Сəулет жəне құрылыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ­ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ 050116
мамандығының 2 курс
студенттерінің кешенді
физикалық­
географиялық
және зоналық практикасынан

ЕСЕП БЕРУ
АЛМАТЫ – ПЕТРОПАВЛ – АЛМАТЫ

Орындаған: №3 бригада
мүшелері:
1) Беген Ж.
2) Беккулиев А.
3) Қасымова Г.
4) Қонтаева К.
5) Қосмұратова Ж.
6) Құлжанова Қ.
7) Мамырова П.
8) Нұрбаева А.
9) Сағын Д.

Қабылдаған: Мылқайдаров Ә.Т.

Алматы 2010 ж.

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

Жүргізілген маршрут бойынша қалаларға жалпы сипаттама:

➢ Алматы

➢ Балқаш

➢ Қарағанды

➢ Теміртау

➢ Астана

❖ Бурабай ұлттық табиғи паркі

➢ Көкшетау

➢ Петропавл

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Біз 2 курсты бітіріп, келесі оқу практикасын 2010 жылдың мамыр
айының 17­ші жұлдызы күні бастадық. Бұл практиканың негізгі бағыты, яғни
маршрут:
Алматы–Балқаш–Қарағанды–Теміртау–Ас тана–Бурабай–Көкшетау–Петропавл.
Практиканың негізгі мазмұны қалалардың экономикалық­географиялық орнына,
орналасу ерекшелігіне, өндіріс орындарына, даму қарқынына көңіл бөлуден
тұрады. Аталған қалалардың қазіргі таңдағы дамуы, олардың өндіріс орындары,
халқы, тұрмыс­тіршілігі, шаруашылығы т.б. толығымен зерделеніп өтті. Қала
тұрғындарының, аталмыш аудандардағы елді мекендердің әл­ауқаты, тұрмыс
жағдайы да ерекше көңіл аудартты. Әрбір қаланың өзіндік даму ерекшеліктері,
символдары бар. Бұл есеп беруде әрбір қаланың экономикалық жағдайына, басқа
да ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Біз осы практика барысында еліміздің
осындай маңызды қаларымен танысып шықтық.

Алматы



Қаланың таңбасы Қазақстанда орналасуы

Алматы қаласы (бұрынғы кездері Верный және Алма-Ата деп аталған) —
Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле
Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында
орналасқан.
Қаланың аумағы — 170 шаршы километр.
Әкімшілік бөлінісуі
Алматы қаласы 6 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық,
Жетiсу, Медеу және Түрксiб аудандары.
Алматы қалалық әкімшілігі мынадай департаменттер мен басқармалардан
тұрады:
Департаменттер
Қаржы
Мəдениет
Денсаулық сақтау
Сəулет жəне құрылыс
Бiлiм
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
Табиғи монополиялар қызметін реттеу мен бәсекелестікті қорғау
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Алматы қаласы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу
Басқармалар
Мұрағаттар және құжаттама
Тілдерді дамыту
Денешынықтыру және спорт.

Халқы
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан
басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады.
Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық
саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,3 милллионды
қоныстайды.

Тарихы
Көне тарихы
Б.з.д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер
өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі
Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан
жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ.- б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен
үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен
қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының
қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда Алтын
адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы —
шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері
табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған
ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл
қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы,
Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-
14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы
сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық
орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2
күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.
Орта ғасырлар
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай
бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын
алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы
жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы
басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін
күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай
тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы
қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.
1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей
империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа
кезеңі басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный
қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан
құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен
ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы
көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал
жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың
көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды.
Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың
мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына
инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған
әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп,
Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы
бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол
кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен
Жетісу ауданының орталығына айналды.
1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный
қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата
дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық
комитеті: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу
әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін деген бұйрық шығарды.
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір
теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға
көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл
шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші
поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды.
Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен
Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден
бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен
әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің,
тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың
күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала
құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы
бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық
шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау
мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы
қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың
басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар
бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және
үлкейту көзделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге
ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және
материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді,
көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы
қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу
орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу
институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев,
Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік
марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда
үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар
дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты
үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға
алынды.
Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға
дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер
енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр
мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада
300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне
шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы
қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр
түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар,
солардың қатарында Ленин атындағы сарай, Қазақстан қонақ үйі, Медеу
спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын
құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап
метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы
жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық
жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі
архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының жасыл желекті қала атын
сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс
орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу
көзделді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен
ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және
өндірістік орталық болады.
Өнеркәсібі
2005 ж. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік
кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан
асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала
бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 ж. алдыңғы жылға
қарағанда 10,2% ұлғайтты.
2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн. теңге өнеркәсіп өнімі
өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4 % құрады, ал
қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге- 113,4 %.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі
есеп беру кезеңіне 156311,8 млн. теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі
116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады.
Тау — кен өнеркәсібінің үлесі-0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру,
газ және су үлесі −7,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:
Азық-түлік өнеркәсібі-38,0%;
Көлік жасау-15,4%;
Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі-10,3%;
Кен өнеркәсібі-10,3%;
Құрылыс заттарын өндіру-7,6%
Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-
қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді.
2004 ж. өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды.
Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені
құрады.
2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына, негізінен,
жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін
өндіруге 15,0 млрд. теңге инвестиция салынды.
2004 жылы полиграфилық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан
жасалатын бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44
жаңа өндірісі енгізілді.
35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің
жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс
орындарын құруға мүмкіндік берді.
Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында
жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы
менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік
кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.
Алматы қаласы бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес
асфальтті жолдардың жалпы ұзындығы 1509,21 шақырымды құрады.
Қала жолдарының жөндеу аралық мерзімі 12 жыл. Жылына жалпы ұзындықтан
8,33 км-ді жөндеу қажет немесе ол 125,7 шақырымға тең.
1999 — 2004 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 166,16 шақырымға созылған
58 нысан жөндеуден өтті.
2004 жылы жалпы ұзындығы 10,55 шақырымды құрайтын 4 нысан күрделі
жөндеуден өтті, атап айтқанда, олар:
Абай даңғылы (Алтынсарин — Абай) ұзындығы 1,25 шақырым.
2005 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Алматы қаласында жолаушыларды
тасымалдаумен 196 бағыт бойынша 49 кәсіпорын айналысады (заңды тұлғалар),
оның ішінде жеке меншік нысандағы сегіз автобус паркі бар
2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша қалада жолаушылар
тасымалдайтын 63 жеке меншік таксомоторлық кәсіпорын тіркелген, олардағы
жалпы жеңіл көлік саны 698.
Сауда
2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9
млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.
Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4%
(130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі
оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі
орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Жекеменшік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім,
аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге
(97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының
қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан
— 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды.
Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн.
теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0%
артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз
етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.
Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл
қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта
кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5 %.
2005 ж. 01 қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша Алматы қаласында 5140
сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:
Өнеркәсіп және азық-түлік тобы-2922;
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-1119;
Тұрмыстық қызмет көрсету-1021;
Базарлар-76.
Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы
69484 адам жұмыс істейді.
Аймақтық қаржы орталығы
Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш
рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария
етілді.
2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын
құру мен дамытуға қатысқан Boston Consulting Group Inc. компаниясы
шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда
артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында
құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу
болды.
Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында
Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды
және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында
презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында
өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы
келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес
эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай,
Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және
т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы
өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон,
Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою
болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін
әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату
бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.
Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — Астана-Финанс
АҚ, Астана-Недвижимость АҚ, Банк ЦентрКредит АҚ, Қазақстан Ипотекалық
Компаниясы АҚ, "Концерн Цесна-Астық ЖШС, ЭКОТОН+ АҚ, MAG АҚ,
Казақтелеком АҚ, Казкоммерцбанк АҚ, Kazkommerts International B.V., АО
Kazcat, Темiрбанк АҚ, АТФ-Банк АҚ және RESMI COMMERCE ЖШС. Қор
нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40
облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады.
Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 АҚШ долларын, облигация-3,6 млрд. АҚШ
долларын құрайды.
Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс,
өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша
келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.
Мәдениет және қоғам
Дін
Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен
топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни
бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.
Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне
салтшылдар — 2, Ахмадие — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін —
2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта,
Жетінші күннің Адвентистері — 5, Елушілдер — 4, Пресвитериандар,
Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері
— 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм
— 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса
Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы
Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1,
эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1,
Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар.
Көптеген діни бірлестіктердің ресми өкілдіктерінің деңгейі әлдеқайда
өсті. Алматы қаласы және Қазақстанның оңтүстік өңірі бойынша Апостол
Әкімгері Г.Хованец Рим Папасы Иоанн-Павел ІІ-нің декреті бойынша
тағайындалды. Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни
орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс
Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық
Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік
Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің
оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша),
Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, Жаңа өмір Інжіл Орталығы, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да
бірқатар аймақтық орталықтар.
Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі
орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы
аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеудің
қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен
Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және
Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық
шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі
діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі,
Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін
атқарып жатыр.
Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің
Египет Нұр-Мүбәрак университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы
епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық
пресвитериандық діни семинариясы, Агапе және Жаңа өмір інжіл
колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы
бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.
Алматы қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: Ислам Әлемі,
Шапағат Нұр, Қазақстандағы Православие Нұры, Веди, Жаңа Өмір,
Хабаршы, Шолом Алейхем және т.б.
Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни
дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық
Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени
ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие
Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, Менахем
Үйі — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар
барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын
бірлестіктер бар.Діни бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және
аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни
ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті
бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру
жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің
шешілуіне ықпал етіледі.
Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының басшысы (Ә. Дербісәлі), Орыс
Православиелік шіркеуі Епархиалдық Басқармасының басшысы (Мефодий
митрополит), Римдік-Католиктік шіркеу басшысы (Г. Хованец епископ),
Евангельдік-лютерандық шіркеу басшысы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-
шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігінің аға-пресвитері,
Оңтүстік юнион және Жетінші күн Адвентистері шіркеуінің Қазақстандық
конференциясы, Иудейлік дін, Бахаи діні, Кришна Танымы Қоғамы президенттері
сияқты діни басшылар діндарлар арасында рухани көсем ретінде есептеледі.

Балқаш



Қаланың таңбасы.
Қазақстанда орналасуы.

Балқаш қаласы - Балқаш жағалауында орналасқан қала. Халқы 74,5 мың
адам. 1931 ж. қаланған. Қала дәрежесі 1937 ж. берілген. Балқаш көлінің
солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің
негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты
салына бастады.Балқаш қаласы картаға оралу Қала 1937 жылы құрылған. Қала
аумағы 5,9 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1
қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік
деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы
қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы
украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы кәрістер, 2,1% басқа ұлт өкілдері.
2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 18,53 өлім
– 14,36 табиғи өсім – 4,17 Қалада 01.01.07ж. 414 шаруашылық жүргізуші
субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері.
Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; энергетика; Қаланың негізгі
кәсіпорындары: ЗОЦМ АҚ, Балқаш қаласы әкімінің жанындағы Су Жылу Транс
КМК Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: - электр және жылу энергиясы; -
түсті металдар өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай
бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы
өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі
шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл
шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері
пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы
астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер
пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га. 2006 жылы
1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна
ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың
бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс – 5,4 мың бас.* Қалада
20062007 оқу жылы басына • 21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс
істейді, онда 12456 оқушы оқиды, • 4 колледжде – 2736 оқушы, • 2 кәсіби-
техникалық оқу орнында – 1195 оқушы, • 1 жоғары оқу орнында - 2595 оқушы
оқиды. Қалада • 9 кітапхана, • 5 клуб типті мекеме, • 1 мұражай істейді.
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны
20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 31683 теңге. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана - қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Полимерлік байланыстырғыш материалдар
Құтты біліктің зерттелуі
Түркі қағанаты X-XIIғ ежелгі дәуір әдебиеті
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы мәлімет
Орта ғасырлардағы Африка елдері (Судан, Эфиопия, Шығыс және Тропикалық Азия)
Модельдер класификациясы
Сәулет - құрылыс терминдерінің салалық қалыптасу жолдары
Орталық Қазақстандағы Андрон мəдениеті
Ежелгі Мысыр өнерінің ауқымдылығы
Пәндер