншілігі және бизнесті нығайту.
Банктік, соның ішінде көтерме бизнестің халықаралық стандарттарына
сәйкестігін, жаңа қаржы өнімдерін дер кезінде енгізу.
Банктің бөлімшелерінің дамуындағы экономикалық мақсаттылық позициясын
сақтау арқылы жаңа филиалдар ашу.
АТФ бактің негізгі приоритеті – клиенттерге жоғары сапалы банктік
қызметті көрсету. АТФ банк клиенттері 11 жыл бойы тұрақты табыс өсімін
алуда. Он бір жыл ішінде банк барлық банктік қызмет салаларында үлкен
жетістіктерге қол жеткізді және компанияның ірі қаржылық тобына айналды.
АТФ Банк Қазақстанның қаржы институттарының актив көлемі жағынан ең
үздік үштікке кіреді. Банктің активтері 2007 жылы 7млрд 918млн АҚШ долларын
құрады- бұл көрсеткіш ұзақ мерзімді келісім шарттың кепілі бола алалы.
Меншік капиталы - 522млн 160 мың АҚШ долларын құрады, ал табыс көлемі
ұлғайып – 6млн 187 мың АҚШ долларын құрады.
Жедел қызмет көрсету, біліктілік және банк қызметкерлерінің тілектестік
қарым қатынасы көрсететін қызметтерді жылдам және жеңіл етеді. АТФ банк
қазіргі заманға технологияларды қолданады және клиенттерді көптеген
қағаздық жүгірулерден босатады.
АТФБанк АҚ – бұл әділ бизнес тұрғысында банкті лидерге апаратын 2500
адамнан тұратын профессионалдар командасы.
АТФБанкі әмбебап комерциялық банк болып келеді, яғни банкаралық нарықта
белсенді жұмыс істеуші және ірі корпоративтік клиенттеріне орта және кіші
бизнес кәсіпорындарына және халыққа жоғары технологиялық комплекстік
қызметті толық ұсынушы банк болып келеді.

1.2. АТФБанк АҚ-ның басқарудың ұйымдастыру құрылымы

Банк – бұл кәсіпорын ретінде қарастырылады және басқа кәсіпорындар
сияқты мұның өзінің басқару аппараттары болады. Банттердің де басқа
кәсіпорындардағыдай өз дирекциясы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі
және тағы сол сияқты бөлімшелері болады.
Дегенмен банк - бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан оның тауарлары немесе
өндірілген өнімі ретінде, оның депозиттері, несиелері және басқа да
көрсетілетін қызметтері қарастырылады. Ал дәл осындай қызмет түрлері болған
жерде әрине тәуелділік деңгейі өте жоғары болады. Ал ол өз кезегінде
қалыптасқан ұйымдастырылу қызметімен тікелей байланыста болады.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз - алдына қойған мақсатты жету
үшін, оның әртүрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды
білдіреді. Басқаша айтқанда банктегі орындалатын қызметтерді және
міндеттерді бөлістіру, сонымен қатар әртүрлі бөлімшелердің бір-бірімен
байланыстылығы.
Банктың ұйымдастырылу құрылымы қарастыра отырып, оның басты
функцияларын қарастырған да жөн болар. Сонымен банктың басты функциялары
келесі жағдайларды анықтайды:
✓ Банктің даму стратегиясын анықтайды;
✓ Негізгі шешімдерді қабылдайды және филиалдар үшін нормативті
құжаттар мен жұмыстың методологиясын жасайды;
✓ Филллиалдар байланысының масштабын анықтайды;
✓ Даму жоспарына сай филиалдардың жұмысын ұйымдастырып, қызметін
қадағалайды;
✓ Банктің басты ұйымдастыру құрылымын анықтайды.
Жарғыға сәйкес, банктің Директорлар Кеңесі – банктің басқару органы,
Басқармасы, банктің атқарушы органы, және Аудиторы бар. Директорлар
Кеңесінің мүшесін акционерлер сайлайды. Ал Директорлар Кеңесі, өз
кезегінде, Басқарманы сайлайды, сондай-ақ, акционерлердің мүддесін
қорғайды. Кеңес банктің жалпы басқармасы үшін жауапты, және оның
стратегиялық, әрі шұғыл жоспарын бекітеді. Басқарма Банктің ағымдағы жұмысы
үшін толық жауап береді. 
Акционерлердің жалпы жиналысы.
Акционерлердің жалпы жиналысы банктің жоғарғы органы болып табылады.
Банктің жарғысына сай Акционерлердің жалпы жиналысының құзырына мыналар
жатады :
✓ Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтурылар еңгізу. Банктің
Жарғысын жаңа баспада бекіту;
✓ Банктің нысаның өзгерту;
✓ Банкті тарату және қайта құру туралы шешім қабылдау;
✓ Директорлар Кеңесінің сандық құрамын анықтау және Директорлар
Кеңесінің мүшелерін таңдау;
✓ Банктің сыртқы аудиторын анықтау;
✓ Банктің жылдық есеп беру қорытындысын анықтау;
✓ Акцияларды жұмылдыру;
✓ Банктің таза табысын бөлу тәртібін анықтау;
✓ Банктің мақсатты құру және тарату туралы шешім қабылдау;
✓ Жылдың қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін анықтау;
✓ Ірі мәмілерді анықтау;
✓ Басқа да мәселелер.
Диеркторлар Кеңесі.
Директорлар Кеңесі банктің қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді.
Директорлар Кеңесінің құзырына келесі мәселелер жатады :
✓ Банк қызметінің басты бағыттарын анықтау;
✓ Банк дамуының стратегиялық және операциондық жоспарларын анықтау;
✓ Банк акционерлерінің Жылдық Жалпы жиналыысын шақыру туралы шешім
қабылдау;
✓ Жалпы Акционерлер жиналысын дайындау мен жүргізуге қатысты басқа да
мәселелерді шешу;
✓ Банктің төленген капиталының мөлшерін азайту және Банкпен шығарылған
акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу
туралы шешім қабылдау;
✓ Тоқсан немесе жарты жылдың қорытындысы бойынша дивиденттерді
төлеудің мөлшерін, көздерін және тәртібін анықтау;
✓ Банк қызметінің тәртібін анықтайтын ішкі құжаттарды бекіту;
✓ Банктің филиалдары мен өкілеттіліктерін құру туралы шешім қабылдау;
✓ Коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттар мен мәліметтерді
анықтау;
✓ Басқарма мүшелерін таңдау және олардың құқықтарын тоқтату;
✓ Басқа да мәселелер.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі АТФ Банк АҚ-ның қызметін басқарумен айналысады.
Директорлар кеңесі 5 адамнан тұрады
Директорлар кеңесінің төрағасы – Исатаев Тимур Ризабекович
Директорлар кеңесінің мүшелері:

▪ Қуанышов Талғат Жуманович
▪ Смагулов Нурлан Эркебуланович
▪ Утемуратло Алидар Булатович
▪ Хуберт А.Пандза – тәуелсіз директор

Басшылық
АТФ Банк АҚ-ның басқармасы АТФ Банк АҚ-ның оперативтік басқаруын және
стратегиялық жоспарын жүзеге асырумен айналысады. 10 адамнан құрылып, 5
жылға сайланады.

Пикер Александр Алоизвич
2007 жылдың қараша айынан бастап АТФ Банк АҚ-ның басқарма төрағасы орнына
тағайындалды. Ол Зальцбургте туылып, біраз уақыттан кейін Австрияда
орнығып, сол жерде мектепті, университетті бітірді. Банк саласында 18 жыл
бойы еңбектенуде. Алғашқы сынақ мерзімін Венадағы Австрия банкінде өтуден
бастды. 5 жыл бойы Халықаралық Мәскеу банкінде жұмыс істеген. Жұмыс атқару
барысында әртүрлі салаларды меңгеріп, корпоративті банкинг департаментін
басқарды. 1997 жылдан бастап басқарма мүшесі болып, дағдарыс кезінде
несиелік тәукелдердің алдын алу шараларымен айналысты.1998 жылы дағдарыс
кезінде казначейлік қаражатты басқарды. Ресейден кейін 5 жыл Польшадағы
PBK S.A. және BPH S.A. ірі банктерді дамытумен айналысты.Соңғы жылдары
Сибириядағы UniCreditBank басқарма төрағасының орнын иеленді. АТФ Банк АҚ-
да 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді.

Рахманов Қайрат Асылханұлы
Басқарушы директор. 1999 жылдан бастап басқарма мүшесі.1989 жылы Алматы
шет тілдер педагогикалық институтын, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік 1993 –
1997 жылдар аралығында Alem Bank Kazakhstan АҚ-да халықаралық сауда
бөлімінің басшысы операциондық қызмет көрсету департаментінің
директорының орынбасары және директоры ретінде жұмыс істеді. 2002 – 2004
жылдар аралығында халық банктің басқарушы директоры болды. 2004 жылдан
бүгінгі күнге дейін АТФ Банк АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары
және басқарушы директоры болып тағайындалды.

Деревянко Аида Михайловна
1997 жылдан бастап бас бухгалтер. 1980 жылы Алматы есеп - несие
техникумын, 1987 жылы НАРХОЗ-ды бітіріп, экономист мамандығын меңгерді.
1989 – 1993 жылдар аралығында Промстройбанк, Каздорбанк, Торгбанк
мекемелерінде бас бухгалтер болды. 1993 – 1996 жылдар аралығында Alem
Bank Kazakhstan бас бухгалтерінің орынбасары болды.

Шайдаров Надим Зейнуллович
2002 жылдан бастап басқарушы директор. 1990 жылы Мәскеу халықтар достастық
университетін экономика мен бизнесті жоспарлау мамандығын бітірді. 1997
жылдан 2000 жылға дейін Ұлттық Жинақтаушы Банктің Алматы және Ақмола
қалалар филиалдарында жұмыс істеді. Алматы қаласының филиалында директор
орынбасары, Ақмола қаласының филиалында директордың бірінші орынбасары
лауазымдарына ие болған.

Косаков Нұрлан Атабекұлы
2005 жылдан бастап басқарушы директор және басқарма мүшесі. Қазақ
мемлекеттік басқарма академиясының экономист мамандығын иеленді. Косаков Н.
өз мансабын 1997 АТФБанк АҚ-да Коммерциялық Департаментте жүргізуші
маман ретінде бастады. 1997-1998 жылдар аралығында несиемен қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы болды. 2002 жылы Несие Департаментінің директоры. 2004
жылы басқарушы директор, Несие Департаментінің директоры.

Ауезканов Айдын Бекзадаевич
Басқарушы директор, 2006 жылы 15 тамыздан бастап басқарма мүшесі. 1998 жылы
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы несие және қаржы мамандығын бітірді.
1998 жылы Еуропалық Қайта Құру мен Даму Банкінің несиелік мамандар курсын
аяқтады. 2002 жылы Халық Банк Алматы облысының филиалында корпоративті
бизнесті басқару департаментінің директорының орынбасары. 2004 жылдың
тамыз айынан бастап АТФ Лизинг президенті. АТФ Банк АҚ-да 2006 жылдың
шілде айынан бастап жұмыс істейді.

2. АТФ Банк АҚ-ның негізгі қызметін ұйымдастыру
2.1. Банктің несие қызметін талдау

АТФ Банк АҚ, Фурманов көшесі 100 мекен- жайында орналасқан.
Банктің негізгі қызметі – банктік қызметтерді көрсету. Банктік қызмет
нарығында 13 жыл ішінде АТФ Банк АҚ өзін халыққа кеңінен қызмет
көрсететін тұрақты, сенімді банк ретінде көрсетті.
Банк клиенттері болып жеке және заңды тұлғалар, және де ірі
кәсіпорындар мен ұйымдар.
АТФ Банк келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
✓ несиелеу;
✓ депозиттер;
✓ ақша аударымдары;
✓ сақтандыру.
✓ лизинг;
✓ франчайзинг;
✓ факторинг;
✓ овердрафт;
Банктің негізгі қызметі болып несиелеу есептеледі. Несиелік
операцияларды несиелеу бөлімі атқарады. Несиелеу бөлімі несие операциялар
түріне байланысты секторларға бөлінеді:
✓ Тұтынушылық несие бөлімі;
✓ Кіші және орта бизнесті несиелеу;
✓ ЕҚДБ бағдарламасы бойынша несиелеу бөлімі.

Тұтынушылық несие бөлімі
Несиелердің барлық түрлері жылжымайтын мүлік кепілімен беріледі және
мақсаттық пайдалануға ғана беріледі (несие мақсатсыз пайдаланған жағдайда
несие сомасының 25% айыппұл төленеді). ЕҚДБ бағдарламасы бойынша несиелеу
секторында несие төлеудің көзі бизнестен түскен табыс болса, бұл бөлімде
отбасының табысы қарастырылады, оған кәсіпкерлік қызметтен не жалақыдан
түсетін табыс кіреді. Клиенттің төлеу қабілеті келесі әдіспен есептеледі:
Отбасының тұтастай табысы есептеледі;
Отбасының тұтастай табысынан отбасыға кететін шығындар алып тасталынады
(минималды тұтыну қоржынынан);
Алынған мәліметтер негізінде клиенттің төлеу қабілеттігі және төлей
алатын несиенің максималды мөлшері есептелінеді. Егер сұранып жатқан сомма
одан аз болса не максималды несие мөлшеріне тең болса, оның өтініші
қарастырылады, ал асып кетсе, клиентке несиенің максималды мөлшерінде несие
алу ұсынылады.

Төлеу қабілеттілігі = (Д – Р)* n;
Мұндағы:
Д - бір айдағы отбасының тұтастай табысы;
Р - бір айдағы отбасының өмір сүруіне кететін шығындар;
n - несие мерзімі.

Несиенің Төлеу қабілеттілігі
максималды мөлшері =
сыйақы
ставкасы * несие мерзімі (ай)
1 +
12*100

Несие бойынша сыйақыны есептеу әдістері
Есептеудің тұрақты әдісі
Сыйақыны есептеудің бұл әдісі несие бойынша ссудалық қарыздың
қалдығына алынатын айлық сыйақы негізіндегі әдіс. Негізгі қарыз сомасы
несиелеу мерзімінің әр үлесіне бөлінеді. Келесі әр айлық төлем негізгі
қарыз бен есептелгенсыйақыны қосады.

Негізгі қарыз * сыйақы ставкасы несиені
пайдалудағы

Сыйақы = x
күндер саны
360

Аннуитетті төлемдер әдісі
Аннуитетті әдіс ай сайынғы, несиенің негізгі соммасын қосатын және
сыйақы ставкасын қосатын, бір мөлшерлі төлемдер.

Ай сайынғы =
R 100 12
төлем сомасы несие сомасы x
-n

1 – (1+R10012)
Мұндағы: R – жылдық сыйақы ставкасы;
n – несие мерзімі (айлар).
Тұтынушылық несиелеу бөліміне банктік заемдар бойынша келісімшарт
дайындайтын несиелік әкімшілік және залоговик қойылған.
Тұтынушылық несиелеу бөлімі несиелерді жылжымайтын мүлік, жылжымайтын
мүлікті салу (ипотека), тұтынушылық қажеттіліктерге (үй ремонтына, оқуға,
ұзақ мерзімді пайдаланатын тауарларды сатып алуға, ем қабылдауға, мерей
тойларды өткізуге, шетелге демалысқы баруға), автомобильді сатып алуға
береді.

Тұтынушылық несиелеудің шарттары

кесте 1

Несиелеудің мақсаты Тұтынушылық мақсаттарға
Несиелендірудің теңге
валютасы
Несиелендірудің 36 ай
максималды мерзімі
Несие желісінің 1 000 000 теңгеге дейін, бірақ жұмысшының 12 айлық
максималды мөлшері есептік көрсеткіштен артық емес.
Несиені өтеу түрі аннуитет
Қосымша ережелер Мерзімге дейін несиені өтегенде мараторий мен
айыппұлдың жоқтығы
Комиссиялар Банктік займды бергені үшін– 1% банктік займның
сомасынан
Сақтандыру Жоқ
Несие бойынша Жоқ
қамтамасыздандырылу
Қажетті құжаттар Жеке басын куәландыратын құжат;
тізімі РНН;
Соңғы 12 айға (ай сайын) жұмыс орнынан және жалақы
жайлы анықтама, басшы мен бас бухгалтердің
қолтаңбасы мен мөрі болуы қажет;

АТФБанктегі автонесиелерді ұсынудың бағдарламалары

кесте 2

Несиелеудің мақсаты Автокөлікті мүліктену
Несиелеу сомасы Көлік құнының 100% дейін,минималды алғашқы жарна
көлік құнының 10%кем емес. (немесе қсымша кепіл
қажет)
Валюта USD, EURO, KZT
Несиелеудің максималды100.000$ дейін - 16% бастап, ал 100.000$ жоғары-
мерзімі (%) 14% басталады.
Несиелеу мерзімі 60 айға дейін, көлік қай мемлекетте өндірілуіне
байланысты
Қамтамасыздандырылуы Сатып алынатын көлік + қосымша қамтамасыздандыру,
алғашқы жарнаның болмауы
Қосымша мәлімет · Көлікті сақтандыру
· Сұранымды(заявка) қарастырғаны үшін комиссия,
Банк тарифтеріне сәйкес
Бизнес-тәжірибесі Минималды уақыт - 3 ай, бастапқы бизнеске алғашқы
капитал 30 % мөлшерінде болса, немесе меншігінде
70% мөлшерінде жылжымайтын мүлікпен
қамтамасыздандырылған блса
Сұранымды (заявка) 2 күн
қарау мерзімі

ЕҚДБ бағдарламасы бойынша кіші және орта бизнесті несиелеу секторы
Несиелеу секторы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің
бағдарламасымен жұмыс атқарады. Сектор кіші және орта бизнесті несиелейді.
Сектор тек қана заңды тұлғалармен және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
тұлғалармен жұмыс істейді. Несиелер тек қана жұмыс істеп тұрған бизнеске
беріледі (3-6 айдан кем емес).
Несиені қажет ететін кәсіпкер ең алдымен кеңестен өтеді, оның арқасында
несиелік эксперт несие мақсатын, бизнес туралы ақпаратты және құжаттармен
танысады. Осыдан кейін несие алушы банк директорының атына несие алу туралы
өтініш хат жазады. Несиелік эксперт 2 күн ішінде жүргізіліп жатқан бизнес
мекен-жайына барып, бизнес тиімділігі туралы талдауға қажетті ақпараттарды
жинайды. Жиналған мәліметтер негізінде несиелік эксперт несие алушының
атына резюме құрайды, онда клиент туралы мәліметтер, несиелік тарих,
сұранып жатқан банк заемы туралы мәліметтер, несиенің мақсаты, баланс, жеке
капитал анализі, табыс пен шығыс есебі, несие бойынша қамтамасыз ету және
қорытынды, оның негізінде несиелік эксперт банктік заемның сомасын
мерзімін, мөлшерін ұсынады. Біткен резюмені несиелік комитеттің талқылауына
беріледі.
Несиелік комитет – банктің құрылымдық бөлімі, оның құрамына- банк
директоры, директор орынбасары, тәуекел менеджері, несиелік бөлімінің
басқарушысы және заңгер кіреді. Ол жиналыс түрінде өтеді, онда несиелік
эксперт өз жобасын несиелік комитет мүшелеріне қорғайды.
Несиелік комитеттің мүшелері жобаны алып тастайды, жөндеулер еңгізеді,
не бекітеді.
Әр бөлімге кепілдікпен қамтамасыз ететін маман бекітілген, ол несие
бойынша мүлікті бағалайды. Ол кепіл орналасқан жерге барып, бағалауды
өткізеді, соның негізінде кепілдік бойынша қорытынды жасайды, онда
объектінің нарықтық бағасы және кепілзат бойынша қамтамасыз ететін сома
жазылады.
Несиелік комитетпен жоба бекітілгеннен кейін, клиент кепілдік бойынша
құжаттар жинастырады. Клиент кепілдік туралы құжаттардың барлығын
әкелгеннен кейін, несие 2 күннің ішінде берілуі тиіс. Ақша клиенттің
шотына, не қолма-қол берілуі мүмкін.
Несиелік эксперттерге көмектесу мақсатында несиелік әкімшілік бөлімі
құрылады. Несиелік әкімшілік бөлімі құжаттарды құрумен, банк пен несие
алушы арасындағы қарым-қатынасты дәлелдейтін құжаттарды құрумен айналысады
(банктік заем туралы келісім, банктің заем туралы келісімге қосымша
келісім, кепілдік туралы келісім-шарт, кепілдік құқығы туралы келісім, алу-
беру актісі).

Кіші және орта бизнесті несиелеудің түрлері

кесте 3

Несиелеудің мақсаты · Айналымдағы және негізгі құралдарды
толықтыру;
· инвестициялар;
Сома до 5 000 000 USD
Валюта USD, EURO, KZT
Сыйақы мөлшерлемесі 14% бастап
(жылдық% )
Несиелеу мерзімі · айналым қаржыларына – 15 жылға дейін
· инвестицияға – 25 жылға дейін
Қамтамасыздандырылуы · қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік
(кепіл) · депозиты (салымдар)
· мүліктік құқық
· заңды және жеке тұлғалардың кепілдері
· болашақта түсетін мүлік
Қосымша мәлімет Сұранымды(заявка) қарастырғаны үшін комиссия,
Банк тарифтеріне сәйкес
Бизнес-тәжірибе минимум 3 ай, бастапқы бизнес болуы мүмкін
Сұранымды қарастыру 3 күн
мерзімі
Қажетті құжаттар Жеке тұлғалар үшін:
· Жеке бас куәлігі, Қарыз алушының РНН;
· Кепіл бойынша құжаттар;
Заңды тұлғалар және Жеке Кәсіпкер үшін:
· Жеке бас куәлігі және РНН;
Патент (Мемлекеттік тіркеуден өтсе);
· Құрылтаймылардың құжаттары;
·Соңғы есеп беру мерзіміне қаржылық есеп беру
· Сізге қызмет ететін банктен қарыздық борыштың
жоқ болуы туралы анықтама

Ипотекалық несиелендіру бағдарламасының түрлері:

1. Жаңа салынып жатқан үйден сатып алынатын жылжымайтын мүлік

Кесте 4

Несиелеудің мақсаты Жаңа салынып жатқан үйден жылжымайтын мүлік алу
Несиелеу сомасы Құрылыс компаниясы және Банк шарттарына сай жеке
белгіленеді
Валюта АҚШ доллары
Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі Жеке есептелінеді
Алғашқы жарна Қажет емес (кепілге – өз меншігінде бар мүлік)
Сатып алынатын мүліктің бағасының 30% (кепілге
сатып алынатын мүлік)
Несиені өтеу аннуитет, тең бөліктермен
Қамтамасыздандырылуы Сатып алынатын мүлік
Сатып алынатын мүлік + меншікте бар мүлік;
Меншікте бар мүлік
Қосымша ережелер Мерзімге дейін несиені өтегенде мараторий мен
айыппұлдың жоқтығы
Сақтандыру (міндетті)Жылжымайтын мүлікті эксплуатацияға енгізгеннен
кейін сақтандыру;
несие сомасын сақтандыру (өлім, 1, 2 топ
мүгедектері )
Комиссиялар Қолданыстағы банктік тарифтерге сәйкес;

Несие келесі шарттар орындалған жағдайда беріледі:
Банк пен құрылыс компаниясы арасындағы серіктестік туралы келісім-
шарттың болуы;
Банктік несиені алғанға дейін несие алушыкепілдік беруші құрылыс
компанияға алғашқы салым сомасын беруі қажет;
Үлестік қатысу келісіміне сәйкес сатып алынатын жылжымайтын мүліктің
құнын құрылыс компаниясына қолма-қолсыз аудару мақсатында несие алушының
АТФБанкте алғашқы салым сомасы бар ағымдық шотты ашу.

2. Екінші нарықта сатып алынатын жылжымылы мүлік

Кесте 5

Несиелеудің мақсаты Мүлік сатып алу (екінші ретті нарықта)
Несиелеу сомасы 150 000 АҚШ доллары Алматы үшін
100 000 АҚШ доллары аймақтар үшін
Валюта АҚШ доллары
Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін
Алғашқы жарна Қажет емес (кепілге қолда бар мүлік немесе жиынтық
кепілдікке сатып алынатын және қолда бар мүлік)
Сатып алынатын мүлік құнының 30% (кепілге – сатып
алынатын жылжымайтын мүлік)
Несиені өтеу аннуитет, негізгі қарыз тең бөліктермен
Қамтамасыздандырылуы Сатып алынатын мүлік
Сатып алынатын мүлік + меншікте бар мүлік;
Меншікте бар мүлік
Қосымша ережелер Мерзімге дейін несиені өтегенде мараторий мен
айыппұлдың жоқтығы
Сақтандыру (міндетті) Жылжымайтын мүлікті эксплуатацияға енгізгеннен кейін
сақтандыру;
несие сомасын сақтандыру (өлім, 1, 2 топ мүгедектері
)
Комиссиялар Қолданыстағы банктік тарифтерге сәйкес;

Қамтамасыз ету түрлеріне байланысты қосымша шарттар:
1.1.Сатып алынатын жылжымалы мүлік+алғашқы жарна
Минималды алғашқы жарна сомасы:
1. Стандартты бағдарлама бойынша (табысты дәлелдеумен):
Сатып алынатын мүлік құнынан 10%
2. Жылдамдатылған бағдарлама бойынша (табысты дәлелдеуінсіз):
Сатып алынатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік саясаты және несиелік тетік (механизм)
Тұран Әлем Банкі АҚ
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Банкроттық деп тану
«алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы
«АТФБанк» АҚ
Алматы қаласындағы "Алтын Кредит Банк" АҚ
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
ОҚО қаржы департаменті
Өндірістік тәжірибенің есебі экономика мамандығы
Пәндер