Айналым қаражаттарында қажеттіліктерді анықтау


Кіріспе
Мен, Биширова Надиям өндірістік кәсіптік тәжірибемді «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өткіздім. Өндірістік тәжірибе мерзімі 05. 04. 10ж. -дан 05. 06. 10ж. аралығында болды.
Мен, өндірістік тәжірибені өту барысында осы «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқаратын қызметтерімен, орындайтын міндеттерімен толығымен таныстым. Тәжірибе барысында кәсіпорындағы бухгалтерия бөлімшесінде болдым. Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде болып, ондағы қаржылық жұмыстардың орындалуын көріп, өз білімімді жетілдіріп, оқып үйрендім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесі шаруашылық есеппен жұмыс істейді. Яғни, ол атқарған міндеттері мен орындаған жұмыстарының нәтижесінде өзін-өзі қаржыландырады. Мен, кәсіпорын өз жұмысын үздіксіз атқаруы үшін қандай жағдайлар орнату керек екендігін білдім. Кәсіпорындағы қызметкерлердің орындайтын міндеттерімен толығымен таныстым. Тәжірибе барысында, мен, кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін оқып үйрендім.
Ондағы жарғы капиталымен, мекемедегі инвестициялық қызметпен, ұйымның айналым құралдарымен таныстым. Тәжірибе барысында Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржы жоспарымен танысып, алдағы кезеңге жоспар құруды үйрендім. Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігіне талдау жасап, мекеменің банкрот болмауы үшін қандай іс-шаралар қолдану екендігін білдім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына мемлекет тарапынан 20% субсидия бөлініп тұрады. Сондықтан да бұл мекеме мемлекеттік болып табылады. Кәсіпорын басқа мекемелер сияқты бюджетке төленетін міндетті төлемдерді өз уақытында төлеп отырады. Мен, «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бюджетке төлемдерімен таныстым. Мекемедегі қызметкерлердің жалақысынан әр айда ұсталынатын салықтарды қалайша есептеуге болатынын есептеп көрдім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің негізгі қызметі шаруашылық қожалықтарына су жеткізу болып табылады. Мен, осы өндірістік тәжірибе барысында шаруашылық қожалықтарын қалайша сумен қамтамасыз ететіндігін білдім. Оларға әрбір берілген су көлеміне байланысты төлейтін ақшасын қалай есептеуге болатынын үйрендім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің аудандағы тұрғындар үшін маңызы зор. Себебі, мекеме суды қолдануды тәртіпке салып, оны шаруашылық иелеріне жеткізіп отырады.
Бірақ, бүгінгі күнде «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің техникалық жағдайы жақсы емес деп айтуға болады. Өйткені, кейбір су құбырлары күрделі техникалық жөндеуді талап етеді.
Мен, өндірістік тәжірибе барысында кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау жасап, өз қорытынымды шығардым. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын оқып үйрендім. Кәсіпорынның табыстары мен залалдары туралы есеп (форма 2), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеппен (форма 3) танысып, оның қаржы жағдайына баға бердім. Менің ойымша сол деректерге сүйенетін болсақ «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қаржы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Өндірістік кәсіптік тәжірибе барысында, мен, «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінде қаржы ерекшеліктерін білдім. Кәсіпорының 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында тапсыратын қаржылық қорытынды есебін көріп, ондағы деректермен таныстым. Бұл өндірістік кәсіптік тәжірибе менің білімімді жетілдіріп, болашақта жақсы маман иесі болуыма өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Өндірістік тәжірибені өту барысында менің мақсатым- кәсіпорынның негізгі қызметімен және кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен танысып, оның қаржылық жағдайын талдауды үйрену болды.
Ал, менің міндетім- кәсіпорынның оперативтік қаржылық жағдайымен толығымен танысып, қаржылық есептегі маңызды толтыратын құжаттарымен танысып, үйрену, кәсіптік тәжірибе туралы есепті толтыру болды. Мен бұл жұмыстарды атқарып, тәжірибе кезінде барлық маңызды есептемені үйрендім.
Кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері .
Кәсіпорын-экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады.
Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты- бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Кәсіпорынның функциялары мыналар:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны- өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Әрбір мекеме өзінің қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өдіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері - цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер, олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика-географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Мен, өндірістік кәсіптік тәжірибемді «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өткендіктен, осы мекеменің тарихи анықтамаларының дамуына тоқталып өтейін.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1935 жылдан бастап өз жұмысын атқарып келеді. Осы жылдар аралығында кәсіпорын бірнеше рет өз атауын өзгерткен. Біздің ауданда көлемі жағынан үлкен өзендердің бірі- Шарын өзені және 20 кіші өзендер мен 11 су құбырлары бар.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында 2 магистральдық су жүретін каналдар бар;
Төменгі Шонжы каналы, ұзындығы 16, 8 км, суармалы жері 3881 га, К. Исламов атындағы канал ұзындығы 27, 4 км, суармалы жер көлемі 4513га.
Осы мекеме күшімен 152 шаруашылық құрылымдары, 1 өндірістік кооператив, 2 ЖШС сумен қамтамасыз етіледі.
Су шаруашылығы мекемесінде біздің ауданда білікті мамандар жұмыс істейді. Олар су шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосып, су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолын табуды көрсеткен. Су шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі- Абрамов Владимир Петровичті атап өтуге болады.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларының міндеттері мен қызметтеріне тоқталып өтейін. Соның ішінде кәсіпорынның директорының атқаратын қызметтері мен орындайтын міндеттерін айтуға болады. Бас директор кәсіпорынның лауазымды тұлғасы болып табылады, өзінің өкілетті шегінде сенімхатсыз кәсіпорынның атынан әрекет ете береді, шарт жасасады, оның ішінде еңбек шарттары, сенімхаттар береді, банктен есеп шот ашады, орындалуы міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Сонымен қатар кәсіпорынның бас директоры:
- мекемедегі штаттық кестені бекіте алады;
- кәсіпорынның жалдаған қызметкерлерін жалға алу, оларды шығару және басқа жұмысқа ауыстыру құқығын иеленеді;
- кәсіпорынның қызметі туралы жылдық есеп береді;
- қаржы және статистикалық есепті ұйымдастырады;
- заңды және жеке тұлғаларға кәсіпорын атынан шағым жасау туралы шешім қабылдайды және шағымды қанағаттандыруды талап етеді.
- материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді және үнемді пайдалануға бақылау жасайды;
- кәсіпорынның қызметкерлеріне жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның басшысы мынаны білу керек:
- Заң акті, нормативтік және әдістемелік заң акті, әдістемелік материалдарды жоспарлау бойынша, кәсіпорынның қаржы және экономикалық қызметтерін, федералды, аймақтық және жергілікті органдардың қаулыларын дамытуды анықтайтын басым бағыттар экономика және тиісті салаларды;
- Нормативтік және әдістемелік заң акті материалдарды жоспарлау бойынша, кәсіпорын қызметіне байланысты;
- Мамандандыруды профиль және кәсіпорынның құрылымының ерекшелігі;
- Саланың техникалық - экономикалық және әлеуметтік дамытуы және кәсіпорынның перспективалары;
- өндіріс қуаты жән кәсіпорынның кадрлық қорлары;
- кәсіпорынның өнімінің өндіріс технологиялары;
- салық және экологиядағы заңдарды;
- кәсіпорынның жоспар өндірістік шаруашылық қаржылық экономикалық индикаторларының жүйесін және өткізудің жаңа нарықтарына шығуға программаларды өңдеуді анықтайды;
- шаруашылық және қаржы келісімшарттарының орындалуын;
- нарықтық конъюктураларын;
- ғылыми техникалық табыстар және өндірістің тиісті саласындағы алдынғы тәжірибесі;
- экономикамен және кәсіпорынның қаражаттарымен басқару;
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға;
- еңбектік заң;
- еңбекті қорғау ереже және нормативтерін.
Кәсіпорынның директоры болмаған жағдайда оның барлық қызметін оның орынбасары орындайды.
Құқығы:
Бас директор мынадай құқыққа ие:
- кәсіпорынның атымен жұмыс істеуге сенімхаттарынсыз;
- талаптарының орындалуы бар заң нақтылы кәсіпорынның құралдарымен дуние мүлкімен иелік ету, кәсіпорынның басқа нормативтік құқықтық акттеріме, жарғымен;
- келісімшарттарды Трудовоелерді тұжырымдау;
- өкілдіктің азаматтық заңға сүйенген мәмілелерінің іске асыруына сенімхатты беру, т. б.
Кәсіпорындағы әрбір қызметкердің өз алдына жүктелген міндеттері болады. Барлық қызметкерлер кәсіпорынның ішкі ережелеріне бағынуы тиіс және міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның қаржылық директоры:
- өндірістік инвестициялық инновациялық саясатпен байланысты кәсіпорынның қаржылық саясат жобасын жасайды және оны кәсіпорын дирекциясына акционерлер жиналысына мақұлдауға ұсынады;
- ұйымның қаржыны басқару принциптерін және ережелерін дайындайды;
- қаржылық жоспарлауға ортақ басқаруды қалыптастырады;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына мониторинг жасайды, қорытынды есеп беруді құрастырады;
- кәсіпорынның қаржылық қызметіне енетін бөлім қызметіне бақылау жасайды.
- кәсіпорынның қаржылық стратегиясы бойынша ұсыныс дайындайды.
- Алдағы кезеңде кәсіпорынның қажылық қызметіне жоспар жасайды
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен методикасын дайындайды.
Жарғы капиталы. Оперативті қаржылық жұмыс .
Жарғылық капитал-кәсіпорын мүлкінің оның кредиторларының мүддесіне кепілдік беретін барынша аз мөлшері. Жарғылық капитал- негізгі құрал - жабдықтың, басқа мүліктің, материалдық емес активтің, сондай-ақ кәсіпорынға оның құрылтайшылары мен қатысушылары (зааңды және жеке тұлғалар) құрылтай құжатта белгіленген үлеске үйлесімді салған, сондай-ақ ақшамен бағаланатын мүліктік құқықтардың жиынтығы.
Жарғылық капитал - кәсіпорын жарғысында белгіленген капиталдыңбастапқы сомасы. «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысында көрсетілген ақша сомасы 33000 теңгені құрайды. Жарғылық капиталға бағытталатын қаражаттың сомасы жаңадан құрылған кәсіпорынның қызметін бастауды қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу кезінде қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылыс сомасына тең оның жарғылық капиталы құрылтай құжатта тіркеледі.
Егер қатысушылары бұрынғы өтініштегі оның мөлшерін толықтай төлемесе, онда жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі шешімге наразылық білдіруі мүмкін.
Жарғылық капиталға салынатын салымды төлеуге ақшалай қаражат, материалдық емес актив, сондай-ақ интеллектуалдық меншік нәтижесіне берілген құқық, «ноухау», негізгі құрал жабдық және басқа да актив қабылдануы мүскін.
Жарғылық капитал сатылған акцияның атаулы құны бойынша бағаланады. Сатылған акция құнының оның атаулы құнынан асуы жеке ескеріледі және акция атаулы құннан сатылғанда пайда болатын айырманы өтеу үшін пайдаланады. Осы қаражат «Қосымша төленген капитал» деген 5400-шотта ескеріледі.
Республика заңнамасында жарғылық капиталдың мөлшері шектелген (мөлшері заңнамада берілген есептік көрсеткіштің санымен) . Бүгінгі күні қоғамның жарғылық капиталының барынша аз мөлшері АЕК-тің 5-есе мөлшерін құрайды.
Жарғылық капиталтың абсолюттік мөлшері мен пассив баланстың жалпы қорытындысындағы оның үлесі кәсіпорынның тұрақты қарды жай-күйінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қоғам жарғылық капиталдың азайғаны жөнінде өзінің кредиторларына 30 күндік мерзімде хабарлауы тиіс. Кредиторлар жарғылық капиталдың азайғаны жөнінде өздеріне хабарлама жолданған күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей оның міндеттемелерді мерзімінен бұрын орыдауды тоқтатуды және осыған байланысты залалды, мысалы, облигациялық қарызды өтеуді талап етуі құқылы. Қоғм жарғысына жарғылық капиталды төмендетумен байланысты енгізілетін өзгеріс кредиторларға хабарланғанын растайтын дәлел (қоғамның жарғылық капиталын төмендету жөніндегі жазбаша хабарлама) болса мемлекеттік тіркеуден өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz