Салық төлеушілердің дербес



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

Диплом алдындағы өндірістік практика
бағдарламасының орындалуы туралы

ЕСЕП

Практиканы өту орны: Алматы қаласы Бостандық ауданының салық басқармасы
Cалық басқармасының мекен-жайы: Алматы қаласы Айманов 191

Студент: Нурмагамбетова Аяжан Дамировна
Тобы: Ф06к1
Курс : 4 курс

Практика жетекшісі: Арзаева М.Ж.

Алматы 2010
Өндірістік практика бойынша
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

Студенттің аты-жөні____ Нурмагамбетова Аяжан Дамировна

№ Өндірістік практика бағдарламасы Жұмыс Дата Кәсіпорын
пп бойынша жұмыстың түрлері күндер (ұйым)
саны басшысының
аты-жөні
1 Бостандық ауданы бойынша салық 1 18.01 Масимбаев
басқармасының жалпы жағдайымен, Б.А.
функционалдық және лауазымды
міндеттерімен таныстым.
2 Салық басқармасында қолданылатын 5 19.01-22.0
ақпараттық жүйесімен, бөлімдерімен 1
таныстым.
3 ҚР салық заңнамасымен және 2 25.01-29.0
күнтізбелік жоспармен таныс болдым. 2
4 Салық төлеушілердің сұрауы бойынша 3 01.02-05.0
олардың дербес шоттарын және акт 2
сверкаларын шығарып бердім.
5 Электронды кілтке арыздарды 5 08.02-12.0
қабылдадым және дайын кілттерді 2
иелеріне тараттым.
6 СЕН 100.00,700.00 бойынша 5 15.02-19.0
деклорацияны тапсыру уақытын ұзарту 2
туралы өтініштерін қабылдадым.
7 ЭФНО,ИСИД,НДС жүйесіне почтамен 5 22.02-26.0
немесе қолма қол тапсырған 2
есептіліктерді енгіздім
8 Салық төлеушілердің дербес 2 01.03-05.0
шоттарына түгендеу (инвентаризация) 3
жүргіздім.
9 Есепте тұрған салық төлеушілермен, 4 09.03-12.0
салық салу обьектілерімен және 3
бланкілік материалдармен таныстым.
10 Архивке түсіретін құжаттарға 5 15.03-19.0
архивтік нөмерін қойып, архивке 3
апарып тіктім.
11 Салық есептілігінің нысандары 2 25.03-26.0
арасында переброска жасауды 4
үйрендім.
12 Салық төлеушілерге терминал арқылы 5 29.03-02.0
есептіліктерді электронды түрде 4
жіберуге көмектестім.
13 Ақпараттық жүйенің істен шығуына 5 05.04-09.0
байланысты салық төлеушілердің 4
жүйеге дұрыс отырмай қалған
есептіліктерін отырғыздым, дербес
шоттарына тараттым.

Кіріспе.

Мен Нурмагамбетова Аяжан Дамировна Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің экономика және бизнес факультетінің қаржы мамандығының 4-
курс студенті дипломдық жұмысқа дейінгі өндірістік практиканы 2010-жылдың
18-ші қаңтардан 10-ші сәуірге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының салық
басқармасында өткіздім.
Практика барысында мен ҚР-ның салық заңнамасымен, салық басқармасы
бөлімінің құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен,
есепке тұрған салық төлеушілердің салық салу обьектілерінің тізімімен,
заңды тұлғалардың тапсыратын декларациялары, басқа да есептер мен қаржылық
есеп беру материлдарымен, декларацияны қабылдау тәртібімен, заңды
тұлғалардың есебімен, патенттерімен, заңдар, хаттар, өтініштер және
наразылықтарды қарау тәртібімен, СТТН, патент және лицензия беру
тәртібімен; салық төлеушіні есепке алу тәртібімен, оларды тіркеу
кітабымен, есепке беру түрлері мен бланкіліқ материалдармен; карточкалар
ашу және тұлғалық шоттар, төлем тапсырмалары, квитанциялар және т.б.
құжаттарды толтыру тәртібімен таныстым. Сонымен қатар мен салық қызмет
органдарында қолданылатын бағдарламаларды (ИНИС, ЭФНО, ИСИД, НДС, ТЕЛНЕТ
және ДЕЛЬФА 5.0) танып білдім.
Практика барысында мен келесі бөлімдердің жұмысымен таныстым:
1.Заңды тұлғалардың салық жөніндегі есеп-қисабын қабылдау және өңдеу
бөлімі.
2. Ұйымдастыру және адамдық ресурстар бөлімі.
3. Салық тіркеу бөлімі
4. Жанама салық бөлім
5. Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі
6. Өндірістік емес төлемдер бөлімі
7. Өндіріп алу бөлімі

Мен диплом алдындағы тәжірбиені Бостандық ауданы бойынша
салық басқармасында өттім. Мен онда көптеген заттарды көріп біліп
үйрендім. Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын
алады. Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап,
дамып және нығайып келеді.Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және
түлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін
мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі
болып табылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің
міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының
Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.
Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын сондай - ак мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-ақ
қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі
Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын
күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық
салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру,
салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады.
Қандай да болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады.
Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу механизмінің элементтері:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық
оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық
төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық
төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
Салық салу субъектісі - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке
және заңды тұлғалар. Салық салу объектісі - табыс, мүлік еңбек ету түрі,
қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи
қорларады пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық салынуға
байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты салық
төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға байланысты
объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде
бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы
айқындалады. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық
есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем
бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.
Салық аклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін
салық сомасы.
Салық төлеу мерзім - салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің ерекше
бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты
белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған соң салық
базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті
төлемдер соммасы есептеледі.
Басқа да міндетті төлемдер - бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін
міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі
бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
Салық көзі - салық салынатын табыс.
Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға Қазақстан
Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ адам.
Заңды тұлға- Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына
сәйкес құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға).
Салық төлеушінің электрондық құжаты — белгіленген электрондық
форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық
төлеушінің элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған
электрондық қүжат.
Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық
қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның
салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын
электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.
Бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы
қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар
деп танылған мүліктік қүқықтың өзге де объектілері.
Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де , мынандай
тәртіппен іске асырылады:
а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, содан
кейін
акциздер және баж салығы ;
б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының қүқығы мен міндеттері
салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы Салық және бюджетке
төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралы (Алматы, 24-сәуір,
1995 жылы); Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік
актілері.
Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға:
жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер
салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер
қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік қүралдарына
салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған қүн салығы мен акциз,
баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы
төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен,
іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Қазақстан Республикасының салық
жүйесін мемлекет және заңды түлғалар арасындағы қаржы қатынастарының
жиынтығы салықтармен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық
заңдары мен салыққа қатысты актілері, салық салу органдары мен салық
қызметі жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі кұралы
болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің үлғайып дамуына
және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік
туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз
Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бүл
еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бүл заң
салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың
бюджетке түсу тәртібін белгіліген түңғыш тарихи қүжат болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай түрлерге
бөлінеді:
• корпоративтік табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• қосылған құн салығы;
• акциздер;
• экспортқа рента салығы;
• жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
• әлеуметтік салық;
• көлік құралы салығы;
• жер салығы;
• мүлік салығы;
• ойын бизнесі салығы;
• тіркелген салық;
• бірыңғай жер салығы;
• 2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
• мемлекеттік баж;
• алымдар;
• тіркеу алымдары;
• автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін
алым;
• аукционнан алынатын алым;
• жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
• телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
мыналар:
• жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
• үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
• қоршаған ортаға эмиссия үшін;
• жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
• орманды пайдаланғаны үшін;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
• радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
• қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ
ұялы байланысты бергені үшін;
• кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
• сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар
қолданылады.
Тағы айта кететін бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін
органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және
жергілікті салық болып бөлінеді.
• Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
• қосылған құнға салынатын салық;
• акциздер;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
• жер қоинауын паидаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдарға:
• жер салығы;

• заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

• көлік құралдарына салынатын салық
• кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
• аукционда сатудан алынатын алым;
• әлеуметтік салық;
• қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
• су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер;
• жеке табыс салығы;
• басқа да жергілікті бюджетке түсетін салық емес төлемдер;
Менің мақсатым осы аталған салықтар бойынша, яғни Алматы қаласының
бюджетіне түсетін салық түрлерін бюджетке түскенін есепке алу, осы алынған
нақты мәліметтер бойынша алдын - ала жасалған болжамдармен салыстырып
қорытынды шығару.

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы
заңдарын шығарып, соның негізінде жұмыс ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол
сияқты Салық инспекциясының да өзіне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар.
Осы заңдарда, ережелерде аталмыш ұйымның қызметтері мен міндеттері туралы
айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.
Әрбір салық комитетінің басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
1. Талдау және болжау бөлімі.
2. Төлемдерді есепке алу.
3. Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.
Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген
есеп берулерді құру және ұсыну.
Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және
басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және
соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің
Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және қалалық, аудандық
Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды
жүргізу және ұйымдастыру.
Мемлекеттік және аймақтақ деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық
мониторингін жүргізу.
Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және
салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі
кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын
жасау.
Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді
қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау
жасау.
Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен заң
актілерінің тиімділігн анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге
асуына ұсыныстар енгізу.
Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып
Қазақстан Республикасының Салық Комитеті жұмыс тәжірибесін қорыту.
Басқарма болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқу динамикасын
анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің
белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша
жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Салық және
басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық
пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық
төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық
комитеттерінен есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын,
өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға
қатысады.
Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады.
Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген
салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады.
Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық
бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және аймақтық
деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және
ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы
мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден
түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып
қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын
анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін
ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.

Салық басқармасында 13 бөлім бар:

1. Салық тіркеу бөлімі
2. Заңды тұлғалардың есеп қисабын өңдеу бөлімі
3. Жеке кәсіпкерлердің есеп қисабын өңдеу бөлімі
4. Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі
5. Заң бөлімі
6. Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
7. Жеке тұлғалардың аудит бөлімі
8. Жанама салық бөлімі
9. Өндірістік емес төлемдер бөлімі
10. Өндіріп алу бөлімі
11. Ақпараттық технология бөлімі
12. Талдау, есептеу жене есептемелер бөлімі
13. Ұйымдастыру және адамдық ресурстар бөлімі

Салық басқармасының структурасы

Басқарма бастығы
Бастық орынбасары Бастық орынбасары Бастық орынбасары
Салық тіркеу Заңды тұлғалардың есеп қисабын өңдеу бөлімі Же
бөлімі ке
кә
сі
пк
ер
ле
рд
ің
ес
еп
қи
са
бы
н
өң
де
у
бө
лі
мі
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
         
Лет: 3 3 Дней:  
Меся
цев:
         
С 13 Лет: 3
Категори Номе
я: р
кате
гори
и: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтардың жіктелуі
Салық қызметі
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Салық төлеу тәртібі бойьшша жеңілдіктер
Тікелей салықтардың құрылымы
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық саясаты жайлы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері
Жеке табыс салығының алыну механизмі
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің экономикалық мәні және маңыздылығы
Пәндер