Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 2
Негізгі бөлім
- Кәсіпорынның қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы қызмет етуі . . . 3
1. 1 ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның жалпы сипаттамасы . . . 3
- ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау . . . 6
2. 1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау: баланс активі мен оның құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының жалпы динамикасын талдау . . . 6
2. 2 Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау . . . 21
2. 3 Қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау . . . 32
2. 4 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау және бағалау . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 45
КІРІСПЕ
Кәсіптік тәжірибе мерзімі - 2011 жыдың 18 қаңтар мен 9 сәуір аралығында. Өту орны - «ENERPRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорыны. Кәсіптік тәжірибенің мақсаты - Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде алған теориялық білімімізді осы кәсіптік тәжірибе кезінде барынша макасималды түрде пайдалана отырып, нарықтық экономика жағдайында қызмет етіп жатқан «ENERPRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның экономикалық қызметімен, оның өндірістік және басқарушылық құрылымымен, есептілік жүргізу және кәсіпорынның өзінің қызметін жоспарлау тәртібімен танысу, әрі онда жүргізілетін әртүрлі есептілік түрлерімен танысу, оны игеріп білу болып табылады.
«ENERPRO» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік кәсіпорында өндірістік тәжірибе өту барысында кәсіпорынның қаржылық жағдайын, экономикалық потенциалын, яғни кәсіпорынның автивтер құрамы мен құрылымын, баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдадым, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін талдадым.
«ENERPRO» ЖШС кәсіпорында кәсіптік тәжірибе өту барысында мынадай мәселелерді :
- кәсіпорынның құрылу тарихымен таныстым;
- кәсіпорынның жарғысымен таныстым;
- кәсіпорынның басқарушылық және өндірістік құрылымын;
- негізгі бөлімшелердің, басқа да қосымша бөлімдердер мен басқармалардың қызментімен таныстым;
- кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы төлеу мен сыйақылар беру жүйесі;
- мекеменің басқа ұйымдармен келісім-шарт жасасу тәртібін;
- кәсіпорынның статистикалық мәліметтерімен;
- 2009-2010 жж аралығындағы бухгалтерлік есептілікпен таныстым;
- келесі жылға бюджетті құруды (бизнес-жоспарды құру) қарастырдым.
Кәсіптік тәжірибе өту жөніндегі есеп кіріспе, негізгі бөлім қорытынды қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады және оның бірінші бөлімінде кәсіпорынның міндеті, мақсаты, атқаратын қызметтері, ал екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын қарастырдым.
1. Кәсіпорынның қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы қызмет етуі
1. 1 ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Нарықтық жағдайларда тек ірі кәсіпкерлікпен ғана айналысуға болады, шағын кәсіпкерлік өмір сүруге қабілетсіз деген пікір бар. Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде, шағын бизнес ірі бизнеспен табысты түрде бәсекелесуде, себебі ол дағдарыс жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым тұрақты болып келеді және үнемі түрде дамып отыруға қабілетті.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр. Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай формула танымал болатын: «Шағын нәрсе тамаша!». Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі әрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштер. Ал Жапонияда мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99, 6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын және өнеркәсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды. АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.
Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әрбір бесіншісі шағын және орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы - жеке кәсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз. Сонымен қатар, егер шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда - бұл шамамен 16%. Ал, мысалы, Ұлыбританияда - 52%, Италияда - 55%, Германияда - 57%.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік көпшілік сипатқа ие және салыстырмалы түрде серпінді құбылысқа айналған. Кейінгі жылдарда кәсіпкерліктің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:
- заңнамалық базаның жетілмегендігі - жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. ШОБ-ны (шағын және орта бизнес) дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
- кәсіпкерлік субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі - кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
- салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған - Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
- әкімшілік тосқауылдар - әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
- кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы - Қазақстанда орын алып отырған ШОБ-ты қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
- шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі - қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай ШОБ секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
- қаржы ресурстарына қатынаудың жоқтығы - әлемдегі қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесін одан әрі шиеленістіріп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын уақытында жүзеге асыру дағдарыстық құбылыстардың ШОБ секторына жағымсыз әсерін ішінара бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және соны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясына сәйкес: «. . Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқы бар». [6, 12б]
Кәсіпкерліктің түрлерінің бірі -жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС-нің Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сәйкес белгілі өлшемге ие үлестерге бөлінген. ЖШС-нің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және қызметімен байланысты болатын залалдардың тәуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды.
«ENERPRO» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның мақсаты - табыс табуға бағытталған және қатысушысына тұрақты табысты қанағаттандыру болып табылады.
ENERPRO» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- шағын кәсіпорын болғандықтан, нарықтық жағдайларға, өзгерістерге икемді және кәсіпорынды айқын басқаруға қабілетті болып табылады.
ENERPRO» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорыны ҚР заңына сәйкес келетін мынадай қызметтерді атқарады:
-маркетингтік және инжинирингтік қызмет;
-лицензия, сертификат (куәлік) берумен;
-кәсіпорындарға сарапшылық-консалтингтік кеңес берумен;
-химиялық, нефтехимиялық, энергетикалық салаларда жұмыс жасайтын кәсіпорындарға жәрдемдесу;
-жобалық, конструкторлық жұмыстар;
-құрылыс үшін ізденіс жұмыстары;
-және ҚР заңына қайшы келмейтін қызметтерді атқарады.
2. ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
2. 1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау: баланс активі мен оның құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының жалпы динамикасын талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Сурет1-Кәсіпорынның мүліктік потенциалынталдауды жүргізу кестесі.
[2, 30б] .
Агрегатталған баланс арқылы кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдаймыз. Агрегатталған балансты талдау арқылы кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы туралы мәлімет аламыз, мысалы: активтердің жалпы құны; ағымдағы акивтердің, яғни мобильді активтердің құны туралы; ұзақ мерзімді активтердің құны туралы, яғни иммобильді активтер; меншікті капиталдың көлемі; қатыстырылған капиталдың көлемі; айналымдағы меншікті капиталдың көлемі.
Сурет2-Кәсіпорынның агрегатталған балансы. [3, 65б] .
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы
активтер
Сурет3- Кәсіпорынның баланс активінің құрылымы. [2, 37б]
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. [7, 60б]
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау ушін келесі аналитиклық кесте құрылады:
Кесте4 - Баланс активтерінің құрамы мен құрылуы (2009жыл) .
сомасы,
мың. тг
сомасы,
мың. тг
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 226 942 мың теңгеге немесе 98% -ға артқанын көруге болады. Бұл кәсіпорынның 2009 жылы жұмысының оң нәтижесін көрсетеді. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көңіл бөлгенін, негізгі құралдардың жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасында тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 0, 3 пунктке (18, 7-19) аз болса, жыл аяғында 44, 9 пунктке (57, 7-12, 8) асып кетті және 57, 7%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен (513/33) 15 есеге артық болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Талдап отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында (43 098/230 989) 0, 186; ал жыл соңында (264 320/457 937) 0, 577 құрады. Коэффициенттің мәні артқан, яғни кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады-яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығы және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш- мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық көрсеткіштеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштердің деңгейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс. Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында ( 43 098/43 858) 0, 98 және жыл соңында (264 320/58 619) 4, 51 құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілір (264 320/43 098) 6, 1 есеге; ал екіншілірі (58 619/43 858) 1, 3 есеге ғана өскен.
Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек. Әрі қарай кәсіпорынның мүлікті жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құндағы негізігі құралдардың нақты құнынң (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Себебі бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс. Біздің мысалымызда баланс валютасындағы негізгі құралардың қалдық құнының үлесі жыл басында 19%; ал жыл аяғында 12, 8%-ды құрайды,, бұл көрсеткіш теориялық мәніне сәйкес келмейді. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс. Осыған байланысты кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аудару тиіс.
Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары 180 409 мың теңгеге өскен. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді. Ең мобильді қаражаттар сомасының жоғарлауы кәсіпорынның төлеу қабілетінің жақсы екендігін сипаттайды. Кәсіпорынның тауарлы-материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 305%-ға өсті және ал жыл аяғында 24 349 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 2, 7 пунктке жоғарыланған, бірақ оның үлесі төмен.
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында 8811, ал жыл аяғында 31 277 мың теңгені құрайды немесе 257%-ға өскен, ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 3 пунктке азайды (6, 8-3, 8) .
Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскендігіне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет. [7, 68б]
Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытты есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен, айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, себебі оның бір юөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.
Дебиторлық борыштың нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек. [7, 69б]
Келесі талдау баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға лынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Сурет5-Кәсіпорынның пассивтер құрылымы . [2, 45б] .
Пассивтер құрылымы
Ағымдағы Қатыстырыл
міндеттемелер ған капитал
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландыруымен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдеріне ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады. [3, 28б]
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатыны көруге болады.
Тәуелсіздік коэффициент меншікті капиталды барлық авансталған капиталға болумен анықтайды. Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғарғы деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілділігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғарғы жетерлік деңгейі болып, 0, 5-0, 6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелділігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz