Казжол қонақ үйіне мінездеме



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Казжол қонақ үйінің кәсіптік-шаруашылық талдау ... ... ... .4

1.1 Қазақстан қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Казжол қонақ үйіне
мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.7
1.3 Казжол қонақ үйінің қызмет көрсету
сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... 9
1.4 Қонақ үйінің ұйымдық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5 Казжол қонақ үйінің шаруашылық қызметінің талдауы ... ... ...14
1.6 Тұтынушының қанағаттану индексін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.7Казжол қонақ үйінің экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .25

КІРІСПЕ

Бүгін әлемде болып жатқан үрдістер қандай қарама-қайшы болып келсе,
қазіргі туризмнің де жағдайы сондай болып тұр. Бірақ тап сол туризм
жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып, XXI ғ.
тарихи, мәдени, табиғи мұраларын оқып біліп және оларды сақтаудың бірден-
бір оңтайлы тәсілі болып отыр.
Халықаралық туризмнің табыстары шамамен алғанда триллион долларды
құрайды. Туризм үлесінде әлемдік экспорттың 8%, қызмет көрсету нарығының
31% және де бүкіл әлемдегі 100 млн. астам жұмыс орындары болып отыр. Ол
бүгінде мұнай кәсібінен кейін екінші орындағы шаруашылық саласы болып отыр.

Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне
айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-
тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада
басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі
кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді.
Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы,
тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм
индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне
тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Қонақ үйдің басты көзі – турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін
қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана
қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.
Соңғы жылдары қонақ үй нарығы орналастыру қызметіне ұсыныстың өсуі мен
сұраныстың азаюымен сипатталады. Мұндай жағдай ХХ ғасырдың соңғы ширегінен
бастап қонақ үй басшыларының онсыз да мазасын алып жүрген бәсекелестіктің
күшейуіне әкелетіні мәлім. Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық
бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі
болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет
көрсету болып табылады. Бұл жерде мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен
әлдеқайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған
сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың
ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген
қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына
бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен
асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін. Сол
себепті, қызмет көрсетуші өзінің мақсатты клиенттерінің талаптары мен
ойларын мүмкіндігінше дәл айқындай алуы қажет.

І. КАЗЖОЛ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ КӘСІПТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Қазақстан қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасының ерекшеліктері

Қазақстанда қонақ үйдің даму ерекшелігіне тоқталатын болсақ, 2005жылы
ірі қонақ үй өкілдерінің шешімдерімен Қонақ үй және мейрамхананың
Қазақстандық Қауымдастығы (КАГиР) бірлестігі құрылды. Ол өз кезегінде
маңызды сауалдар тізімін құрайды: жаңа технологиялармен қонақ үй
бизнесінқамтамасыз ету, халықаралық ұйымдарға кіру, қызмет маркетингін
жүргізу және тағы басқа. Қазақстанда әр түрлі категориялы 372 қонақ үй
жұмысын жасайды, олардың біруақыттық сыйымдылығы – 32876 орын. Мәселен,
Алматы қаласында шетел азаматтары Алатау, Қазақстан, Достық, Astana
International Hotel, Kumbel, The Regent Almaty, Hayat Regency
Almaty, Ambassador сияқты қонақ үйлердің қызметтерін пайдаланады.
Өйткені, олар үшін қызмет көрсетудің толық жиналымы ауадай қажет.
Қонақ үй түрін, оның негізгі функционалдық белгіленуі, территориясына
деген талаптар, қызметтер көлемі, нақты қонақ үй кешенінің мақсатты
шарттарын анықтайтын саяхат мақсаты маңызды фактор болып саналады. Осыған
орай мақсатты нарықты, яғни қонақ үйдің әлеуетті қонақтары ретіндегі нақты
адамдар категориясына қызмет көрсету бойынша қонақ үйлер бірнеше түрлерге
бөлінеді:
1. Туристтердің кәсіби ісінің негізгі мотиві мен мақсаты (коммерция,
бизнес, кездесу, жиналыс, конференция, конгресс, оқу, презентация,
тәжірибе алмасу, кәсіби жәрмеңкелер) саяхатына арналған қонақ үй.
Кәсіби белгіленген қонақ үй категорияларына : бизнес-отельдер, конгресс
отельдер, конгресс-орталықтар,кәсіби клуб-отельдері кіреді. Қазақстанда
конгресс-отельдің мысал ретінде The Regent Almaty, Hayat Regency Almaty
атты әлемдік желі бар отельдері кіреді.
2. Туристтердің негізгі мақсаты мен мотиві – демалыс және емделу
(профилактикалық) саяхатына арналған қонақ үйлер:
– курортты қонақ үйлер;
– демалыс үйлер мен пансионаттар;
– туристік-экскурсиялық қонақ үйлер (туркешендер);
– туристтік-спорттық қонақ үйлер (туркешендер);
– ойынхана-отельдер (азарт ойындарына қызығұшылар үшін);
– арнайы;
Сапалы қызмет көрсету мәселесіне зор көңіл бөлетін көптеген шетел қонақ
үйлерінде сапа белгісі ретінде жасалған шағымдарды санайды, бұл жалпы
сапаның аталып кеткен үш құрамдас бөлігінің қайсысы жөнінде клиенттердің
көбірек шағымдары түсетінін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандардың
пікірінше, бұл қонақ үйлерде аталған жағдайлардың 70% -да клиенттер үрдіс
пен мәдениеттің сапасына шағым жасайды. Мұнда потенциал сапасы жоғары
деңгейге жетеді де, баға-қызмет арақатынасы клиенттерді қанағаттандыратын
жағдайда болады.
Қазақстандағы қонақ үй мекемелерінің қызмет көрсету сапасының өз
ерекшеліктері бар. Бұл қызмет көрсету аясындағы қызметшілердің кеңес
дәуірінен кейінгі қалыптасқан менталитетіне байланысты болып отыр. Аталған
қызметшілердің арасында жасы үлкен адамдарға қарағанда жастар көбірек
икемділік танытады. Қызмет көрсету аясындағы қызметшілер жұмсақ өнімнің
ерекше рөлі мен мағынасын жете білуі керек, ал оған, әрине, жылышырайлылық,
коммуникабелдік және алдыналушылық жатады.
Басқару тәжірибесінде, сипаттамалары мен талаптары жоғарыда
қарастырылып кеткен, қонақ үй өнімі термині кеңінен қолданып жүр. Бұдан
бүгінде қонақ үй ұсынысының жалпы сипаттамасы, қазіргі туристік өнімді
ұсыну шарттарымен – көлік – орналастыру – тамақтандыру – ойын-сауық-пен
байланысты, ерекше өзектілік пен сұранысқа ие екендігі байқалады.
Қонақжайлық индустриясында туындайтын мәселелер Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік жағдайының ерекшеліктерімен байланысты.
Маңызды мәселелер қатарында мыналарды атауға болады:
- ұсынылатын қызмет деңгейінің номенклатурасы мен сапасының
дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келмеуі;
- материалды-техникалық жабдықталу деңгейінің төмендігі;
- ақпаратты-техникалық жаңалықтарды енгізу деңгейінің төмендігі
(орын тағайындау жүйесінің тар қолданысы, компьютерлік картотекалар
және т.б.);
- өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының болмауы;
- туристік өнімнің маусымдылығымен байланысты мәселелер, түрлі
деңгейдегі қонақ үйлердің бөлме қорының шектен тыс пайдаланылуы;
- қазақстанның көпшілік қонақ үйлері төтенше жағдайларда туристердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің дүниедүзілік стандарттарына сәйкес
келмеуі, мысалы, жер сілкінісі, өрт және т.б.
- іскер мақсаттармен ел аралап жүрген туристер үшін қонақ үйлерде
тұруы мен қызмет алуының қымбаттылығы;
- амортизациялық мерзімі 10-15 жыл бұрын өтіп кеткен қонақ үй
қорының, жабдықтарының тозушылығы;
- шағын орналастыру мекемелері күрделі жөндеуді талап етеді, олардың
көбісі қалыптасқан санитарлық нормаларға сәйкес келмейді;
- жастар жатақханаларының шектен тыс орналастырылуы.
Қонақжайлық индустриясының жағдайын зерделей отырып, дәрежелілік қонақ
үйдің абыройына, клиенттер құрамына және бағалануына әсер ететінін байқауға
болады. Бұл ел кезіп жүрген адамға Қазақстанның туристік ұсыныс нарығында,
атап айтқанда Алматы қ. еркін бағыт табуға мүмкіндік береді: қонақ үйлерді
сапасы мен қызмет көрсету бағасы бойынша салыстырып, өзіне сәйкес келетін
жатақ орнын таңдау. Басқару органдары қонақ үй дәрежесін қаржылық шығындар
мен инвестицияларды бөлу белгілері ретінде пайдаланып, сонымен қатар оны
қонақ үй бизнесі аясындағы баға саясатын жасауда ескеріп отырады.
Тұрмыс қолайлылығы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша қонақ
үйлерді жүйелеу бүкіл өркениетті әлемде қабылданған. Европа елдерінің
көпшілігінде мұндай жүйелер мемлекеттік құрылымдардың құзыретінде болады да
(Франциядағыдай-орталық, Испаниядағыдай- жергілікті), арнайы заң шығаратын
актілермен қарастырылады. Басқа елдерде (атап айтқанда, Қазақстанда) мұндай
жүйелер ресми сипатта болмайды да, қонақ үй бизнесі өкілдерінің
бастамасымен және қонақ үй иелерінің арасындағы келісім бойынша енгізіледі.
Көптеген қонақ үй тізбектерінде, ассоциациялары мен одақтарында өзінің
жіктеулері болады. Олардың жалпы саны 30-дан асады, оның ішінде жұлдыздар
жүйесі (бірден бастап, беске дейін), әріптер жүйесі (А-В-С-D), тәж
немесе кілт, балл жүйелері және т.б. Олар бір-бірінен тек символикалар,
категориялар санымен ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету
стандарттарымен де ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер мемлекеттің тарихи-мәдени
ерекшеліктерінен туындап, ұлттық әдет-ғұрыптарымен түсіндіріледі.

1 кесте
ҚР-ның 2007-2009жж қонақүй қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер 2007 2008 2009 2007ж
ауытқұлар
(+-)
Туристтерді орналастыру үшін 160 166 196 +30
объектілер саны, сонымен қатар
қала аймағында 150 154 185 +31
ауылды жерлерде 11 13 12 -1
Облыс орталықтарында 63 113 - -
Олардың ішінде нөмірлер саны, 9125 8822 9939 1117
бірлік
Олардың ішінде орын саны, 16490 16297 19180 2883
бірлік
Төсек-тәулік ұсынылған, мың 12241450,4 1359273,3 1612132 252858,7
Соның ішінде шетелдік 281045,4 303858 416697 112839
туристерге ұсынылған, мың
Туристер қызмет етілді, адам 43299 32284 35975 3692

* - ҚР статистика агенттігінің мәліметтері
Қазақстандық қонақ үй қызметі нарығында, өкінішке орай, Қазақстандық
Қонақ үй Ассоциациясымен баға саясатын, қызмет сапасын, қонақ үйлердің
халықаралық стандарттарға сәйкес келуін реттеу мақсатында өте маңызды
шаралар қабылданбайды. Қонақ үй индустриясының негізгі мәселелерінің бірі
болып, қонақ үйде тұру мен қызмет көрсетудің бағасын жоғарылату және мекеме
дәрежесіне сәйкес келетін клиенттер тобын тарту мақсатымен, жұлдыздық
категориясын әдейі жоғарылату болып табылады. Шешілмеген проблемалардың
қатарында Алматы қаласының орта және кіші қонақ үй мекемелерінің негізгі
қорларының тозуы мен көнеруі қалып отыр. Осы мәселемен қатар тұрғындардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де ашық қалуда. Мұның көрнекі дәлелі
ретінде Казахстан-Уют қонақ үйінде болған өртті қарастыруға болады.
Аталған төтенше жағдай қонақ үйге айтарлықтай моралдық және материалдық
шығын келтіріп, Оңтүстік астана қонақтарының сеніміне кіршік келтірді.
Алматы қаласының қонақ үй бизнесінің келешекте зор мүмкіндіктері бар
екендігін айтуға болады. Қолдағы жиналған мәліметтерді саралай отырып,
қонақ үй мекемелерінің табыстары оларды ірілендіріп, икемді баға саясатын
жүргізу арқылы өсіп келетіндігін айта кету керек. Олар туристердің тұруынан
ғана түсетін пайданы ғана емес, жабдықтарды пайдаланудан, бизнес ұйымдарға
арналған бөлмелерді жалға беруден, ойын-сауықтарды, түрлі бұқаралық
шараларды ұйымдастырудан түсетін пайданы да қамтиды. Орналастыру
индустриясы қызметінің басты тұтынушылары ретінде негізінен іскер туристер
болып отыр, ал жай тұрғындардың көпшілік бөлігінің шетелдегідей қонақ үйде
тұруы өмір сүру дағдысына айналмаған.

1.2 Казжол қонақ үйіне мінездеме

Қазақстанда Казжол өте әйгілі және де әсем бесжұлдызды отельдерінің
бірі болып саналады. Әрине отель әсемдікпен ғана емес, сонымен қатар өз
қызмет көрсетудің жоғары сапасымен, дизайнмен, орналасқан жерімен және тағы
басқа көптеген артықшылықтармен төмендегі бөлімдерде оқып, таныса аласыз.
1993 жылы Туркияның Ахсель инвестициялық құрылыс компаниясы Отельдің
салына басталуына жол ашты.
1996 жылы 16 желтоқсанда айында ресми түрде ашылып тұрғызылды. Өзінің
әйнек қасбентімен, қазіргі көз-қарасты құрылысымен көрікті, және қала
ғимараттарының ішінде ең әдемі екені сөзсіз.
Казжол - қаламыздың сән-салтанатты, іскерлік, жалғыз отель. Ол
Республика алаңында, Президент үйінің қарама- қарсында, стратегиялық маңызы
бар жерде орналасқан. 13-пәтерді биік құрылыс сарғыш түсті мәрмәр тасымен
қапталынған және терезелерінің оның жақтауларының көк түсі адам ойына
таңқарарлық ізді қалдырады жоғарыдағылармен бірге оның ғажайып құрылысына –
Тянь-Шань таулы аймақтарын қаладан шықпай-ақ тамашалауымызға болатыны
белгілі.
Казжол отелі өзінің қонақтарын кең вестебюлдерімен, тоғыз этажды
витраж жарығына бөлінген сәнді фонтандармен, мүсіндермен қарсы алады.
Отельдің үш көпіршік тәріздес лифттері қосымша сәнді, эстетикалық түр-
әлпетін береді.
Казжол қонақ үйі 1998 жылы қыркүйек айында "Казжол Интернешнл
Хоутелз" әлемдік жоғары классты қонақ үйлер тізбегіне кірді. Ол өз алдына
дүние жүзі бойынша қамту көлемінің екінші орның иемденген жүйесіне кіреді.
Казжолдың басқа да міндеттеме мысалына: 24-сағаттық консерж, дворецкий,
валет сервис, аяқ киім тазалағыш, күн сайын екі мәрте қызмет көрсету
жатқызылады. Казжол қонақ үйінің қонақтарға деген персоналды түрде қызмет
көрсетуі, қонақжайлылығы мен ұсыну сапасы қонақ үйді әлемдік саяхат
шаруашылығында көш басшы орнын береді.
Казжол тізбегі бұрыннан бастап ақ ақпараттық құралдармен белгіленді
және оның мүлкі ардайым мадақталып, мойындалды. Белгілі Investor, Conde
Nast Traveler, Travel & Leisure деген тәуелсіз қызмет бағалаушылар баспасы
өздерінің сый-сияпатын білдірді. Ал Conde Nast Traveler (США) жыл сайынғы
"Алтын Тізім" ішіндегі тоғыз мүлкінен сегізін Казжолтікі деп бағалады. Бұл
тізімге соңғы 6 жыл ішінде 7-ден кем емес Казжол мүлкі басылған. Сонымен
бірге "Gourmet" және "Rooms at the Top" журналдары, Казжол Интернешнл қонақ
үйін АҚШ-та және бүкіл әлемде ең жақсы қонақ үй тобына жатқыздырды, ал
Казжол Гонконг 1998 - 1999 жылдары "Ең жақсы іскер қонақ үй" атағына ие
болды.
"Казжол Интернешнл Хоутелз" компанияы 1971 жылы қаңтар айында Гонконг
қаласында Роберт Бернспен бірлесіп ашылған.
1971-1979 жылдары аралығында бұл кәсіп орын өзінің бірнеше
филиалдарын ашып, тек 1980 жылы "Казжол Гонконг" қонақ үйі салынғаннан
кейін шынымен де танылып, қоғамның алғысын алдды. Қазіргі уақытта Казжол
қонақ үйі Гонконг, Алматы, Бангкок, Чанг Май, Джакарта, Куала Лумпур,
Сингапур, Тайпей, Сидней, Лос Анджелес, Лос Вегас, Мумбае, Лос Кобос,
Мехико сияқты қалаларында орналасып, өркендеуде.
Казжол қонақ үйлері әлемдік "Карлсон Хоспиталити" әлемдік конгломерат
(Курт Карлсон 1938-1999ж.ж.) брондтау жүйесі компаниясына қосылды. Ол
Казжолдың алдында интернет, ақысыз 41 мемлекетпен байланысқан Куртис-С
телефон жүйесі, сонымен бірге АҚШ және Канада қалаларындағы ақысыз телефон
жүйелері арқылы дүние жүзі бойынша брондтау мүмкіндігін береді.
"Казжол" қонақ үйі 1995 жылы желтоқсан айында ашық акционерлік қоғам
реінде, қазақ-түрік бірлескен "Айт Отель" негізінде "Анкара Хоутел энд
Тауэрс" болып құрылған. Өзінің тікелей жұмыс бағытын тек 1996 жылы
желтоқсанында орындай бастады.
Қонақ үй құрылысын қаржыландыру, шаруашылық түрде жүргізіліп, займ
мен кредит алынды. 1996 жыл бойына қонақ үй құрылысын салумен айналысып,
МСК РК-ға хат жіберілгеннен кейін ҚҚС есептеуінен босатылды.
1996 жылы 14 желтоқсанында құрылыс аяқталып қонақ үй эксплуатацияға
берілді. Сонда, қонақ үйдің негізгі қызмет бағытымен айналысып, жұмысының
басталуы 1997 жылдың басына келген.
Сонымен "Анкара" қонақ үйінің "Казжол" қонақ үйлер жүйесіне кіруі,
Қазақстанның әлемдік қонақ үйлер қызметі нарығында өз атын шығаруына жол
ашты.
Басты кіреберіс жерінен вестебюлдің сол жағында, Лобби пәтерінде (L),
200 адамды орналастыра алатын – Asian cafe орналасқан. Ол ашық аспанда
патионы, ал сол уақытта Bosphorus мейрамханасымен Members Bar әдемі
құрастырылған балконды иемденеді. Түрік салт-дәстүріне және асына
негізделген Bosphorus мейрамханасы, Members Bar сияқты Мезанин
пәтерінде (M) орналасқан. Осылармен бірге Казжол қонақ үйі қаланың ең
жақсы Belvedere мейрамханасын мақтаныш ете алады. Өйткені бұл
мейрамханада мемлекетіміздің ең таңдаулы аспазшылары жұмысын атқаруда.
1-деңгей – G гараж: техникалық бөлім, қойма, темекі тартатын бөлме,
киім шешетін бөлме, қонақ үйдің шаруашылық бөлімі, формалы киім бөлімі,
техникалық офис;
2-деңгей – C казино: әкімшілдік офисі (қорғау, кадрлар бөлімі, сату
бөлімі, тренинг бөлмесі, қызмет істеушілер үшін асхана, химикалық және кір
жуатын бөлімі, 3 конференц зал, медициналық бөлімше, денсаулық
клубы(бассейн, теннис, массаж, сауна, тринажер залы, аэробика залы) сән
салоны);
3-деңгей – L лобби: қонақтарды тіркеу бөлімі, Азиялық Кафе
мейрамханасы, кондитерлік Бон-бон, Лобби бар, үлкен банкет залы
Салтанат(Бал Рум), 3 зергерлік дүкен, 1 сувенир дүкені, Шопар, Энви,
Бушеро, бизнес орталығы, туристік агенттігі Айт трэвл;
4-деңгей – M мезонин: Босфор туркиялық мейрамханасы, Мемберс бар, 3
конференц зал – Абылай хан, Абай, Алматы, 9 қонақ тұратын қабаттар;
5-деңгей – T тауэр: 10 қабат люкс және жартылай люкс нөмірлер, Казжол
клубы, Бельведер франциялық гриль мейрамханасы;
6-деңгей – P президент: 11 қабат Президенттік нөмірі Сұлтан, Паша,
бильярд VIP залы;
Казжол қонақ үйінде 290-нөмерлер орналасқан. Қонақтарға арналған осы
нөмерлер келесідей бөлінген:
- 2 таңдаулы Президент нөмерлері.
- 9 ВИП-люкс нөмерлері.
- 279 стандартты жартылай люкс нөмерлері.

1.3 Казжол қонақ үйінің қызмет көрсету сапасы

Казжол отелі іскерлік мейманхана дәрежесіне сай, нөмерлердің ішінде
жұмыс столының бар болуы дәлел, сонымен бірге орташа көлемді дивандар
нөмерлерде қосмша демалыс орнын ұсынады. Қонақ үйдің букіл нөмерлері жеке
бармен, теледидармен, IDD телефонымен қамтамасызданлырылған, ал қонақтардың
қауіпсіздігі үшін, түтін дете- кторымен автоматты өрт сөңдіру жүйесімен
жабдықталынған. Нөмерлердің әр қайсысында сейфтер орналастырылған, ал
нөмерлердің есіктері электронды құлп жүйесімен басқарылады. Темекі
шекпейтін тұтынушыларға арнайы пәтерді бөліп ұсынылуда.
"Паша" және "Сұлтан"атты екі таңдаулы Презиент нөмерлері Бал залына
түсетін жеке лифттерімен қамсыздандырылған. Осы нөмерлерді және VIP-
нөмерлерді пайдаланушылар автоматты түрде Казжол Клуб мүшелері болып
саналады.
Казжол Клуб – қонақ үйдің төбесінде орналасқан бірегей коцепциясы. Ол
арнайы іскер элита, білгір саяхатшылары үшін жасалынып , жан-жақты қызмет
көрсетуді қонақтардың алдын-ала келгеніне дейін басталып, қара стрылып,
ұсынылады. Бұл Клуб жетісіне 7 күн, тәулігіне 24 сағат үзілмей жұмысын
атқарады, ал арнайы үйретілген консьерж күніне 24сағат Клуб мүшелеріне
қызметін ұсынып қонақтардың талғамдарын қанағаттандыру мақсатымен қызметін
жасайды.
Клуб қызметіне жеке тіркеу уақытымен есептесу уақыты, азаңғы шведтік
стол,күн бойы жеңіл тамақтану, кешкі коктейлдер, күн сайынғыгазет
журналдар, жұмысқа арналған А4 қағаздары, ақысыз киім өтектеу сияқты
қызметтер кіреді.
Казжол мейманхананың негізгі ерекшеліктерінің бірі – Бизнес
орталығының бар болуы. Бұл орталық қонақ үйдің Лобби пәтерінде орналасып,
табысты бизнесті жүргізу мүмкіндігін беріп, мамандандырылған қызмет
ассортименттері арқылы ұсынады. Бұл орталық келесі қызметтерді біріктіреді:
-жалға берілетін компютер;
-интернет байланысы;
-факсимиле;
-аудармашылар қызметі;
-аударымдар;
-сканерлеу;
-ламинерлеу;
-переплет;
-көшіртпе;
-тексті басу;
-кездесу бөлмесі;
Денсаулық клубы – Казжол Спа таңғы сағат 6:00 түнгі сағат 24:00 дейін
қонақтардың денсаулығын, көңіл-күйлерін көтеріп, сауықтырады. Сауна, монша
және түрлі массаж арқылы релаксациялау қызметін ұсынады, сонымен бірге осы
денсаулық клубына ішкі бассейн, балаларға арналған кішігірім бассейн,
тренажермен қамсыздандырылған зал, теннис корты және витаминдер жинақталған
бар кіреді.
Казжол қонақ үйінің тағы бір ерекшеліктеріне – музыкалық, би кеші
залы жатады. Алматы қаласы бойынша бұл залға бәсекелес қонақжай орындары
жоқ.
Өте үлкен (5,285кв фут), биік керегелі (4,7м), ауқымды әшекейленген
фойе әр түрлі мейрам, салтанатты жиындарды өткізуге қызметін ұсынады.
Музыкалық би кеші залы 250 адамға дейін банкетте және 700 адамды театрлық
стилде құшағын жая орналастыра алады.
Бұл залдың қалған екі бөлмелері Абылай Хан (1,284кв фут) және Абай
(925кв фут) өз алдарына 44 және 34 адамды конференц стилінде және
сәйкесінше 120 және 90 адамды театрлық стилінде, орташа және кішігірім
салтанат жиналысын өткізуге әр уақытта дайын.
Мейманхананың қызмет көрсететін қызметшілер құрылымы, ғимарат
құрылымына сәйкес жасалынған.
Жалпы қонақ үйдің ғимарат-бөлмелерінің келесідей түрде құрылған:
-вестибюл бөлмесі;
-тұрғын бөлігі;
-тамақтандыру бөлмелері;
-қызмет және тұрмыс бөлмелері;
-техникалық бөлмелері.
Казжол қонақ үйінің қызмет көрсету ассортименті арқылы ең негізгі
және әртүрлі топ қызметтерін 3 – суретте көре аламыз.

"Казжол Алмата" қонақ үй қызметінің мақсаты-тұтынушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы пайданы алып және оны акционерлер
мүддесіне жұмсау болып табылады.

Жоғарыдағы көрсетілген мақсатқа жетуде акционерлер келесі қызмет
түрлерін жүзеге асыруда:
← қонақ үй шаруашылығын жүргізу және басқару;
← ойын бизнесін ұйымдастыру, лотереяларды, тотализаторларды
және казино қызметін ұйымдастырып, жүргізу;
← қоғамдық тамақтандыру мен қонақ үйдегі уақытша тұруда
қызмет көрсету, эспорт-импортты операцияларды жүзеге асыру,
сыртқы экономикалық қызмет;
1. туризм; көңіл көтеру шаруашылығын ұйымдастыру және инвестициялық
қызмет.
Осындай түрмен, қонақ үйдің бүкіл құрылымын үш бұтаққа бөлуге болады:
қаржылық, қызмет көрсетуші, шаруашылық.
Қонақ үйдің қаржылық бөлімі бас-экономисттен бас-бухгалтерден сонымен
бірге қаржылық және талдау бөлімдерінен тұрады. Негізгі қызметі
бүкіл қонақ үй комплексі қызметтерін басқаруды ұйымдастырудан және қаржы
қызметі мен қонақ үйдің ішкі есебінде пайда болған сұрақтарға жауап
беруден, оларды шешуден тұрады.
Негізгі бөлімге, қонақтарға қызмет көрсетумен тікелей байланыста
болатын бөлімшелер кіреді. Осы сегментке гараж, кір жуатын орын, шаруашылық-
эксплуатационды цехі, қарсы алу мен орналастыру бөлімі, ресторан және
барлар жүйесі, сервис қызметі. Бұл бөлімнің қызметіне нөмерлерді брондтауда
пайда болған сұрақтарды шеш, қонақтарды қабылдау, тіркеуі орналастыру,
нөмерлердің ішіндегі керекті санитарлы-гигиеналық нормаларды сақтау және де
қоғамдық тамақтанумен байланысты қызмет көрсетулер кіреді. Ал төмендегі 1 –
суретте қонақтардың сұранысын қанағаттандыру үшін қонақ үйдің қандай
нәтижеге келтіруіміз керек және ол үшін не істеуіміз керек.

1 сурет – Модельдің звенолары
Қонақтарды тіркеу, олардың келіп-кетуін басқару, әр-түрлі қызметтерді
уақытша тұратындарға ұсыну, қонақ үйдің қоғамдық бөлігінде жүргізіледі, ал
қонақ үйдің вестибюлінде қонақтарды қарсы алу қызметі орналасқан.

4. Қонақ үйінің ұйымдық құрылымы

Басқа да кәсіп орындар сияқты Казжол өзінің ұйымдық құрылымына ие, ол
2 – суретте көрсетіліп, әр қызметшілердің жүгінген өкілдігі мен
жауапкершіліктерінің бейнеленуі болып табылады.

2 сурет –Қонақүйдің ұйымдық құрылымы

Техникалық отдел, бас инженермен басқарылып, техникалық қызмет
көрсетулерді, ғимараттың ағымды жөндеуін, қонақ үйдің құрылысы мен
жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Қонақ үйдің маңызы үлкен аспектіге кадрлар жоспарлануы және
қызметшілерді басқару жатады. Қызметшілер - " Казжол Анкара " қонақ үйінде,
компанияның маңызы бар активі болып табылып, соған сәйкес, қызметшілерді
басқару, мықты активтерді координатрлеу рөлін атқарады және де кәсіп орын
менеджментінде стилінің және жүйенің дамуы болып табылады.
Қызмет көрсету саласында тұтынушы талабына сәйкес, дұрыс
қызметшілерді таңдау мәнді сипатқа ие. Қонақ үй шаруашылығында
қызметшілердің көбісі тұтынушылармен байланысқа түсіп, автоматты түрде
кәсіп орынның негізгі мақсаттарына жету процесіне қатысады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаның екінші элементі - қажеттілік
Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету
Халықаралық - өндірістік практика жайлы есеп (Kondor-tour)
Қонақжайлылық индустриясы менеджментінің жалпы сипаттамасы
Қонақ үй шаруашылығы жайлы
Қонақ үйді басқарудың қызметтік құрылымы
Қонақжайлылық индустриясына әсер етеін факторлар
Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуы
Қонақжайлылық индустриясы және осы салада маркетингтің бүгінгі даму деңгейі
Қонақ үй шаруашылығы қызметінің өрлеу әдістері
Пәндер