Туристік фирманың жұмысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ТОО «ADORE TRAVEL» Э КОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1. 1 ТОО «ADORE TRAVEL» туристік фирмасының қалыптасуы

1. 2 ТОО «ADORE TRAVEL» туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты

1. 3 ТОО «ADORE TRAVEL» туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай - ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.

Б. э. дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан турмзмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл - ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2004 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2006 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

І. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ТОО «ADORE TRAVEL» Э КОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1. 1 ТОО «ADORE TRAVEL»туристік фирмасының қалыптасуы

Соңғы жылдары туризмнің барлық түрі дүниежүзі елдерінің артықшылықты шаруашылық саласы болып табылады. Қазіргі уақытта, туризм миллиондаған адамдардың күделікті өміріне кірді. Туризм ісін ұйымдастыру нарық экономикасымен үздіксіз байланыста, себебі қазіргі заманның туристік индустриясы ең жоғары табысты салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның (ВТО) мәліметі бойынша соңғы он жылда туризм табысы әр жыл сайын 7, 9% - ке өсті, ал туристік табыс санының орташа өсуі 4, 5% өсті. Белгілі бір елдердің табыстылығының өсуі жүз пайызды құрайды. БТҰ (ВТО) - ң болжамы бойынша, туризмнің дамуының көрсеткіштері үнемі өсуде. 2010 жылы туристер саны 1млрд адамға жетеді, ал 2020 жылы - 1 млрд 600 млн адамға өседі деп болжалады.

Туристік іс - жеңіл емес және бірден жоғары таббысты әкелетін іс емес. Бірақ, оның артықшылығы бар - ол адамның тұрақты баратын жерлері, ұшу күні мен уақытын алдын ала біледі.

Егер, өзінің барлық қимылдарын, яғни бағытты таңдаудан бастап, жарнамалық компанияға дейінгі іс - әрекеттерді ертерек есептеп, сонымен бірге бюджетті қатаң ұстау арқылы және кенет жағдайлардан шарттын бұзылуы кезінде сасып қалмайтын болса, жолпарланған табысқа жетуі әбден мүмкін.

Бірінші, бұл қызмет түрі маусымдық сипатта болғандықтан, әр маусымға («қыс демалыстарын» ұсыну, басқа қызмет түрлерін түрлерін табу) жәке бағдарламалар құру қажет.

Екіншіден, туристік сапар - бұл адамның адамның бірінші ретті қажеттілігі емес және халықтың табыс деңгейіне тікелей байланысты болады. Сондықтан турды қалыптастыруда бағдарлы болуы қажет.

Үшіншіден, біздің мемлекетімізде сыртқы туризм басым екендігі белгілі және ол мемлекеттің бюджетіне әсерін тигізеді, сондықтан демалыстың ыңғайлы шарттарын құрып, мемлекетімізге сырттан туристерді тарту бойынша шараларын мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Ұлттық өмірде туризм, аз дегенде басқа да экономикалық және әлеуметтік қызметтер сияқты өндірістік мәнге ие. Қазақстан танытуда, оқуда, демалыста, қатынастар жасау мен көңіл көтері үшін, тұрғындары мен оның қонақтарымен оның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін табиғи және мәдени ресурстарға бай болып келеді. Сондықтан, біздің турагенттіктер өз жеріміздегі туризмді жаулап алуға кірісті. Сонымен қатар, « Kami travel » туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс - шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс - шараладың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық - қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау.

ТОО «ADORE TRAVEL»туристік фирмасы мына мекен жай бойынша орналасқан:

480004, Алматы қаласы

Қонаев көшесі 43, офис 201

Банктік реквизиттері:

АҚ «Еуразия банкі» Алматы қаласы

СТТН(РНН) № 600400519738

Факс: 2730536

Тел: 2663394

Ж. Ш. С. ТОО «ADORE TRAVEL»2006 жыл құрылған. Мемлекеттік лицензиясының берілген күні 10 желтоқсан, 2006 жыл. Осы қысқы уақыт аралығында Қазақстанның туристік нарығындағы мамандандырылған және алдағы қатардағы туристік қызмет көрсетулердің бірі болып табылады.

ТОО «ADORE TRAVEL»тур фирмасының шығу тегі “Kami” - Камилла атты есіммен, “travel” - саяхат дегенмен байланысты. ТОО «ADORE TRAVEL» тур фирмасында білікті мамандар жұмыс атқарады және олардың әр қайсысы туризм саласындағы жоғары класс және өз істерінің мамандары.

Заңды мәртебесі. Жарғылық қор

Кәсіпорыннң ұйымдастырушылық - құқықтық формасын тандау мәселесін шешу барысында, біз жауапкершілігі шектеулі шаруашылық қоғамдастықта тоқтадық. Неге?

Себебі, бұл нарықтық қатынастар шарттарында - ең икемді форма болып табылады. Ең алдымен, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ұғымын ашып көрсетейік.

ЖШС - бұл құрылтайшысы жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын. Мүліктің құру көзі - қатысушылардың қосқан үлесі болып табылады. Міндеттемелер бойынша жауапкершілікті барлық қатысушылардың үлесіне байланысты мойындайды және қоғам міндеттемелеріне жауап береді.

Жарғылық капиталдың минимальды көлемі 500 М. Р. П - ден (1 М. Р. П= 1092 теңге) жоғары, яғни 546000 теңгені құрайды. Бұл ақша сомасы бізге лайықты болып келеді, жұмысшылар саны 30 - дан аспауы керек.

Құру уақытында қоғамның жарғылық қорға құрылтайшылардың үлес көлемі келесіні құрайды.

1-Кесте. Қоғамның жарғылық қорға құрылтайшылардың үлес көлемі

№:
Аты - жөні: Аты - жөні
Қор көлемі, тг: Қор көлемі, тг
Пайыз есебімен: Пайыз есебімен
Бөлігі: Бөлігі
№: 1
Аты - жөні: Ауызбаева Г. С
Қор көлемі, тг: 15.
Пайыз есебімен: 50%
Бөлігі: 2
№: 2
Аты - жөні: Абдрахманова А. К.
Қор көлемі, тг: 15.
Пайыз есебімен: 50%
Бөлігі: 2

2. 2 ТОО «ADORE TRAVEL»туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты

Туристік қызмет - туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызмет.

Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтің рсы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну, және өткізу жөніндегі қызметі.

Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу (халыққа сату) жөніндегі қызметі.

Тур - туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялық қызметтер, сонымен қатар гид - аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтер.

Турист - жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби - іскерлік, спорттық, діни және өзге мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Ішкі туризм: келуші - резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагіндегі қызметі.

Келу туризмі: келуші - резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі, сол ел тұрғындары емес адамдардың, қандайда бір ел бойынша саяхат жасауы. Қазақстан Республикасынан басқа, кез - келген мемлекет олардың тұрақты мекені болатын, кез - келген жеке тұлғалар резидент емес болып табылады.

Шығу туризмі: келуші - резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагінен тыс қызметі, кез - келген мемлекет тұрғынының басқа елге саяхатқа баруы. Азаматтығы мен ұлтына тәуелсіз Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан жеке тұлғалар Қазақстан резиденті болып табылады.

Ел ішіндегі туризм: келуші - резидент пен келуші - резидент еместің соы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі.

Ұлттық туризм: келуші - резидент пен келуші - резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі және шегінен тыс қызметі.

Халықаралық туризм, келу туризмінен және шығу туризмінен тұрады.

Резидент - [латынша resident - орнында қалушы] - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай - ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен мынандай түрлерге бөлінеді: 1) басталған немесе аяқталған салық жылындағы кез - келген тізбекті 12 - айлық кезеңде 183 күн бойында және одан да көп уақыт бойында республикада жүоген немесе шетелде республиканың мемлекеттік қызметін атқарып жүоген жеке тұлға. Жеке тұлғаның республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы ғана бұл тұлға резидент болса, республикада болған соңғы күннен кейінгі кезең үшін ол резидент ретінде қаралады. 2) Қазақстан заңдары бойынша құрылған заңды тұлға немесе оның Қазақстандағы басқару органдары орналасқан мекен.

Резидент емес - заңды ұйым немесе жеке адам, оның тұрақты орны басқа елде болды; резиденттер емес үшін салық салу және реттеу тәртібі резиденттер үшін қолданылатын тәртіптен өзгеше болады, ол көбінсе мемлетаралық келісіммен айқындалады.

1993 жылдан бастап, қызмет көрсетілген резидент пен резидент еместердің жалпы санына, жолдама мен турдың құңын төлеген туристердің саны жатады.

Рекреация - адамның демалу арқылы дене күші мен рухани күшін қайта қалпына келтіріп, жетілдіруі. Рекреациялық ресурстарға оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын қоршаған ортаның мына компаненттері жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі, және жер асты суы, соның ішінде минералдысы, жағажай, лайлы және шымтезекті батпақ, тұз және т. с. с.

Аумақтың емдік - сауықтыру әлуетін айқындайтын табиғи - климаттық факторлардан басқа, рекреаациялық ресурстарға туристік әлуетті айқындау көзқарасы жағынан зор маңызы бар тарихи - мәдени обьектілер: ертедегі храмдар, ұмытылмас орындар, сәулет жауһарлары, мұражайлар мен с. с жатады.

Қоғамдық қызмет түрінің мақсаты заң тарапынан тиым салынбайтын қызметтен табыс алу болып табылады.

Қоғамдық қызмет түрі болып:

  • Қазақстан Республикасында шетел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық негізде шетел туристеріне сапарларды сату, туризмнің жаңа бағыттарын құру және енгізу, ТМД елдері мен 3 - ші әлем елдерінің азаматтарына шетел сапарларын ұйымдастыру және сату;
  • Гидтер - тілмаш (аудармашы) қызметін ұйымдастыру мен ұсыну, кездесу өткізуді қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлы - көріністерді және басқа да шараларды, сонымен қатар, транспорттың кез - келген түріде транзитті туристер мен қоса, туристерге транспорттық және басқа да қызметтермен қамтамасыз ету;
  • Брондау, транспорт және қонақ үйлер және басқа да қызмет түрлерін келісім шарт негізінде жүзеге асыру, қызметке келісілген және туристермен төленген Қазақстан Республикасының территориясында ұсынуларын қамтамасыз ету;
  • Виза мен төлқұжаттарын рәсімдеу;
  • Мемлекет ішінде және оның сыртында делдалдық қызмет көрсету;
  • Шетел және шекарадан тыс туризмнің экономикалық тиімділігінің аз шығын шығару арқылы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша іс - шараларды жүзеге асыру;
  • Ғылыми - техникалық, лизингтік, жарнамалық, патентті - лицензиялық, ақпараттық және өкілдік қызмет көрсету;
  • Қоғамдық тамақтандыру сферасында қызмет ету (мейрамхана, кафе, асханаларды қолдану) ;
  • Ойын - сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар, концерттік қызмет, кафе, және асханалар) ;

Сонымен қатар, қоғам Қазақстан Респуьликасының заңдылығы бойынша тиым салыбайтын кез -келген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Лицензиялауды қажет ететін қызметтің барлық түрлері, сәйкес келетін лицензияны алғаннан кейін қоғам арқылы жүзеге асырылады.

Туристік фирманың жұмысы . Қандайда бір турда сұраныс болса, сло клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамсыз етеді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.

Бұл жұмысты бағытына қарай сату жөніндегі менеджер немесе директор атқарады, сонымен қатар туристерге қызметті ұсыну ережелерімен таныстырады.

Содан кейін клиенттің көзіңше орынның бар - жоғы жайлы ақпарат алу үшін тіур операторға тапсырыс жасалады. Егер орын бар болған жағдайда клиент таңдаған сапарының (саяхатының) құнының 50% немесе толығымен төлеуі тиіс.

Директор немесе менджер, өздерінің бағыттары бойынша оператоға брондау тапсырысын жібереді және 3 күндік мерзімде турды бекітеді.

Тур құның операторға турды бекіткеннен кейін жібереді, тур құны комиссия % - ын қоса, прайст - бетте көрсетілген баға бойынша төлейді.

Содан кейін тұру, авиабилеттер ( таңдалған турға байланысты темір жол билеттері), медициналық сақтандыру ваучері бар коверт жіберіледі. Конвертті сондай - ақ тура кетер кезде ғана ашуға болады. Бұл жағдайда тур оператордың өкілі белгіленген уақытымен жерге келеді (мысалы, Алматы халықаралық әуежайынан ұшу алдында, тур оператор фирмасының өкілдерінің бәрі туристерді табло арқылы қарсалады.

Сонымен қатар, жолдама беріледі, ол туристік фирма мен клиент арасында келісім шарт жасалады.

Ереже бойынша тапсырысты алдын - ала жасайды, бірақ саяхаттың алдыңда клиентке қажет болса, иструктаж жасалады (кедендік рәсімдеулер, визалық рәсімдеулер), арнайы әдебиетті алуды ұсынады (жергілікті карта, жол бағдары, сөздік және тағы басқа) .

Төменгі кестеден 2003 - 2008 жылдардағы туристік қызметпен айналысатан кәспорындар мен ұйымдардың саның көре аламыз, және бұл кестеде жылдан жылға туристік қызметпен айналысатын туристік ұйымдар мен кәсіпорындардың көбейгенні байқалады.

2-Кесте Туристік қызметпен айналысатын, кәіпорындармен ұйымдардың саны.

Жылдар: Жылдар
Кәсіпорындар саны: Кәсіпорындар саны
Жылдар: 2003
Кәсіпорындар саны: 352
Жылдар: 2004
Кәсіпорындар саны: 450
Жылдар: 2005
Кәсіпорындар саны: 454
Жылдар: 2006
Кәсіпорындар саны: 494
Жылдар: 2007
Кәсіпорындар саны: 500
Жылдар: 2008
Кәсіпорындар саны: 551

Диаграмма 1. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың саны, 2009ж

Жоғарыдағы диаграммада 2009 жылғы туристік фирмалардың саны көрсетілген. Алматы қаласында турагенттік фирмалардың басым 338 (31%), ал туроператорлық қызмет 194 (18%), туристік қызмет 18 (2%) және барлығы 553 (49%) екендігін көреміз.

Туризм - дем алыспен, бос уақытпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесуі. Тікелей байланысты жеке жәнеұжымдық толық жетілдірудің жолыретінде жоспарлануы, енгізілуі тиіс қызмет.

Біз туризм туралы айтқанда, туыстарымен, достарымен арым-қатынас жасайтын демалыстарын жақсы өткізетін адамдарды айтамыз. Бос уақытта олар спорттын әртүрлі түрімен айналысуға, атпен қыдыруға, серуендеуге, оқуға, әңгімелесуге және сонымен қатар қоршаған ортамен дем алуға, мүмкіндік алады. Туризм бойынша анықтамаға адамның түрлі сьездерге, конференцияларға қатысуы және басқа да іскерлік кәсіби қызметке қатысуын қосуға болады. Осыған байланысты ТОО «ADORE TRAVEL»туристік фирмасының алға қойған мақсаттары өте көп. Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып:

  • туризімді дамыту;
  • туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту, шақыру;
  • ҚР мәдениетін дамыту;
  • туристік нарыққа толық шығу;
  • қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;
  • кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;
  • бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы сиымдылығы;
  • баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;
  • жаңа туристік қызмет түрін қосу,
  • туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің пайдалаылығына, нарықты алатын орны мен пайданы ҚР ешбір заңдарына қайшы келмей арттыру.

Біздің жеке тәжірибемізде көріп жүргендей көп туристік фирмалар оның ішінде даму үрдісіндегілер де бастапқыда басқару жүйесінде және қажетті қаржылық менеджіменті мен бақылаудың болмауына, туризімдегі бизнесті жеткілікті түрде ұйымдастырушылардың себеінен қаржылық тығырысқа тіркеледі. Сонымен қатар мұндай мәселелер көбінесе субъективтік әсерлерде кейін де басталыды. Мысалы, сұраныстың төмендеуі, салық заңдылықтарының кенеттен дұрыс іске аспауы. Сондықтан да, туристік фирманы үнемі пайдалылықты басқару да бизнесті ұйымдастырып отыру керек.

Өткен жылдағы (2009 жылғы) статистикалық көрсеткішке тоқталатын болсақ, онда туристік қызметпен айналысатын ұйымдардың және жұмысшылардың саны төмендегідей (кесте3) .

3-Кесте. Туристік қызметпен айналысатын, кәсіпорындар мен ұйымдардың және жұмысшылардың саны

:
Кәсіпорындар саны, бірлік: Кәсіпорындар саны, бірлік
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны
:

барлығы

Кәсіпорындар саны, бірлік: Соның ішіндегі туристік қызмет түрі
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны:

барлығы

Соның ішінде
:

туроператорлық

Кәсіпорындар саны, бірлік:

турагенттік

Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны:

экскурсиялық

басқалары

әйелдер

ерлер

: Алматы қаласы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 553
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 194
338
3
18
2565
1898
667
: Алмалы ауданы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 176
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 61
109
6
658
491
167
: Әуезов ауданы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 51
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 14
33
1
3
185
134
51
: Бостандық ауданы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 106
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 35
69
2
562
408
154
: Жетісу ауданы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 87
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 31
50
2
4
365
257
108
: Медеу ауданы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 114
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 47
65
2
713
549
164
: Түркісіб ауданы
Кәсіпорындар саны, бірлік: 19
Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны: 6
12
1
82
59
23

Барлық тур фирмаларды басқарылуына осылар белгілі;

  • ақппараттың тым артып кетіп, оның ішінде қажеттілердің жоқ болуы;
  • ақппараттың келіспей қалмағаны, яғни әр бөлімшелердің ұсынған мәліметтері;
  • стратегиялық жоспарлаудың пайдасыздығы мен жоқтығы;
  • қаржы ағымы бақылауға көнуі өте қиын, әсіресе жоспарлауы;
  • баға белдгілеідің ойланбаған және серпімді саясаты, нарықты және бәсеке ортасын өз уақытында өзгерту.

Осыған байланысты қажет тиімді менеджмент бизнес- үрдісін оң ұйымдастыруда. Басқару сапасын арттыру үшін туристік фирманы тиімді ұйымдастыру және туристік фирманың қаржылық құрылымын құру қажет. Жоспарлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ақша қозғалысын бақылап, талдау керек.

Жоғарыда айтылған барлық мәселелерді ескере отырып, Ж. Ш. С. ТОО «ADORE TRAVEL» тур фирмасында тиімді басқару жүйесі тұрақты негізде жүріп отырады.

Ж. Ш. С. ТОО «ADORE TRAVEL»туристік фирмасының атқаратын қызметтері;

  • туристік операторлық қызмет. Бұл қызметтің түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаның туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;
  • тур агенттік қызмет. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өкізу (халыққа сату қызметі) ;
  • тур. Туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені;
  • экскурсиялық қызмет.
  • Гид аудармалы қызметі- кәсіби мамандандырылған жеке тұлғаның туристерді белгілі бір елде уақытша болуына байланысты туристік ресурстармен таныстыру қызметі.

ТОО «ADORE TRAVEL»тур фирмасының негізгі жұмысының бірі болып виза ашу процессімен, авиа билеттерді брондау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі
Көрмелік іс-шаралар маркетингі
Туризм индустриясы. Ren- tour
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИМИДЖ МӘНІ
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі
Жолымбет өндірістік аясындағы шығындар құрылымы
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz