Кәсіпорынның жеке құралдарының құны


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 АҚ «KEGOC» корпорациясының қызметіне cипаттама

2 «KEGOC» АҚ-ның жағдайын талдау

3 «KEGOC. » корпорациясының қаржылық жағдайын талдау және оны бағалау

4 Кәсіпорынның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

5 «KEGOC» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе оқу үрдісінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және өнеркәсіп салалары мен әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар үшін мамандар дайындауда маңызды элемент болып табылады.

Экономистер мен басқарушылар - бұл әртүрлі экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.

Өндірістік тәжірибенің шешілген мәселелері:

- нарықтық қатынастарда қызмет ету шартында кәсіпорындағы экономикалық жұмыстардың қағидалары мен әдістерін терең үйрену және зерттеу;

- студенттердің мамандық бойынша жұмыстар үшін тәжірибелік білімдерді меңгеруі;

басқару жолдары мен әдістерін зерттеу, өндіріс тиімділігін және кәсіпорын жұмысының сапасын арттыруға әсерін зерттеу;

- өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу;

- негізгі өндірістік-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді және статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау;

- талдау және жоспарлаудың алдыңғы әдістерінің негізгілері болып табылатын кейбір есептерді өз бетінше орындау;

- жеке бөлімдердің тәжірибелік жұмыстарына белсенді қатысу.

Корпорацияның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрістiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор.

Кәсіпорынның қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні - 1997ж. 11 шілде.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 01, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көш., 37.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі «АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды. 2008 жылдың 13 қазанынан «Қазына» Тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингінің «қосылуы арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» құрылды. Компания миссиясы

Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Қоғам Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы бола отырып, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу қызметін көрсету, оның техникалық қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау*; техникалық диспетчерлеу бойынша қызмет көрсету, нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс режімдерін орталықтан оралымды-диспетчерлік басқару; Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің (БЭЖ) жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету; электр энергиясын реттеу және резервтеу, электр энергиясының өндіру-тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету; электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету*; электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асыру; электр қуатының оралымды резервтерінің қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және реактивтік қуатын реттеу үшін, энергия жүйесін қорексіз күйден іске қосу жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алу*; электр энергиясы теңгермелі рыногының нақты уақыт пен жүйелік және қосалқы қызметтер рыногы режіміндегі жұмысын ұйымдастыру; қатарлас жұмыс істеу режимінің тұрақтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау; біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру*; Ұлттық электр торабына шығу үшін теңдес шарттарды қамтамасыз ету*; Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме рыногына қатысушыларды коммерциялық және өзге де заңмен сақталатын құпияны құратын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету; электр станцияларындағы, қосалқы станциялардағы негізгі жабдықтардың, электр жеткізу желілерінің, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің жөндеуге шығарылуын және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуді келісу; гидроэлектр станцияларының жұмыс режімдерін олардың су-шаруашылық теңгерімдері мен Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесі жұмысының режімдерін ескере отырып әзірлеуге қатысу; электр энергиясы теңгерімдерінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінде нормативтік электр тогы жиілігін ұстап тұру мақсатында электр энергиясының шектес мемлекеттер энергожүйелерімен ағындарының шарттасу шамаларын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме рыногы жаба алмайтын теңгерімсіздік туындаған кезде технологиялық және өндірістік мұқтаждықтарға арналған электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру; қайталанатын (шунтталатын) электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялар жобалары мен құрылысын келісу. * электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін

Компания көрсететін қызметтер табиғи монополия саласына жатады.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның қызмет түрлерімен айналысуға арналған мынадай лицензиялары бар:

1) электр энергиясын жеткізу мен бөлу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж. 23. 06 № 000693, (лицензия беруші - ТМРА, қолдану мерзімі - бас) . Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделді (электр энергиясын жеткізу мен бөлу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж. 19. 11 № 003382) ;

2) электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж. 21. 12 № 41-0, (лицензия беруші - ТМРА, қолдану мерзімі - бас) . Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделі (электр желілері мен қосалқы станцияларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану, энергетикалық жабдықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж. 01 № 003399) ;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыс (қызмет) түрлерімен айналысуға арналған 2006ж. 07. 09 № 0001816 ГСЛ, (лицензия беруші - Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы, қолдану мерзімі - бас) ;

4) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2009ж. 13. 07 № 000495, (лицензия беруші - ТМРА, қолдану мерзімі - бас) . Осы лицензия лицензияланатын қызмет түрі атауының өзгеруіне байланысты 2009 жылы қайта ресімделді (электр энергиясынн қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж. 19. 11 № 003383 лицензия) ;

5) энергетикалық жабдықтарды, 0, 7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж. 31. 12 № 0004059, («жөндеуге» байланысты қосымша қызмет түрлері (құрал-жабдықтардың жай-күйіне диагностика жүргізу, техникалық құрылғының жөнделуін немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, зақымданғандарын жөндеу, жою), (лицензия беруші - ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті) Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделді (электр желілері мен қосалқы станцияларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану, энергетикалық жабдықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж. 01. 12 003399) .

Электр желілері

2010. 01. 01. күнгі жағдай бойынша «KEGOC» АҚ балансында кернеуі 0, 4-1150 кВ болатын 310 электр жеткізу желісі бар.

Тізбек бойынша ұзындығы 24501, 90695 шақырымды құрайды, оның ішінде:

1150 кВ - 4 дана, ұзындығы 1421, 225 км; 500 кВ - 42 дана, ұзындығы 6420, 0855 км; 220 кВ -203 дана, ұзындығы 15966, 57245 км; 110 кВ - 34 дана, ұзындығы 558, 668 км; 35-0, 4 кВ - 27 дана, ұзындығы 135, 356 км.

Сурет 6 - «KEGOC. KZ» АҚ ұйымдастырушылық құрылымы /35/

Ұйымдастырушылық құрылымының басқаруын басқарудың сызықтық құрылымына жатқызуға болады, бұл құрылымның иерархиялық типіне жатады. Ереже бойынша, осындай құрылымды үлкен емес кәсіпорындар қолданады.

2010 жылы «KEGOC. KZ» АҚ -гі маркетинг және менеджмент саласындағы бенчмаркетинг, яғни бизнес дамуының жаңа бағытына бет бұрды. Ол өз ісін жақсырақ және өнімдірек етіп іске асыратын тиімді әдістер мен тәсілдерді іздеуге және зерттеуге байланысты. Бенчмаркетинг бизнестің көлеміне, бизнестің саласына және оның географиялық орналасуына байланыссыз іздеуге, бағалауға және ең тиімді мысалдардан үйренуге бағытталған жүйелік қызмет болып таблады. Бұл бізді жақсырақ ететін әдістерді табу, оны зерттеу, дамыту және сол жұмыс әдістерін қолдану өнері. Кәсіпорын қызметкерлерімен әзірлеген коцепциясы мен әдістері шығындарды төмендетуге, пайданы көтеруге және қызмет стратегиясын таңдауды оптимилизациялауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің принципі жақсыдан жақсыға деген мағынаны береді. Бенчмаркетинг процесінде алынған ең күшті құрылыс фирмаларының жұмыс әдістері туралы білім «KEGOC» АҚ кәсіпорнының дамуына және оның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті маңызды ақпарат болып табылады Кәсіпорын жұмысшылары өздерінің тұрмыс тіршілігін және еңбек жағдайын жақсарту бойынша, кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметінің дамуы бойынша және жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету бойынша іс шараларды талқылайды. Енді кәсіпорынның кадрлар ағымын талдап өтейік. «KEGOC» АҚ -нің кадрлар ағымы Кесте 2-де көрсетілген.

Кесте 2

«KEGOC» АҚ кәсіпорнының кадрлар ағымы

Атаулары: Атаулары
2008жыл:

2008

жыл

2009 жыл: 2009 жыл
2010 жыл: 2010 жыл
Ауытқу, 08/09: Ауытқу, 08/09
Ауытқу, 09/10: Ауытқу, 09/10
Атаулары: -; +
2008жыл: %
2009 жыл: +; -
2010 жыл: %
Атаулары: Жыл ішіндегі қызм-ң орт. тізімдік саны (сырттан келіп жұмыс істейтіндерді қоспағанда), адам
2008жыл: 135
2009 жыл: 128
2010 жыл: 114
Ауытқу, 08/09: -7
Ауытқу, 09/10: -20, 0
-14
-50, 0
Атаулары: Оның ішінде әйелдердің тізімдік саны
2008жыл: 13
2009 жыл: 11
2010 жыл: 12
Ауытқу, 08/09: -2
Ауытқу, 09/10: -66, 7
1
100, 0
Атаулары: Жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны
2008жыл: 135
2009 жыл: 114
2010 жыл: 16
Ауытқу, 08/09: -21
Ауытқу, 09/10: -60, 0
-8
-57, 1
Атаулары: Одан жаңа жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны
2008жыл: 135
2009 жыл: 12
2010 жыл:
Ауытқу, 08/09: -33
Ауытқу, 09/10: -94, 3
-2
-100, 0
Атаулары: Жұмыстан босатылғандар
2008жыл: -
2009 жыл: 114
2010 жыл: 19
Ауытқу, 08/09: 14
Ауытқу, 09/10: -
-5
-35, 7
Атаулары: Оның ішінде:
2008жыл: -
2009 жыл:
2010 жыл:
Ауытқу, 08/09:
Ауытқу, 09/10: -
Атаулары: а) еңбек тәртібін бұзғаны үшін
2008жыл: -
2009 жыл: 15
2010 жыл: 13
Ауытқу, 08/09: 5
Ауытқу, 09/10: -
-2
-40, 0
Атаулары: б) өз еркімен
2008жыл: -
2009 жыл: 19
2010 жыл: 16
Ауытқу, 08/09: 9
Ауытқу, 09/10: -
-3
-33, 3
Атаулары: Кадрлар ағымы, %
2008жыл: -
2009 жыл: 150
2010 жыл: 164
Ауытқу, 08/09: 50
Ауытқу, 09/10: -
14
28, 0

*Ақпарат көзі: кадр бөлімінің ағымдық құжаттары

Кесте 2-ден көріп отырғанымыздай, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда орташа жұмысшылар саны 7 адамға немесе 20 пайызға кеміп отыр, ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда орташа жұмысшылар саны 14 адамға кеміп 14 адамды құрап отыр. Жұмысшылар саныныың азаюына тапсырыс берушілердің жоқтығы себеп болып отыр.

Қорыта келгенде «KEGOC» АҚ кәсіпорнының кадрлар ағымын жақсартуды қажет етіп отыр, өйткені 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14-ке өсіп 64 пайызды құрап отыр. /35/

Кәсіпорын өздерінің қаржылық ресурстарын қолдануда, қаражаттарды жұмсау мен оларды мақсатты пайдалануда максималды үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджетпен, банктермен, жабдықтаушылармен және басқа да ұйымдармен есеп айырысуды уақытында жүзеге асырады.

2 «KEGOC. KZ» АҚ-ның жағдайын талдау

Кәсіпорынның өндірістік, сату, жабдықтау және қаржылық қызметінің әртүрлі жақтарының ақшалай нысандағы бағалауын қаржылық нәтижелер көрсеткішінің жүйесінен алады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің ең негізгі көрсеткіштері «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы» №100. 31. формасында көрсетілген. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады:

тауарды өткізуден түскен табыс; тауарлардың өзіндік құны; жалпы табыс; кезеңнің жалпы шығындары; салық салынатын табыс; таза табыс. Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.

Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын.

Кесте 3 «KEGOC» АҚ -нің табыстары мен шығындарын талдау

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2008жыл: 2008жыл
2009жыл: 2009жыл
2010жыл: 2010жыл
Ауытқу, 2009/2008: Ауытқу, 2009/2008
Ауытку, 2010/2009: Ауытку, 2010/2009
№: Абсолют
Көрсеткіштер: %
2008жыл: Абсолют
2009жыл: %
№: 1
Көрсеткіштер: Тауарларды өткізуден түскен табыс
2008жыл: 57705893
2009жыл: 61817082
2010жыл: 104447605
Ауытқу, 2009/2008: 489
Ауытку, 2010/2009: 7, 1
42630523
68, 9
№: 2
Көрсеткіштер: Өткізілген тауарлардың өзіндік құны
2008жыл:
2009жыл: 45504067
2010жыл: 94685641
Ауытқу, 2009/2008: 45504067
Ауытку, 2010/2009:
49181574
108, 0
№: 3
Көрсеткіштер: Жалпы табыс (шығын)
2008жыл: 57705893
2009жыл: 16313015
2010жыл: 9761964
Ауытқу, 2009/2008: -41392878
Ауытку, 2010/2009: -71, 7
-6551051
-40, 1
№: 4
Көрсеткіштер: Жалпы кезең шығындары, оның ішінде:
2008жыл: 57517715
2009жыл: 15660216
2010жыл: 9248210
Ауытқу, 2009/2008: -41857499
Ауытку, 2010/2009: -72, 7
-6412010
-40, 9
№:
Көрсеткіштер: а) жалпы және әкімшілдік шығындар;
2008жыл: 13273319
2009жыл: 5298051
2010жыл: 4633607
Ауытқу, 2009/2008: -7975267, 8
Ауытку, 2010/2009: -60, 1
-66
-12, 5
№:
Көрсеткіштер: б) өткізу бойынша шығындар;
2008жыл: 44244396
2009жыл: 10362165
2010жыл: 4614603
Ауытқу, 2009/2008: -33882231
Ауытку, 2010/2009: -76, 5
-5747562
-55, 4
№: 5
Көрсеткіштер: Негізгі қызметтен табыс (шығын)
2008жыл: 188178
2009жыл: 652799
2010жыл: 513754
Ауытқу, 2009/2008: 464621
Ауытку, 2010/2009: 246, 9
-139045
-21, 3
№: 6
Көрсеткіштер: Нег. емес қыз-н табыс
2008жыл:
2009жыл:
2010жыл:
Ауытқу, 2009/2008:
Ауытку, 2010/2009:
№: 7
Көрсеткіштер: Салыққа дейінгі әдеттегі қызмет бойынша табыс
2008жыл: 188178
2009жыл: 652799
2010жыл: 513754
Ауытқу, 2009/2008: 464621
Ауытку, 2010/2009: 246, 9
-139045
-21, 3
№: 8
Көрсеткіштер: Корп-к табыс салығы бойынша шығындар
2008жыл: 56453
2009жыл: 195840
2010жыл: 149305
Ауытқу, 2009/2008: 139387
Ауытку, 2010/2009: 246, 9
-46535
-23, 7
№: 9
Көрсеткіштер: Салық салынудан кейінгі табыс
2008жыл: 131725
2009жыл: 456959
2010жыл: 364449
Ауытқу, 2009/2008: 325234
Ауытку, 2010/2009: 246, 9
-92510
-20, 2
№: 10
Көрсеткіштер: Төтенше жағдайдан түскен табыс (шығын)
2008жыл:
2009жыл:
2010жыл:
Ауытқу, 2009/2008:
Ауытку, 2010/2009:
№: 11
Көрсеткіштер: Таза табыс
2008жыл: 131725
2009жыл: 456959
2010жыл: 364449
Ауытқу, 2009/2008: 325234
Ауытку, 2010/2009: 246, 9
-92510
-20, 2

*Ақпарат көзі: «KEGOC» АҚ-ның 2011 жылдың 1қаңтарындағы жағдаймен алғандағы кірістері мен шығындары туралы есебі

№ 100. 31. Формасындағы мәліметтерді пайдалана отырып кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына талдау жүргізейік. Бұл мәліметтерді екінші кестеден көре аламыз.

3-ші кестеден көріп отырғанымыздай, таза табыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 325234 теңгеге немесе 247 %-ға өсіп, 456959 теңгені құрап отырғанын көре аламыз. Ал 2010 жылды 2008 жылмен салыстырғанда керісінше 92510 теңгеге немесе 20%-ға кеміп, 364449 теңгеге тең болған.

2009 жылдың таза табысының өсуіне тауарларды өткізуден түскен табыстың 489 теңгеге өсуі себеп болып отыр. 2010 жылдың таза табысының 92510 теңгеге кемуіне өткізілген тауарлардың өзіндік құнының екі есеге өсуі әсерін тигізіп отыр.

Жалпы өнімді өткізуден түскен табыс екі жылда 46740812 теңгеге өсіп 2010 жылы 104447605 теңгені құрағанын және жалпы кезең шығындарының екі жылда 9248210 теңгеге кемуін айтып кеткен жөн. Қорыта келгенде жалпы өнімді өткізуден түскен табыс пен жалпы кезең шығындарының осындай динамиксы кәсіпорын қызметінің оң жақтарын сипаттайды.

Нарықтық қатынастар кезінде өндірістің пайдалылық (шығындылық) деңгейін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштерінің ролі үлкен. Рентабелділік көрсеткіштері қаржылық нәтижелер мен кәсіпорын қызметі тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы болып табылады. Олар кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды.

Рентабелділік көрсеткіштері бұл кәсіпорын табысы мен пайдасының негізгі қалыптасу ортасының маңызды сипаттамалары. Осы себептен олр салыстырмалы талдау мен кәсіпрынның қаржылық жағдайын бағалаудың міндетті элеементтері болып тбылады. Өндірісті талдау кезінде рентабельділік көрсеткіштері баға қалыптастырудың және инвестициялық саясаттың инструменті ретінде қолданылады.

Рентабелділіктің негізгі көрсеткіштерін келесідей топтастыруға болады:

Өнімнің рентабельділігі (басқару тиімділігін бағалау көрсеткіштері) ; Өндірістік қорлардың рентабельділігі; Кәсіпорын салымдарының рентабельділігі (шаруашылық қызметтің пайдалылығы) . Өнім рентабельділігі өткізілген өнім бірлігіне қанша пайда келетінін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің өсуі тұрақты өндірістік шығындар кезіндегі өнім бағасының өсуіне немесе тұрақты баға кезіндегі өндірістік шығындардың төмендеуінен болады. Өнімнің рентабельділік көрсеткіштері келесі көрсеткіштерден тұрады:

Жалпы рентабельділік-бұл көрсеткіш баланстық пайданың өткізуден түскен табысқа қатынасы арқылы есептелінеді. Таза пайда бойынша сатудың рентабельділігі-бұл көрсеткіш таза табыс пен өткізуден түскен табысқа қатынасы арқылы есептелінеді/21, 154/. «KEGOC» АҚ-ның өнім рентабельділігінің көрсеткіштері Кесте 3-те есептелінген. /35/

Кесте 4-ке негізделе отырып келесідей нәтижелерге келуге болады. Жалпы рентабельділік көрсеткіші 2008 жылы 0, 33-ке тең болып, 2009 жылы 1, 06-ға дейін, яғни 3, 2 есе көбейді. Бұл дегеніміз 2009 жылғы өткізуден түскен табыстың әрбір теңгесі орта есеппен 1 тиын баланстық пайда әкелген. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге төмендеп 0, 49-ды құрап отыр.

Кесте 4«KEGOC» АҚ-ғы өнімінің рентабельділік көрсеткіштері

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2008 жыл: 2008 жыл
2009жыл:

2009

жыл

2010 жыл: 2010 жыл
Ауытқу 2009/2008: Ауытқу 2009/2008
Ауытқу 2010/2009: Ауытқу 2010/2009
№: Абсолют
Көрсеткіштер: %
2008 жыл: Абсолют
2009жыл: %
№: 1
Көрсеткіштер: Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс
2008 жыл: 57705893
2009жыл: 61817082
2010 жыл: 104447605
Ауытқу 2009/2008: 489
Ауытқу 2010/2009: 7, 10
42630523
68, 90
№: 2
Көрсеткіштер: Салыққа дейінгі әдеттегі қызмет бойынша табыс
2008 жыл: 188178
2009жыл: 652799
2010 жыл: 513754
Ауытқу 2009/2008: 464621
Ауытқу 2010/2009: 246, 90
-139045
-21, 30
№: 3
Көрсеткіштер: Таза табыс
2008 жыл: 131725
2009жыл: 456959
2010 жыл: 364449
Ауытқу 2009/2008: 325234
Ауытқу 2010/2009: 246, 90
-92510
-20, 20
№: Есептік көрсеткіштер
№: 1
Көрсеткіштер: Жалпы рентабельділік
2008 жыл: 0, 33
2009жыл: 1, 06
2010 жыл: 0, 49
Ауытқу 2009/2008: 0, 73
Ауытқу 2010/2009: 223, 83
-0, 56
-53, 42
№: 2
Көрсеткіштер: Таза табыс бойынша сатудың рентабельділігі
2008 жыл: 0, 23
2009жыл: 0, 74
2010 жыл: 0, 35
Ауытқу 2009/2008: 0, 51
Ауытқу 2010/2009: 223, 83
-0, 39
-52, 80

*Ақпарат көзі: «KEGOC» АҚ-ның 2011 жылдың 1қаңтарындағы жағдаймен алғандағы ақша қозғалыстары туралы есебі

Таза табыс бойынша сатудың рентабельділік көрсеткіші 2009 жылы 224 %-ға өсіп 0, 74 тиынды құраған. Ал 2010 жылы болса 0, 39 тиынға немесе 53 %-ға төмендеп 0, 35 тиынды құрап отыр. Бұл 2010 жылы 2009 жылмен салыстрғанда өнімге деген сұраныстың төмендегенінен болып отыр. Бұл өткізілген өнімнің әрбір теңгесіне 0, 35 тиын таза пайда әкелетінін көрсетеді.

Кесте 4-те көріп отырғанымыздай, өнім рентабельділігінің екі көрсеткіші де өте төмен деңгейде. Ол кәсіпорынның өндірістік шығындарының жоғары болуын және басқару тиімділігінің төмендігіне байланысты болып отыр

Кәсіпорын салымдарының рентабельділігі - бұл кәсіпорынның барлық мүлкінің қолданылу тиімділігін көрсететін рентабельділік көрсеткіші. Оның негізгі бес көрсеткіші бар:

Салымның жалпы рентабельділігі. Кәсіпорын мүлкінің бір теңгесіне баланстық табыстың қандай бөлігі келетінін көрсетеді, яғни мүлікті қолданудың тиімділігі. Таза табыс бойынша салымның рентабельділігі. Меншікті капиталдың рентабельділігі инвестицияланатын жеке ресурстар көлемі және оны қолданудан түскен пайда көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Ұзақ мерзімдік қаржылық салымдардың рентабельділігі кәсіпорынның басқа ұйымдар қызметіне салынған құралдардың тиімділігін көрсетеді. Перманенттік (үздіксіз) капиталдың рентабельділігі осы кәсіпорын қызметіне ұзақ мерзімге салынған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді. Кәсіпорын салымдарының рентабельділігі Кесте 5-те көрсетілген.

Кесте 5

«KEGOC. KZ» АҚ-ғы салымдарының рентабельділік көрсеткіштері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорынның айналым қорларын басқару
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын факторлық талдау
Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдаланудың теориялық негіздері
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
Кәсіпорынға қарағандағы ақша
Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz