Кәсіпорын қызметтеріне қатысы жоқ шығындар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Еңбек ақының теориялық негізі

1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер
2. Кәсіпорынның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты.

2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысу әдістері

2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі
2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен
аударымдар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында кәсіпорын қызметінің
қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорынның басшылығының
ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр.
Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп
стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл
еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-
қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар
мен кәсіпорындың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай
көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып
табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір
жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін
көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.
Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес
нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы
төлеу салалырының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке
қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің
көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен
еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды
бекітеді.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санынынң өзгеруі, жұмыс
уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты
мағлұматар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса
маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады,
кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша
төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады.
Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады,
кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен
реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.
Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп
жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады.
Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы маңызды міндеттер мыналар: еңбекке
ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен есептесудің белгіленген
мерзімінде орындау, жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің өзіндік
құнына дұрыс қосылуы және дер кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі мен
еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп, жинау және қажетті есеп беруді
құру, сондай-ақ зейнеткерлік қорлармен есептесу.
Кәсіпорынның тиімді дамуы үшін бақылауға рационалды жүйені жетілдіруі
керек, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрып, ішкі аудиттің орны мен
ролін анықтау қажет. Бұл фирма жетекшілеріне буындарды, кәсіпорындарды
тиімді басқауға көмектеседі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті
бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл
шығындар кәіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап
ішкі бақылауды үлкейту керек.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
• еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің
орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
• Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан
жалақыны ұстап қалу;
• Кәсіпорынның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
• Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
• Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Бұл курстық жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған ЖШС
Комэл еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап
оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу
бағыттарын зерделеу болып табылады.
Жұмыс кіріпеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен
тұрады.

1. ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері

Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы
жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі.
Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды
ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.
Кесімді еңбек ақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде
еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір
жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының
дайындаған бкәсіпорынының санына көбейту арқылы анықтайды.
Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын біржүйеде
бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.
Еңбек ақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке кәсіп үшін) және кешенді
(бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда
әрбір жұмысшы еңбек ақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада
(учаске, цех) болып дайындалған бкәсіпорындың санына көбейту арқылы
табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбек ақыны былай
анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бкәсіпорындың
санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбек
ақысын есептеп шығарады.
Есептеп шығарған еңбек ақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және
оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны
бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе
коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбек ақы коэффициентін
анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік
төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері
бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның кесімді еңбек ақысын
тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек ақысының орташа
коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбек ақысын еңбек төлемін
қосымша еңбек ақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты
кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік
коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды
осылай жасайды. Жанама кесімді еңбек ақы жүйесі – мұнда көмекші және басқа
жұмысшылардың еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың
негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады.
Еңбек ақының кесімді-сыйлықтық жүйесі - өндірілген өнімнің (жұмыстың)
санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық
көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған
тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны өнім
сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені
үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін) сыйлық төлейді.
Үдемелі кесімді еңбек ақы жүйесі бойынша – еңбек ақының бұл жүйесінде
кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін
көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға
төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра
дайындалған өнім үшін проогрессивті үдемелі бағалар бойынша есептейді.
Еңбек ақының аккордтық жүйесі – бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек ақысын
жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма
(уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбек ақының бұл
жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек
ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін
қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады.
Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар
(уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар
болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған
тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.
Еңбек ақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны
үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.
Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың
даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың
кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал
жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік сыйлықтық
жүйесімен алмастыратын болады.
Қарапайым мерзімді еңбек ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық,
тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбек ақы бойынша есептейді. Оның
көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне
көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің,
мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін
қолданылады.
Еңбек ақының мерзімдік - сыйлықтық жүйесі – бұл жүйеде еңбек төлемін
еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп
жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол
жеткізгендері үшін алады.
Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы
қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша
жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың,
техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған
тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің,
өндірімнің өсуі, бкәсіпорындың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі
өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі
өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы
нәтижелерінің жақсартылуы және т.б. Сыйлықтардың мөлшері істеген
жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері
мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада
ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың
әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек
тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың
мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша
беріледі.
Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып
табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің
өзіндік құнын төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына
септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы
нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс
және ең көп мөлшерімен шектелмейді.
Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша
болып бөлінеді.
Негізгі төлем – қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген
жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген
өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы
Қосымша төлем – еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында
жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар
төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т.б. орындалғаны үшін
берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімнен тыс уақыттарда істегені үшін
төленетін төлемдер, және т.б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы
және меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілеріндегі еңбек
төлемінің негізінен тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің
мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы
қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға тарифтік төлем мөлшерін
және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика
бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып
табылады. Ол 2006 жылы 9200 теңгені құрайды. Еңбек ақы төлемі ақшалай
немесе заттай есептеліп төленуге тиіс.
Ақшалай еңбек ақы – еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес
есептелген сомалар.
Заттай еңбек ақы- төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін
немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе
қоғамдық жолаушылар тасымалының үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін
өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтік баға айырмашылығына орнын
толтыру және т.б.
Еңбек ақының құрамына қызметкерлердің дивиденттер мен проценттер
түріндегі табыстары енгізілмейді. ҚР-сының 2006 жылдың 1 қаңтарында жүзеге
асырылған Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы 10-12 № 493 Еңбек туралы
заңы (2007 жылғы 06. 05. № 260 ІІ) ҚР Заңымен енгізген өзгертулер мен
толықтырулармен азаматтардың ҚР-дағы еңбек бостандығына Конституциялық
құқығын іске асыру процесіндегі туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.
Сондай-ақ ҚР-сының Еңбек туралы конституцияға негізделеді және осы Заң
мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін
нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік
құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда заңда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе осы Заңның
күші ҚР-сының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Және де әркімнің де өзінің еңбек
құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Егер де шет ел азаматтары
және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің еңбек қатынастарын Қр-сының аумағында
жүзеге асырса және заңда конституцияда, ҚР бекіткен халықаралық шарттарда
басқаша көзделмесе еңбек қатынасына қатысушыларға мемлекеттің араласуын
шектеп көптеген бостандықтар беріледі.
Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа
толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал жұмысқа қабылдаудың ең
төменгі шегі ата-анасының біреуінің келісімімен 14 жастан басталады.
Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік
жылдан немесе айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс
атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын
жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс
беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін
немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-
саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен
орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін
қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы
заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң
актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара
тәуелді элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен
және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті
сапасына қарай бағалауға, нормалау жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға ал
тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны
ұйымдастырудың негізгі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар жұмысшылардың
біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.
Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:
- Бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын тарифтік
ставка
- Әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арсында еңбек ақының
қатынасын көрсететін тарифтік сетка
- Тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға
болатын тарифтік біліктілік анықталады.
Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы
бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың ставкасы бұл көлемінен
олардың еңбек біліктілігін деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған
тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік
операцияға әрбір жұмысқы тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставка орындау
уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.
Кәсіпорындар еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін тарифтік
ставкаларымен окладтарымен жүйесін құрудың негізі болып ҚР Үкіметі
белгіленген Ең төменгі еңбек ақы есептеледі. Анығырақ айтқанда заң
негізінде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының ұзақтығы мен ең төменгі
еңбек ақыдан барып 1 разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі
мөлшері және орташа айдағы жалақы уақыты тарифтік ставканың ең төменгі
мөлшерімен есептеледі. Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақының кесімді және
мерзімді еңбек ақы деп аталатын еңбек ақының түрлері бойынша есептелетін
жұмысшы қызметкерлерге қарастырған тарифтік еңбек ақы мөлшері 1 сағатқа
белгіленеді. Ол уақыт мөлшеріне немесе өндірілетін өнім көлеміне және
орындалатын жұмыс көлеміне қарай бағасын анықтауға пайдаланады.
Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа
белгіленген еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе
орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.

1 – сурет. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелерінің үлгісі
Еңбек ақының түрлері

Кесімді еңбек ақы Мерзімді еңбек
ақы

Жай
мерзімді
Сыйлықтық
мерзімді

Жүйелері

Жанама
кесімді
Аккордтық
жүйесі
Үдемелі
кесімді
Жай Кесімді
кесімді сыйлықты
жүйесі

1.2 Кәсіпорынның өндірістік-экономикалық
көрсеткіштеріне сипаттама

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖШС “КОМЭЛ” Алматы қаласында,
Макатаев көшесінде № 117 корпусында Қазақстан Республикасының заңына
сәйкестеліп құрылған, кәсіпорында қатысушының мүддесі мен мақсаты, өнім
шығарудың сапасы мен табысына байланысты сәйкесті түрдегі техника сату
қызметін көрсетеді.
ЖШС “КОМЭЛ” 1999 жыл ашылған. Ол әр түрлі қолданылатын техника
сатуымен айналасады.
Ішкі экономикалық қызметі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған
басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Кәсіпорында әртүрлі бөлімшерлері бар, соның ішінде ең негізгі бөлімі
бухгалтерия.
Бас бухгалтер өндірістегі бухгалтерлік есепті кәсіпорынның қаржы
шаруашылық қызметіне және экономикалық материалды пайдалануға және қаржы
ресурстарына бақылау жасайды. Қаржы түсімінің есебін есептеп, тауарлы-
материалдың бағасы мен өнімді өткізуді есептеп отырады, сонымен қатар
кәсіпорының қаржы шаруашылық нәтижесі, қаржылық есептеу мен несиелік
операцияларын, кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысын есептейді, мемлекеттік
сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік зейнетақы және басқа
да қорларға есеп береді. Жалпы өндірістің шығарған өнімінің, пайдасы мен
шығындарын, баланс активтеріне, банктің несие пайызын, салық төлемдерін,
өндіріс орнын жалға беру жылу энергиясы, байланыс телефоны және басқа да
салықтар мен төлемдерді төлеп, кәсіпорынның жалпы ақшалай қаражатына жауап
беріп, қажетті мекемелерге айдың аяғында есеп беріп отырады. Және де
тауарлы материалдық құндылығы мен қаржы жағдайының шығынын, ақшаның
жетіспеушілігіне, кәсіпорын банкрот болып қалмауы үшін жауап береді.
Материалдық бухгалтердің міндеті - шығарылған өнімдерді, шығыны мен
пайданы есептеп, есеп беріп отыруы болып табылады.
Жалақы бухгалтері жұмысшылар мен қызметкерлерге ай сайын берілетін
еңбек ақыны есептеп, төлеп және басқа да ақшалай төлемдерді қабылдап
отырады. Бұл кәсіпорында өнімді тек тапсырыс арқылы өндіргендерін шығарады,
сол тапсырыс бергендердің ақшалай қаражаттарын қабылдайды.
Қаржы және еңбек нормасының маманы, экономист еңбек нормасын есептеп,
кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерінің жұмыс істеген уақытын, шығарған
өнімін және жұмыс стажына, разрядына орай еңбекақыларын есептейді.
Кәсіпорынның ай сайынғы шығарған өнімін есептеп, ақша қаражатының түскен
пайдасы мен шығындарының нәтижесін есептеп, жылдың соңында жылдық есеп
береді.
Кәсіпорында цех, участок жұмысшы-қызметкерлерінің еңбекақысы мерзімді
және кесімді болып екіге бөлінеді, еңбекке қатысты коэффициенті, қосымша
еңбекақы, негізгі еңбекақы, кесімді-сыйлықты, мерзімді сыйлықты, болып
есептеледі.
ЖШС “КОМЭЛ” өндірістік-экономикалық жағдайын оның қаржылық есеп беру
көрсеткіштерінен байқауға болады. Қаржылық есеп берудің маңызды нысаны
қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беру болып табылады. Ол негізінен
табыстар мен шығындар жайлы мәліметті құрайды. Табыс - бұл
активтің өcyiн немесе міндеттемелердің
көбеюін анықтайды. Бұл есеп беру табыс пен шығындар сомасын
салыстырғандағы нәтижесін көрсетеді. ЖШС “КОМЭЛ” қаржы шаруашылық қызметін
талдап көрсету үшін ЖШС "КОМЭЛнегізгі экономикалық көрсеткіштері
кестесін келтіреміз.

1-кесте.
ЖШС КОМЭЛ негізгі экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер атауы өткен жыл 2008Eceптi жыл Өсу қарқыны
жыл 2009 жыл Сома
Пайыздық
көрсеткіші
1 Өнімді өткізуден 52916495 75408778 22492283 142,
түскен табыс (мың
тг.)
2 Өнімнің өзіндік 31231381 47890636 16659255 . 153,3
құны (мың тг.)
3 Жалпы табыс (мың 21685114 27518147 5833028 126,8
тг)
4 Кезең шығындары 14109443 8059779 157,1
(мың тг.) 22169222
5 Салыққа дейінгі 4969929 7978310 3008381 160,5
табыс (мьщ тг.)
6 Таза табыс (мың 3418950 5584817 2166867 163,3
тг.)
7 Негізгі құралдар 77035220 1164024 76871180 1,5
орташа жылдық құны
(мың тг.)
8 Қор кайтарымы 6,86 6,47 -0,38
9 Қор сыйымдылығы 0,14 0,15 0,01
10Актив айналымы 0,14 0,15 0,01
11Сату табыстары , % 0,06 0,07 0,01
12Актив пайдалылығы 0,16 0,21 0,5
13Актив орташа құны 21141490 26566271 5424881

Дүйсенбаев Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау Алматы, Экономика 2007.

ЖШС “КОМЭЛ” 2008 жылғы өнімдерін өткізгеннен түскен табысы 52916495
тг. құраса, бұл көрсеткіш 2009 жылы 2249228Зтг. өciп 75408778 құрады,
немесе 1,4%-ға өсті.
Өткізген өнімнің өзіндік құны 2008 жылы 31231381 тг., 2009 жылы
47890636 тг. болды, ал өсу қарқыны 16659255тг болды, немесе пайызбен
көрсететін болсақ 1,5%.
Жалпы табыс 5833078 тг. өстi яғни 2008 жылы 21685114тг. болса, 2009 жылы
27518142тг болды, немесе 1,3 %-ке тең. Бұған әсер еткен факторлар өнімнің
өзіндік құндарының төмен болуы, өткізген өнімнің жоғары болуы.
Кезең шығындары 2008 жылы 14109443 тг. құраса, 2009 жылы 22169222тг.
өсті өткен жылмен салыстырғанда жоғарылады немесе 80590779 тг-ге дейін
өсті, ал пайызбен айтқанда 1,6%-ке ұлғайды.
Салық салынғанға дейінгі табыс 300839тг. өсті, яғни 2008 жылы
4969929 тг. болды, 2009 жылы 7919310 тг. болды, немесе 1,6%-ке көбейді,
яғни табыс та артты.
Таза табыс 2008 жылы 3418950тг. құраса, 2009 жылы 5584817 тг. болды,
ал өсу қарқыны 21668687, 1,6% болды.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 76871180 тг. өсті, яғни 2008
жылы 77035228 тг. болса, 2009 жылы 1164024 тг. Болды, яғни 1,5-ке өсті, бұл
жылда негізгі құралдар аз алынды.
Кәсіпорынның қор қайтарымдылығы келесі формуламен есептеледі:

өнімді
өткізуден түскен табыс
1) Қор қайтарылымы =
негізгі құралдардың орташа жылдық құны

Кәсіпорынның қор қайтарымдылығы 2008 жылы 6,86 % болса, 2009 жылы
6,47 % құраса, бұл көрсетіштер 2009 жылы 0,38 % төмендеді. Себебі,
кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын тиімді пайдаланбай отырғанын көрсетеді,
яғни машина мен жабықтардың өнімділоігін арттыру қажет, олардың босқа
тұруын азайту керек, негізгі өндірістік қорлардың жұмысын жетілдіруді
барынша оңтайлату керек.
Қор сыйымдылығы мына формуламен есептеледі:

негізгі құралдардың орташа жылдық құны
2) Қор сыйымдылығы =
өнімді өткізуден түскен табыс
Қор сыйымдылығы 2008 жылы 0,14 % құрады, ал 2009 жылы 0,15 %- ке өсіп,
өсу қарқыны 0,01 % құраған
Келесі көрсеткіш – актив айналымы, ол былайша анықталады:

Өнімді өткізуден түскен табыс
3) Актив айналымы =
Ағымдық активтер
Кәсіпорынның актив айналымы 2008 жылы 0,14 болса 2009 жылы 0,15 болды,
ал өсу қарқыны 0,01 болды, яғни айналым капиталының айналымының
жылдамдағанын көрсетеді.
Кәсіпорынның сату табыстары мына формуламен есептеледі:

Жалпы табыс
4) Сату табыстары = -----------------------------
------------
Өнімді
өткізуден түскен түсім

ЖШС КОМЭЛ кәсіпорынның сату табыстары 2008 жылы 0,06% құраса,
ағымдағы жылда 0,07%болды, ал өсу қарқыны 0,01% құрады, яғни осы жылда
кәсіпорынның өнімінің өзіндік құны көбейіп, өнімді өткізу көлемі артқан,
осыған байланысты жалпы табыс үлесіндегі сату табыстары да көбейді деуге
болады.
Ұйымының актив пайдалылығы өткен жылмен салыстырғандағы өсу өарқыны
0,5%болды, немесе активтер толығымен қолданылғанын көрсетеді.
Активтердің орташа құны 2008 жылы 21141490 тг болса, 2009 жылы 26566271
тг құрады, яғни 5424881 тг-ге өсті.

таза табыс
4) Сату рентабельділігі =
I өнімді өткізуден түскен табыс
таза табыс
5) Активтердің рентабелділігі = — 100 %
активтердің жалпы орташа құны
Жалпы бұл баспахананы өркендеп келе жатқан білiктi,
мықты кәсіпорындардың бipiнe жатқызуға болады.

1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты

ЖШС “КОМЭЛ” кәсіпорын заңды тұлға болып 1999 жылы 3 қарашада тіркелді
және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және өз жарғысына
сәйкес жүзеге асырады. ЖШС өзінің қаржылық және өндірістік қызметін
шаруашылық дербестік негізінде жүргізеді. ЖШС дербес балансы, есеп айырысу
және банктік басқа да шоттары, атауы бар мөрі (қазақ, орыс, ағылшын
тілдеріндегі атауы) бар.
ЖШС “КОМЭЛ” кәсіпорынның қатысушылары болып:
Ұйымдастырушысы –Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару
бойынша мемлекеттік комитеті (мемлекеттік мүлік бойынша аумақтық комитет).
Қатысушылары – Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары,
қазіргі заңнама мен нақты қаулысына сәйкес өзге елдің қатысушылары болып
келеді.
Бухгалтерлік есеп ақпараттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997
жылғы 6 ақпанындағы №170 Қазақстан Республикасынадағы еңбекақыны
ұйымдастыруды жетілдіру туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
жылдың 2 маусым өзгертулер мен түзетулер енгізілген № 293 қаулысымен)
қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Коммерциялық құпияға жататын негізгі құжаттар:
- төлем тапсырмасы;
- Банк көшірмелері;
- Кассалық кіріс және шығыс ордерлері;
- шаруашылық келісім-шарттар.
ЖШС “КОМЭЛ” - бухгалтерлік балансы СБУ-дің барлық талаптарына сай
келеді. ЖШС “КОМЭЛ” - ұзақ мерзімді активтері 2009 ж 1 каңтардағы
жағдайы бойынша мынадай негізгі құралдардан тұрады: машина және құрал-
жабдықтардың жалпы баланстық құны 874174 теңге, басқа да негізгі
жабдықтардың жалпы баланстық құны 1538040 теңге, жинағы 1152986 теңге.
Қаржылық-шаруашылық қызмет нетижесі туралы есеп 30 БЕС-на сәйкес
жасалады. Есептік мерзімде жасалған табыстар мен шығындар туралы жазылғаны
есептік мерзімде таза табыс пен шығынды анықтаған кезде қосылады. ЖШС
"КОМЭЛ" кәсіпорынның eceпті мерзімі күнтізбелік жыл болып есептеледі.
Қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері жеделдетілген ақпараттар үшін
ай сайын жасалады. Түзетулер сомалары және алдыңғы мерзімдегі қаржылық
есептерді құрған кезден жіберілген қателер eceптi мерзімдегі табыстарға
немесе шығындарға қосылады.
"Ақша - қаражатттарының қозғалысының eceбi" 4 БЕС-на сәйкес ЖШС
“КОМЭЛ” Қазақстанның АҚ Банк-Центркредит" банкінің есеп шоттарында жүзеге
асырылады.
6 "Негізгі құралдар eceбi" стандартының әдістемелік нұсқаулар БЕС-на
сәйкес негізгі құралдар eceбi жүргізіледі. Алғашқы материалдық емес
активтер мен негізгі құрал қаражаты туралы кағаздар арқылы (тапсырып-
қабылдау aктici, шығару, келу) жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі
құрал құнына тәуелді емес ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын (1 жылдан жоғары)
материалдық активтер жатады, ал салықтық есепте — айлық есептік керсеткіші
50 ден жоғары құны бар активтер, олар бip жылдан жоғары қызмет мерзімі мен
қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы заңда бекітілген. (Салық
кодексі 105 бабы.)
Негізгі құралдарға амортизация есептеудің тура жолын қолданады.
Негізгі мүлікті жөндеу кезінде ЖШС "КОМЭЛ"кәсіпорын мына ережелерді
басшылыққа алады:
Күрделі жөндеу - негізгі мүліктің бөлек бөлімдерін, барлық дефектілерді
қалпына келтіреді, яғни эксплуатация кезінде немесе объектінің жөндейтін
жерін қарағанда шыққан жөндеу жұмыстары да қоса кіреді. Күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізілген мерзімі пайдалану мерзіміне байланысты. Ағымдағы
жөндеу кезінде тез бұзылатын детальдар ауыстырылады, объектінің істен
шыққан ұсақ деталдарын ауыстырады. Ағымдағы жөндеу жұмысы кезінде шыққан
шығындар сол кезден кәсіпорынның шығынына кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізгенде келісім шартқа отырады және смета толтырылады. "Баспаханадан
басып шығарылған кітаптарды, журналдарды, тапсырып-қабылдау актісі"
негізінде басып, өңдеп шығару жұмыстарын аяқтау бойынша жөндеуге кеткен
қаржы кәсіпорынның шығындары есебінен шығарылады. ЖШС "КОМЭЛ" кәсіпорынның
материалды емес активтер бағдарламалық қамтамасыз етуден тұрады.
Бағдарламалық камтамасыз ету құны 2730 шотында есептеледі. Пайдалану
мерзімі 1 жыл. ЖШС "КОМЭЛ" кәсіпорынның Банк-Центркредит АҚ валюталық шоты
бар ұлттық эквивалента операциялық бейнесі теңге және есебінде салық салу
заңының талаптары бухгалтерлік есеп талаптарынан айырмашалықтары бар,
сондықтан да бухгалтерлік табыс пен салық табысының айырмашылықтары туады.
Күнделікті кездесетін айырмашылықтар мыналар:
A) Қазақстан Республикасыньң Yкiмeтi бекіткен іс-
сапарлық және әкімшілік шығындары нормадан жоғары;
Б) Валюталық есеп пен шетелдік валюта операциялары бойынша бағамдық
айырмашылықтар;
B) Бюджеттен түсетін айыппұл санкциясы;
Г) Кәсіпорын қызметтеріне қатысы жоқ шығындар;
Д) Салық заңына сай заңды тұлға ұсынған салық жеңілдіктері.
Уақытша айырмашалықтар бухгалтерлік есеп бойынша бірнеше шығындар мен
табыстар бip есептік кезеңге катысты болған кезде пайда болады. Уақытша
айырмашылықтар болашақта салықтық эффект анықталған кезде жойылады және
есеп кезінде бейнеленеді.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың орташа өзіндік құнын есептеу
әдісі қолданылады.
Кәсіпорынның есеп саясаты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
2007 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығыме: №1 Есеп саясаты және оны ашу, №
2 Бухгалтерлік баланс және қаржылық қортынды есеп маңызын ашу негіздері,
№ 3 Қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қортынды есеп жөніндегі
стандарттары жойылып, бұлардың орнына № 30 қаржылық қорытынды есеп
тапсыру жөніндегі жаңа стандартының негізінде құрастырылған.
Есеп саясатындағы негізгі қабылданған бухгалтерлік принциптері:
Мүліктік жекелену, Үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық,
байқаушылық, және шаруашылық факлітерінің толықтығы принциптері жатады.
2. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың әдістері
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының
eceбi.

Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның
сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін
тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа
қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады,
жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. “КОМЭЛ” кәсіпорыннда
қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл
кәсіпорындағы оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен
өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет
орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа
белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз
етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың
тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты,
уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей
қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге
немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ
(ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес
қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа
қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде
қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай
кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын
қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй
коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық
және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа
қызметкерлерді жатқызады.
Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес
қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі
қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері
бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты
маусымдық және уақытша қызметкерлерде енгізеді. Қызметкерлер тобы мынадай
категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да
қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім
дайындаумен жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын
негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын
немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.
Қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады.
Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және
жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы
бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа
қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін
жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа
алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар
негізінде дәлелденіп отырады.
Есеп беретін кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерін орташа саны сол алдағы
әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-
31 күн аралығындағы) мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса
алғандағы қосынды санды календерлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-
ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол
күннің алдындағы жұмыс күннің мәліметіне сәйкес алынады.
Қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық
дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар.
Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек
ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.
Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі Жұмыс
уақытын есептеу табелі негізінде есептейді. Қызметкерлердің категориялар
бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері, санына қарай жүргізіледі.
Табельді есептеу бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс
істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі. Бұл
табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің
жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес
тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшы қызметкерлердің
уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша
тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай
қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табедьде тиісті
белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған
күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген
күндері – П, т.с. сияқты белгіленеді.
Жалпы табельді кәсіпорында еңбек өнімділігін анықтап жұмыс уақытын
пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында кеңінен қолданылады. қызметкерлеріне
істеген уақытына тұрақты жалақы төленеді. Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс
уақытының санына қарамай жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс күндері толық
есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс
күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы
жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны
сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген
уақытша мерзімі бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс
күннің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу
бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді
есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда (жалақыны) өндіру нормаларын
жұмыскерді әртүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да
басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алу қажет.
Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес
төленетін сый ақы немесе табыс.
Орташа жалақы дегеніміз – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған
нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-
дағы еңбек туралы заңда орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері
пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған
уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт
үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған
уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған
демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша
жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны
есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып
істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол
мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік
төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол
ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге
орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі.
Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс
жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап
есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегенннен
кейін демалыс алуға құқылы демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің
әртүрлі категориялар бойынша ұжымдық шартқа және ережелерге сәйкес
белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы
кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық
орташа мөлшерлік ескере отырып төленеді.
. 28 календарлық күні заң бойынша беріледі.
Кесте 2
6 календарлық күні үзіліссіз жұмыс стажы бұйрық бойынша беріледі.
Сондықтан 34 календарлық күні демалыс беріледі.

Айлар 1 2 3 4 5 6 7
1айда 34285 45000 45000 34772 45000 45000 45000
есептелген
еңбек ақы
Жұм. 28 29 30 30 30 30 30
Істелген
кален. күн

8 9 10 11 12 жиыны
45000 45000 45000 45000 45000 519058
31 30 29 30 17 344

Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 23
қаңтарындағы заңы Егемен Қазақстан, 2007 ж, 30 қаңтар.

Орташа еңбек ақы = 519058 344 = 1508,89
Марта 13 күн демалыс = 13 * 1508, 89= 19615тг 57 тиын
Апрельде 21 күн демалыс = 21 * 1508,89 = 31686,69
19615,57+ + 31686,69 = 51302,26

Қызметкерлердің демалыс үшін төленетін төлемі 51302 теңге 26 тиын.
Сыйлықтық орташа мөлшері 12 календарлық ай үшін берілетін сыйлықтың орташа
айлық процентін 12 календарлық ай үшін төленетін (сыйлықсыз орташа
жалақыға көбейту арқылы анықталады). Осы ереже 5 күндікте, 6 күндікте
апталығында пайдаланылмаған демалыс үшін өтем төлеу үшін де қолданылады.
Демалыс жөніндегі есеп айырысу үшін қабылданған еңбек төлем формасы 12
–ге (1 жылдағы ай саны) және 25,4 –ке (1 айдағы жұмыс күндерінің орташа
санына ) бөлінеді.
Демалыс уақыты дегеніміз- қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос
және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен
жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі.
Қызметкерлердің уақытша жатамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақылары
төленеді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол
қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 2 2008 жылдың
232 2009 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу
керек.
12 айдың еңбек ақының жиыны 519058 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың
жиыны 1664 сағат
Орташа еңбек ақысы= 5190581664 = 311,93 тг
Ол қызметкер бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 311,93 = 2495
Орташа еңбек ақы – 2495
2495*3 күн = 7485тг
Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (7485
теңге) Республикалық бюджет туралы белгіленген заңға сәйкес айлық есептік
көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 7485*10 = 74850 теңге.
Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық
бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің
негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару
аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп
деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің
қызметекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық
бақылаудың деректер негіз болып табылады.
Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен Еңбек
туралы заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға,
өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға,
қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік
одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға
өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немес мүлкіне
келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын
талаптардың келісуімен немесе сол тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке
еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың
өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің
актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Сонымен бірге еңбек төлемі қоры құрылғанда есепке алынбайтын төлемдер
мен шығындардың құрамына мынадай төлемдер мен шығындар енеді: әлеуметтік
сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар субъект қаражатының есебінен
берілетін жәрдем ақы, қызметкерлердің білім алуына байланысты шығындар
(жалақыдан өзге) кәсіпорынның қызметкерлері үшін тұрғын үйге жұмсайтын
шығындар әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан
берілетін жәрдемақылар басқа да төлемдер мен шығындар әлеуметтік сақтандыру
бойынша төленетін жәрдем ақылар еңбек туралы заңдарға сәйкес беріледі.
Аурудың салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдем
ақылар отбасының адамы ауырып соған күтім қажет болған карантин болған,
туберкулезбен, яғни кәсіби аурумен ауыруға байланысты басқа жұмысқа уақытша
ауысқан жағдайларда белгіленеді. Жәрдем ақы белгілеу үшін жұмысқа
жарамсыздық құжаттарына тіркейтін кітапқа (№ е-7) тіркеу тиісті ауырған
туралы қағазы (бюлеттень) негіз болып табылады. Жұмыста жарақаттанғандарға
немесе кәсіби ауруға жолыққандарға, сондай-ақ 8 жыл және одан жоғары
үзіліссіз стажы бар жұмысшылар мен қызметкерлерге, сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи монополияны мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Баға және баға жасау
Кәсіпорынның өндіріс шығындары
Кәсіпорын табысы мен шығыстары
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты
Кәсіпорын шығындарын басқару
ӨНДІРІС НӘТИЖЕСІН БӨЛУ ЖАЛАҚЫ
Баға жасау саясаты
Баға және баға жасау туралы
Баға және баға жасау туралы ақпарат
Пәндер