Кәсіпорынның жарғылық капиталға


«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-НЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАРЫ:
1. Жалпы бөлім.
1. 1. « К азкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бухгалтерлік есебін құру негіздері.
1. 3. « К азкоммерцбанк» АҚ мекемесінің қаржылық шаруашылық қызметіне талдау жүргізу.
1. 4. « К азкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бөлімдерімен танысу
2. Қаржылық есеп, талдау және аудит.
2. 1. Шаруашылық субъектінің меншікті капиталының есебі, талдауы мен аудиті.
2. 2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі, талдауы мен аудиті.
2. 3. Инвестициялар есебі, талдауы мен аудиті.
2. 4. Тауарлық-материалдық қорлар есебі, талдауы мен аудиті.
2. 5. Ақша қаражаттарының есебі, талдауы мен аудиті.
2. 6. Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы мен аудиті.
2. 7. Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті.
2. 8. Еңбек және еңбек ақы есебі, талдауы мен аудиті.
2. 9. Қаржылық есеп беру: құрастыру әдісі мен тәсілі; талдауы және аудиті.
3. Басқару есебі, талдауы және аудиті.
3. 1. Өндірістік шығындардың есебі, талдауы мен аудиті.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
1. 1. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің шаруашылық қызметімен танысу.
Мен 2010-жылдың 18-шы қаңтар айымен 28-шы наурыз айы аралығындағы өндірістік іс-тәжірибемді «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінде толығымен өткіздім. Мен ол жерде бізге берілген бағдарламаны пайдалана отырып, «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің ең алдымен негізгі қызмет түрлерімен танысудан бастадым. Іс-тәжірибедегі жетекшім мекеменің жалпы құрылымымен таныстырып, мекеменің әрбір бөліміне, экскурсия ұйымдастырды. Содан соң мен мекеменің басқару құрылымы мен басқа да нормативтік құжаттарымен таныстым.
Қазіргі «Казкоммерцбанк» (ары қарай - Банк) Қазақ Социалистік Кеңес республикасының заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде «Медеу Банкі» АҚ деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен - «Казкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Аталған күн ресми түрде Банктің туған күні болып саналады.
Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу куәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин д-лы, 135 ж., банк телефоны: +7 (727) 2 58 56 70 және 258 51 85, факс: + 7 (727) 258 52 29. Казкоммерцбанктің Интернеттегі мекен жайы: http://www. kkb. kz
1994 жылдың сәуірінде Банк өзге қазақстандық коммерциялық банкпен - «Астана Холдингпен» бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық- есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орын тепті.
1994 жылдан бері Банк ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ, Әлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік көрсеткен бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.
1995 жылы Казкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми кеңесшісі ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру процесіне белсене қатысты.
1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізуге үлкен қадам жасады. Казкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - Орталық Азиядағы банктердің ішінде бірінші рет Казкоммерцбанкке «Thomas Bank Watch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингі берілді.
2002 жылы Казкоммерцбанк Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып алды, одан кейін ол банк Казкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.
2005 жылы мамыр айында Казкоммерцбанк «Москоммерцбанк» КБ жарғылық капиталындағы 60, 04% үлесін сенімді басқаруға алды.
2004 жылдың шілдесінде Казкоммерцбанктің қолдауымен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры құрылды. Қордың мақсаты - тиімді қайырымдылық жұмыстарын жүргізу және банктің әлеуметтік-жауапкершілікті қаржы институты ретінде стратегиясын жүзеге асыру.
2006 жылдың ақпан айында Казкоммерцбанк қазақстандық «Exclusive» журналы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша үшінші жыл қатарынан «Беделі үздік компания» болып табылады.
2006 жылдың наурыз айында казкоммерцбанк халықаралық Global Finance журналы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша сегізінші жыл қатарынан «Дамушы нарықтағы үздік банк: Қазақстан» номинациясында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, банк «Сауданы қаржыландыратын үздік банк» және «Валюта нарығындағы үздік банк» номинацияларында жеңімпаз атанды. Казкоммерцбанк өзге де халықаралық қаржы басылымдарынан - Euromoney және The Banker - «Қазақстанның үздік банкі» атағын алды.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етті.
«Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 22, 997 триллион теңгені (24, 9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2, 366 трлн. теңге (19, 7 млрд. ) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.
Қаражатты тартудың негізгі көзі - банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30, 1% өсіп, 895, 1 млрд. теңгені құрады. Осылай Казкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.
Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.
Казкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Казкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарткарталар, ал 2005 жылы тағы да бірінші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, соның ішінде ақшаны қабыладау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны - 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады: сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клинттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері
«Казкоммерцбанк» АҚ-нің заңды түрде берілген мынадай құжаттары бар: жарғы (қосымша 1), Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген СТН (қосымша 2), статистикалық карточка (қосымша3), Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлік (қосымша 4), мемелекеттік лицензия (қосымша 5), мемлекеттік лицензияға қосымша (қосымша 6, 7) .
«Казкоммерцбанк» АҚ-нің жарғылық капиталы 82300 теңгені құрайды.
Серіктестіктің басқару структурасына келесі бөлімдер кіреді: қызметкерлерді басқару әкімшілігі, ремонт жасау бригадасы, машина-трактор паркі, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бөлімі, өрт сөндіру және күзет қызметі бөлімі, есеп және есеп беру бөлімі.
«Казкоммерцбанк» АҚ-де нақты жұмысшылар саны негізгі бөлімде 13, әкімшілік бөлімде 9 адамнан құралған, сонымен қатар уақытша жұмысшылар саны 90 адам.
Машина-трактор паркінде 17 автотранспорт бар, эксковатор 6, погрузщик 3, бульдозер 1, жүк машинасы 7.
Жоғарыда аталған 5 жүк машинасы, 2 эксковатор 2007жыл «BTA ОRIX» лизингі негізінде 3 жыл мерзімге алынған.
Жарғы негізінде тікелей басшылыққа алатын директоры Табиров Аскар Инкарбекович болып табылады.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр
түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.
«Казкоммерцбанк» АҚ мекемесі ол БЕС көрсетілген барлық Заңдар мен ережелермен қызмет етеді. Қазақстанның Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына өтуіне байланысты «Казкоммерцбанк» АҚ де өзінің есеп беруін осыған сәйкес етіп тапсырады.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорының есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады) ;
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметіне болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек) ;
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де) ;
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) .
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандарттарының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
1. 2. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бухгалтерлік есебін құру негіздері.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі бухгалтерлік есеп болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
- қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспортттық ұйымдармен арада туындаған қарым қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
- өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болып. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
- өткізу, сату, а арналаған өндіріс өнімдері; өткізу жөнімдегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау) ; субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу
Субъектінің құралдары
Бухгалтерлік есеп тәсілі -әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтері:
- Құжаттама- шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың (есептің басы) дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат - бұл белгіленген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
- Түгендеу- мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеу мақсаты - құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
- Бағалау- белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу кіреді.
- Калькуляция- өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
- Шоттар- қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады - бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
- Қосарлы жазба- шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
- Баланс- белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл - субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, ұалыртасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
- Есеп беру- кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.
Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал - ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады. Баланс 5 бөліктен тұрады:
1. Ұзақ мерзімді активтер МЕА, НҚ және т. б.
2. Ағымдағы активтер (1жылдан кем)
3. Меншікті капитал
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1жылдан астам)
5. Қысқа мерзімді міндеттемелр.
Бухгалтерлік құжат - шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау. Құжаттардағы мәліметтер бух. есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Құжаттар негізінде - материалдық және ақшалай қаражаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т. б. қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т. б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды - кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады.
Бухгалтерлік есепті құру негіздерінің технологиясы компьютерлік құралдарды және техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 1С Бухгалтерия бағдарламасының жаңартылған версияларымен қамтылған, есепті жылдар белгілі бір базада сақталып, өзгертулер мен толықтырулар бухгалтерлер арқылы жасалып отырады. Интернет желілері арқылы байланыс жасап, арнаулы құжаттарды банктерге, мекемелер мен ұйымдарға жіберіле алады. Қазіргі уақыттағы ең үдемелі, оперативті программалар жаңартылған технологиялармен алмастырылып отырады.
1. 3. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің қаржылық шаруашылық қызметіне талдау жүргізу.
Қазіргі замандағы мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік басқапушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырады.
Шарушылық жүргізу жағдайында субъект басшысының басқарушылық шешімді қабылдауда жауапкершілігі артады. Кәсіпорынды тиімді әрі оперативті басқару үшін қаржылық есеп беруде келтірілген ақпарат жеткіліксіз.
Субъект өзінің өндірістік және ұйымдастырушылық тәжірибесіне жиі жүгінеді.
Шешім қабылдау процесі субъектінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады. Бұған бастапқы басқарушылық ақпараттарды іріктеу мен таңдаулы шешім қабылдау алгоритмі байланысты (тәуелді) болады.
Шешім қабылдау баламалы нұсқалардың салыстырмалы бағасын және субъект шаруашылық қызметінің мақсатында әлдеқайда жоғары деңгейде жауап беретін оңтайлысын таңдап алуды ұйғарады. Бұл үшін барлық, оның ішінде алдағы кезеңдегі баламалық нұсқалар бойынша шығындар туралы ақпарат болуы керек. Есепке кәсіпорын жіберіп алған пайда да кіруі мүмкін. Яғни, кәсіпорынға пайдасына тиетін нұсқа назарға ілінбей қалуы мүмкін.
Басқарушылық ақпараттар базасында оперативтік міндеттер (тапсырмалар) залалсыздық нүктесінің есебі (расчет точки безубыточности), өнімдер ассртиментін оның құрылымын (өнім түрлерін) жоспарлау, қосымша тапсырмалардан бас тарту немесе алу (тарату), баға белгілеу, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық маңызды бар келешектік сипаттағы міндеттер (тапсырмалар), күрделі қаржы жұмсалымы (капиталовложения) туралы, бизнесті қайта құрылымдау (реструктуризация) туралы, өнімнің жаңа түрлерін игерудің мақсатқа лайықтылығы туралы шешіледі.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығыстық сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады.
Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірлітің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқарудағы маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақытылы) ашуға мүмкіндік беріп, оның өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады.
Бақылау құралы ретінде бюджет қызметі жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыруда ашылады. Түзілу мақсатына және қызметінің ұйымдастырылу көрсеткіштерін талдауына қарай бюджет мыналарға бөлінеді:
- статистикалық - ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне байланысты құрылатын, яғни өткізудің бір деңгейіне негізделген жоспар;
- икемді - белгілі бір (нақты) іскер белсенділіктің диапазоны үшін жасалатын серпінді (динамичный) жоспар (өткізу көлемінің баламалы нұсқаларының негізінде) және өткізу деңгейіне өзгеруіне қарай шығындардың өзгерісін ескереді. Оны жасау үшін шығындарды өзгермелі және тұрақты деп бөлеміз.
Икемді бюджет ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Бұл мақсатта нақты өнім ығарылымын қоса ескеретін өзгермелі шығынға түзету жүргізіледі. Тұрақты шығындар өзгеріссіз қалады, өйткені өндіріс пен өткізудің көлеміне тәуелді емес.
Жоспарлыдан нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz